Мемлекет және азаматтық қоғам



бет1/5
Дата08.12.2022
өлшемі172.1 Kb.
#466787
  1   2   3   4   5
Мемлекет және азаматтық қоғам

Мемлекет және азаматтық қоғам

Орындаған: Зейнұлқабиден А.А.

Тобы: ҚССМ-101


С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Жоспар:

  • 1 Мемлекеттің пайда болуы мен мәні;
  • 2 Мемлекеттің белгілері мен қызметтері;
  • 3 Азаматтық қоғамның мәні мен критерийлері. Құқықтық мемлекетпен Қазақстандағы азаматтық қоғам арасындағы қарым-қатынас формалары.

Мемлекеттің пайда болуы мен мәні


Мемлекет - саяси жүйенің басты элементі, оның негізгі ұйымы. Ол - керек кезінде арнаулы күштеу органдарын пайдалана отырып, өз аумағында тұратын адамдардың мүддесін қорғауға тиіс. Мемлекет алғашқы қауымдық қоғамда болған жоқ, ол құл иеленуішлік қоғамда дүниеге келді.

Оның пайда болуы мен мәні жөнінде әр түрлі көзқарастар бар. Солардың ішінде ең кең тарағандары мыналар:

  • теологиялық теория. Оның негізін салушылар А.Августин мен Ф.Аквинский мемлекеттщ пайда болуые құдайдың қүдыретімен түсіндіреді;
  • патриархтық теория. Оның негізін салушы XVIII ғасырда өмір сүрген ағылшын ойшылы Роберт Филмер мемлекеттің пайда болуын рулардың тайпаға, тайпалардың одан үлкен қауымдастыққа, олардың одан әрі мемлекетке дейін бірігуінен деп санайды. Осыған ұқсас идеяны Аристотель де айтқан болатын.
  • қоғамдық келісім теориясы (Т.Гоббс, Г.Гроций, Ж.Ж.Руссо) егеменді әмірші мен оның қол астындағы адамдардың келісімінің арқасында мемлекет пайда болды дейді;
  • «зорлық жасау» теориясы (Е.Дюринг, Л.Гумплович, К.Каутский) бір елді екінші елдің басып алуының нәтижесінде арадағы қатынастарды реттеу үшін мемлекет пайда болды деп пайымдайды;

географиялық теория (А.Ратцель, В.Соловьев, Б.Чичерин) мемлекеттің пайда болуы географиялық ортаның (ауа райы, жер бедері және т.б.) өзгешеліктерінен деп түсіндіреді;

  • географиялық теория (А.Ратцель, В.Соловьев, Б.Чичерин) мемлекеттің пайда болуы географиялық ортаның (ауа райы, жер бедері және т.б.) өзгешеліктерінен деп түсіндіреді;
  • - психологиялық теория адамдарға бағыну мен құлшылық ету қажеттігі мәңгі бақи тән болған дегенді айтады.
  • - марксистік теория мемлекеттің пайда болуын жеке меншік пен таптардың шығуымен байланыстырады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет