251
Эстетикалық құндылықтардың категориялдық талдауын эстетикалықтың
мазмұнының өзінен бастаған дұрыс. Эстетикалықтың аксиолологиялық
түсіндірілуі эстетикалық құндылықтардың нақты формаларын қарастырудың
бастапқы позициясы ретінде қызмет атқарады. Эстетикалық – бұл əсемдікке,
тұрпайылыққа, асқақтыққа, таяздыққа, трагедиялыққа, комедиялыққа жəне өзге
де өнер мен өмірдің сипаттамаларына тəн жалпылықты бйнелейтін эстетиканың
ең кең жəне фундаменталды категориясы.
Эстетикалықтың ең жоғарғы көрінісі өнердің кейпіне енетін əсемдік болып
табылады. Демек, əсемдік – бұл “адам” туралы ұғымдардың бірі,
өмірдің
барлық күрделілігі мен тереңдігін қамтитын оның анықтамаларының бірі. Тек
нақты өмірді ғана емес, əсіресе тарихтың өтпелі кезеңдерінде өзі тудырған
өмірлік əлемнің шеңберінен тысқа шығып, адамзатты прагматикалық немесе
утилитарлық өлшемдерге сыймайтын өзге бағамен бағалайтын рухани өмірді де
қамтиды. Әсемдік эстетикалық құндылық ретінде адамзат мəдениетінің
тарихында, ең алдымен антикалық философияда
терең теориялық тұрғыда
талданған еді.
Софистердің бізге дейін жеткен шығармаларының көпшілігі эстетикалық
мəселелерге арналған. Мысалы, “ Dіalexeіs“ деп аталатын трактатты алуға
болады. Бұл шығарманың алты тарауының екіншісі “сұлулық пен тұрпайылық”
мəселесіне арналған: “Әсемдік пен тұрпайылық туралы екі жақты пікірлер
айтылады. Біреулер оны өз атаулары көрсетіп тұрғандай əсемдік басқа,
тұрпайылық басқа деп тұжырымдайды; келесілері əсемдік те, тұрпайылық та
бір деп есептейді. Мен болсам былайша пайымдаймын. Әшекейлермен безену,
иіссуларды жағу, алтын заттарды тағу еркек үшін – тұрпайы, ал əйел үшін -
əсем. Достарыңа жақсылық жасау – əсем, ал жауларына – тұрпайы.
Дұшпаныңнан қашу тұрпайы да, ал алаңда жүгіру – əсем. Достарың мен
азаматтарды өлтіру – тұрпайы, ал дұшпандарды өлтіру – əдемі. Жəне барлығы
да осылай. Менің ойымша, егер біреу адамдарға барлық тұрпайы нəрселерді
бір жерге жинауға бұйрық беріп (əркімнің өз қалауы бойынша) жəне осы
үйіндіден əркім өзінше əсем деп есептейтін нəрселеріңді алыңдар деп бұйырса,
онда адамдар бұл дүниеден түк қалдырмай талап əкетер еді, өйткені адамдар
əртүрлі ойлайды
Достарыңызбен бөлісу: