Мәдениеттің мақсаты негізінен адамзаттың әр ұрпағының келесі ұрпаққа өлмес те, өшпес мұра қалдыру, олай болса, аталған Батыс п



Pdf көрінісі
бет68/130
Дата17.09.2024
өлшемі3.17 Mb.
#503684
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   130
Философия Оқулық (3)

тыныштығы ретіндегі,өзіндегі толымдылық қанағаттануын өзі білетін жəне өзі 
толғанатын өмір. Өмірдің өзі мақсат жəне өзінен тыс оның мақсаты жоқ деген 
жақсы түсінілмеген жəне сондықтан бұрмаланған тұжырымда жасырынған 
ақиқат нышаны осы. Біздің қысқа да үзік-үзік, шарасыз ауырлықтары мен 
мұқтаждықтары бар, өзіне өзінен тыс бірдеңеге ұтылу тəн біздің эмпирикалық 


186 
өміріміз, өзіндік мақсат емес жəне бола алмайды; керісінше өмірге мағыналық 
берудің бірінші шарты, оның соңынан мағынасыз қудалай беруді, оны оның өзі 
үшін мағынасыз ысыраптауды тоқтату, сөйтіп оны жоғарғы, ақталуы өз өзінде 
болатын бірдеңеге арнау. Бірақ бұл жоғарғының өзі өмір болуы – біздің 
өміріміз соған келіп құятын, толықтай соған сіңіп кететін өмір болуы керек. 
Игіліктегі өмір немесе игілікті өмір немесе игілік өмір ретінде – міне, біздің 
ұмтылыстарымыздың мақсаты осы. Кез-келген парасатты өмірлік мақсаттың 
қарама-қарсылығы өлім, бейболмыс болып табылады. Ізделген игілік тек 
«мұрат», жеміссіз жəне нақты болмайтын бірдеңе ғана бола алмайды, ол 
сонымен қатар біздің өмірімізді орап алатын жəне оның соңғы, терең мəнін 
білдіретіндіктен ол өмірге соңғы қанағаттануды беретін жанды болмыс болуы 
керек. 
Мұндай игіліктің нақты мысалын – мысалдан да жоғарысын – біз 
махаббаттан көреміз. Біз нағыз махаббатпен сүйгенде, біз одан нені іздейміз 
жəне бізді онда не қанағаттандырады? Біз жеке қуаныштардың дəмін татқымыз 
келеме, сүйікті жанымызды жəне оған деген қатынасымызды өзіміздің 
субъективті лəззаттануымыздың құралы ретінде пайдаланғымыз келеме? Бұл 
нағыз махаббат емес, нəпсі құмарлық болар еді жəне мұндай қатынас ең 
алдымен жани бостықпен, қанағаттанбаудың суығымен жəне уайымымен 
жазалатын еді. Біз өз өмірімізді сүйікті жанымызға қызмет етуге арнағымыз 
келеме? Әрине келеді, бірақ бұл қызмет ету біздің өз өмірімізді 
үмітсіздендіретіндей немесе қажытатындай болмаса екен дейміз; біз сүйікті 
жанымыз үшін қызмет етуге, құрбандыққа шалуға, тіпті опат болуға дайынбыз, 
өйткені бұл қызмет ету, құрбандыққа шалу, опат болу біз үшін тек қуанышты 
ғана емес, сонымен қатар біздің өмірімізге толымдылық пен қанағаттану 
тыныштығын сыйлайды. Махаббат суық жəне бос эгоистік лəззатты аңсау 
емес, бірақ махаббат құлдық қызметте, өзіңді басқа үшін жойып жіберуде емес. 
Махаббат біздің өз басымыздың жеке қамын ойлауды жеңуіміз, дəл сол бізге 
нағыз өмірдің шапағатты толымдылығын сыйлайды жəне сол арқылы біздің 
өмірімізге мағыналық береді. 
Алайда махаббат өз өздігінен адамның жердегі өміріне өмірдің соңғы 
мағыналылығын бермейді. Егер сүюші мен сүйікті жан уақыт ағымына, өмірдің 
мағынасыз иіріміне батып, уақытта шектелсе, онда мұндай махаббатта 
уақытша бəрін ұмытуға болады, нағыз өмір мен оның мағынасы туралы 
дəмеленудің сағымды сəулесіне алдануға да болады, бірақ өмірге соңғы 
мағыналық беретін қанағаттануға жете алмаймыз. Біздің өмірімізді 
толықтыратын жоғары, абсолютті игіліктің өзі де мәңгілік болуы тиіс. Өйткені 
оны адами немесе əлемдік өмірдің əлде-бір өткінші қалпы ретінде ойлап 
қарасақ, оның өзіндік мағынасы туралы сұрақ туындайды. Барлық өткінші, 
басталуы мен соңы бардың бəрі өзіндік мақсат бола алмайды, өзіне өзі толымды 
бір нəрсе ретінде ойлана да алмайды: өйткені басқа бір нəрсе үшін керек – оның 
құрал ретінде ғана мағынасы бар немесе ол мағынасыз. 
Соңғы жетістіктің тыныштығы мен өзіндік бекемдігі тек абсолютті 
игілікпен жəне жетілген өмірмен біздің толық жəне кемелденген бірлігімізде 
ғана мүмкін, ал бұл бірлік біздің осы кемелдікпен тек жылынып, байыған 


187 
жерімізде емес, онымен нұрланған жерде ғана болады. Бұл игілік тек объективті 
түрдегі ақиқат емес жəне мен оны ақиқат ретінде қабылдағандай да емес 
(өйткені соңғы жағдайда оған күмəн келтіріп, оны ұмыту мүмкіндігі де жоққа 
шығарылмайды), оның өзі Ақиқат болуға, мені нұрландырушы білім жарығы 
болуға тиісті. Біз «өмір мағынасы» деп атағанымыздың барлық мағынасы, 
біздің үміт артқанымыз мақсатқа сайлық жəне абсолютті құндылық мəніндегі 
«парасаттылықпен» мүлдем тауысылмайды; ол сонымен қатар «танылған 
мағына» немесе терең түсінілген, бізді нұрландыратын білім жарығы ретіндегі 
парасаттылықты да қамтиды. Мағынасыздық – қараңғылық пен соқырлық; 
«мағына» – жарық пен айқындылық; саналы түсінілгендік – барлықты айқын, 
беймарал нұрландыратын жарықтың өмірдің жан-жақты қамтуы. Игілік, 
кемелденген өмір, қанағаттанудың толықтылығы мен беймаралдығы жəне 
ақиқат нұры осының бәрі бірдей, «өмірдің мағынасы» сонда. Біз одан абсолютті 
берік негізді, нағыз рухани азықты жəне өз өміріміздің нұрлануы мен 
жадырауын іздейміз. «Өмір мəні» қанағаттанудың толықтылығы мен жарқырап 
жадыраудың кемелділігінің ажырамас бірлігінде, өмір мен Ақиқаттың 
бірлігінде. 
Сонымен, өмір еркін жəне саналы түрде, адам өмірінің мəңгілік негізі 
жəне нағыз аяқталуы, сонымен қатар абсоютті ақиқат, адам өмірін қамтыған 
парасат нұры ретіндегі абсолютті жəне жоғары игілікке қызмет етуінің 
арқасында мағыналы өмірге айналады. Біздің өміріміз мақсатқа апаратын 
парасатты жол немесе парасатты жоғарғы мақсаттың жолы болғандықтан 
мағынаға ие болады, басқаша жағдайда ол мағынасыз адасу. Бірақ біздің 
өміріміз үшін мұндай ақиқат жол тек өмір мен Ақиқаттың өзі ғана бола алады. 
«Бұл жол, ақиқат пен өмір». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   130




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет