237
табылады жəне мемлекеттердің ішкі құқығының да, халақаралық құқықтың да
бірде бір əрекет күшіндегі нормасы осы императивті қағидаға қайшы келе
алмайды.
Бұл қағиданың нормативті мазмұны 1975 жылғы Евуропадағы қауіпсіздік
пен ынтымақтастық Мəжілісінің (ЕҚЫМ/СБСЕ) Хельсинкілік Қорытынды
актісінің құрамдас бөлігі болып табылатын "Қатысушы-мемлекеттерді" өзара
қарым-қатынастарында басшылыққа алатын қағидалар Декларациясында
ашылған. Осы құжатқа сəйкес мемлекеттер адам құқықтарының барлық кешені
адам баласына тəн қадір-қасиеттен туындайды жəне оның еркін де
толық
дамуы үшін маңызды болып табылады деп таныды. Сонымен қатар, қатысушы-
мемлекеттер барлық елдер арасындағы достық қарым-қатынастар мен
ынтымақтастықтың дамуын қамтамасыз ету үшін қажетті бейбітшіліктің,
əділдік пен тыныштықтың маңызды факторы
болып табылатын адам
құқықтары мен негізгі бостандықтарын құрметтеудің жалпылай маңызын
таныды. Осының негізінде, мемлекеттер адам құқықтарын құрметтеуге,
олардың тиімді жүзеге асуын мадақтауға жəне дамытуға, осыған көмектесуге,
сондай-ақ осы салада БҰҰ Жарғысы мен Адам құқықтарының жалпылай
Декларациясының мақсаттары мен қағидаларына сəйкес əрекет етуге, осы
саладағы халықаралық келісімдер бойынша өздерінің міндеттерін орындауға
міндеттемелер алды жəне адамдардың өз құқықтары мен міндеттерін білу жəне
соларға сəйкес əрекет ету құқын растады.
Адам құқықтарын құрметтеу қағидасының құрамында өзінің ар-ожданына
сəйкес дінге сенуіне тұлғаның еркіндігін құрметтеу жəне тану қажеттілігі
жөніндегі, сондай-ақ ұлттық азшылықтарға жататын тұлғалардың құқықтарын
сыйлау жəне оларға адам құқықтары мен бостандықтарын іс жүзінде толық
қолдану мүмкіндігін беру жөніндегі ережелер бөлек белгіленген.
Сонымен, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті, сондай-ақ
мемлекеттер мен мемлекетаралық қатынастардың тұрақтылығы мен
тыныштығы адам құқықтарын жəне негізгі бостандықтарын құрметтеу мен
тікелей баланыстырылды.
Осы байланыс БҰҰ қабылданатын əртүрлі құжаттарда əрдайым расталып
отырады. Мысалы, 16 желтоқсан 1970 жылғы халықаралық қауіпсіздікті
нығайту жөніндегі БҰҰ Декларациясында "адам құқықтары мен негізгі
бостандықтарын жалпылай құрметтеу жəне толық жүзеге асыру жəне осы
құқықтарды бұзушылықты жоқ қылу халықаралық қауіпсіздікті нығайтудың
қажетті де кейінге қалдырылмас шарты болып табылады"
деп тағы да
белгіленді жəне осыған байланысты "езушілікті", зұлымдық пен
кемсітушіліктің барлық нысандары, əсіресе жасалған жеріне қарамастан
нəсілшілдік пен нəсілдік кемсіту сөгіске алынды (22 тармақ). Бұл халықаралық
қатынастардың қалпы мен дамуына үлкен ықпалын жасаған маңызды жайт.
Адам құқықтарын қорғау қазіргі əлемдегі халықаралық саясаттың негіз
қалаушы қырларының біріне айналды.
Адамзаттың прогрессивті күштерінің адам құқықтары үшін күресі өзінің
логикалық көрінісін БҰҰ Бас Ассамблеясымен 10 желтоқсан 1948 жылы
қабылданған "Адам құқықтарының жалпылай Декларациясынан" тапты. Бұл
238
адамзат тарихындағы адам құқықтары мен негізгі бостандықтарының тізімін
бекіткен алғашқы халықаралық құжат. Бұл актінің қабылдану себептерінің бірі
– БҰҰ Жарғысы нəсілі, жынысы, тілі мен дініне қарамастан барлығы үшін
адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын жан-жақты мадақтау жəне
құрметтеу ісіне мемлекеттердің міндеттерін бекіте отырып, бұл құқықтардың
тізімін белгілемеуінде.
Соңғы
екі-үш
онжылдықтың
ішінде
адам
құқықтары
мен
бостандықтарының мəселесі бір қатар себептерге байланысты саяси күрестің
орталығына айналды. Бұл сауал бойынша
халықаралық қауымдастық
айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Осыған қарамастан, əлде де көп елдер
адам құқықтары мен бостандықтарын жалпы адамзат құндылықтары ретінде
танудан алшақтау. Мəселен, Венада 1993 жылы өткен адам құқықтары
жөніндегі Конференцияда тек бірнеше азиялық мемлекет қана, оның ішінде
Жапония мен Оңтүстік Корея, адам құқықтарын əмбебап құндылық ретінде
қарастыруға шақыратын резолюцияны қолдады.
Бұл ең алдымен Азия елдерінің адам құқықтарына бірегей көзқарасының
болмауына байланысты. Олардың көпшілігі адамның жеке құқықтары
категориясын өз өркениеттері үшін
бөтен деп санайды, өйткені көптеген
шығыс қоғамдарында адамның жеке құқықтары емес ұжымдық
құрылымдардың (отбасы, ру, тайпа жəне т.б.) құқықтары бірінші орынға
қойылады. Ал, Иран сияқты мемлекет Вена конференциясында адам құқықтары
жəне оларды бекіткен халықаралық құжаттар иудалық-христиан өркениеті
құндылықтарының көрінісі болғандықтан бұл елдің мұсылман қайымымен
қабылдана алмайды деп ашық жариялады. Демек, мəдени релятивизм бұл
саладағы ең ауыр мəселелерінің бірі.
Адам құқықтарының толық жүзеге асыру үшін дамышы елдердің сыртқы
қарыздары, шектен асқан қайыршылық мəселелерін, нəсілшілдік пен нəсілдік
кемсітудің, ксенофобия мен осыларға байланысты төзімсіздіктің əртүрлі
нысандарының болу мəселелерін шешудің маңызы зор.
Адам құқықтарының барлық кешенін іс жүзінде жүзеге асыру жан-жақты
да кешенді іс болып табылады жəне оның шешілу деңгейі жеке елдердің де,
барлық адамзат өркениетінің де даму деңгейін, өрлеуі мен адамгершілігін
сипаттайды. ХХІ ғасыр табалдырығында адам құқықтарын сақтау жəне
құрметтеу ішкі жəне халықаралық саясаттың адамгершілік өлшемінің маңызды
белгісіне айналуда. Адам құқықтарын құрметтеу арқылы жекелеген
мемлекеттер мен жалпы əлемде тұлғаның жоғарғы құндылығы орнығады.
Жеке елдердің шеңберінде адам құқықтарын сақтау бекем дамудың
қажетті шарты болып табыларды, халықтарды əртүрлі тоталитарлық жəне өзге
де сынақтардан, агрессивті ішкі жəне сыртқы саясаттан сақтайды.
Дүниежүзілік деңгейде адам құқықтарын сақтау жəне құрметтеу
халықаралық қатынастарды шынайы адамгершілік қағидалар негізінде құрудың
бейбітшілікті сақтау мен нығайтудың кепілі.
Тұлға құқықтарын құрметтеу халықтар арасындағы сенімділікті нығайтуға
көмектеседі, адамдар арасындағы жан-жақты байланыстар мен ынтымақтастық