Емдеу бөлімшесінің санитарлық-эпидемиологиялық тәртібі.
Науқастардың гигиена ережелерін орындау және бөлімшесінің бөлмелерін санитарлық ұстауына байланысты. Науқас ауруханаға түсерде өзінің гигиеналық заттарымен палатаға жатуға рұқсат етіледі.
Қабылдау бөлімшесінде алғашқы санитарлық өңдеуді өткен педикулезі бар науқас ерекше бақылауға алынады және жеті күннен кейін паразиттерді толық жойғанша қайта өңдеуден өткізіледі.
Жаңа түскен науқасқа таза төсек салынады. Оған жеке күтім заттарды беріледі: су ішкізетін ыдыс, стакан, түкіргіш және зәр қабылдағыш, дәрет ыдысы.
Жағдайы нашар науқастардың іш киімі және төсек заттары кірленгеніне қарай, қалғандарында бір рет жеті-он күн ішінде ауыстырылады.
Кір төсек-орын, киімдер мақтадан жасалынған қаптарда жиналады. Олар сортталып және сұрыпталып, осы мақсатқа беріленген арнайы бөлмерге өткізіледі. Науқастарға шашщтараз қызметі аптасына екі рет көрсетіледі. Науқастар жалпы гигиеналық ережелерін сақтауы тиіс: таңертенңгі және кешкі дәрет, тамақ алдында қолдарын жуу. Бөтен төсектерде отыруға болмайды. Палатаның ауасын күніне 4 рет тазартады.
Науқас ауруханадан шығарылғаннан кейін жеке күтім заттарды және оның аурулық киімі мен аяқ киімі дезинфекцияланады (кестені қараңыз).
Бөлімше күніне екі рет дымқыл әдісімен дезинфекциялық ерітінділер (0,015% деохлор ерітіндісі) қолдауымен жинастырылады.
Жинастыру аспаптары (шелек, шүберек, щеткалар) таңбаланады және палатаға, процедуралық кабинетке, буфетке және тағы басқа бөлмелерге бөлек арналады. Қолданғаннан кейін дезинфекцияланады (кестені қара).
Барлық ауруханаларда инфекция жұқтырған науқастарды табу жөнінде іс-шаралар жүргізіледі. Осы мақсатпен барлық дене қызуының жоғарылау кезеңі 5 күнге созылатын безгекпен ауырғандардың қатаң есебі жүргізіледі. Жұқпалы ауруына күдікті болатын науқасты табу кезінде оны дереу түрде палатаға немесе изоляторға (қан тышқақ, вирусты гепатит) оңашалайды. Аурухана ішінде инфекция табылса, бөлімшенің барлық қызметкерлеріне кезексіз тексеріс жүргізеді.
Химиялық әдіспен залалсыздандыру дәрілер ішінде көбінесе хлор және оның жарықталған ерітнділері, 0,015, 0,06% деохлор ертінділері қолданылады.
Дезинфекцияның сапасын қараумен бақылау (бөлменің санитарлық жағдайы), химиялық әдіспен (дезинфекциялық ерітінділердің белсенділігін тексеру) және бактериологиялық жолмен (егу, жұғынды алу) жүргізіледі. Бөлімшенің аға мейірбикесі санитарлық-эпидемиологиялық ережелерін сақталу тәртібін бақылайды. Дезинфекцияның сапасы мен дұрыс өткізу жағынан бақылау СЭС (санитарлық-эпидемиологиялық станциясы) міндеттеріне кіреді.
Науқас түсер алдында палатадағы төсек, тумба, дәрет ыдысына арналған заттар дезинфекциялық ерітіндідегі дымқыл шуберек пен сүртіледі. Осыған орай, бөлімінің жұмыс бөлмесінде дезерітінді мен шүберегі бар таңбалы ыдыс болады. Ыдысты жабық ұстау қажет. Төсекке вегетативті қалыптағы кесте бойынша камералы дезинфекциядан өткен төсек жабдықтары төселеніп, төсек жабдықтарына таза төсек жамылғысы жабылады. Науқасқа жеке заттар (аурудың жағдайына байланысты) бөлінеді: стакан, су ішкізетін ыдыс, түкіргіш, дәрет ыдысы, зәр қабылдауыш, жылытқыш, т.б., содан соң, тиянақтап жуылады. Науқас жазылып шыққаннан кейін жеке қолданылынған заттар дезинфекцияланады.
Науқас ауруханаға түскен кезде өзімен гигиеналық заттарды алуына рұқсат беріледі. Битпен түскен аурулар қабылдау бөлмесінде алғашқы тазалаудан өтеді, ерекше қадағалауда болады және қажет болған жағдайда толық биттен арылу үшін қайта тазалаудан өтеді.
Рұқсатпен, әр ауру өз бөлімінде гигиеналық душ қабылдай алады (7-10 күнде 1 рет).
Дене және төсек жамылғыларын 7-10 күнде бір рет (душ қабылдағаннан кейін) және жамылғы кір болған жағдайда ауыстырылады.
Жамылғыларды ауыстыру мерзімі арнайы журналда тіркеліп отырады, оны бөлімнің шаруашылық бөлімінің медбикесі жүргізеді. Жамылғыларды іріктеу мен талқылауға арналған арнайы бөлме болу керек. Пайдаланған жмамылғыларды ауыстырылғаннан кейін палатадағы заттар дезерітіндіде дымқылданған шүберекпен сүртіледі.
Пайдаланған жамылғыларды іріктеу кезінде халат, медициналық қалпақ, маска, резинке қолғап, шәркей болу қажет. Жамылғыларды іріктеп болғаннан кейін бөлме дезерітіндімен жуылады, арнайы киім жууға жіберіледі, аяқ киім мен қолғап дезинфекцияланады. Бөлмелерді жинау үшін жеке белгі қойылған мүлік және шүберек бөлінеді, олар динаудан кейін дезинфекцияланады.
Науқастар күнде таңертен және кешке, ұйықтар алдында жуыну керек. Тамақ ішер алдында міндетті түрде қол жуу керек. Төсектен тұрмайтын науқастарды жуындыру керек. Төсектен тұрмайтын науқастар үшін жуыну төсектің жанында ұйымдастырылады. Бұған орай, бөлімде белгі соғылған ыдыстар (шәйнек, леген, су және ағызба суға арналған ыдыс пайдаланылғаннан кейін дезинфекцияланады) болуы керек.
Науқастарға палатадағы көрші төсекке отыруына тиым салынады, сонымен бірге келушілерге де науқастың төсегіне отыруға рұқсат бірілмейді. Бұл жағдайда палатада орындық болу керек. Ауруханалар үшін белгіленген түскі астан кейін демалыс және күн тәртібі барлық науқастар және аурухана жұмыскерлері үшін қатаң қадағалану керек.
Ауруханалардың бөлімдерінде пост тәртібі мен күн тәртібі қатаң сақталу керек, науқастар мен медицина қызметкелерінің дауыстап жинамау керек.
Науқастар басқа бөлімдерге баруға рұқсат етілмейді.
Шәркейлер және басқа да қолданыста болған аяқ киімдер науқас шыққаннан кейін дезинфекцияланады.
Қызмет көрсетушілер қолдарын тазалау осы нұсқаудың 2.14 тармағына сәйкес жүргізіледі.
Бөлімдерде тәртіп пен тазалық сақталынады. Тазалау күніне 2 рет ыстық сабынды-содалы ерітіндіні немесе ыстық синтетикалық жуу құралының ерітіндісінің ылғалды тәсілін пайдалана отырып жүргізеді. Дәретханалар, душ бөлмелері дезинфекция жабдықтарын пайдалана отырып жуылады. Дезинфекция ерітінділерін пайдалана отырып, аптасына 1 рет жалпы тазалау жүргізіледі. Бөлімнің тазалау мүліктеріне (шелек, шүберек) белгі қойылады және дәретхана, палата, ванна, дәліз, емдеу кабинеттерінде және т.б. бөлмелер үшін жеке пайдаланылады.
Белгі соғылған тазалау мүліктері қатан белгіленген орындарда сақталады және белгілі бір мақсатта ғана қолданылады. Тазалау мүлікктерді сақтайтын орын болмаған жағдайда дезинфекциялағаннан кейін жинайтын орын белгіленген жерге сақтауға болады. Осы мүліктерді басқа бөлмелерді және басқа да мақсаты істерге пайдалануға рұқсат етілмейді. Пайдаланғаннан кейін жинау мүліктері мен шүберекті дезинфекциялайды және тиісті жерде сақтайды.
Бөлімдегі персональдың медициналық бақылауы мен тексерісі медициналық бақылаудың қолданылыстағы нұсқауына сәйкес жүргізіледі.
Науқастардың арасында аурухана ішілік инфекциялық ауру пайда болған жағдайда барлық қызметшілерге кезектен тыс медициналық бақылау жүргізіледі.
Аурухана бөлімдерінде науқастардың инфекциялық ауруларына орай іс-шаралар жүргізіледі. Науқастардың қызуы көтерілген кезінде (37,5С және жоғары) 5 күн бойы тифопаратифоз, риккетсиоз және басқа да инфекцияларға орай бактериологиялық зерттеу жүргізу үшін қан алады. Соңғы 2 жылда тропиктен келген безгегі ұстаған науқастардың алғашқы анықтауларына қарамастан малярия зиянкестерінің нақтылығын білуде міндетті түрде қаны зерттеледі. Осындай қанды зерттеу:
-қызу жиі көтерілгенде ауырған кездегі бірінші 5 күн ішіндегі алынған анықтауларға қарамастан;
-қан құйғаннан кейін 3 ай бойы қызу көтерілгенде;
-соңғы 2 жылда анализде маляриямен ауырғандардың қандай ауру түрі болмасын қызуы көтерілгенде;
-белгісіз қан аздық, көк бауыр мен бауырдың өсуі кезінде жүргізіледі.
Науқастың жұқпалы ауру белгісі байқалғаннан, жұқпалылар ауруханасына (бөліміне) ауыстырғанға дейін, оны оңаша палатаға оқшаулау керек.
Жұқпалы аурумен қатысты науқастарды оңаша палатаға ауыстырады және аралық уақытына дейін оларға бақылау жасалынады, науқасты шығарар кезде жұқпалы аурумен қатысты болғаны туралы мекен-жайына орай СЭС хабарлайды. Босатылған палатаға кесте бойынша ЕПМ құралдары және күшімен соңғы дезинфекция жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |