Мәдениеттің мақсаты негізінен адамзаттың әр ұрпағының келесі ұрпаққа өлмес те, өшпес мұра қалдыру, олай болса, аталған Батыс п



Pdf көрінісі
бет62/130
Дата17.09.2024
өлшемі3.17 Mb.
#503684
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   130
Философия Оқулық (3)

дебиет: Мырзалы Серік. 
Философия. – Алматы: Бастау, 2008). 
Қайсыбір өмірдің өліммен аяқталатынын əрбір адам біледі. Біз 
ырқымыздан тыс бұл дүниеге келгеннен кейін, уақыты келгенде еріксіз 
кетуіміз керек. Ол бізге тəуелді емес – табиғи заңдылық. Адамзаттың 
мыңдаған жылға созылған өмір тəжірибесі бірде-бір өлген адамның 
тіріліп өмірге қайта келгенін көрсеткен жоқ. Әсіресе, жақын 
адамдардың бұл дүниеден кетуі біздің жан-дүниемізде ауыр жаралар 
қалдырады. Енді біз оларды ешқашан да көре алмай, іштегі сырымызды 
айтып, бірге қуанып, сонымен бірге қайғы-қасіретімізді бөлісе 
алмаймыз. Бəрі де өткен шақтың қойнауына кетті. Сол сəтте біз өзімізді 
де сондай тағдыр күтіп тұрғанын үрейлене аңғарамыз. Сонымен қатар, 
біз ақыл-ой таразысына «мəңгілік өмір сүру» мəселесін салсақ, онда оны 
адамға берілген ең ауыр жаза екенін байқауға болар еді. Өйткені, егер 
адам шексіз өмір сүре берсе, онда оның еш мəн-мағынасы болмай 
қалады. Шексіз өмір жөніндегі ой өрісі бүгінгі күннің ашынған өзекті 
мəселелеріне немқұрайлы қарауды тудырып, қоғам өмірі мелшиіп бір 
орнында тұрып қалар еді. Мəселеге терең қарағанда, өмірдің мəн-
мағынасы болуының өзі оның өліммен бітетінінде болса керек. Расында 
да, біле-білген адамға өмірдің шектелгені əрбір күн мен жылды, минут 
пен сағатты бағалауға, тиімді жұмсауға итермелейді. Өйткені, өмірді 
ешқандай байлыққа сатып алуға болмайды, бірақ, оның бір ғана өлшемі 
бар – ол «Ұлы мəртебелі Табиғаттың» (діни сенімдегі адам үшін – 
Құдайдың) əр адамға берген өмір жасы, яғни, уақыты. Бұл дүниеде бір 
де бір жасалған ұлы нəрсені істеген адамдар, əрине, өз өмірінің 
шектелгенін біліп, сондықтан, асығып, «соны үлгірсем екен» деген ой-
үмітпен оларды аяқтады емес пе?! Егер ол мəңгілік өмір сүрсе, сол ұлы 
істерді бастамас та еді ғой. Антик дəуіріндегі стоиктер «Өлімді 
есіңнен шығарма!» деген болатын. Оның терең мəні – өз өміріңде əр іс-


173 
қимылды, басқа адамдарға деген қатынастарды, айтайын деген сөзіңді, 
əрбір сəтті – өмірдің соңындағы сияқты сезінуде. Мұндай өмірлік 
бағытты ұстау – адам өміріндегі қайсыбір уақиғаны терең сезініп-
тебіренуге, мейлінше мазмұнды өмір сүруге əкеледі. Жайшылықты 
өмірде байқалмайтын кішігірім нəрселерге көңіл бөлініп, Дүниенің 
ғажаптығы айқындалып сезіледі. Бұл Дүниеде қайсыбір тіршілік 
формасы – соның ішінде адам да – бір ұрпақты екінші ұрпақпен 
ауыстырып өз өмірін жалғайды. Табиғаттың «даналығы» осында. 
Соның арқасында алға өрлеу – даму бар.
Әр адам өлімді. Адамның жүрегі мен тынысы тоқтап, санасының 
өшуімен теңейді. Дегенмен де, адамның кейбір жақтары əлі де болса талай 
күндер тіршілік жасайды. Мысалы, адамның сақал-мұрты, шашы, 
тырнақтары дене толығынан шіріп біткенінше өсе береді. Уақытында ұлы 
Платон «философия ғылымы бізді абыроймен өлуге үйретеді» деген 
болатын. Бұл пікірге толығынан қосылуға болатын сияқты. Кейбіреулер 
өмірінің жартысын «гүлге қонған көбелек» сияқты өткізіп, қырыққа келіп, 
ақылы тоқталған кезінде өз алдына өмірлік мақсаттар қойып, оны асыға 
істей бастағанымен аяқтауға уақыты жетпейді. Ондай адамға өлер алдында 
«Әттең-ай!» деген өкініш келіп, сол аянышты сезіммен өмірден кетеді. 
Екіншілерге өлім үрейін аттап өтуге діни сенім көмектеседі. Олар тəні 
болмағанмен, «жан-дүнием мəңгі өмір сүреді» деген үмітпен өмірмен 
қоштасады. Үшіншілер «бұл күйбең өмірде ішіп-жеу, ойын-сауық құру, əр 
сəттен лəззəт алудан басқа еш нəрсе жоқ» деген өмірлік бағыт ұстайды. 
Бірақ, оқтын-оқтын мешітке барып, «кім біледі, мүмкін Алла тағала бар 
шығар» деген ой кейбір кезде оның жүрегін сыздатады, садақа беріп, намаз 
оқытады. Бірақ, бəрібір ол болашақ өлімнің мұздаған лебінен құтыла алмай, 
жаны түршігеді. Философиялық дайындығы бар адамға келсек, ол өз өмірін 
бүкіл Табиғаттың, Ғарыштың өмірімен байланыстырып, өзін телегей- 
теңіздегі бір ғана тамшы ретінде сезінеді. Ол оны үлкен тебіреніске əкеліп, 
өлім өмірдің соңында келетін заңды табиғи үрдіс екеніне көзі жетеді. Ондай 
адамды өлім үрейлендіре алмайды. 
Бесінші Адамдар – өз тағдырының шеңберінде тырысып бағып, өмірдің 
шаттығын да, зардабын да толығынан басынан өткізіп, бұл өмірде өзіне тəн 
із қалдыру жолында бар күш-қуатын аямай жұмсап, өлім алдына өмірден 
қанағаттану, тəубаға келу сияқты сезіммен келеді. Ол өз өмірінде үлкен 
өкініш жоқ. Орындалмаған армандар болғанның өзінде, ол оны табиғи 
заңдылық ретінде түсінеді. Ол – нағыз адам. Ондай адам көп жұрттың есін- де 
мəңгілік қалады. Соңғы жылдары Батыс университеттері мінбелерінде 
«аутоназия» (auto – өзім, nazіa – өлім) мəселесі қызу талқылануда. Орыс 
əдебиетінде бұл терминді өз тілдеріне жақындатып «эвтаназия» дейді. Бұл 
адамның өз еркімен, қоғамның көмегі арқылы бұл дүниеден кетуі. Яғни, 
оның «суицидтен» – өзін-өзі өлтіруден айырмашылығы – ол қоғамның рұқ- 
саты жəне көмегімен өз қалауы бойынша дүниемен қоштасады.
Тəндік-сезімдік лəззəт алу өмір бағытын ұстаған Батыс адамы өмірінің 
соңында да еш зардап шекпей бұл өмірден тəтті ұйқыға шомылып кете 


174 
барғысы келеді. Адам қатерлі ісікпен (рак) ауырып, қатты зардап шегуде, я 
болмаса, қартайып, қолынан күш кетіп ешкімге керек болмай қалған т. с. с. 
жағдайда қоғам ондай адамдарға өз еркімен дүниеден кетуге көмектесуге 
болады деп түсіндіреді. Бұл мəселені Батыс цивилизациясының гуманистік 
даму жолындағы үлкен жетістіктерінің бірі ретінде көрсеткісі келеді. Бірақ, 
мұндай көзқарас бүкіл дүниежүзілік діндердегі өмір мен өлім жөніндегі 
терең сенімге қайшы келеді. Бұл Дүниеге келген əр адам тағдырға 
мойынсынуы керек. Соңғы өмір зардаптарынан өту – адам рухын шексіз 
күшейтіп, оның ішкі жан-дүниесін тазартып, адамның абыроймен бұл 
дүниемен қоштасуына мүмкіндік жасайды. Мəселеге философиялық 
тұрғыдан келсек, бұл Дүниеде адамнан асқан құндылық жоқ, сондықтан, 
ешкімнің де адам өмірін (жəне адамның өзі өз өмірін) қиюға құқы жоқ.
Адамдардың өлместігі – өз өмір шеңберіндегі басқа адамдарға 
жасаған жақсылығымен байланысты болса керек. Өйткені, ол олардың 
есінде қалады. Ол дене ретінде көз алдымызда жоқ болса да, рух ретінде – 
бізбен бірге өмір сүріп қала береді. Ұлы Кун фу цзы айтқандай, жақсы адам 
халықтың сый-сияпатына ие болса, жаман адам ит сияқты бір шұңқырда 
ұмыт болып қалады.
Десек те, əрине, қазіргі адам мұндай көзқараспен келіскісі келмейді, 
ол тəндік өлместікті армандап, барлық үмітін ғылымға артады. Әсіресе,
тез қарқынмен дамып келе жатқан гендік инженерия саласы болашақта 
адам өмірін бегілі бір уақытқа ұзарта беруге болатынын айтады. 
Алайда, ол – адамды тығырыққа тірейтін жол. Әрине, гендік 
инженерияның жетістіктеріне сүйене отырып тұқым қуатын аурулармен 
күрескен жақсы. Ал адамның өмірін гендік жолмен ұзартуға 
бағытталған зерттеулер қандай салдарларға əкелуі мүмкін – оны ешкім 
бүгінгі таңда білмейді. Кейбір ғалымдардың айтуына қарағанда, оның 
теріс салдары – ядролық бомбаны ойлап шығарғаннан да жаман болуы 
мүмкін. Екінші жағынан, адам дүниедегі ең теңдесі жоқ биік құндылық 
болғаннан кейін оның өмірі мен денесіне жасанды тəжірибелер жасау – 
қылмыс болар еді.
Мəселенің моральдық жағына келер болсақ, бірде-бір жер бетінде 
өзі тудырған қауып-қатерден сақтану мəселесін адамзат əлі шешкен жоқ. 
Жеке адамның өмірін ұзартпақ түгіл, бүкіл адамзаттың құрып кету 
мүмкіндігі (ядролық соғыс, я болмаса экологиялық апат) осы уақытқа 
дейін күн тəртібінен шығарылған жоқ. Егер ол «күнбе-күн соғыс-
қақтығыстарда бір-бірін осы уақытқа дейін өлтіріп жатса, ол адамға 
тəндік өлместіктің керегі қанша?» деген заңды сұрақ дереу ойға келеді.
Қорыта келе, тəндік өлместік бүкіл миллиардтаған жылдар бойы 
қалыптасқан іргетасты табиғат заңдылықтарына қайшы келеді. Бізге 
берілген теңдесі жоқ сый – өмірді – бақытты мүмкіндіктерді іске 
асыруға, өз өмір шеңберінде үлкен маңызды істерді жасап өз ізіңді 
қалдыруда болса керек. Оларды өлім жоя алмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   130




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет