1.2. Қазақ философиясы туралы пайымдар Ұлттық философия – халықтың өзін өзі тұрақтандыратын жəне оның
барлық
əрекеттеріне
негіздеме
беретін,
оның
асқақ
мұраттарын
қалыптастыратан рухани ізденіс аймағы. Ұлтымыздың философиясын,
дүниетанымын зерделеудегі басты мəселе біздің өскелең ұрпаққа басқа
елдермен терезесі тең боларлық рухани қор жинадық па, жинамадық па деген
сұраққа барып тіреледі. Адамзат қол жеткізген ғылыми-техникалық
жаңалықтардың нəтижесінде ел мен ел қарым-қатынасы тез өрбіп, күн өткен
сайын кеңейіп келе жатыр. Бұрындары ұшы-қиыры жоқтай болып көрінетін
үлкен əлем бүгінгі коммуникация құралдарының күрделенуінің арқасында бір
ауылдай кішігірім болып қалған сияқты. Осы заман талабы философиялық
мұраны да кең тұрғыдан қарастыруды қажет етеді, өйткені бүгінгі халықаралық
байланыстар, бүгінгі мəдени сұхбат деңгейі томаға тұйықтыққа жол бермесі
хақ. Сондықтан да мəдени қор жасау өз халқымыздың қолда бар мəдени мұрасы
мен рухани игіліктерін сақтап, оны жаңғыртумен шектелмесе керек. Рухани
қазынамызды байытуда бүкіл əлемдік алдыңғы қатарлы, озық ой үлгілерінің
тəржімаланып, жалпы жұрттың қолына жеткізу ісі аса маңызды да
жауапкершілікті бастама екендігі сөзсіз. Онсыз біз ұлттық философиямызды
өрелі өркениеттілікке бас бұрғанын іс жүзінде емес, тек сөз жүзінде ғана
көрсетіп қойған болар едік
Егер қазақ тіліндегі философиялық мəтіндерге жəне жалпы қазақ
философиясына келсек, онда осы дүниетанымдық жүйеге тəн ерекшеліктерді
ескеру қажет. Профессор Ә. Нысанбаев қазақта Декарт, Кант, Гегель сияқты
философиялық жүйе құрған ойшылдар болмаған дейді. “Сірə, көшпелі халықта
ондайлардың қажеттілігі де тумаған шығар. Бірақ, біз өзімізге этникалық
тегіміз жағынан келсек мың жылдан аса мəдениетіміз, тарихымыз,
философиямыз бар халықпыз. Философия дегенде оның халықтық жəне кəсіби
формаларын айтуымыз керек… Міне, осы əлемдік философия тұрғысынан
қазақтың ұлттық рухы əлем образы мен менталитетінің қалыптасуы мен даму
тарихы тұжырымдалды. Басқаша айтқанда, қазақ ғарышында, оның ұлы
даласында қалыптасқан ойы əлемдік философия тарихының құрамдас бөлігіне
айналды. Ал бұл тарихтың субъектілері болып қазақтың дана хандары, билері,
жыраулары, ақындары, ағартушылары мен ғалымдары, ойшылдары есептеледі”