Мәдениеттің мақсаты негізінен адамзаттың әр ұрпағының келесі ұрпаққа өлмес те, өшпес мұра қалдыру, олай болса, аталған Батыс п


 Жаңа заман философиясында гносеологияның қалыптасуы



Pdf көрінісі
бет33/130
Дата17.09.2024
өлшемі3.17 Mb.
#503684
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   130
Философия Оқулық (3)

5.2. Жаңа заман философиясында гносеологияның қалыптасуы 
Джон Локк (1632-1704 жж.) ағылшын философы, психологы, педагогі. 
Негізгі еңбектері: “Адамның ақыл-ойы туралы тəжірибе” т.б. Таным 
концепциясын психологиялық теория тұрғысынан негіздеп, психологияның 
ғылым ретінде қалыптасуына жол ашты. Егер Бэкон білім – тəжірибеден 
шығады десе, Локк оған қосымша тəжірибенің өзі сезімдік түйсінулер арқылы 
қалыптасқан деді. Локктың таным теориясы негізінен үш қағидадан тұрады: 
Адамда “туа біткен идеялардың” болуы мүмкін емес, себебі идеялардың 
өзі тəжірибе арқылы пайда болады; 
Адамның дүниеге келген кездегі ақыл-ойы ештеңе жазылмаған таза тақта, 
немесе “ақ қағаз” сияқты, ол тек тəжірибе арқылы мазмұнға толады; 
Ақыл-ойда тек сезімдік түйсіктер арқылы қабылданған мəліметтерден 
басқа ештеңе жоқ, себебі дүниеге шығатын терезе-түйсік. 
Сезімдік түйсінудің өзі сыртқы түйсіну жəне ішкі рефлексия (өзін-өзі 
бақылау) деп екіге бөлінеді. Сыртқ түйсінудің қайнар көзі сезім мүшелеріне 
əсер ететін материалдық денелер болса, ішкі рефлексияның негізі – адамның өз 
көңіл-күйін іштей сезінуі, қиналуы немесе мақұлдауы. 
Психиканың қалай қалыптасатынын түсіндіру мақсатында Локк 
идеялардың екі түрін қарастырады. Олар: бірінші сапалы идеяларға денелердің 
түр, сан, орын, қозғалыс, тыныштық т.б. Сол сияқты қасиеттері жатады, біз 


102 
оларды шындығында қандай болса, тура сол күйінде қабылдаймыз. Ал екінші 
сапалы идеяларға денелердің иіс, бояу, дəм т.б. Сол сияқты қасиеттері жатады, 
оларды біз субъективтік тұрғыдан қабылдаймыз. Осы екі сапалы идеялардың 
түйсіктерге əсер етуі арқасында біздің санамызда екі түрлі ұғымдар мен 
пайымдаулар, ұғымдар. Олар тек тəжірибе арқылы қалыптасады да, ой 
белсенділігін талап етеді. Осы негізде ғылымдар дамиды. Ал екіншісі – сыртқы 
денелердің түйсіктерге əсер етуінен, не болмаса рефлексия арқылы пайда 
болған қарапайым ұғымдар, пайымдаулар. Мысалы: “көк” ұғымы – көру 
түйсігі, ал “қозғалыс” ұғымы – көру жəне сезіну түйсіктері арқылы пайда 
болған. Мұндай ұғымдар енжар болу себепті ой белсенділігін талап етпейді. 
“бірінші” жəне “екінші” сапалы идеялар адамның көңіл-күйіне байланысты əр 
түрлі қабылдануы мүмкін. 
Ақиқат дегеніміз, Локктың пікірінше, идеяларды” өзара сəйкес келуі 
(ұғымдардың, пайымдаулардың “бірінші”, “екінші” идеяларға) жəне 
көпшіліктің өзара келісімі. 
Адамның қуанышын тудыратын жəне күшін өсіретін істің барлығы – 
игілік, ал оған қарама-қарсы іс-əрекет бақытсыздық. Ең жоғары заң, адамды 
қуанышқа бөлейтін болғандықтан ең басты игілік болады. Локк мемлекет 
туралы ілімінде халықтың егемендігі негізінде қалыптасқан конституциялық 
монархияны жақтайды. Мемлекет билікті бөлу (заң шығару, атқарушы жəне сот 
биліктері) арқылы əлеуметтік топтарға бостандық жəне құқытық теңдікті 
сақтауға кепілдік жасауы тиіс. 
Қорыта айтқанда, Бэкон, Гоббс, Локктың ілімдері механикалық 
метафизикалық философияның ірге тасын қалап, ғылыми зерттеудің 
индуктивтік жəне геометриялық тəсілдерін əмбебап (универсалдық) тəсілдер 
дəрежесіне дейін көтеріп, өзінен кейінгі ғұлама-ойшылдарға үлкен əсер етті. 
XVІІ-ХVІІІ ғасырларда Англияда философияда “идеалистік сенсуализм” 
деп аталып кеткен бағыт қалыптасты. Оның ірге тасын Дж.Беркли жəне Д.Юм 
деген ойшылдар қалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   130




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет