Механикалық энергия. Энергияның өлшем бірлігі. Кинетикалық және потенциалдық энергия. Механикалық энергия. Механикалық энергияның сақталу заңы. Мақсаты: - кинетикалық және потенциалдық энергияның формуласын білу және қолдану.
- энергияның бір түрден екіншісіне ауысуын түсіндіру және мысалдар келтіру;
Физикалық терминдер - Энергия ұғымы «жұмыс» және «қозғалыс» ұғымдарымен байланысты. Қозғалыстағы денелер ғана жұмыс істеуге қабілетті.
- Энергия әрқашанда дененің жұмыс істеуге қабілеттілігінің өлшемі болып табылады.
- Материяның барлық түрлерінің өзара әрекеттесуінің және қозғалысының жалпы сандық өлшемі энергия деп аталады.
- Энергия мен жұмыс өлшем бірлігі бір- біріне дәл келеді.
- А=N*t 1 Дж= 1 Вт*1 с
- 1 кВт*сағ =3600000 Дж
- [A]- Дж
- [E]- Дж
Механикалық энергия
Кинетикалық энергия
Потенциалдық энергия
155- сурет бойынша - Кинетикалық (грекше кинетикос- қозғалыс) энергия деп денелердің қозғалу салдарынан туындайтын энергияны айтады.
- Дененің кинетикалық энрегиясы дененің массасы мен жылдамдығының квадратына тура пропорционал болады:
- Ек= mv2/2
Потенциалдық (латынша потенция- мүмкіншілік) энергия деп әр түрлі денелердің (немесе бір дене бөліктерінің) өзара орналасуы бойынша анықталатын энергияны айтады. - Потенциалдық (латынша потенция- мүмкіншілік) энергия деп әр түрлі денелердің (немесе бір дене бөліктерінің) өзара орналасуы бойынша анықталатын энергияны айтады.
- Ауырлық күші әрекет ететін жоғары көтерілген дененің потенциалдық энергиясы сол дененің массасына және көтерілу биіктігіне тәуелді:
- Еn= mgh
- Денелердің әр түрлі энергиялық күйлерін сипаттау үшін энергия деңгейі деген ұғым қолданады. Әрбір энергия деңгейіне нақты шамалар сәйкес келеді, олардың айырымы абсолют шамасы немесе энергия өзгерісі қолданылады.
- Дененің механикалық энергиясының өзгерісі атқарылған жұмыс шамасына тең:
- А= ∆ W
- Жылдамдығы 72 км/сағ , массасы 1т автомобильдің кинетикалық энергиясын анықта.
- 1. Дененің жылдамдығын 2 есе азайтса, кинетикалық энергиясы қалай өзгереді?
- 2. Дененің массасын 2 арттырса, кинетикалық энергиясы қалай өзгереді?
- 3. Дененің массасын 3 есе арттырып, жылдамдығын 2 есе азайтса, кинетикалық энергиясын анықта.
- 4 м биіктіктегі дененің потенциалдық энергиясы 120 Дж, дененің массасын анықта.
- 1. Дененің массасын 2 есе арттырса, потенциалдық энергиясы қалай өзгереді?
- 2. Дененің көтерілу биіктігін 4 есе арттырса, потенциалдық энергиясы қалай өзгереді?
- 3. Дененің массасын 2 есе арттырып, биіктігін 2 есе кемітсе, потенциалдық энергиясы қалай өзгереді?
Достарыңызбен бөлісу: |