Мәдениеттің мақсаты негізінен адамзаттың әр ұрпағының келесі ұрпаққа өлмес те, өшпес мұра қалдыру, олай болса, аталған Батыс п


Адамның рухани әлемі. Сананың пайда болуы мен құрылымы



Pdf көрінісі
бет21/130
Дата17.09.2024
өлшемі3.17 Mb.
#503684
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   130
Философия Оқулық (3)

3.2. Адамның рухани әлемі. Сананың пайда болуы мен құрылымы 


53 
Сана – ғажап дүние. Бүкіл өнер, дін, əдебиет, философия техника əлемі 
жəне ғылым, адам санасының нəтижесі. Сана – құдіретті күш, əлемді билейтін 
де сана. Сана бүкіл философияда, ғылымда жəне дінде əртүрлі ой-пікір 
туғызып, оларды бір-бірімен салыстырып қояды. Сана – дүние, қоғам, адам, т. б. 
материя жүйелерінің бəріне нұр төгіп тұр.
Сана туралы философиялық пайымдар қалай пайда болады? Бұл туралы 
ғылымда пікірталас көп. Адам баласына ой қалай келеді жəне рухани дүние мен 
денелік дүниенің арасындағы айырмашылық қандай? Жеткілікті білім 
болмағандықтан, алғашқы адамдар сананы адам денесінен бөлек өмір сүретін 
«жанның» қасиеті дейді. Мысалы, қазақтар оны шыбынға теңеп, жан ұшып 
жүреді, бақыттың болуы, оның қонуына байланысты деп санаған. Діни 
түсініктерде осы дəстүр сақталып, сана материалдық емес, «жан» 
субстанциясының көрінісі, ол жалпы алғанда материядан (мидан) тəуелсіз өмір 
сүретін, өлмейтін жəне мəңгілік құбылыс деп есептеледі.
Танып-білудің алғашқы негізі ретінде «жан» туралы идея ежелгі заманнан 
келеді: түс көру, талып қалу, өлім барысын, түрлі таным жəне эмоциялық 
ырықтың процестерін табиғи себептермен түсіндіре алмағандықтан, адамдарда 
əрқашан жалған көзқарас көп болды. Ұйқы кезінде жанның денені тастап, түрлі 
жерлерде болуы – періштелер мен жын шайтандарды “көріп” қорқу, 
бірдемелерге сену əсерінен туатын осы құбылыстар шынайы өмір сүреді деп 
есептелді. 
Алғашқы грек философтары космостың өзін тірі организм - адамнан 
тəуелсіз, өзінше өмір сүреді деп санаған. Сана тікелей ғарыштың нəтижесі, 
бірыңғай, өзінің мəнінде бүтін, бөлінбейтін, Құдайдың ақылына байланысты 
туады деп есептелді. Тейяр де Шарденнің теориясы бойынша сана – адамнан 
жоғарғы мəні, мидың, материяның ішкі жағы. Орта ғасыр философиясының 
өкілі Дунс Скоттың пікірінше, тіпті таста ойлай алады-мыс. Мұндай
көзқарасты гилозоизм (hule- материя, zoe- тіршілік) дейді. 
Фрейд өзінің басты идеясын жеке адамның “психосексуалдық даму” 
жөніндегі теория төңірегінде өрбітеді. Бұл теория бойынша, бейсаналықтың 
негізін сексуалдық инстинктер (либидо) қалайды. Олар көп жағдайда 
адамдардың психикалық іс-əрекеттеріне, сонымен қатар барлық тарихи жəне 
қоғамдық оқиғаларға себепші болады. Мысалы, тереңде жатқан адам 
психикасының өзара жанжалдары моральдың, өнердің, ғылымның, діннің, 
мемлекеттің, құқықтың, соғыстардың т.б. себебін жəне мазмұнын құрайды. 
Сексуалдық инстинктер жалпы инстинктермен байланысты сублимация 
(басып жаныштау) жəне комплекс (жинақ) ұғымдарымен айқындалады. 
Сублимация дегеніміз – дейді Фрейд, – тежелген “жасырынған” сексуалдық 
инстинктің (либидоның) бейсексуалды (əдеби шығармашылық, саяси жəне 
қоғамдық іс-əрекеттер т.б.) іс-əрекет түріне ауысуы. 
“Комплекс” ұғымы адамдардағы салыстырмалы тұрақты механизмдердіі 
(əдептілік, саяси т.б. қағидалары,), олардың психикасының барлық түрлерінің 
бұзылғандығын көрсетеді. Осы ойын дəлелдеу үшін Фрейд “Эдип” туралы 
аңызды мысал ретінде келтіреді. Бұл грек аңызы бойынша, Эдип білместіктен 
өз əкесін өлтіріп, туған анасына үйленген. Осы аңыз негізінде Фрейд “Эдип 


54 
комплексің ұғымын қалыптастырып, оның мəні ретінде баланың анаға деген 
сүйіспеншілігі мен махаббаты жəне əкесіне деген қызғанышы мен өшпенділігі 
сияқты, 
инстинктердің 
қабысуы 
арқасында 
эдиптің 
психикасының 
бұзылғандығын арқау етіп алған. Осы ойын əрі қарай жалғастырып, Фрейд 
бейсаналық адамдар мен қоғам іс-əрекеттеріне зор əсер етеді деген 
қорытындыға келеді. Жалпы алғанда, адамдардың барлық іс-əрекеті əлеуметтік, 
табындық (топтасу) инстинктерінің көрінісі болғандықтан, осы негізде
“бұқаралық психология” қалыптасады. Фрейд бұл идеясын өрбіте келіп
“тобырлар” мен “көсемдер” туралы саяси-əлеуметтік концепциясын ұсынды. 
“тобырлардың” тарихи дамуға тигізер жөнді əсері жоқ. Керісінше, “көсемдер” 
тобырлардың ең төменгі инстинктеріне əсер ете отырып, олардың соқыр 
инстинктке негізделген іс-əрекеттерін өздеріне қажетті бағытқа бұрып, тарихты 
ілгері дамытады
Фрейдтің пікірінше психика үш қабаттың қосындысы:
1. «Мен» адамның санасы, психиканың барлық құрамындағы бөліктерінің 
арасындағы келістіруші.
2. «Ол» – санасыздық əлемі, онда адамның жасырын ойы, арманы, тілегі 
бар.
3. «Шектен тыс – Мен» – жеке адамдарға қысым жасап, əсер ететін сыртқы 
орта, «сыртқы цензура»: заңдар, тыйым салу талаптары, мораль, мəдениет 
дəстүрлері.
«Мен» өзіне «Оны» бағындыруға тырысады. Бірақ бұл жерде нəтижеге 
сирек қол жетеді. Әдетте «Ол» жасырын немесе ашық түрде «Менді» 
бағындырады. Фрейд мұны былай суреттейді: ат жəне оның үстіндегі адам, 
Адам «Мен» – атты бақылайды, əмір береді, ал ат (Ол) болса адамнан басым, 
себебі оны алып бара жатыр. Кейде адам бақылауды жоғалтып алғанда, ат оны 
ала жөнелді, қайда алып кететіні белгісіз. 
Алғашында фрейдизм невроздарды түсіндіреті жəне емдейтін ілім ретінде 
қалыптасып, кейін келе дау-жанжал жағдайға тап болған саналық пен 
бейсаналық 
арасындағы 
қарым-қатынасты, 
бейсаналықтың 
өзіндік 
заңдылықтары мен əрекетшілдігін түсіндіруге бағытталған теорияа айналды. 
Фрейд адам психологиясының өсіңкілігін (динамикасын) түсіндіру үшін, оның 
психологиялық үш түпнегізін (субстанция) қарастырады. Олар “мен”, “жоғарғы 
мен” (супер его) жəне “ол”. “Мен” сыртқы жəне ішкі əлемдердің жəне жоғарғы 
менмен олдың арасында байланыстырушы қызметін жүзеге асырады. “Мен” 
əрекет-қылықтың реттілігін жəне үздіксіздігін қамтамасыз етеді, осының 
арқасында өткен оқиғалар қазіргі жəне болашақ оқиғалармен қабысып жатады. 
“Мен” психикаға да, денеге де жатпайды. Ол өзінің даму процесінде, əсіресе 
қауіп төнгенде, ауырғанда жəне өмір сүру жағдайларына байланысты, бүкіл 
өмір бойына өзгеруі мүмкін. “Меннің” іс-əрекеттерінің түріне жəне 
эффектілігіне қарай адамдар бір-бірінен айрықшаланады. “Меннің” бұл 
қасиеттерін Фрейд оның күші деп атайды. “Мені” күшті адамдар мынадай 
мінездемелермен ерекшеленеді: ол қоршаған ортаны жəне өзін бағалауда 
əділетті болады; ол қабылданған шешімді ешқайда жалтақтамай жүзеге асыра 
алады; ол өз талаптарының құлы емес, сондықтан оларды қоғамға пайдалы 


55 
жағына қарай бағыттауға мүмкіндігі бар; күштердің қысымына қарсы тұрып, өз 
бағытын таңдай алады т.б. Ал “мені” əлсіз адамдардың бала сияқты мінез-
құлқы, іс-əрекеті тұрақсыз келеді де, нақты орта мен өзін бұрмалап, қате 
түсінеді; ол барлық қайрат күшін, өзі туралы қате, бұрмаланған түсінігін қорғау 
үшін жұмсағандықтан невроз ауруларына шалдығып, жұмыста ешқандай жақсы 
нəтижеге жете алмайды. Жеке адамның даму процесінде “мен” ұсақ 
бөлшектерге бөлінеді де, “жоғарғы мен” дамиды. “жоғарғы мен” адам 
психикасыны” ішкі құрамына айналған ата-аналардың жəне қоғамның берген 
маңызды қағидаларына сүйене отырып табиғи инстинктерді (“ол”) тиюға жəне 
бақылауға талпынады. Сөйтіп, “жоғарғы мен” мен “ол”-дың арасында қарама-
қайшылық пайда болады. Осы екеуінің ортасында жарастырушы қызметін 
“мен” атқарады. “Менді” қалыптастыруда жəне қоршаған ортаны танып-білуде 
сананың рөлі өте зор. Ал санамызбен қорытпаған, түсінбегеннің бəрі 
бейсаналық болып табылады. Саналық бейсаналыққа жəне керісінше болып 
алмаса беруі мүмкін. 
Бейсана санадан жеке адамдардың өзінің елестету жəне жан күйзелісін əр 
түрлі саналық сатысында түсінуімен ерекшеленеді. Бейсаналық түстерде, 
гипноздық жағдайда, адамдардың əр түрлі қаалыптасқан жағдайда, адамдардың 
əр түрлі қалыптасқан əдет-қылықтарында көрініс табады. Бұл төменгі сатыдағы 
бейсаналық. Ал, жоғарғы сатыдағы бейсаналық санадан тыс жатқан 
инстинктерден, физиологиялық құштарлықтардан, əуестіктерден көрінеді. Осы 
жоғарғы сатыдағы бейсаналық адамдардың агрессиялық бейімділігінің қайнар 
көзі. Бірақ, қоғамда бұл бейсаналықты” түрі өзін көрсете бермейді, себебі ол 
“сананы” түкпіріне” жасырынады да, “рұқсат” етілмеген іс-əрекет ретінде ұзақ 
уақыт сақталады. 
Адам психикасын анықтаушы факторлар: негізгі фактор – қанағаттану
адам психикасын басқарады жəне бағыттайды. Көңіл көтеру – психикадағы 
компас секілді, қалай болғанда да, көңіл көтеруге жол іздейді. Психикада 
қабылданбайтын, тыйм салынған тілектер мен идеяларды (қоғамға қарсы 
істерді, жыныстық қатынастарды) ығыстырады. Санасыздыққа ығыстырылған, 
сыннан (цензурадан) өтпеген тілектер, ойлар сублимацияға ұшырайды, яғни 
«рұқсат етілген» əлеуметтік əрекет типіне өтеді жəне мəдени шығармашылық 
болып өзгереді. 
Сана ми арқылы пайда болады. Адам ақыл-ой арқылы пайымдайды, 
жоспарлайды. Ми – материя. Ми жануарларда да бар. Жануарлардың өмірі 
спонтандық емес, өзінің санасына бағынған, мəні бар. Жануарлар өз 
тəжірибелерін жинақтап, оны ебін тауып қолданады. Жануарлардың бірқатар 
əрекеттері күрделі, əрі саналы болады. Бұл негізінен жоғарғы сатыдағы мысық, 
ит жəне приматтарда айқын көрінеді. Жануарларда өздеріне тəн «мораль», 
тəртіп, жетекшілік-бағыныштылық қатынастар, күрес жолдарын саналы таңдау 
бар. Инстинктің өзі де тек туа біткен емес, өмірде пайда болған, яғни өмірде 
игерілген тиімді əрекеттердің сана деңгейінде сақталып отыруы.
Ми – дегеніміз – шындықты психикалық бейнелеудің жоғарғы формасы 
болып саналатын сана органы. Қазіргі ғылымда адам миы екі үлкен бөлшектен 
тұратындығын айтады, мидың оң жəне сол жақ жарты шарлары. Сол жақ– 


56 
адамның көтеріңкі күйіне, қуанышына жауап береді, өнер иелерін – 
суретшілікті, əншілікті, жазушылықты оятады. Оң жақ: уайым, үрейлену, 
ренжуді туғызады, ғылыми ойлар, теория мен тұжырымдамалар жасауға 
жетелейді.
Сананың пайда болуының екі жағы бар: биологиялық шарттары,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   130




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет