169
Жоғарыда келтірілген қағидалар ХХ ғасырдың маңызды шарттары болып
табылады. Келесі маңыздығы ұғым – Мен-субъект. Адам өз өмірін өзі жасайды,
субъект болғанда ғана адам бола алады. Өйткені адам дүниеге жіберілген жоба
ғана емес (Сартр). Әрекет ету барысында Мен басқа
Мендердің бар екендігіне
көзі жетеді жəне өз əрекетін басқалармен үйлесімді етуге ұмтылады. Басқаны
елеу жəне онымен есептесу альтруизмнің бір көрінісі болып табылады. Өйткені
осының нəтижесінде «біз» деген құрылым қалыптасады Мен жəне Басқаның
қарым-қатынасы түбегейлі əлеуметтік қатынас болып табылады.
Әлеуметтік тұтастықта
Басқа маған жат емес, ол – басқа-Мен. Мен жəне
Басқа бұл дүниеде өздерінше тіршілік ететін субъектілер болып табылады. Егер
Батыста Мен Басқадан жоғары қойылса, Шығыста бұл қатынас керісінше
болып келеді. Жапондықтарда «сен» демей, «менің
көз алдымдағы керемет
адам» деген тіркес қалыптасқан. Мен жəне Сен əлеуметтік феномен болып
табылады жəне тағы бір адамдық аксиоманы ескеру қажет: қауым, қоғам,
коллектив дегендердің негізінде Мен жəне басқа Мендердің дара
қатынасы
жатыр. Кері жағдайда біз адамсыздандырылған болыл шығамыз.
«Мен – Басқа» оппозициясының мəнісі сұхбат (диалог) қатынасы
тұрғысынан да қарастырылуы мүмкін. Бұл мəселе М. Бубер, М. Бахтин т.б.
шығармашылығында терең зерделенген. М. Бахтин «өзім үшін Мен» жəне
«біреу үшін Менді» ажыратып, олардың арасындағы сұхбатқа үлкен көңіл
бөлді: Адам ешқашан біртұтастықты өз басынан ғана таба алмайды. Мəселе
мұнда біреудің біреуден тəуелділігінде емес, мəселе
адамның амбивалентті,
бинарлы болмысында. Адам əрқащан басқалармен қарым-қатынаста болғысы
келеді, өзінің жалғыздығынан шошиды,
олай болса, жеке адам, жалғыз басты
адам өз-өзіне жеткіліксіз.
Сол жетіспеушіліктің, жоқтың орнын толтыру үшін
басқа адам керек. «Мен басқаларға тығыламын, басқалар үшін басқа болуға
тырысамын, басқалардың əлеміне басқа ретінде кіремін, сөйтіп өзімнің өмірдегі
жалғыздығымның ауыртпашылығынан кетуді қалаймын»
Достарыңызбен бөлісу: