Мәңгілік ел болашағы- білімді ұрпақ,саналы жастар! Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ- мәңгілік Қазақтың перзенті. Ендеше



Дата28.06.2016
өлшемі23.21 Kb.
#163830
Мәңгілік ел болашағы- білімді ұрпақ,саналы жастар!

...Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік

Болашағын баянды етуге арналады.

Ендігі ұрпақ- Мәңгілік Қазақтың перзенті. Ендеше,

Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы- Мәңгілік Ел!...

Н.Ә. Назарбаев

Мәңгілік Ел- ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман- әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді.

Ол арман- тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді.

Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол- Мәңгілік ел идеясы.

Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі- Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық.

Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру әлдеқайда қиын.

Бұл- әлем кеңістігіне ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан- жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай, жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама.[1,21]

Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана- Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда. Бұл үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек.

Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек.

« Қазақстан- 2050»- Мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. [1,22]

Елбасымыз өзінің 2014 жылғы жолдауында былай дейді: «Жастарымызға мынаны айтамын. Бұл стратегия сіздерге арналған.

Оны жүзеге асыратын да, жемісін көретін де сіздер. Өз жұмыс орындарыңызда отырып, осы жұмысқа әрқайсыңыз атсалысыңыздар. Немқұрайлық танытпаңыздар.

Елдің болашағын барша халықпен бірге жасаңыздар!» [1,20]

Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасаумен байланысты. XXI ғасырдағы дамыған ел дегеніміз- белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Бұл үшін біз не істеуіміз керек?

Біріншіден, барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығында балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда.

Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс.[1,12] Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сныдарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс.

Таяудағы 3 жыл ішінде, 2017 жылға дейін орын жетіспеушілігін жойып, қажетті жерлерде елдегі барлық мектепті екі ауысыммен оқытуға көшіру керек. Үкімет пен әкімдер осы міндетті орындау үшін бюджет қаражатының бөлінуін қарастырағаны жөн.

Таяудағы 2-3 жылда дуальдік, техникалық және кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесінің негізін қалыптастыру керек. Келешекте жастардың техникалық білім алуын мемлекеттік кепілдендіруге көшіруді қарастыру қажет. Үкіметке 2014 жылғы 1 маусымға дейін осы мәселе бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырамын.

Жетекші университеттерді академиялық және басқарушылық автономияға біртіндеп көшіруге жоспарлы түрде кірісу қажет. Үлгерімі жақсы студенттер мен оқушыларды қолдаудың тиімді жүйесін жасау қажет деп санаймын.

Үкіметке 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап стипендиялар мөлшерінің 25 пайызға өсірілуін қамтамасыз етуді тапсырамын. [1,13]

Білім беру саласында Астана қаласында құрылып жатқан бірегей оқу орындары- «Жаңа халықаралық университет», «Арнаулы қор», және қазірдің өзінде табысты жұмыс істеп жатқан «Интеллектуалдық мектептер» секілді жобалар ерекше басымдыққа ие болмақ.

Олардың отандық білім беру жүйесінің флагманы болып, осы заманғы оқу бағдарламаларын кейіннен оларды бүкіл республика бойынша енгізетіндей етіп әзірлеу мен байқап көру жөніндегі басты алаңға айналуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасау қажет. [2,23]



Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек.

Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс.

Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды. [3,53]

Жоғары оқу орнындағы білім беру қызметімен шектеліп қалмауы тиіс. Олар қолданбалы және ғылыми- зерттеушілік бөлімшелерін құруы және дамытуы қажет. [3,54]

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз жоладуында жастарға үміт арта отырып былай сөз саптаған болатын: « Мен сөзімді, әсіресе, жастарымызға арнағым келеді. Бүгін мен жариялаған Жаңа саяси және экономикалық бағыт сіздерге жақсы білім беруді, яғни бұдан да лайықтырақ болашақ сыйлауды көздейді.

Мен сіздерге- жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер Жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер.

Мемлекет басшысы ретінде мен әрдайым сіздердің оқуларыңыз бен өсіп-өнулеріңіз үшін барлық жағдайды жасауға тырыстым. [3,56] Әлемдік деңдейдегі университет, зияткерлік мектептер аштым, «Болашақ» бағдарламасын құрдым.

Қазір мемлекеттік жастар саясатының жаңа тұжырымдамасы әзірленуде. Мемлекет сіздердің алдарыңыздан жаңа мүмкіндіктер ашылуы үшін барлығын жасауда. Олар- сіздердің ата- аналарыңыз тіпті ойлап та көрмеген мүмкіндіктер.

Естеріңізде болсын: сіздердің табыстарыңыз- ата-аналарыңыздың табысы, туғандарыңыз бен туыстарыңыздың табысы, отбасыларыңыздың табысы, барлық отандастарымыздың табысы, біздің Отанымыздың табысы. [3,57]

Мәңгілік елдің мәңгі бақытты ұрпағы- біз! Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз сөзінде бізге үлкен сенім артатынын айтып өтті. Демек, біздің алдымызда үлкен жауапкершіліктер жатыр.

Біз- Мәңгілік Елдің білімді де саналы, сауатты ұрпағы ретінде өз еліміздің, Қазақстанның, гүлденуі мен әрі қарай дамуына, көркеюіне үлесімізді қосуға тиіспіз. Артылған үміт пен сенімнің жүгі қанша ауыр болмасын, сан қилы, сан қырлы соқпақты жолдар болса да қазаққа тән қайсар мінезбен тайсалмай көтеріп өтуге тиіспіз!



Өйткені біз сонау заманда Мағжан Жұмабаев сынды ата-баларымыз сенген, бұл заманда Елбасы Н.Ә.Назарбаев секілді ұлы тұлғалар үміт артқан ұрпақпыз! Бірде қарапайым да қара қазақ, бірде сөзге шешен, данышпан, дана қазақ бола білген Ұлы Қазақ Елі- Мәңгілік елдің ұрпағымыз!


Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасы Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ.-Қостанай.-2014




  1. Назарбаев Н.Ә. Жаңа онжылдық- жаңа экономикалық өрлеу- қазақстанның жаңа мүмкіндіктері. Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.-Алматы: « Қазақ энциклопедиясы», 2010ж.




  1. Назарбаев Н.Ә.Қазақстан-2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты: 14 желтоқсан 2012ж.: Қазақстан Республикасының Президенті- елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.- Қарағанды.-2013


Авторлар жайлы мәлімет


  1. Әбдіркенова Ақбидаш Қапанқызы- аға оқытушы

  2. Мәңгілік ел болашағы- білімді ұрпақ,саналы жастар!

  3. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

  4. Психология- педагогика факультеті

  5. Педагогика кафедрасы

  6. Қостанай қаласы, Тарана көшесі 118а

  7. 87782034862 akbidashabdirkenova@mail.ru

1.Бұхарбаева Гүлдана Жүсіпбекқызы



  1. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты;

  2. Қазақ және орыс филологиясы факультеті;

  3. Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы;

  4. 2 курс.

4. 87027032410; 87779985805

5. guldanazhusip@mail.ru

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет