студенттің оқу жетістіктері әрбір оқу түрі бойынша жеке 100 баллдық бағалау шкаласы бойынша (академиялық саясатқа сәйкес) апта сайын бағаланады.
Бағалау шаралары. Блум таксономиясы негізінде.
1. Білімділігі: Дәріске қатысуы мен дайындалуы: - Студенттердің меңгеруі тиіс білмдері мен білім негіздерінің нәтижесі бойынша бағаланады. Бұл сабаққа дайындалып келуі, белсенді қатысуы. Дәріске қатысуда басты көрсеткіш:
- аптада сабаққа қатыспауы - 1/3;
- аптадан артық кешігу - 2 есе төмен бағланады.
2. Түсінік деңгейі: Тәжірибешілік сабақтарға қатысуы мен дайындалуы: - Студенттердің білімді қабылдау деңгейі. Есеп шығару нәтижесімен бағаланады.
3. Қолдануы: СӨЖ тапсырмаларын орындауда, қосымша материалдарды өңдеуге дәріспен тәжірбиеден алған білімдерін қолданудағы басты көрсеткіш.
- тапсырмаларды уақытында орындау, яғни берілген мерзімде орындау.
- шығарылатын есептерді толық орындау.
4. Талдау. Меңгерген білімдерін жан жақты қолдана алуын талдау, саралау.
- берілген тапсырмаларды толық орындалуына;
- уақытында орындалуына;
- сабаққа тиянақты қатысуына.
5. Бағалау: Бақылау нәтижелерінің негізінде жүзеге асырылады.
Әр семестрде пәндердің бөлімдеріне сәйкес өткен тақырыптар бойынша жазбаша түрінде немесе тест түрінде екі аралық бақылау қарастырылған. Егер бақылау сабағын себеппен босатқан болса, жеке тапсырма бойынша оқытушының кеңесімен тапсыру мүмкіндігі ұсынылады..
Математиканы оқыту әдістемесі пәні білімнің басты нәтижесін бағалауда негізгі көрсеткіш келесі тапсырмаларды орындауға байланысты жүзеге асырылады.
Есепті бағалау критерийлері (100 ұпай)
- Жалпы білім беретін орта мектептегі бастауыш математикасының теориялық негіздеріне сай мектепте математиканы оқытудың әдістемесі оқу пәні ретіндегі оқытудың мақсаты және мазмұны. Математиканы оқыту әдістері мен формалары, қағидаларын қарастыру.
- Математика оқулықтары бойынша берілетін білім мазмұнына талдау жаса және бір тақырыпты таңдап алып, сабақтың мақсаттарын, формасын, қолданылатын әдісті анықта.
- Математикадан мектеп математикасы бойынша білім беруге арналған бағдарламаға талдау жасай алу Қазіргі мектепте математикалық білім беру бағдарламасымен 12 жылдық білім беру бағдарламасымен салыстырып қорытынды шығар.
- Математиканы оқытудың негізгі мақсаттары мен оқыту функцияларын сәйкестендір.
- Математика білім мазмұны бойынша ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жоспарларды қарастырып, сабақтың мақсаттары негізінде кез келген тақырып бойынша сабақ жоспарын жасау.
- Оқытудың жаңа технологиялары арқылы оқытудың тиімді жолдарын анықтап, олардың оқыту үдерісіндегі орындарын анықтау. Олар:
1. Математикадан бастауыш білім беруге арналған (1 – 4 сыныптар) бағдарламаға талдау жаса.
2. Қазіргі бастауышта математикалық білім беру бағдарламасымен 12 жылдық білім беру бағдарламасын салыстыр және қорытынды шығар.
3.Бастауыш сынып математика оқулықтарынан салыстыруға мысалы келтір
4. Блум таксономиясы бойыша оқыту технологиясы.
5. Модульдік оқыту технологиясы.
6. Проблемалық оқыту әдісі
7. Оқытудың деңгейлік саралап оқыту технологиясы.
8. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
9. Дамыта оқыту технологиясы
10. Топпен оқыту технологиясы
11. Жеке дара оқыту технологиясы
12. Мектепте математиканы оқытудағы өлшемдік бағалауда қолданылатын есептер жүйесін құрастыру әдістері оларды дамытудың маңыздылығын айқындау.
Ауызша жауапты бағалау көрсеткіштері мен өлшемдері:
1) баяндалатын материалдың толықтығы, негізгі ұғымдарды дұрыс анықтау – 40 балл;
2) материалды түсіну дәрежесі, өз пайымдауларын негіздей білу, оқулықтан ғана емес, өз бетінше құрастырылған қажетті мысалдарды келтіре білу – 40 балл;
3) ғылыми және әдеби тіл нормалары тұрғысынан материал дәйекті және дұрыс ресімделген – 20 балл.
Жазбаша жауапты бағалау көрсеткіштері мен өлшемдері:
1) зерттелетін пәндік саланың негізгі процестерін білу, мәселені ашудың тереңдігі мен толықтығы – 30 балл;
2) терминологиялық аппаратты меңгеру және оны жауап беру кезінде пайдалану – 30 балл;
3) құбылыстардың, оқиғалардың, процестердің мәнін түсіндіре білу, қорытынды жасау және жалпылау-30;
4) салынған материалдың қисындылығы – 10 балл.
|