«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ



бет112/157
Дата02.06.2023
өлшемі0.5 Mb.
#474610
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   157
Кәсіби стандарт МІ

ҚАҚЫРЫҚТЫ ЗЕРТТЕУ

Қақырық – тыныс алу жолдарынан бөлініп шығатын патологиялық қоймалжың сұйықтық (секрет). Қақырықты лабораториялық жолмен зерттеу тыныс алу жолдарының диагнозын анықтауда маңызды орын алады және патологиялық үрдіс барысы мен сипатын анықтауға мүмкіндік береді.


ҚАҚЫРЫҚТЫ ЗЕРТТЕУГЕ ЖИНАУ ЕРЕЖЕСІ:

Қақырық жинауда қауіпсіз іс-әрекет жасап, жұмыс істеу үшін және оны қауіпсіз жинау үшін мейірбеке арнайы және жақсы дайындалған болуы керек, себебі, кез-келген қақырық зарарлы немесе жұқпалы болуы мүмкін, әсіресе туберкулез микробактериясы. Мейірбеке әрбір науқасқа қақырықты лабораториялық зерттеуге жинау ережесін түсіндіру керек. Қақырықты жинауға түсі ашық, әйнек ыдыс қолдану керек, ыдысты тазалап май қалдықтарын қалдырмай содамен, (сабынсыз) жуып алады, оның аузы тығыз сұйықтық ағып кетпейтіндей жабылатын болуы керек. Бұл ыдыстың аузы кең, сыйымдылығы 50 мл немесе одан да көп болуы қажет. Түсі бұлыңғыр қоңырқай әйнек банкілерден гөрі, түсі ашық ақ әйнек банкілер ыңғайлы, ақ әйнек банкінің аузын ашпай-ақ сыртынан қақырықтың сыртқы түрін көруге мүмкіндік береді.


Қақырығы бар ыдыспен жолдама қағазын бірге қоюға болмайды, себебі ыдыс қабырғаларына қақырық тиген болса, одан жолдама қағазына жұғып, ауру одан әрі тарап кетуі мүмкін.
Мейірбеке қақырықты жинау процедурасын жақсы меңгерген болуы қажет, жинау, жұмыс жасау мен тасымалдауын жақсы игергені дұрыс.

  • Қақырықты тамақ ішіетін бөлмеден, ұйықтайтын бөлмеден, басқа жерде, басқа науқастардан аулақ жерде немесе осыған арнайы бөлінген жерде жинауы керек. Қақырықты бірнеше сағат бойы біркезеңде жинау қажеттілігі ұсынылады.

  • Егер қақырық сұйық болса, оның құрамында тағам қалдықтары мен мұрын қуысының сілекейі араласып кетсе қақырық жинау процедурасын қайталау қажет.

  • Қақырықты таңертен, тамақ ішпей тұрып, ауыз қуысын тазалағаннан кейін жинау қажет.

  • Қақырықты салқын жерде еденге қойып сақтауға болады.

  • Науқастан ауру жұғып кету қаупінің алдын алу үшін мейірбеке қақырық жинап жатқанда науқастың артқы жағында тұруы керек.

  • Науқасқа зерттеуге қақырғанда шығатын қақырықты емес, тек жөтелгенде ғана бөлініп шыққан қақырықты жинау қажеттілігін түсіндіру керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет