Мәдениеттің мақсаты негізінен адамзаттың әр ұрпағының келесі ұрпаққа өлмес те, өшпес мұра қалдыру, олай болса, аталған Батыс п



Pdf көрінісі
бет5/130
Дата17.09.2024
өлшемі3.17 Mb.
#503684
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   130
Философия Оқулық (3)

болмыс әдістері ғана Батыста жəне Шығыста өзгеше. Ғылымға қарағанда, 
философияның эмпирикалық дәрежесі жоқ, бірақ оның үстіне эмпирикалық 
базасы бар. Ол дүниетанымдық жəне дүниеге деген көзқарас тұрғысынан 
ғылымның, өнердің маңызды мəліметі, моральдық жəне діни тəжірибе жəне т.б. 
болуы мүмкін. Адам баласының адамзат атанған күннен бастап дүниетаным 
деген ұғым қалыптасты. Дүниетаным арқылы біз айналамыздағы бар дүниенің 
жай-жапсарын анықтаймыз. Әрбір жеке тұлғаның дербес дүниетанымы біріге 
келе тұтас бір дүниеге көзқарасты тудырса, сол дүниетанымнан əрбір жеке адам 
көзқарасы өз бастауын алады. Дүниетанымның қамтымайтын аймағы жоқ. Ол 
адам баласына қатысты барлық мəселелерге араласып, өз деңгейін көрсетіп 
отырады. Жалпы алғанда, философия – дүниетанымдық ғылыми жүйе. 
Дүниетанымның теориялық негізі немесе ғылыми жүйесі ретіндегі 
философияның басты ерекшелігі, бүкіл дүниені бір тұтас бүтін ретінде 
қарастыруында, яғни оның ішкі жəне сыртқы байланыстарын өзара бірлікте 
зерттейді. Ал дүниетанымның негізгі ұғымдары «дүние» жəне «адам». 
Бұлардың əрбірі объективті шындық, ерекше бір құбылыс болғандықтан, 
олардың əрқайсысының ішкі табиғатын, бір-біріне өзара тəуелді қатынасы, 
байланысы арқылы ғана түсінуге əрі түсіндіруге болады. Демек, кез-келген 
ғылым осы екі табиғи шындықтың қатынасынан туындайтын мəселелерді 
зерттейді деуге болады. Екінші сөзбен айтқанда, əр ғылым қоршаған орта мен 
адам бірлігінің немесе жалпы объективті шындықтың белгілі бір көріністерін 
ғана зерттейді. Түйіндеп айтар болсақ, дүниетаным деңгейі өркениет 
деңгейімен ұштасып жатыр. Өркениетті жасаушы да, жоюшы да адам 
болғандықтан, антропология мəселесін жан-жақты салалы зерттеу қай 
кезеңдеде толастаған емес. Адамға ең қызықты объект – ол адамның өзі. Адам 


12 
адамға əрі объект, əрі субъект. Ешқандай ғылым адамды толыққанды зерттей 
алмайды. Бір ғылым адамның жанын зерттесе, екіншісі биологиялық 
құрылымын, ал үшіншісі қоғамдағы рөлін зерттейді. Адаммен байланыссыз 
бірде-бір ғылым жоқ. Барлық ғылым адамға тəуелді, себебі ол адам ойының, 
адам дүниетанымының жетістігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   130




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет