«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі кіші жастағЫ



бет91/238
Дата05.01.2023
өлшемі1.5 Mb.
#468161
түріБағдарламасы
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   238
«мектепке дейінгі балалы ша » республикалы орталы ы мектепке д

Қоршаған ортаны тану
Балаға нәтижеге біртіндеп жетуді көрсету, түсіндіру және әрекетпен айналыстыру (тамақ әзірлеуде не істеу керектігін бірлесіп келісу).
Баланы қоршаған ортаның ұқсастықтары мен айырмашылықтарын байқай білу мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету (жолдағы көлік түрлері).
Балаға алған білімдерді рөлді ойындарда қолдануға мүмкіндік туғызу.
Балаға мысал ретінде үлгілерді қалай жасау керектігін көрсету, түсіндіру, ол үлгілерді үйде, табиғатта іздестіруге, жіктеу бойынша ойындарды (жұбы бар заттарды бір топқа жинастыру, мысалы, қолғап) ойнауға тарту.
Баланы «Егер..., онда...» түріндегі әңгімелесуге қатыстыру (Егер гүлге су құймаса, онда не болады?).
Ғылыми процестер жайлы ойлану мүмкіндігін туғызу (Батпақты жерлерде қандай жәндіктер болатынын қалай анықтауға болады?)
Қоршаған орта жөнінде түсініктерді қалыптастыруға мүмкіндік туғызу.
Бір фактордағы өзгерістердің екіншісіне әсер етуін бақылау жасау арқылы көре білу мүмкіндігін туғызу (үлкендердің көмегімен ыдыстарға тұқым сеуіп, бірін жарық жерге, екіншісін қараңғы жерге қойып, өніп шығуын бақылау).
Жағдайдың өзгеруіне байланысты заттардың өзгеруін түсінуге көмектесу (күн бұлтты болса, жаңбыр жауады).
Түрлі оқиғалардың болу себептерін түсіндіру (Арман бүгін келген жоқ, себебі ауырып қалды).
Басқа заттарға әсер ететін заттарды тануға көмектесу (Зат бояғыш судың түсін көкке бояйды.).
Мотивацияны түсінуде «Неге?» сұрағын қою мүмкіндігін туғызу («Мен ... жасадым, неге бұлай болды?»)
Қарапайым әрекеттердің нәтижесі болатынын түсінуге көмектесу (Егер жарықты өшірсе, қараңғы болады).
Қандай заттардың қарапайым әрекеттердің себебі болатынын түсіндіру (қораптағы ұсақ заттар шу шығарады).
Заттарды категориялары бойынша жіктеу және салыстыру (түсі және өлшемі бойынша).
Қала көшелерін, өзінің тұратын көшесін есте сақтауға мүмкіндік жасау.
Экологиялық мәдениет негіздері


Балаға алдына қойған мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік беру. Ұзақ мерзімге жоспар жасап беру (тұқым себу, оны өсіру, өсіп-өнуін бақылау).
Балаға бір күннен артық уақытқа жауапкершілік жүктеу (жануарларды қоректендіру).
Баланы себебі мен нәтижесі көрінетін іс-әрекетпен айналыстыру (тұқым сеуіп, өсіп-өнуін бақылау).
Балаға себеп-салдар байланысты көрсету, түсіндіру және анықтау мүмкіндігін жасау (гүлді өсіру үшін нені білу керек).
Баланың күш-жігерін жергілікті жердегі проблемаларға аударуға мүмкіндік беру (ластау, қоқысты шашып тастау).
Балаға серуенде айналаны бақылау нәтижесін көрсете білуге көмектесу (суреттер, заттар), өз бақылауларын суретке түсіруін мадақтау.
Қоршаған ортаны оқып-үйренуде барлық сезім мүшелерінің көмегіне сүйену мүмкіндігін жасау (табиғаттағы дыбыстарды тыңдау, жәндіктерді бақылау және т.б.).
Әр түрлі халықтың мәдениеттеріне бақылау жасау арқылы оқып-үйрену..
Жанды дүниеге қамқорлық жасауға мүмкіндіктуғызу.
Баланың өсімдіктердің тіршілігі, өсетіні, өзгеретіні, солатыны жайлы түсініктерін қалыптастыру.
Тірі табиғат объектілерінің өсуі және олардағы өзгерістер жайлы әңгімелер оқып беру.
Балаға жануарлардың жыл мезгілдеріне байланысты түстерінің өзгеруі туралы әңгімелеп, суретін көрсету.
Тұқым сеуіп, балалрмен бірге болып жатқан өзгерістерді бақылау.
Балаларға топырақты бақылауға мүмкіндік беріңіздер.
Балалармен бірге қоршаған ортаны зерттеңіздер.
Балаға гербарий құрастыруға көмектесу (жапырақтар, бақалшақтар).
Мүмкіндігінше мұражайға, не болмаса табиғатпен байланысты орынға (планетарий, т.б.) бару.
Табиғаттағы өзгерістерді анықтау, зерттеу және суреттей білуге көмектесу.
Баламен бірге топырақтың қасиеттерін тексеру.
Балаға белсенді түрде тексеріп көру мен рефлексия арқылы «неге?» деген сұраққа жауап табуға көмектесу.
Күнделікті өмірде болжауды қолдана отыра, баланы көрсету, түсіндіру және әрекет жасауға қатыстыру (тұқымның өніп шығуы).
Затты сипаттай отыра, жанды, не жансыз екенін анықтауға көмектесу.
Өсімдіктерді, жануарларды немесе адамдарды сипаттауға мүмкіндік туғызу (Мына ағаш қандай биік болып өсіп кеткен).
Жануарлар мен өсімдіктердің жалпы және әр түрлі белгілерін ажыратуға көмектесу.
Жануарлардың мінез-құлқындағы және тіршілік ету ортасындағы өзгерістерді түсінуге мүмкіндік туғызу.
Жануарлар мен өсімдіктердің өсіп-өнуіндегі және тіршілігіндегі өзгерістерге қызығушылық тудыру.
Жанды дүниенің өмірлік циклін негіздеу, белгілерін бақылау және суреттеуге қызығушылық тудыру.
Жануарлар мен қоршаған орта арасындағы қатынастарды зерттеу және суреттеу (Балық суды мекендейді, сусыз олар тіршілік ете алмайды).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   238




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет