Мәдениеттің мақсаты негізінен адамзаттың әр ұрпағының келесі ұрпаққа өлмес те, өшпес мұра қалдыру, олай болса, аталған Батыс п



Pdf көрінісі
бет66/130
Дата17.09.2024
өлшемі3.17 Mb.
#503684
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   130
Философия Оқулық (3)

8.4. Мұрат және өмір мағынасы 
Әлеуметтік мұрат өзінің нақтылығында, қоғамдық өмірдің мəңгілік 
принциптерімен ғана емес, өзі таңылатын эмпирикалық материалдың 
сипатымен де анықталуы керек: ана немесе басқа шаралардың мақсатқа 
сайлығы сол қоғамның өмірінің материалдық жағдайларына, қоғамның жəне 
ондағы əртүрлі қабаттардың (таптардың, ұлттардың жəне т.б. рухани күйіне 
(адамгершілік, діни, ақыли), соңында қоғамның алдына қойып отырған тарихи 
міндеттетріне тəуелді болады. Дəрігердің емдік шараларды тек физиология мен 
патологияның жалпы заңдылықтарының негізінде ғана емес, пациент 
организмінің сол кездегі күйіне қарап анықтайтыны, ұстаздың оқу 
бағдарламасы мен тəрбиелік пəнді шəкірттің немесе сыныптың ақыли жəне 
адамгершілік жағдайына байланысты анықтайтыны сияқты, саясаткер де өзінің 
іс-шаралары мен ұмтылыстарында қоғамның қазіргі жағдайы мен 
мұқтаждықтарына сай келетін қоғамдық өмірдің жетекшілік бастауларын жетік 
қолдануды басшылыққа алады. Саясат қоғамды емдеу (гигиеналық, 
терапиялық, қажет болған жағдайда – хирургиялық) немесе тəрбиелеу, оның 
ішкі творчестволық күштерінің дамуына неғұрлым қолайлы жағдайлар туғызу. 
Оның соңғы жалпы міндеттерінің абсолюттілігінде оның нақты шаралары да 
медициналық немесе педогогикалық сияқты əрқашанда дəл сол сияқты 
салыстырмалы. Нақты қоғамдық мұраттардың абсолютті мағынасына жəне 
əмбебапты құтқарушылығы мен қолданулығына сену салыстырмалыны 
абсолюттіге айналдыру, теориялық жарамсыз жəне моральдық-діни тұрғыда 
жол беруге болмайтын пұтқа табынушылық.
Нақты халық үшін оның қазіргі қалпы мен қазіргі тұрмысы жағдайында бір 
жағынан, оның болмысының органикалық-өмірлік негізіне, жанды наным-
сенімдеріне, оның өмірінің мəндік-адамгершілік құрылымына неғұрлым сəйкес 
келетін, екінші жағынан, қоғамдық күштердің одан əрі творчестволық дамуына 
бəрінен қуатты ықпал ететін қоғамдық тəртіп жақсы. Дəл осы жағдайларда ең 
жақсы басқаруды (мысалы, бойында қуаты бар, білімді, пара алмайтын 
əкімшілерді беретін) қамтамасыз ететін билік формасы (мысалы, монархия 


182 
немесе республика, аристократия немесе демократия жəне с.с.) мен қоғамның 
осы жағдайында іске асырыла алатын мемлекеттік бақылау мен қоғамдық 
өзіндік əрекет арасындағы тепе-теңдік жақсы; еңбек өнімділігін анағұрлым 
арттыруға ықпал ететін экономикалық саясат жақсы; дəл осы жағдайлар мен 
формаларда қоғамның адамгершілік санасына сай келетін, неғұрлым мүмкін 
əлеуметтік əділеттілікті қамтамасыз ететін əлеуметтік қатынастар жəне т.б. 
жақсы. Одан басқа, қоғамдық өмірге тəн органикалық бірлік сипатын 
ескергенде, барлық сфералар мен жақтардың өзара тəуелділігін ескергенде, тек 
қоғамдық өмірдің жекеленген сфераларында бір-біріне икемделген жəне бірігіп 
қоғамның тұтастық ретінде аман-сау жəне творчестволық дамуын қамтамасыз 
ететін іс-шаралар мен мұраттар ғана жақсы. 
Бірақ барлық қоғамдық мұраттар тек эмпириялық жағдайларға, уақыт пен 
жер жағдайлары тəуелділігі мағынасында ғана салыстырмалы емес, олардың 
бірде-біреуі абсолютті шындықтың абсолютті емес, оның тек салыстырмалы, 
жартылай іске асырылуы ретінде салыстырмалы. Ең жақсы деген құрылыс 
абсолютті жақсы емес, тек салыстырмалы түрде ғана жақсы. Құдайылық 
патшалықты жерде орнатуға сай келетін жердегі жұмақ утопиясы мүлдем 
жарамсыз, өйткені күнəһарлықтың негізгі онтологиялық фактісімен, адам 
табиғатының жетілмегенімен санаса бермейді. Сондықтан мұндай утопиялар, 
оларды актуальды жүзеге асыруға талпынғанда, олардың онтологиялық 
негіздемесінің жалғандығынан –  жердегі үміт күткен жұмақтың орнына Жерде 
тозақтың орнауына алып келеді. Олардың бізге классикалық жақын тарихи 
мысалдары – абсолютті халық билігін орнатудың якобиндік талпынысы жəне 
абсолютті əлеуметтік əділеттілікті орнатудың большевиктік талпынысы.
Әлеуметтік реформаторшылық адам қоғамында абсолюті жақсылыққа 
емес, қазіргі жағдайларда максимальды нақты жақсылыққа ғана қол жеткізуге 
болатынын жəне оның қазіргі жағдайларда жойылмайтын ең аз деген 
зұлымдықтың шарасыз болатындығын да ескеретінін əрқашан естен шығрмауы 
керек. Абсолютті жақсылық пен абсолютті зұлымдықтың арасында таңдау 
жасауға емес, əрқашан көп немесе аз жақсылықтың немесе сол сияқты көп 
немесе аз зұлымдықтың арасында таңдау жасауға тура келеді. 
«Өмір мағынасын табудың» нені білдіретінін ойланып көрейік, дəлірек 
айтсақ, біз нені іздейміз, «өмір мағынасы» деген ұғымның өзіне қандай мəн 
береміз жəне қандай жағдайларда біз оны жүзеге асты деп санаған болар едік? 
«Мəн-мағына» дегенде біз «парасаттылық» дегенді шамалаймыз. 
«Парасатты» деп біз салыстырмалы мағынада мақсатқа сай келетіннің бəрін, 
мақсатқа дұрыс жолмен апаратынның бəрін немесе оны іске асыруға 
көмектесетінді атаймыз. Қойылған мақсатқа сай оны іске асыруға бағытталған 
жүріс-тұрыс парасатты, бізге мақсатымызға жетуге көмектесетін құралдарды 
пайдаланған парасатты немесе түсінікті. Бірақ дəл сол мақсаттың өзі сөзсіз 
парасатты немесе саналы түсінілгеннен жағдайда – мұның бəрі тек 
салыстырмалы парасатты. Біз салыстырмалы мағынада «парасатты» деп 
мысалы, өмірге бейімделе алатын, ақша таба алатын адамның жүріс-тұрысын 
айтамыз; байлықты, қоғамдағы лазауымды жағдайды біз талас тудырмайтын 
жəне осы мағынада «парасатты» игіліктер деп танимыз. Егер де біз өмірден 


183 
түңіліп, оның қысқалығынан, оның игіліктерінің бəрінің тұрақсыздығынан 
немесе олардың барлығының біздің жанымызды ақиқат қанағаттанушылық 
əкелмейтіндігінен 
өмірдің 
«мағынасыздығын» 
байқап, 
осы 
ұмтылыстарымыздың мақсатының таласты екенін мойындасақ, сол жүріс-
тұрыстың өзі салыстырмалы болғандықтан, яғни өз мақсатына қатысты 
парасатты жəне саналы түсінілген болсада, абсолютті тұрғыда бізге парасатсыз 
жəне мағынасыз болып көрінеді. Кəдуілгі адам өмірінің басым мазмұнына 
қатысты бұл солай да ғой. Біз көптеген адамдардың өз бойындағы күштің жəне 
уақытының басым көпшілігін мақсатқа сай істерге арнайтынын көреміз, олар 
əлде-бір мақсаттарға жетуді ойлап қам жейді жəне сол мақсаттарға жету үшін 
дұрыс əрекет етеді, яғни көп жағдайларда «парасатты» іс-қимылдар жасайды; 
бірақ сонымен қатар немесе осы мақсаттардың өзі «мағынасыз» болғандықтан 
немесе олардың «мағыналылығы» туралы сұрақ таласты жəне шешілмей 
қалғандықтан – адамның барлық өмірі тиіннің дөңгелектегі шыр айналуы 
сияқты мағынасыз шыр айналу, адамның бұл мақсаттарға күтпеген жерден 
қоятын жəне сондықтан ажал оларды мүлдем мағынасыз үзетін мағынасыз іс-
қимылдарының жиынтығы сипатына ие болады. 
Яғни өмірдің салыстырмалы ғана емес, нағыз парасаттылығының шарты 
оның əлде-бір мақсаттарды парасатты іске асыруында ғана емес, сонымен қатар 
өз кезегінде бұл мақсаттардың өздерінің де парасатты болуында. 
Бірақ «парасатты мақсат» деген не? Құрал мақсатқа апарғанда парасатты. 
Бірақ мақсат – егер ол басқа бірдеңеге арналған құралы емес, нағыз, соңғы 
мақсат болса – ол ештеңеге апармайды жəне сондықтан өзінің мақсатқа 
сайлығы тұрғысынан бағаланбайды. Ол өз өзінді парасатты болуы керек.
Бір қарағанда бұл ой-толғаулар сондай таңсық болып көрінгенімен, оған ең 
алдымен инстинктілі түрде бірінші болып біздің жүрегіміз қарсы шығады; біз 
өмірдің мағынасы туралы сұрақтың өз өздігінде тіптен мағынасыз емес 
екендігін сеземіз, біз үшін оның шешілмейтіндігі немесе шешілмегендігі 
қаншалықты ауыр болып көрінсе де, сұрақтың өзінің заңсыздығы туралы ой-
толғаулар біздің мазасыздығымызды баса алмайды. Біз бұл сұрақтан уақытша 
бас сауғалап, оны өзімізден қудалай аламыз, бірақ келесі бір сəтте «біз» жəне 
біздің «ақылымыз» оны алға тартпайды, оның өзі қайтпай біздің алдымызда 
тұрып алады, сонда біздің жанымыз өлердей қиналып «Не үшін өмір сүремін?» 
деп сұрайды
Біздің өміріміз оны жай ғана өткізудің стихиялық процесі, дүниеде болу 
екені өз өзінен түсінікті жəне бұл фактіні саналы түсіну біз үшін «өзіндік 
мақсат» емес. Ол өзіндік мақсат бола алмайды, өйткені біріншіден, жалпы 
алғанда онда азаптар мен қиыншылықтар қуаныштар мен лəззаттанудан асып 
түседі, сонда өзін өзі сақтаудың жануарлық инстинктісіне қарамастан, біз жиі-
жиі осы ауыртпашылықты не үшін тартуымыз керек деп ойлаймыз. Бірақ бұған 
тəуелсіз де ол өзіндік мақсат бола алмайды жəне сондықтан өмірдің өзі өз мəні 
бойынша өз өзінде қозғалыссыз тұру да, өзіне өзі көңілі толған тыныштық та 
емес, бірдеңе жасау немесе бірдеңеге ұмтылу; біз кез-келген істен немесе 
ұмтылыстан еркін сəтімізді босшылдық пен қанағаттанбаудың азапты-
қамыққан қалпы ретінде сезінеміз. Біз өмірдің өзі үшін өмір сүре алмаймыз; біз 


184 
əрқашан – өзіміз қаласақ та, қаламасақ та – бірдеңе үшін өмір сүреміз. Бірақ 
көптеген жағдайларда бұл «бірдеңе» біз ұмтылған мақсат болғанымен, өзінің 
мазмұны бойынша, бірінші кезекте, құрал жəне сонда өмірді сақтауға арналған 
құрал. Осыдан келіп бізге өмірдің мағынасыздығынтым қатты сездіріп, оны 
мағынамен толдырудың уайымын тудыратын азапты, дуаланған шарасыз 
шеңбер пайда болады: біз бірдеңеге еңбектену үшін, бірдеңеге ұмтылу үшін 
өмір сүреміз, ал өмір сүру үшін еңбектенеміз, уайымдаймыз, ұмтыламыз. 
Тиіннің шеңберінде осы айналудан шаршаған біз «өмірдің мағынасын» іздейміз 
– біз тек өмірді жай ғана сақтауға бағытталмаған ұмтылыстар мен істерді, 
өмірді сақтауға мақсатындағы ауыр еңбекке ысырап болмайтын өмірді іздейміз. 
Сонымен біз қойылған сұраққа қайтып ораламыз. Біздің өміріміз əлде-бір 
парасатты мақсатқа қызмет еткенде саналы ойластырылады, ал бұл мақсаттың 
мазмұны жай ғана осы эмпирикалық өмірдің өзі бола алмайды. Бірақ оның 
мазмұны неде жəне ең алдымен қандай жағдайларда біз соңғы мақсаттарды 
парасатты деп тани аламыз?
Егер оның парасаттылығы ол басқа бірдеңеге арналған құрал емес 
екендігінде болса, керісінше жағдайда ол нағыз, соңғы мақсат болмас еді, – 
онда ол бұл мақсаттың ол туралы «Не үшін?» деген сұрақты қоюдың өзі 
мағынасыз болатын өзіне өзі толымды сөзсіз құндылығында. Біздің өміріміз 
мағыналы болу үшін ол «өмірдің өзі үшін өмір» жақтастарының сендірулеріне 
қарамастан жəне біздің жанымыздың айқын талабына сай жоғарғы абсолютті 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   130




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет