Механикалық толқындар қасиеттері, параметрлері Толқын-уақыттың өтуімен кеңістікте т аралатын тербеліс.
Тербелістердің серпімді ортаның бір бөлшегінен екінші бөлшегіне таралу процесі механикалық толқын деп аталады.
Толқын тербелістегі бөлшектерді тасымалдамайды, тек энергияны ғана тасымалдайды
Механикалық толқын көлденең және қума толқын болып екіге бөлінеді.
Қума тоқын деп бөлшектердің тербелісі толқынның таралу бағытында жүзеге асатын толқынды айтамыз. Қума толқын- қатты , сұйық, газдарда тарайды
Көлденең толқын деп бөлшектің тербелісі толқынның таралу бағытына перпендикуляр бағытта жүзеге асатын толқынды айтамыз. Көлденең толқын – тек қатты ортада таралады.
Толқын ұзындығы – Тпериодқа тең уақыт аралығындағы толқын таралатын арақашықтық немесе толқын ұзындығы деп толқын ішіндегі бірдей қозғалатын ең жақын екі нүктенің арақашықтығын айтамыз
λ (ламбда) –толқын ұзындығы (м)
Механикалық толқын серпімді ортада тарайтын болғандықтан, оның таралу жылдамдығы ортаның қасиетіне байланысты. Толқынның бір ортадан екінші ортаға өту кезінде оның жылдамдығы өзгереді, ал белгілі бір ортада υ жылдамдығы тұрақты болады.
υ=λν λ= υТ
k-толқындық сан Толқындық бетдеп берілген уақыт мезетінде кеңістіктің бірдей фазада тербелетін нүктелерінің геометриялық орнын айтамыз.
ЭЛЕКТРОМАГНИТТІК ТОЛҚЫН деп электрмагниттік өрістің кеңістікте таралуы кезінде
электр және магнит өрістер кернеулігінің белгілі бір периодты заңдылық бойынша өзгеруін айтамыз.
Айнымалы электромагниттік өрістің кеңістікте таралуы электромагниттік толқын деп аталады.
Электромагниттік толқындардың қасиеттері:
Электромагниттік толқын әртүрлі заттарда, вакуумда да тарала алады.
Электромагниттік толқындар – тек көлденең толқындар.
Вакуумға қарағанда заттағы электромагниттік толқынның таралу жылдамдығы аз болады және ол мына өрнекпен анықталады.
-ЭМТ таралу жылдамдығы
λ-вакуумдағы толқын ұзындығы
λ/-заттағы тоқын ұзындығы
Электромагниттік толқындар энергия тасиды.
Электромагниттік толқындар шкаласы:
Радиотолқындар, микротолқындар, инфрақызыл толқындар, ақ жарық, ультракүлгін толқындар, рентген сәулелері, гамма-сәулелері. I-толқын интенсивтілігі немесе толқын қарқындылығы
W-толқын энергиясы
w-энергияның көлемдік тығыздығы
Электромагниттік толқындардың қасиеттері:
Өріс тербелістері бір бағытта өтетін электромагниттік толқынды поляризацияланған толқын дейді.
Жиіліктері бірдей екі толқын қосылғанда қорытқы толқын амплитудасының арту немесе кему құбылысын толқындардың интерференциясы дейді.
Толқындардың түзусызықты таралу бағытынан ауытқуын, бөгеттерді орағытып өтуін толқынның дифракциясы деп атайды.