166
Қорыта келе, Абайдың «толық адам» ілімінің пайда болуы қазақ қоғамының
дамуы барысында қалыптасқан, ұзаққа созылған дағдарыстан шығу жолын
қарастырудың аса қажеттілігі нəтижесінде туған заңды құбылыс екенін ескеру
қажет. Абайдың философиялық ой-толғауларына
шолу жасау барысында көп
ауыртпалық пен қиындықты басынан кешірген, бірақ бұл қиындықтарға
мойымаған қазақ халқының даналығына тағы бір рет көзіміз жетеді. Ізгі
өнегелерін сақтаған халық мəңгі жасайды, ал өнегелілігін
жоғалтқан халық
құриды деген анық, əрі дана пікірді мойындаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: