ПЫСЫҚТАУ СҰРАҚТАРЫ:
1. Философиялық жүйелер алғашқы реет қандай елдерде пайда болды?
2. Шығыс философиясының көрнекті өкілдеріне кімдер жатады?
3. Конфуцийшілдік пен даосизмнің арасында қандай айырмашылықтар бар?
4. Сократтың философияда жасаған бетбұрысының мəні неде?
5. Аристотель мен Платон философиясында қандай айырмашылықтар бар?
6. Ежелгі Үнді философиясының діни-мифологиялық бұлағын атаңыз.
7. Буддистік өмірдің принциптерін сіз қалай бағалайсыз?
8. Ежелгі Үнді философиялық ойларының негізгі принциптері, оның негізгі мектептері
мен бағыттары?
9. Ежелгі Қытайдағы əлеуметтік- этикалық көзқарастар.
10. Көне Грек философиясы: ойшылдары мен негізгі мектептері.
3-ТАҚЫРЫП. ФИЛОСОФИЯДАҒЫ САНА МӘСЕЛЕСІ
Тақырыптың мақсаты: Сананың мəні, пайда болуы мен дамуына, құрылымы мен
функцияларына философиялық талдау беру
3.1. Сана туралы пайымдар
Адам түс көрген кезде, ол əр түрлі қылықтар жасайды, белгілі бір
сезімдерді бастан кешіреді, ал оның тəні сырттан еш нəрсені қабылдамай,
толық тыныштықта болады. Алғашқы қауымдық адамдар өз денесінің
құрылысын білмей, түс көруді түсіндіре алмады жəне оларда ойлау мен сезіну –
дененің емес, жанның, яғни адам ұйықтағанда денені уақытша, ал өлгенде оны
48
мүлдем тастап кететін белгісіз тəнсіз бастаудың əрекеті деген түсінік
қалыптасты. Адамдар өз денесін қимыл жасауға мəжбүр етіп, қандай қылық,
əрекет жасаса да, оны осыған итермелейтін – ойлар мен сезімдер. Демек, дəл
осы жан тəннің алдына мақсат қояды деген сөз.
Ең алғаш мифологияда қалыптасқан сананың денені басқаратын, құпия
бастаудың əрекеті ретінде түсіндіретін көзқарасы кейінірек бүкіл əлемге
таралды. Бұл тəнсіз бастаудың ойы мен мақсаты бүкіл табиғат пен қоғамдағы
барлық нəрсені басқарады деген көзқарас қалыптасты. Сана туралы осыған
жақын ойды Платон да жазды. Адамның денесі өлі, ол мəңгілік өмір сүретін
жанның уақытша абақтысы, ал тəнсіз мəңгі жан Ғаламдағының барлығын
басқарады, ол заттарды идеяларға еліктеуге, ал идеяларды заттардың ішіне
енуге мəжбүрлейді.
Ортағасырларда əлемге дейін өмір сүрген жəне ештеңеден (из ничего)
əлемді қалыптастырған əлемнен тыс тəнсіз рухани бастаудың еркі мен ойы
деген мəселе алдыңғы орынға шықты. Тек сол ғана адам санасында ойлайды,
қалайды, сезеді. Адамның санасы, оның ақыл-ойы – құдай ақыл-ойының бөлігі.
Р. Декарт өз дəуіріндегі жағдайлардың көпшілік қабылдаған, жалпы
мойындалған жəне шіркеу иелері беделімен қасиеттендірілген пікірлер
жарамсыздығын көрсетіп, бізге белгілі деген нəрселердің барлығына күмəн
келтіруді ұсынды. Егер мен өзімнің барлық білгеніме күмəнданып, тіпті оны
жалған деп есептесем жөне қоршаған денелер де, менің өз денем де өмір
сүрмейді деп санасам, онда «мен күмəнданамын», немесе, басқаша айтқанда
«мен ойлаймын» деген тұжырым ғана күдіксіз қалады. Өмір сүретін нəрсе ғана
ойлана алады. Яғни, мына нəрсе күмəнсіз, мен ойлаймын, демек, мен өмір
сүремін. Тек мен ойланғандықтан жəне мен əзірше ойланғандықтан, мен өмір
сүремін. Ойлауды тоқтатсам, мүмкін мен өмір сүруді де тоқта- тармын. Яғни,
Декарттың ойынша, «демек, мен тек ойланатын затпын, яғни рух (еsprit),
немесе жан, немесе зерде (entendement), немесе ақыл-оймын (raison)... Мен адам
денесі деп аталатын мүшелердің қосындысы емеспін».
Егер Р. Декарт ақыл-оймен қатар материяның да осындай тəуелсіздігін
мойындаса, идеалистік философияның ең көрнекті өкілдері Г.В.Лейбниц пен
Н.Мальбранштан (1638-1715) И.Г.Фихте (1762-1814), Ф.В.И.Шеллинг (1775-
1854) жəне Г.В.Ф.Гегельге дейін бүкіл нағыз нақтылық санаға, яғни ерекше
материалдық емес бастау – «рухтың» белсенді əрекеті ретінде қарастырылатын
санаға тікелей бағынышты деп есептеді. Бүл əрекет адамда, қоғамда, табиғатта
жүзеге асатын барлық материалды үдерістерге шешуші, анықтаушы ықпалын
тигізді.
Табиғатгың барлығына тəн бейнелену өз дамуы барысында бірнеше
кезеңдерден өтіп, мəні жағынан жаңа қүбылыс – санага айналатын жаңа
сатысына көтеріледі. Санада жəне бейнеленудің өзге формаларында да жалпы
нəрсе, бір материалдық объектілердің екіншілеріне ықпалы соңғыларында
алғашқылары бейнесін туғызады. Мұндағы принципиалды айырмашылық
сананың
идеалдылығымен,
ал
бейнеленудің
басқа
формаларының
материалдылығымен сипатталады. Кибернетика мен ақпарат теориясы
арқасында əр түрлі жүйелер үшін жалпы басқару жəне ақпараттық қызмет ету
49
заңдылықтары ашылды. Бүгінгі күні кəсіпорындарды басқаратын, ауруларды
танитын, математикалык теорияларды дəлелдейтін, шахмат ойнайтын
құрылғылар ойлап табылған. Мұның бəрі тірі жəне өлі табиғатта, психикалыққа
дейінгі жəне психикалық деңгейлерде, адамның нерв жүйесі мен қоғамның
экономикалық жүйесінде бейнелену үдерісінің тұтастығын көрсетеді.
Бейнеленудің бейнеленушімен ұқсастығы, бейнелену соңғысының
ретгілігін қайталауымен (дəлірек айтқанда, реттілігінің біреуін) сипатгалады.
Мысалы, метеориттің құлауы тауда жаңғырық туғыза алады – оның құлауы
барысындағы шудың бейнеленуі. Құлап бара жатқан метеорит шуылының əрбір
дыбыстық толқынына тау жаңғырығының тек бір ғана дыбыстық толқыны
сəйкес келсе, осы шудың дыбыстық толқындары арасындағы уақьгггың өрбір
қатынасына – жаңғырықтың дыбыстық толқындары арасындағы тек бір ғана
қатынас сəйкес келсе, онда жаңғырық құлап бара жатқан метеорит шуылының
реттілігін қайталайды. Бұл жағдайда құлап бара жатқан метеорит шуының да
(бейнеленуші), оның жаңғырығының да (бейнелену) физикалық тұрғыда бір-
бірінен айырмашылығы жоқ жəне шу мен жаңғырық – бұл дыбыстық
толқындар. Алайда бейнеленудің физикалық қатынасында бейнеленушіден
мəнді өзгерісі де болады. Магниттелген таспада (пленкада) құлап бара жатқан
метеорит шуы оның əр түрлі магниттелген кесінділерінің ретіне қарай
бейнеленеді. Олардың реттілігі құлаушы метеориттің дыбыстық толқыныкімен
бірдей, бірақ физикалық қатынаста магниттелу дыбыстық толқындарға мүлдем
ұқсамайды.
Жалпы, бейнелейтін (бейнеленуші емес) объект табиғатына мыналар
тəуелді: 1) бейнеленудің физикалық ерекшеліктері; 2) бейнелену бейнеленушіні
бүтіндей қайталай алмайды; 3) бейнеленуші объекттің реттілігі көп немесе аз-
маз бұрмаланумен қайталанады.
Бұл ерекшеліктер барлық бейнеленуге тəн – өлі материяға да жəне тірі
табиғатта да, алайда өмірдің пайда болуымен бейнелену сипаты, оның
мағынасы түбегейлі өзгереді. Белгілі бір талапты аз қанағаттандыратын
жағдайдан оны көбірек қанағаттандыратын жағдайға жүйенің өтуі басқару деп
аталады да, ал тірі ағза бұл басқа жағдайға өтуді өзі жүзеге асырса, онда
кезкелген, тіпті ең тұрпайы ағзаның өзі – бұл өзін-өзі басқарушы жүйе.
Мұндағы қойылатын талап – жағдайлар өзгеруіндегі ағзаның сақталуы. Оның
үстіне тірі ағзалардағы өзін-өзі басқару əрбір өкілдің жəне əрбір түрдің
дамуында реттілік, ұйымдастырушылық төмендемей, сақталатынын немесе
өсетінін ескере отырып жүзеге асырылады. Жаңа туылғаннан гөрі ересек
жануар қоршаған ортаға ретімен бейімделеді, сол сияқты жаңа пайда болған
түр жойылып кеткен түрге қарағанда жақсы ұйымдасады. Ағзаның сақталуына
жəне оның өсуі ұйымдасуына жағдай жасайтын немесе кедергі келтіретін
қоршаған ортадағы өзгерістерді ағзаның бейнелеуі өзін-өзі басқару
факторларына айналады.
Басқару үдерісінде пайда болатын, сақталатын, кейінге берілетін жəне
пайдаланылатын бейнелену ақпарат деп аталады. Тірі ағзалар – бұл өзін-өзі
басқаратын жүйелер. Оларға тəн бейнеленуді ақпарат ретінде түсіндіруге
болады. Ол сыртқы əсерлерді қабылдайтын органдардан ағзаның басқару
50
бөліміне алынып, сонда сақталынады жəне ағзаның сыртқы ықпалға жауап беру
қажеттілігі жөніндегі ақпаратқа айналады. Ақпарат əрбір түр өкілінің ішінде
ғана емес олардың арасында да таралып, бір бөлігі кейінгі ұрпаққа беріліп
отырады.
Психиканың субъективтілігі, онда сыртқы құбылыстар айқын бейнеленіп
қана қоймай, жануарлардың оларға деген қатынасымен де сипатталады, яғни
пайдалы объектілерге деген талпыныс, зиянды объектілерді кері итереді.
Төменгі жануарларда мұндай жағдайлар лəззат алуға немесе ауруға əкелсе, ал
жоғары ұйымдасқан жануарларда – алуан түрлі эмоциялар мен қажеттіліктерге
əкеледі. Нақтырақ айтқанда ұлудың тұрпайы талпыныстары да, иттің күрделі
эмоциялары да таза субъективті бола алмайды. Олар бұл жануарларды жақын
тартатын (немесе кері итеретін) объектілер маңызының бейнеленуі ғана.
Тірі жүйелердің өзін-өзі басқаруы үшін психиканың маңызы өте жоғары.
Сырттан қабылданған ақпаратты нерв жүйесінің жəне оның орталығы – мидың
өңдеуі ең қолайлы өмір сүру тəртібін өте дəл (нерв жүйесі болмайтын
жəндіктермен салыстырғанда) таңдап алуға жағдай жасайды. Ал сезім осы өмір
сүру тəртібін жүзеге асыруда ондай сезімнен ада жəндіктерге қарағанда үлкен
энергия бөлуімен ерекшеленеді. Биологиялық эволюция барысын- да
жануардың мінез-құлығы күрделіленіп, оның басқару жəне бейнелену аппараты
– нерв жүйесі де күрделіленіп, жетіле түседі. Түрдің дамуы барысында
(филогенез) мида əрекеттің бірқатар бағдарламаларын жүзеге асыруды
қамтамасыз ететін жаңа құрылымдар пайда болып отырады. Оның үстіне түр
өкілінің жинақтаған тəжірибесінің (онтогенез) нəтижесінде, ол жадыда
сақталатын əрекеттің жаңа бағдарламаларын жасап шығарады. Осының
нəтижесінде жануардың мінез-құлығы тек сыртқы ықпалға жауап берумен ғана
емес, көбіне ішкі бағдарламалармен де анықталады. Нобель сыйлығының
лауреаты, нейрофизиолог Р.Сперридің көрсеткеніндей, сезімнің қалыптасуы бір
сəтте ғана əрекет ететін «ағзаның сыртқы ықпалға бастапқы, тұрпайы жауап
беретін мінез-қүлығынан азат етті», сезім «тірі жүйеге өзінің мінез-құлығын
басқаруда қосымша артықшылықтар береді». Жануарлар өздерінің сезімімен
ғана біз өз мақсаттарымызға сай бағдарлама енгізетін бүгінгі күнгі кез келген
ЭЕМ (ЭВМ)-нен ерекшеленеді.
Жануарлар тобыры сияқты өз-өзінен ұйымдасатын жүйеде басқару белгілі
бір мəліметтерді жануарлардың бір-біріне беруі арқылы жүзеге асады. Бұл үшін
жануарлар барлық тобыр үшін белгі, сигнал болып табылатындай етіп
денелерін қозғалтады. Белгі – бүл қарым-қатынастағы белгілі бір жағдайды
(затты, қасиетті немесе əрекетті) білдіретін жəне мəліметті алу мен таратуға
пайдаланылатын сезіммен қабылданатын əрекет. Егер жануарлар жем-шөбі көп
жерді тапса, ол өзгелеріне белгі береді де, барлық тобыр сол жерге жиналады.
Егер бір жануар қауіптің жақындағанын сезіп белгі берсе, онда тобыр қорғаныс
позициясын ұстанады немесе үркіп қашады. Бірлесу осындай күрделі емес жəне
аз ғана əрекеттермен байланысты болғандықтан, белгілер арқылы қатынасудың
көлемі мен маңызы, салыстырмалы түрде, шамалы. Көптеген жануарлардың
белгілері арқылы қатынасу қабілеті бар. Алайда бірде-бір жануардың адам тілі
сияқты белгілер жүйесін пайдалана білу қабілеті жоқ. Кейбір құстарды сөз
51
айтуға үйретуге болады, бірақ олар оның мағынасын түсінбейді. Адам тəрізді
маймылдар кеңірдегінің құрылысы буынға бөлінген дыбыстар шығаруға
мүмкіндік бермейді.
Ертедегі адамдар өміріндегі бірқатар жағдайларға байланысты өте
маңызды өзгерістер болды. Бұл адам тектес жануарлар əуел баста кейбір
жағдайларға байланысты құрал ретінде əйтеуір бір заттарды (жеміс, тас немесе
жапырақтары жұлынған бұтақтарды) қолданса, кейінірек тастан немесе
сүйектен жасалған құралдарды жүйелі түрде дайындап, қолдана бастады.
Жануарлар тобыры ендігі жерде бірлестігі алуан түрлі жəне тобырдағыдан гөрі
жиі жəне əр түрлі қатынасты керек ететін күрделі жүйе – қоғамға айнала
бастайды. Тас құралдарды дайындап жəне оны пайдалану үшін, бірлесіп
шұңқыр қазып, оны бүркемелеп жəне оған аңды қамап, өлтіру үшін аңшылар
бір-біріне көп нəрселерді хабарлауы тиіс болды жəне өмір де осыны үйренуге
мəжбүр етті. Бірлескен еңбектің ұтымдылығы бір адамның қолынан келмейтін
міндетті жалпының күшімен шешуде ғана емес, ақпаратты ұтымды түрде
пайдалануда да болып шықты: ұжымды əрекетке қатысушылардың барлығы да
көрген, естіген нəрсесін жеке-дара қимыл жасағанда көре де, ести де алмайды.
Біздің арғы аталарымыздың бір-біріне беретін алуан түрлі ақпараты əрбір
белгі тек бір ғана зат немесе əрекеттен хабар беретіндей емес, жалпы қасиеттері
бір əр түрлі объекттер туралы жəне сондықтан адамдар тарапынан бірдей
реакция тудыратындай белгілерді талап етті. Белгі объектілердің белгілі бір
класы үшін ортақ жəне еңбек үдерісіне қатысушылардың барлығы үшін ортақ
болуы тиіс. Ым бұл талаптарды қанағаттандыра алмады, өйткені оны көрген
адам ғана қабылдай алады. Ұжымдық еңбекте, əрине, бірін-бірі көрмей де
əрекет етуге болады. Сондықтан да əрекеттің, оқиғалардың жəне заттардың
бүкіл жалпы класын білдіретін қасиеттеріне меңзейтін дыбыстық жүйеге деген
қажеттілік қалыптасты.
Ежелгі адамдар күнделікті тіршілікте үнемі кездесіп отыратын кəдуілгі
байланыстарды меңгере бастады: «егер мына зат екіншісінен қаттылау болса,
ал ол үшіншісінен қатты болса, демек бірінші зат үшіншісінен қатты», «егер
мына зат келесісінің ішінде болып, ал ол үшіншісінің ішінде болса, демек,
бірінші зат үшіншісінің ішінде орналасқан», «берілген қасиеттері бар барлық
затты берілген іске қолдануга болады, ал мына заттың берілген қасиеттері бар,
демек, оны осы берілген іске қолдануға болады». Осылайша ойқорытынды
пайда болды, яғни логикалық деп аталатын бірнеше белгілі алғышарттарды
байланыстыру нөтижесінде жаңа білім алу қалыптасты. Уақыт өте келе
логикалық ой қорытындылау қабілеті беки түсті, өйткені кейінгі ұрпақтар бұл
логикалық байланыстар оқиғалардың, əрекеттердің жəне заттардың арасындағы
қатынастар мен өзара əрекеттерге сəйкес келетініне көздері жетті. Осылайша,
адамның ойлауына тəн логика пайда болды.
Сонымен, сана өз атрибуттарымен қоса алғанда (сезіну, ойлау, логика жəне
т.б.), сонымен қатар, тіл де қоғамдық еңбек əрекетінің нəтижесінде туындап,
жануар тобырының өте ұзақ уақыт бойы адамзат қоғамына айналу үдерісінде
қалыптасқан қоғамдық спецификалық құбылыс болып табылады.
Сыртқы объектінің ойдағы бейнелері, олардың арасындағы қатынастар, өзі
52
туралы, өзінің сыртқы объектілермен қатынасы туралы ойлар, өз ойлары,
сезімдері жəне т.б. туралы ойлар адам санасындағы ерекше белгілер жүйесі
болып табылатын тілмен ажырамас байланыста болады. Бұл ойдағы идеалды
образдар (бейнелер) тек адам санасында өмір сүріп, ой-толғауды, пікірді, ішкі
тіл қатуды білдіреді, онда сөздер мен сөйлемдер нақты заттардың, əрекеттердің,
қатынастардың идеалды орынбасарлары ретінде көрінеді. Адам практикалық
тұрғыда бір істі атқарғанда түпнұсқалармен (оригиналдармен) қалай жұмыс
жасаса, сол сияқты ойша да осы идеалды орынбасарлармен жұмыс жасай
алады. Көздеген мақсатқа жеткізетіні белгісіз практикалық əрекеттерді адам
тікелей қолға алмай-ақ, ойға алған істің мақсатына жетуге бағытталған оның əр
түрлі нұсқаларын идеалды орынбасарлар арқылы оймен пайымдап «репетиция»
жасай алады (мысалы шахматшының ойын еске түсіріңіз: «егер мен былай
жүрсем, ол былай жауап береді, онда мен...» жəне т.с.с.). Осылайша мақсатқа
жетудің мүмкіндігі мен оның өзгелерден жақын жолы анықталады.
Тақырыптың басында қойылған мəселеге қайта оралайық. Электронды
есептегіш машиналарды «ойлаушы машина», «электронды ми» деп жиі айтады.
Шындығында оның ешқайсысы да өзін-өзі басқарушы жүйе болып
табылмайды. Олар тек адам енгізген ақпаратгы, оның қойған мақсаты жəне
оған жетуді қадағалауына сай өзгертіп қана отырады. ЭЕМ-ның өзінің мақсаты
жоқ. Оларда ойлау да, сезім де жоқ. ЭЕМ-ға қосылушы элементтердің мөлшері
жүз мыңдаған санмен есептеледі, ал адамның нерв жүйесіндегі мұндай
элементтер ~ нейрондар – 15 миллиард. Жақсы жетілген ЭЕМ миллиондаған,
яғни секундына 106 элементарлық операциялар жүргізсе, ал мида секундына
1014 мұндай операциялар жүріп жатады. Тек бүтіндей ми ғана емес, оның
көптеген жай жүйелері де өз бағдарламаларын жасай алады. Оның үстіне нерв
жүйесі мен мидың жұмысы бүкіл ағза жұмысымен тікелей байланысты. Бүл
бүкіл күрделі жүйенің құрылысы мен қызмет етуі туралы біздің біліміміз өте
таяз. Сондықтан да ЭЕМ-ға енгізілген бағдарламалар біздің миымыздағы
бағдарламалардың тек жай ұқсастығы ғана. Соған қарамастан, «жасанды
интеллектті қалыптастыруға бола ма?» деген сұраққа теріс жауап беруге негіз
жоқ. Егер біздің миымыздағы барлық бағдарламаларды толық қамтитындай
құрылғы ойлап табылса, оңда ол биологиялық емес ғылыми-техникалық даму-
дың жоғары деңгеиінде орналасқан қоғамның білімін заттандыратын
əлеуметтік өнім болып табылар еді.
Адам санасы нақтылы шындықтан ондаған жылдарға алға озып кете
алады, бірақ мұндай деңгейде болмаса да озық бейнелену өзге де ағзаларда
кездеседі. Адам психикасының айрықша ерекшеліктері қоғам мен еңбектің
арқасында пайда болды. Бірақ адамзат қоғамы мен еңбек бос орында пайда
болған жоқ, олар жануарлар тобырында, жануарлар əрекетінен дамыды. Мұның
бəрін «адам рухының алдыңғы тарихын түсіну үшін, оның дамуының əр түрлі
сатыларын – төменгі ағзалардың протоплазмаларынан адамның ойлана алатын
миына дейін ұғыну үшін ескеру қажет. Ал бұл алдыңғы тарихсыз ойлана
алатын адам миының өмір сүруі жұмбақ күйінде қалып қояды.»
Достарыңызбен бөлісу: |