Мәдениеттің мақсаты негізінен адамзаттың әр ұрпағының келесі ұрпаққа өлмес те, өшпес мұра қалдыру, олай болса, аталған Батыс п


Постмодернизм және болмыстың жаңа стратегиясы



Pdf көрінісі
бет28/130
Дата17.09.2024
өлшемі3.17 Mb.
#503684
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   130
Философия Оқулық (3)

 Постмодернизм және болмыстың жаңа стратегиясы. 
Өзгермелілікке, белгісіздікке, тұрақсыздыққа талдау жасау – XX ғасырдың 
ортасындағы философиялық ізденістерге тəн нəрсе. Қалыптасу ретіндегі 
болмыс жорамалының өзін-өзі ақтауы болмыстың «жаңа» стратегиясы мен ол 
жүзеге аса бастаған ойлаудың жаңа формасының қалыптасу жолыңдағы 
алғашқы қадамы болды. Бірақ болмыстың мұндай стратегиясын негіздеу үшін 
жаңа терминология, ұғымдық формалар дайындап алу қажет болды. Егер 
болмысты қалыптасу ретінде түсінсек, онда бұрынғы логика мен оның 
категориялық аппаратының жарамайтыны анық, өйткені ол логика болмыстың 
тұрақты жəне өзгермейтін деп түсіндірілетін бағдарламасына орай жасалынған 
еді. «Жаңа» категориалдық тіл мен интеллектуалдық əрекеттің жаңа ережесін 
дайындау болмыстың жаңа стратегиясын қалыптастырудағы негізгі міндеттер 
саналады жəне бұл міндетті постмодернизм философиясы шешуге ұмтылады. 
Болмыстың 
«жаңа» 
стратегиясын 
шешудің 
басы, 
постмодерн 
философтарының пікірінше, классикалық философияның негізгі жағдайларын 
сынаудан басталады: ең алдымен, идеалдар мен құндылықтар иерархиясының 
абсолюттігін қамтамасыз ететін тұрақтылықтың абсолютті кепілі ретіндегі 
ақыл-ойдың билігін сынаудан бастау қажет. Ең алдымен, əрбір құбылыстың 
артында барлығының шартын білдіретін мəнділік бар деп түсіндіретін 
классикалық философияның концепті сынға ұшырады. 
Әлемге деген постмодернистік көзқарас белгілі бір «центризмдерді» 
(антропо-, еуропо-, логоцентризмдер) орнату мен бекіту емес, өйткені 
еуропалық əлемнің болмыс стратегиясының мұндай қүрылымдарының 
жарамсыздығына көзі жетті. Постмодерн тұрақсыздық, өзгермелілік, 
ағымдылық мойындалатын əлем үлгілері өміріндегі эклектизмді көбірек 
насихаттайды. Тұрақсыз үдерістерді сипаттауға көшу – постмодерн ғылымына 
тəн қасиет, ал əлемді хаос ретінде, мəтін ретінде философиялық пайымдау – 
постмодерн жағдайындағы философиялық дүниетанымның жаңа бағдары. 
Қалыптасу тақырыбына бет бұру болмыс стратегиясының өзін басқаша 
өзгертеді. Егер классикальпс; философия білімінің негізін мəнділік, Абсолют, 
Құдай жəне т.б. ретінде түсіндірілетін нəрселерден іздесе, ал «жаңа» стратегия 
бұл мəселелерді коммуникацияға, «осындағы» жəне «қазіргі» сұхбатқа қарай 
көшіреді. Постмодернистер өзінің күнделікті тіршілігіне сай, тұйық ойлы, 


86 
өзімен жəне өзгелермен сұхбаттасатын индивид ретіндегі маргиналдық 
құрылымға үлкен мəн береді. Оның болмысы еркін анықталатын коммуникация 
болып табылады, онда жалғыздық жағдайында «Менге» қатысты «өзіндік 
əрекет», ал «Өзгеге» қатысты «осында» жəне «қазір» іске асырылады. Бұл 
коммуникация, ойша іске асырылатын ішкі «өзіндік əрекет» – өз ішіңдегі 
таусылмас сұхбат, өзіңнен тыс өзгелермен сұхбат. Сұхбатта, коммуникацияда 
қатаң ғылыми, легитимді бекітілген гносеологиялык тұрғыда Ақиқаттың 
ашылуы маңызды емес, ал «Мен» жəне «Өзгенің» қатар болмысындағы «əр 
түрлі жорамалдарды» тындау маңызды. 
Күнделікті ойлау аурасына, тіршілік аурасына бет бұру болмыстың 
постмодернистік стратегиясына тəн сипат болып табылады. Тіршіліктің нағыз 
аурасы, Дерриданың пікірінше, сұхбат, ал философияның нағыз болу саласы 
Абсолюттік Ақиқат туралы білімнің легитимділігі емес, мəтіндердің, 
жорамалдардың түсіндірілулері (интерпретация). Әрбір мəтін (текст) əр түрлі 
түсіндірілуі мүмкін, мəтінді түсіндірудің міндеті оның мəнін ашу емес
кеңейтуде. Мұндай жағдайда түсіндіру рəсімінің өзі таусылмас шексіз болуы 
мүмкін, ал өзге баламалардың барлығын теріске шығарып, бір ғана концептпен 
шектелуге ұмтылудың мəн-мағынасы жоқ. Демек, болмыстың классикалық 
стратегиясы категориясында жұмыс істеудің қажетгілігі жоқ. Постмодернистік 
стратегияның міндеті презентивтілік белгісі бар күнделікті тіршілік 
тақырыбымен жұмыс істеу болып табылады. Бұл тақырыпты сипаттау үшін 
мəнділік, негізділік, себеп, объективтілік, логицизм жəне объективизм 
принциптерін қолданудың қажеттілігі жоқ. Бұл онтология үшін гетерогенділік, 
плюрализм, көріністің əр түрлі ракурстары, белгісіздік, қалыптасу, оқиғалар 
мен үдерістерді түп-түзу емес түрде сипатгау пайдаланылады, ал жеткізудің 
негізгі тəсілі рационалды емес сөз ағымы болып табылады. Болмыстың 
постмодернистік стратегиясында түсіндіруші концепт ретінде ешқандай 
центризм болмағандықтан коммуникацияның, сұхбаттың, мəтіннің қайнар көзін 
белгілеудің де қажетгілігі жоқ. Мұндай бастауды орнату мүмкін емес, өйткені 
ол белгісіз өткеннің, уақыттың, белгісіз оқиғаның арасына сіңіп кетеді. 
Постмодерндік ғылымда релятивистік көзқарастар өркен жайған қазіргі 
жағдайда болмыстың мүмкін болатын стратегиясы абсолюттік үмітсіздіктен 
модернистер ұсынған «центризмнің» жаңа жорамалын негіздеу жолы арқылы 
емес, Делез айтқандай, «хаос түріндегі əлемді» мойындауға негізделген идея 
арқылы жүзеге асады. «Хаос түріндегі əлемді» айғақ ретінде қабылдау – міне, 
болмыстың жаңа стратегиясының принципі. Делездің пікірінше, болмыстьщ 
бұрынғы барлық логоцентристік жорамалдары болмыстың тұрақтылығы, 
беріктілігі туралы көзқарастан туындаған. Классикалық философияда болмыс 
туралы мұндай көзқарасты бекітудің тəсілі ретінде ұғымдар қолданылды. 
Болмыстың классикалық жорамалындағы барлық ұғымдар хаосты теріске 
шығару позициясын ұстанады, ал ой сөздік-дыбыстық қалыпқа ене отырып, 
үнемі ұғымдармен өлшенуі тиіс. Мұндай позиция нəтижесінде алдын-ала 
тандалған орталықты негіздеу жолымен болмыстың тұрақтылығы туралы 
көзқарасты бекітті. Делездің ойынша, болмыс стратегиясындағы ең басты нəрсе 
– ойдың үнемі қозғалысын мойындау, оның территорияландырылуы мен 


87 
орталықтандырылуына жол бермеу. 
Деррида еуропалық метафизика мен оның сынын (М. Хайдеггерді) талдай 
отырып, оны одан əрі радикалды түрде сынауға ұмтылады. Дерриданың 
ескертуінше, бүкіл еуропалық метафизика мен еуропалық мəдениеттегі 
маңызды принциптердің бірі философия мен психологияда рационализмді 
бекіткен центрация принципі болып табылады. Тарихта центризм презенто – 
немесе футуроцентризмді негіздейді, яғни тарихи өткеннен гөрі прогрессивті 
саналатын қазіргі уақыт пен болашақты түсіндіреді. Философиядағы 
центрацияның үлгісі субстанциалистік редукционизм болып табылады, ол 
əлемдегі барлық əралуандылықты қозғалмайтын, тұрақты, түпкі мəнділіктен 
шығарады. Бұл түпнегіз əр түрлі материал кейпінде болады. Осы 
субстанциалистік редукционизм бүкіл еуропалық онтологияда болмыс туралы 
ілім ретінде мойындалған. 
Болмыс əлемдегі адам онтологиясы қүрылымының əр түрлі нұсқаларын 
қамтамасыз ететін тұрақтылықтың абсолютті кепілі ретінде көрінеді. Болмыс 
туралы ілімнің өзі (онто-логия), діни философияның (тео-логия) əр түрлі 
нұсқалары, сонымен қатар социумның жетілген мақсаты ретіндегі қоғамдық 
идеал туралы концепциялар (телео-логия) логоцентризмнің əр түрлі 
жорамалдары болып табылады. Осылайша, бүкіл еуропалық метафизика, 
логоцентризмінің өзегі болмысты «қатысу» арқылы анықтау болып табылады. 
Болмыстың философиялық стратегияларының бүкіл тарихының ізденумен жəне 
анықтаумен айналысқан негізінің, бастауының, орталығының кез-келген атауы, 
Дериданың 
пікірінше, 
мəнділік, 
өмір 
сүру, 
субстанция, 
субъект, 
трансценденталдық, сана, Құдай, адам жəне т.б. үғымдармен айқындалатын 
«қатысудың инварианты» белгілері ғана болды. 
Центризм əрқашан да құрылымның түпнегізге тəуелділігін қамтамасыз 
етеді. Дерриданың пайымдауынша, орталықтың функциясы (қызметі) жүйе 
элементтерін 
тұрақтандырудан 
көрінеді, 
мейлі 
ол 
метафизикалық, 
психологиялық, экономикалық, саяси, теологиялық т.б. болсын. Логоцентристік 
жүйенің қаншама күрделілігіне қарамастан, центризм əрқашан да оның 
ұйымдасуы мен тепе-теңдігін қамтамасыз етеді. Философтың пікірінше, барлық 
белгілі центризмдердің қамтамасыз ететін басты мақсаты – қатысу ретіндегі 
болмыс детерминациясы. 
Центризмге этноцентризм де жатады. Этноцентризм – еуропалық 
мəдениетті орталық ретінде бекітіп, ал еуропалық емес өзгелеріне қысым 
жасайтын еуропалық мəдениетке тəн қасиет. Этноцентризмді сипаттай отырып, 
Деррида ол үлттық тілмен тығыз байланысты деп есептейді. Этноцентризм 
ұлттық тілдің үстемдігін бекіте отырып, аз ұлттарды мəдениет маргиналиясына 
қарай ығыстырады, олардың тілі жойылуына əкеліп, апартеид орнатады. 
Центризм жəне оның нұсқалары – логоцентризм, фаллоцентризм, 
этноцентризм жəне т.б. сынай отырып, Деррида Ницшені үстемдік етіп келген 
болмыс категориясының беделін ең алғаш «шайқалтқанның» бірі деп санайды. 
Барлық философиялық жүйе бекітуге бағдар ұстаған осы болмыстан «ауытқу» 
жолындағы оның еңбегін бағалай отырып, Деррида Ницшенің əлем демондық 
(тылсымдық) күштердің ойыны деген идеясын грамматикалық тілге көшіріп, 


88 
тілдік форма ойынының үлгісін қалыптастырады. Өз ойын іске асыра отырып, 
Деррида əлемді мəтіндер жиынтығы түріндегі мəдениет ретінде қарастырады, 
ал тілдің ойыны, оның ойынша, қандай да болсын құндылық бағдарлардан 
«таза» болуы тиіс. Оның жүзеге асуы барысындағы міндеттің бірі, Дерриданың 
пікірінше, классикалық метафизикадағы дəстүрлі ұғымның бірі бірегейліктің 
(немесе тепе-тендік) «негізін шайқалту» болып табылады. Философ 
бірегейліктен айырмашылықты аңғарады. Айырмашылық терминін өңдей 
отырьш жəне бинаризмнің структуралистік теориясын сынай отырып, Деррида 
«айыру» терминін енгізеді. Бұл терминге ол уақытқа жіктелу мағынасын 
кіргізеді. Айыру болашаққа бағытталумен қатар, процессуалдық сипатқа да ие. 
Батысеуропалық ойлаудың дəстүрлі тəсілін сынай отырьш, Деррида 
«оппозицияны жоюға, олардың қарсылығын басуға жəне болмыстан 
алшақтауға» тырысады. Оның деконструкциясы қарастырылып отырған 
мəтіннің ішкі қайшылықтарын, өткен дискурстан мұра больш қалған «қалдық 
мəндерді» 
ашуға 
бағытталған, 
сондай-ақ, 
əдетте 
постмодернистер 
мойындайтын 
билік, 
университет 
жəне 
т.б. 
сана 
фантомдарын 
демистификациялауға 
бағытгалған. 
Осылайша, 
адам 
өмір 
сүруі 
тұрақтылығының кепілі ретіндегі болмыстың парменидтік түсінігімен 
салыстырғанда, постмодерн философиясы адамды абсолюттік құндылықтар 
иллюзиясынан азат етуге ұмтылып, оның назарын үдерістер мен оқиғалар анық 
емес жағдайда өтетін нəтижені рационалды түрде айқындау қиын ахуалдағы, 
күнделікті ағымдағы тіршілікке қарай бұрады. Болмыстың өзі екіталай, анық 
емес нəрсеге айналады. Болмыстың жаңа стратегиясын, жаңа мəдениет пен 
жаңа 
дүниетаным 
параметрлерін 
қалыптастыру 
міндетін 
шешуге 
ұмтылғанымен, постмодернизм тек өз бастауын сол мəдениеттен алатын 
релятивтік жорамалды ғана ұсынды. 
Сонымен, əрбір мəдениет адамзат баласының рухани интенцияларын өн 
бойына қорыта отырып, философияда өзінше ерекше көрінеді, əлемдегі адам 
болмысын пайымдаудың əр түрлі теориялық формаларын береді. Дүние бір 
екендігіне қарамастан, ол əр түрлі онтологияда əр түрлі концепциясымен 
көрінеді. Бұл философиялық онтологияның онан арғы дамуына ықпалын 
тигізеді жəне əлемдегі адам болмысының белгілі бір векторларын 
қалыптастырады. 
Осылайша, философия болмыстың мəнділігін (оны құрайтын əр түрлі 
заттар, құбылыстар, жағдайлар, деңгейлер, үдерістер жəне т.б. мəнділіктері) 
игерумен, əлемге деген адами қатынас мəнділігін жəне ондағы адам орнының 
мəнділігін танумен айналысады. 
Сонымен, келтірілген пікірлерге сүйенгенде, əлеуметтік философия 
философиялық білімнің құрамдас бөлігі екендігін былайша сипаттайды. Ол, 
біріншіден, адамға қоршаған əлеуметтік жəне табиғи ортада өзінің өткіншілігін 
сезініп жəне «сөз» арқылы өзінің əлемдегі нақтылығын ұғынуға мүмкіндік 
береді. Екіншіден, философия осы нақтылықтардың сыртқы əсерінің «арғы 
жағына үңілуге», оның мəнділігін игеруге жəне адамның əлеуметтік, 
индивидуалдық өмірі туралы біздің өз біліміміздің мəнділігін терең ұғынуға 
мүмкіндік береді. 


89 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   130




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет