Мәдениеттің мақсаты негізінен адамзаттың әр ұрпағының келесі ұрпаққа өлмес те, өшпес мұра қалдыру, олай болса, аталған Батыс п


 Танымның жалпы теориялық әдістері



Pdf көрінісі
бет36/130
Дата17.09.2024
өлшемі3.17 Mb.
#503684
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   130
Философия Оқулық (3)

5.4. Танымның жалпы теориялық әдістері 
Жюль Верннің атақты "Капитан Гранттың балалары" романының 
кейіпкерінің бірі географ Жак Паганель бірде өзінің серіктестеріне құс 
жұмыртқасын дайындаудың жүзге жақын тəсілі болатынын айтқан еді. Әрине, 
бір ғана нəтижеге бірнеше, тіпті жүздеген тəсілдермен жетуге де болады. 
Күнделікті өмірде болсын, өнеркəсіп өндірісінде немесе ғылыми 
экспериментте болсын бір ғана міндетті əртүрлі жолмен, əрекеттермен, 
операциялармен жəне процедуралармен шешетін жағдайлар жиі ұшырасады. 
Оның ішіндегі жақсысын таңдау кейде экономикалық тиімділігімен, кейде 
техникалық мүмкіндіктермен, ал кейде міндетті түрде аз уақытта шешу 
қажеттіліктерімен байланысты болады. Бұл жағдайлардың барлығында 
мамандар не дайын, жинақталған тəжірибиеге сүйенеді, не болмаса берілген 
міндет пен оның шешілу шартына неғұрлым сəйкес əрекеттің тəсілін ойлап 
табады. Бұл шешімнің барысында, мысалы, берілген бөлшекті үлгіге салу 
тəсілі немесе металды кесу тəсілі арқылы даярлау, руда өндіруді ашық немесе 
жабық тəсілмен жүргізу жəне т.б. жағдайларда мамандарға терең 
философиялық танымға, методология мен гносеологияға жүгінудің қажеті 
шамалы. Бұл мақсат үшін нақты техникалық білім, тəжірибе жеткілікті. 
Алайда, өзінің табиғаты жағынан универсалды əдістерді қажет ететін жəне 
жалпы танымның терең негіздерімен, көбіне ғылыми таныммен байланысты 
міндеттер де кездеседі. Мұндай жағдайда, сəйкес міндеттерге философиялық 
жəне гносеологиялық талдаудың қажеттілігі берілген əдістің танымдық 
міндеттерді шешуге жарамдылығы алынған білімнің шынайылығына, жалпы 
ғылыми талаптарға сəйкестілігіне бағыныштылығымен тікелей байланысты 
болумен сипатталады. 
Белгілі бір шаманы өлшеуді талап ететін əрбір нақты ахуалда физик өзіне 
өлшеудің қай тəсілі керек екенін біледі. Геңдік инженериямен айналысатын 
жəне ағзаның жаңа тұқым қуалаушылық қасиеттерін ашуға ұмтылған биолог-
генетик ДНК-қосарланған спиралін қандай ферменттермен, нуклеуздермен қай 
жерде үзуге болатынын жəне қандай өзге белсенді препараттардың көмегімен 
бұл молекуланың жаңа спиралін "жамауға" болатынын біледі. Барлық осындай 
ахуалдарда ғалым, өзінің кəсіби ақпаратымен қатар жақын аралас пəндердің 
теориясын игерсе жеткілікті. Ал қатаң жəне дəл қазіргі замандағы ғылыми 
теорияларды қалыптастыруға келгенде мəселе өзгереді. Теорияны электронды 
микроскоптың, ферменттердің, элементарлы бөлшектерді жеделдеткіштердің 


112 
көмегімен іске асыруға болмайды. Бұл үшін теория құрудың логикалық 
ережелері мен принциптерін, ақиқаттың гносеологиялық критерийлерін, 
теориялық жəне эмпирикалық танымның арасындағы бағыныштылықты 
бекітетін жəне теория мен оның пəндік саласы қатынастарын реттейтін 
методологиялық ережелер мен қағидаларды білу талап етіледі. Қысқасы, 
мұндай ахуалдарда, философиялық талдау міндетті түрде қажет. 
Әртүрлі ғылымдардың өздерінің арнайы міндеттерін шешу үшін 
қолданатын сан-алуан тəсілдерінен өзге ғылыми білімнің өзін даярлайтын жəне 
құрылымын реттейтін барлық ғылымдарға ортақ кейбір ережелер мен амалдар 
да бар. Олар жалпы ғылыми əдістемені құрайды. Оның ішіндегі ең 
маңыздыларын қарастырайық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   130




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет