«Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы «Жұқпалы аурулар» пәні бойынша 3 курс студенттеріне арналған емтихан тест сұрақтары (540)
~ Эпидемиология, жалпы медициналық ғылым ретінде … зерттейді.
| халық арасында аурушаңдық заңдылықтарын+
| эпизоотикалық құбылыс заңдылықтарын
| микробтардың қоршаған ортада көбеюін
| емдік шаралардың ұйымдастырылуын
| инфекциялық құбылыстың заңдылықтарын
~ Инфекция көзінің берілуінің жолын тежейтін іс-шара:
| дезинфекциялық+
| емдік-диагностикалық
| санитарлық-ветеринарлық
| вакцинопрофилактика
| шұғыл алдын-алу іс-шаралары
~ Дәрігер-эпидемиолог атқаратын іс-шара:
| ошақтың эпидемиологиялық зерттеуі+
| диспансерлік бақылау
| ошақтағы дезинфекция шаралары
| науқастарды емдеу
| науқасты госпитализациялау
~ Эпидемиологиялық ошақтың бақылауы ... басталады.
| науқасты оқшаулап, қорытынды дезинфекцияны жүргізгеннен кейін+
| аурудың бірінші күнінен
| диагноздың лабораториялық жолмен расталуынан
| науқаспен қатынаста болған адамдарға шұғыл профилактикалық
көмек көрсетілгеннен кейін
| инкубациялық кезеңнін минимальды уақыты өткеннен кейін
~ Эпидемиологиялық ошақ қауіпсіз деп ... саналады.
| күдікті науқасты инфекциялық стационарға жатқызғаннан кейін
инкубациялық кезеңнің минимальды уақыты өткеннен кейін+
| клиникалық көріністердің саябырсуынан
| ошақта қорытынды дезинфекция өткізілгеннен кейін
| инфекция көзі зарарсыздалғаннан кейін
| арнайы алдын-алу шаралары өткізілгеннен кейін
~ Инфекция көзіне қарсы бағытталған іс-шаралар:
| науқасты стационарға орналастыру+
| бактериофаг қолдану
| дезинсекция
| вакцинация
| ағымдағы дезинфекция
~ Жасанды пассивті иммунитет қалыптастыру жолы:
| гиппериммунды сарысу ендіру+
| интерферон ендіру
| иммуномодулятор ендіру
| планцентарлы қаннан антиденелер түзу
| вакцинация ендіру
~ Жойқын жою дезинсекциясының химиялық әдістеріне ... жатады.
| дифлофосты шашу+
| хемозалалсыздандырғыштар
| киімдерді ыстық суда қайнату
| табиғи күресу жолдары
| жапсырмалы қағазды пайдалану
~ Дератизация- ... күресу жолы болып табылады.
| кеміргіштермен+
| жәндіктермен
| микробтармен
| буынаяқтылармен
| қарапайымдылармен
~ Көп жылдық аурушаңдықтың эпидемиялық динамикасының көрсеткіші аурушаңдықтың ... айқындайды.
| өсуі мен төмендеуін+
| деңгейiнің кездейсоқ тербелiстерiн
| деңгейiнің маусымдық ауытқуларын
| жас шамасына байланысты тербелiстерді
| клиникалық формалардың манифестігін
~ Ауа-тамшылы инфекциямен сырқаттанған балаларды ... бөлімшелерге жатқызады.
| бокстық+
| ішектік
| гепатиттік
| хирургиялық
| ішек-құрт
~ Егер әрбiр бөлiмше шеттетiлген ғимаратта жайласса жұқпалы аурулар ауруханасының жобалауының қағидасы:
| павильон жүйесi+
| блоктық жүйе
| корпусты жүйе
| көп қабатты ғимарат
| бір қабатты ғимарат
~ Антропоноздарда инфекцияның көзi:
| зарардалған адам ағзасы+
| сыртқы ортаның инфекция объекттерi
| қансорғыш буын аяқтылары
| зараданған азық-түлiк өнiмдерi
| кемiргiштер
~ Аурудың инкубациялық кезеңi:
| қоздырғыштың адам ағзасына ену мезетінен алғашқы клиникалық
көріністері мерзіміне дейiнгі уақыт+
| бiрiншi клиникалық ауру белгiлерiнiң мерзiмi
| клиникалық симптомдарының өсу мерзiмі
| аурудың клиникалық көріністерінің сөну мерзiмі
| клиникалық жазылу мерзiмі
~ Вакцинаны сақтау температурасы:
| +4+8 градус+
| +12 градустан төмен емес
| 0 градустан төмен
| +16 градустан жоғары
| + 2 градус шамасында
~ Аса қауіпті инфекция көзі ... болып табылады.
| бактериотасымалдаушы+
| инкубациялық кезеңдегі науқас
| аурудың өршу сатысындағы науқас
| реконвалесцент
| продромальді кезеңдегі науқас
~ Адам биологиялық тұйық болып табылатын аурулар:
| зооноздар+
| ішек инфекциялары
| тыныс алу жүйесіндегі инфекциялар
| сыртқы қабат инфекциялары
| трансмиссивті инфекциялар
~ Бу әдісімен стерилизацияланған құралдардың сақталу мерзімі:
| 3 тәулік+
| 24 сағат
| 7 күн
| 14 күн
| 5 тәулік
~ Патогенді микроағзаларды қоршаған ортада жою - ... .
| дезинфекция+
| дезинсекция
| дератизация
| пастеризация
| антисептика
~ Қанды бактериологиялық әдіспен зерттеуге ... алады.
| шеткі және орталық күре тамырларынан+
| жұлын өзегiнен
| сол қолдың орташа бақайшық саусағынан
| кубитальді күре тамырдан немесе келген саусақтан
| күре тамырдан
~ Іш сүзегінде Падалка симптомы:
| илеоцекальды аймақтағы перкуторлық дыбыстың қысқаруы+
| оң қабырға астында ауырсынудың байқалуы
| оң қабырғалық доғаны соққылағанда ауырсыну белгісі
| ішек перистальтикасының болмауы
| ішек өтімсіздігінің болуы
~ Іш сүзегін анықтауда қолданылатын зертханалық әдіс:
| бактериологиялық, серологиялық+
| вирусологиялық
| иммунологиялық
| биологиялық
| бактериоскопиялық
~ Іш сүзегінің емі әрі алдын-алу шараларында ... қолданылады.
| бактериофаг+
| гаммаглобуллин
| сарысу
| вакцина
| дәрумендер
~ Іш сүзегінде инкубациялық кезеңнің ұзақтығы:
| 7-50 күн+
| 6 аптадан 6 айға дейін
| 3 күннен 7 күнге дейін
| 7 күннен 17 күнге дейін
| 8 күннен 10 күнге дейін
~ Іш сүзегінде және парасүзектерде атқарылатын іс-шаралар:
| санитарлы-гигиеналық+
| науқастарды оқшаулау
| зооветеринарлық
| халықты иммунизациялау
| дератизация
~ Спецификалық асқынулар (ішектік қан кетулер, жараның перфорациясы, инфекциялық-токсикалық шок) ... кездеседі.
| іш сүзегінде+
| кенелік бөртпе сүзегінде
| дизентерияда
| тырысқақта
| сальмонеллезде
~ Тілдің жуандап тістің ізі болуы, емізіктердің гипертрофиясы ... белгісі болып табылады.
| іш сүзегінің+
| құтырудың
| геморрагиялық қызбалардың
| Ку қызбасы
| сіреспенің
~ Іш сүзегі ... беріледі.
| ауыз-нәжіс механизіммен+
| ауа-тамшылы механизіммен
| трансмиссивті механизіммен
| парентеральді механизіммен
| жыныстық жолмен
~ Іш сүзегінде бөртпе ... .
| розеолезді+
| папулезді
| уртикарлы
| геморрагиялық
| петехиальды
~ Іш сүзегінің бактерияларын анықтауда ... қолданылады.
| қан, зәр, нәжіс, жұмыр ішек бөліндісі+
| қан
| жұтқыншақ бөліндісі
| жұлын сұйықтығы
| биоптат
~ Дизентерияда бірінші мезетте … жүйесі зақымдалады.
| асқорыту мен жүйке+
| жүрек қан тамыр
| тыныс алу
| қан түзілу
| зәр бөліну
~ Тік ішек түкірігі сипаттас нәжіс ... болады.
| дизентерияда+
| іш сүзегінде
| ботулизмде
| тағамдық уытты улануларында
| энтеритте
~ Ошақтағы қатынастағылар бактериологиялық әдіспен 3 рет, серологиялық әдіспен бір рет ... дизентериясында зерттеледі.
| Григорьев-Шига+
| Флекснер
| Бойда
| Зонне
| Лардж-Сакс
~ Дизентерия ... көрінісімен өтеді.
| интоксикация және тоқ ішектің дистальді бөлімінің зақымдалу+
| интоксикация және жүрек-қан тамыр жүйесінің зақымдалу
| гастрит пен тоқ ішектің лимфа жүйесінің зақымдалу
| интоксикация және асқазан ішек трактісінің жоғарғы бөлігінің
зақымдалу
| интоксикация және гастрит
~... шигелласы нейротоксин бөледі.
| Григорьев-Шига+
| Зонне
| Флекснер
| Бойда
| Лардж-Сакс
~ Адам ағзасында енгенде шигеллалар ... зақымдайды.
| ішектің эпителиальды шырышты қабатын+
| асқазан ішек трактісінің жүйке-тамыр жүйесін
| бауыр гепатоциттерин
| тоқ ішектің шырышты қабатын
| эндотелиальды тамырларды
~ Жіті дизентерияда тенезмдердің пайда болуы ... байланысты.
| тік және сигмоидты ішектің бұлшық етінің жиырылуымен+
| ішек парезімен
| аш ішектің перстальтикасының бұзылуымен
| ішек дисбактериозымен
| ішектің қабынуымен
~ Жіті дизентерияның негізгі синдромы:
| колит+
| жалпы интоксикация
| гастрит
| энтерит
| астеновегетативті
~ Дизентерияда нәжіс сипаты:
| "ректальді түкірік"+
| "күріш қайнатпасы"
| "таңқурай желесі"
| "батпақ мүгі"
| "асбұршақ қайнатпасы"
~ Шигелла Зонне шақыратын, дизентерияның берiлу факторы болатын азық-түлiк өнiмдерi:
| қаймақ және басқада сүт өнімдері+
| шұжық
| көкөнiс және жемiстер
| сусындар
| нан өнімдері
~ Ішектік амебиазда іштің ауырсынуы ... орналасады.
| оң мықын аймағында+
| эпигастральді аймақта
| кiндiк айналасында
| сол мықын аймағында
| аяның үстiнде
~ Ішектік амебиаздың зертханалық диагностикасы:
| нәжіс микроскопиясы+
| өттің микроскопиясы
| зәрдің бактериологиялық зерттелуі
| өттің бактериологиялық зертелуі
| нәжістің бактериологиялық зерттелуі
~ Ішектік амебиаздың диагностикасында маңызды болып нәжісте ... табылуы.
| амебалардың тіндік түрі+
| прецисті түрлердің
| шырышты микроағзалардың
| цисталардың
| жұмыртқалардың
~ Амебалардың анықталуының негізгі әдісі:
| микроскопиялық – Люголь және гемотоксилин ерітіндісімен
боялған жағындылар+
| вирусологиялық
| бактериологиялық
| иммунологиялық
| микроскопиялық-метилен көкпен боялған жағындылар
~ Амебиазда ішекте ... өзгерістері болады.
| тоқ iшектiң шырышты қабатының жара басып кетуi+
| шырышты қабаттың жалпы некроз
| сүлемейлi қабаттың диффузды қабынуы
| шырышты қабаттың полипозды жайылып өсулерi
| өзгерiстер шырышта пайда болмайды
~ Амебиаздың патогенезiнiң негiзгi буыны:
| тоқ iшекте амебалардың түзілуі, гематогенді диссеминация+
| шырыштың цитолизі және жаралардың пайда болуы
| диффуздық қабыну
| шырыштыға полипоздардың жайылып өсуі
| шырыштыда өзгерiстердің болмауы
~ Ішектік амебиаздың емінде ... қолданылмайды.
| хинин+
| энтамизол
| фазижин
| эметин
| метронидазол
~ Ішектік амебиаздың берілу жолына жатпайды:
| масалар+
| шыбындар
| су
| азық-түліктер
| тұрмыстық бұйымдар
~ Амебты бауыр абсцесінде ... асқыну ретінде кездеспейді.
| жіті бауыр жетіспеушілігі+
| абсцестің ішек қуысына жарылуы
| абсцестің плевра қуысына жарылуы
| тері арқылы абсцестің жарылуы
| миға метастаздау
~ Амебалардың орналасуы:
| сигмовидты және соқыр ішек+
| тік ішек
| кесе көлденең - тоқ iшек
| өспелi iшек
| өт жолдары
~ Лямблиозға тән белгі:
| диарея+
| жөтел
| лимфоаденопатия
| зәр түсінің өзгеруі
| бөртпе
~ Ішек амебиазын, балантидиазды, лямблиозды емдеуде қолданылатын әмбебап дәрілік препарат:
| метронидазол (трихопол)+
| ятрен (хиниофон)
| делагил (хлорохин)
| эритромицин
| интерферон
~ Лямблиозда жиі кездесетін асқынулар:
| дисбактериоз+
| отит
| ДВС синдром
| пневмония
| ішек перфорациясы
~ Балантидиазға тән емес:
| парентеральды жұғу жолы+
| доңыз балантидиаздың табиғи тасымалдаушысы болып табылады
| қоздырғыш қарапайымдылар класына жатады
| қоздырғыш адам ағзасында ұзақ уақыт өмір сүре алады
| доңыздармен жиі қатынаста болған адамдар зарарсыданады.
~ Адам ағзасында балантийделер... паразиттік өмір сүреді.
| соқыр, сигма тәрізді және тік ішекте+
| 12 елі ішекте
| бауырда
| асқазанда
| өт жолдарында
~ Жіті балантидиаз клиникасына тән емес:
| жайылмалы лимфаденопатия+
| бастың ауруы
| диарея
| температура
| салмақ жоғалту
~ Жіті балантидиаздағы нәжістің сипатына тән емес:
| көп көлемде қорытылмаған ас қалдықтарының болуы+
| диаре, қан және шырыш аралас нәжіс
| нәжістің 20 ретке дейін болуы
| көп көлемді
| жағымсыз иісті, көкшіл
~ Жіті балантидиазда перефириялық қанда ... болмайды.
| тромбоцитоз+
| эозинофилия
| лейкоцитоз
| анемия
| ЭТЖ жоғарылауы
~ Балантидиазда ішектің жаралық бұзылыстарына ... тән емес.
| ішек қабырғаларында эозинофильді инфильтраттардың көптеп болуы+
| ректоромоноскопияда жаралық өзгерістердің анықталуы
| жараның қазылған шеттері болуы
| жараның түбінде некрозды өзгерістердің болуы
| жаралар көбіне соқыр ішекте кездесуі
~ Балантидиаз емінде ... қолданылмайды.
| фуразолидон+
| метронидазол
| эметин
| ампициллин
| мономицин
~ Балантидиазда инфекция көзі ... .
| доңыз+
| ірі қара мал
| адам
| кеміргіштер
| құстар
~ Балантидиаздың қоздырғышы:
| қарапайымдылар+
| бактериялар
| вирустар
| хламидиялар
| риккетсиялар
~ Балантидиаздың қоздырғыш көзі болып ... табылады.
| жануарлар+
| адам
| құстар
| кене
| жануарлар және адам
~ Балантиоздардың берілу жолдары:
| фекальді-оральді+
| аэрогенді
| трансмиссивный
| трансплацентарлы
| парентеральді
~ Балантиоздағы инкубациялық кезең:
| 1-3 апта+
| 1-2күн
| 1-2 ай
| 12-24 сағат
| 3-6 ай
~ Балантиоздағы жедел түрінің ұзақтығы:
| 2 ай+
| 1-2 апта
| 3-6 ай
| 1ай
| 6-12 ай
~ Балантиоздың жедел түрі симптомдармен сипатталады:
| колит+
| энтерит
| гастрит
| перитонит
| аппендицит
~ Балантиоздың диагнозы дәлелденеді:
| вегетативті түрі В coli+
| РНГА
| ИФА
| цисті түрі В coli
| бактериологиялық әдісі
~ Сальмонеллездің инкубациялық кезеңі ... құрайды.
| 12-24 сағат+
| 5-7 күн
| 1 сағат көлемінде
| 1 ай көлемінде
| 15-20 күн
~ Сальмонеллезде бактериологиялық зерттеуге ... алынады.
| қан, зәр, өт , бөлінділер, асқазан шайынды сулары+
| қан, нәжіс, құсық
| құсық, асқазан шайынды сулары, зәр, нәжіс.
| асқазан шайынды сулары, зәр, нәжіс
| қан, зәр, жұлын ми сұйықтығы
~ Сальмонеллездің ауыр түрінің емделуі:
| антибиотиктер, коллоидты және кристаллоидты ерітінділер,
полидәрумендер, сальмонеллезді бактериофаг+
| полиионды ерітінділер, гормондар
| иммуностимуляторлар
| стероидты емес анаболиктер,коллоидты ерітінділер
| симптоматикалық препараттар.
~ Сальмонеллездер өндіреді:
| экзо-, эндотоксин+
| экзотоксин
| эндотоксин
| эритрогенин
| цитотоксин
~ Сальмонеллезді сепсистің дамуына ... ықпал етеді.
| ремиттерлеуші сипатта, жүйелі құбылыстың, температуралық
қисықтың, қалтыраудың, қатты тершеңдіктің болмауы+
| ішектен қан кетудің,жалпы интоксикация симптомдарының,
гипертермияның болмауы
| айқын гектикалық температураның, интоксикацияның, ішек
дисфункциясының болмауы
| құрсақ қуысының тітіркенуі
| науқастың температура жоғарылауымен қоса жалпы әлсіздіктің
басым болуы
~ Сальмонеллез диагнозын қоюда ... серологиялық реакциясы қолданылады.
| РНГА+
| РА агглютинациясы
| Видаль
| РСК комплементтерінің байланысу
| ИФА реакциясы
~ Сальмоннелезді гастрит клиникасы ... айқындалады.
| жалпы интоксикация белгілері, эпигастрий аймағының ауырсынуы,
құсу, лоқсу+
| диарея
| интоксикация белгілері,лоқсу,құсу
| интоксикация және температураның жоғарылауы
| құсу және іш өту жиілігімен
~ Сальмонеллездің септикопиемиялық түрінің клиникалық көрінісі ... байланысты.
| метастатикалық іріңдік ошақтардың орналасуынан+
| науқастың преморбидты жағдайына
| науқастың иммундық жүйесіне
| интоксикация симптомдарының ауырлығына
| инкубациялық кезеңнің ұзақтығына
~ Сальмонеллездің жеңіл түрі ... емделеді.
| №4 емдәм, пероральді регидратация+
| №13 емдәм, антибиотиктер
| №5 емдәм, инфузионды терапия
| №8 емдәм, антибиотиктер
| №0 емдәм, регидратация
~ Жіті бактериобөлушілік деп, сальмонеллезді инфекция қоздырғыштары ... мезгіл ішінде анықталса.
| клиникалық сауығудан кейін 3 ай+
| клиникалық сауығудан кейін 6 ай
| клиникалық сауығыдан кейін 6 айдан астам
| клиникалық сауығу 1 жыл
| ем жүргіліп болганнан кейінгі
~ Эшерихиозда нәжіс сипаты ... .
| көп көлемді, сулы, сары түсті+
| «таңқурай желесі»
| «асбұршақ қайнатпасы»
| «құрбақа уылдырығы»
| «батпақ мүгі».
~ ДДҰ(1983) ұсынысымен эшерихии коли ... категориясына жіктеледі.
| 5+
| 3
| 4
| 6
| 7
~ Ерте жастағы балардың коли-инфекция кезінде эксикоз ... күнде дамиды.
| 3-4күнде+
| аурудың 1 күні
| аурудың 2 күні
| аурудың 5 күні
| 5 күннен кейін
~ Протейлі ішек инфекциясында нәжіс сипаты:
| сулы, көпіршікті, жағымсыз иісті+
| аз көлемде, қан аралас
| ботқа тәрізді, патологиялық қоспасыз
| сұйық, қорытылмаған, ақ түйіршіктерімен
| сулы, күріш қайнатпасына ұқсас
~ Ерте жастағы балалардың ең кең таралған инфекция жұғу жолы:
| қатынастық-тұрмыстық+
| сулы
| тағамдық
| транспланцентарлы
| ауа-тамшылы
~ Эширихиоз диагнозы ... байланысты қойылады.
| бактериологиялық растаумен+
| гастроэнтеритикалық синдромға
| эпидемиологиялық анамнезге
| температураның жоғарылауына,интоксикацияға
| капрологиялық зерттеуге
~ Эшерихиоздың эпидемиологиясына тән емес:
| адамнан адамға берілуі жиі-жиі кездеседі+
| тағамдық уытты инфекциялар
| жылы уақыт мезгілінде өте жиі кездеседі
| су арқылы берілу қауіпі бар
| инфекция көзі-науқас немесе сау тасымалдаушы
~ ... энтеропатогенді ішек таяқшалары төзімді болып келеді.
| Стрептомицинге+
| Ципрофлоксацинге
| Офлоксацинге
| Бисептолға
| Левомицетинге
~ Ерте жастағы баларда эшерихиозды міндетті түрде ... ажыратпалы диагнозын өткізу қажет.
| стафилококкты энтероколитпен+
| жіті аппендицитпен
| дизентериямен
| иерсиниозбен
| ЖРВИ-мен
~ Ішек таяқшаларының ... түрі тырысқақ тәрізді диареямен өтеді.
| энтеротоксигенді+
| энтероинвазивті
| энтеропатогенді
| энтерогеморрагиялық
| энтероадгезивті
~ Тағамдық уытты инфекцияда нәжіс сипаты:
| энтеритті+
| "ректальді түкірік"
| "таңқурай желесі"
| "күріш қайнатпасы"
| өзгеріссіз
~ Тағамдық уытты инфекция – ол жұқпалы ауру, ... симптомдарымен сипатталады.
| АІТ жоғарғы бөлігінің зақымдалуымен, су-тұз алмасуының бұзылысы+
| су-тұз алмасуының бұзылысы мен жалпы интоксикация
| гемодинамика бұзылысы
| АІТ төменгі бөлігінің бұзылыстары
| жүрек-қантамыр жүйесінің бұзылысы
~ Тағамдық уытты инфекцияларының асқынуы болып ... табылады.
| гиповолемиялық шок, жүрек шамасыздығы+
| анафилактикалық шок
| бүйрек –бауыр шамасыздығы
| тыныс шамасыздығы
| ішектен қан кету болып
~ Тағамдық уытты инфекцияның инкубациялық кезеңі:
| 2-6 сағаттан 24 сағатқа дейін+
| 24-48 сағат
| 1-5 тәулік
| 3 айға дейін
| 1-2 сағат
~ Тағамдық уытты инфекцияның патогенезі мен клиникалық көрінісі ... байланысты.
| қоздырғыштың түріне+
| науқастың иммундық жүйесіне
| қосымша ауруларға
| экзотоксиннің түрі мен мөлшеріне
| созылмалы ауруларға
~ ТТИ қоздырғышы ... ,термотұрақты энтеротоксин бөлуші.
| Staphylococus aureus+
| Сlostridium perfringens
| Bak cereus
| Vibrio cholerae
| Proteus vulgaris
~ Тағамдық уытты инфекцияда нәжіс сипаты:
| "ет жуындылары"+
| "ректальді түкірік"
| "таңқурай желесі"
| "күріш қайнатпасы"
| "асбұршақ суфлесі"
~ Тағамдық уытты инфекцияның патогенезінде басты рөлді ... ойнайды.
| энтеротоксин, цитотоксин+
| гемолизин, гиалуронидаза
| нейраминидаза
| дермонекротоксин
| амилаза
~ Тағамдық уытты инфекцияның қысқа мерзімде өтуіне ... байланысты.
| қоздырғыштың адам ағзасында қысқа мезгілде әсер етуіне+
| макроағзаның иммундық жүйесіне
| микроағзаның вирулентілігіне
| қоздырғыштың токсигенділігіне
| инкубация кезеңіне
~ Микроағзалармен зарарданған тағамды пайдаланып, гастроэнтеритпен және тұз-су алмасудың бұзылуына алып келіп соқтыратын ... .
| тағамды уытты инфекция+
| тағамдық интоксикация
| сіреспе
| гангрена
| ботулизм
~ Иерсиниозда бөртпе ... .
| симметриялы, нүктелі, майдадақты, кеудеде және қол аяғында+
| жазылмалы қол бетінде нүктелі
| кеудеде, полиморфты
| шаш арасында, полиморфты
| біртекті розеолезді
~ Иерсиниоздың ауырлық дәрежесі ... сипаталады.
| интоксикацияның айқындалуымен,ішкі ағзалардың зақымдалуымен+
| АІТ зақымдалуымен
| жүйке жүйесінің зақымдалуымен
| температуралық қисықтың өзгеруімен
| менингизм дәрежесімен
~ Иерсиниоздың жергілікті түрлері ... .
| гастроэнтероколит, гастроэнтерит, энтероколит, энтерит, мезаденит+
| энцефалит, менингит, миелит
| энцефаломиелит
| септическая, тифоподобная
| жайылмалы
~ Иерсиниозда гемаграммадағы өзгерістер:
| лейкоцитоз, нейтрофилез, ЭТЖ жоғарылауы, эозинофилия+
| ЭТЖ жоғарылауы, эозинофелия, лейкопения
| лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы, тромбоцитопения
| анемия, лейкопения
| тромбоцитопения, лейкоцитоз
~ Иерсиниозда бактериологиялық зерттеуге ... алынады.
| қан, нәжіс, жұлын-ми сұйықтығы+
| нәжіс, құсу массалары
| қан, зәр, сілекей
| өт бөліндісі
| зәр, құсу массалары
~ Иерсиниоз –жұқпалы ауру, ... зақымдалуымен сипатталады.
| АІТ және токсикалық-аллергиялық+
| жүйке жүйесі және АІТ
| жүйке жүйесі және жүрек қан-тамыр жүйесінің
| токсико-аллергиялық жүйенің
| жүрек-қан тамыр жүйесінің
~ Иерсиниозға ... тән емес.
| іштің пальпациясында ауырсынудың болуы+
| нүктелі және майдадақты бөртпенің болуы
| жұтқыншақтың гиперемиясы
| жақасты лимфатүйіндерінің ұлғайуы
| бауырдың ұлғайуы
~ Иерсиния интероколитика ... тұқымдастығына жатады.
| Enterobacteriaceae+
| Micrococcaceae
| Neisseriaceae
| Streptococcaceae
Достарыңызбен бөлісу: |