Мемлекет және қҰҚЫҚ теориясы пәні бойынша сұРАҚтар


Мемлекет және құқық теориясы пәні



бет4/65
Дата04.08.2024
өлшемі4.11 Mb.
#503097
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
МҚТ КІТАПША

Мемлекет және құқық теориясы пәні.


  • Мемлекет және құқық теориясының әдістері.

    Мемлекет және құқық теориясы жалпы мемлекет және құқық ғылымының пәні ретінде қоғамның, қоғамдық өмірдің құбылыстары- мемлекет және құқықтың пайда болуы, дамуы және қызмет істеу жолдарын, өздеріне тән заңдылықтарын, олардың таптық-саяси және жалпы адамзаттық мәнін, мазмұнын және түрін, заңды қарым –қатынастары мен байланыстарын, құқықтық сананың және құқықтық мәдениеттің ерекшіліктерін ашады.Осы қоғамдық қатынастардың мәнін ашуда мемлекет және құқық теориясы пәні басқа құқық салаларының пәндерімен тығыз байланыста болады.
    Мемлекет және құқық теориясының пәні заң ғылымының негізгі ұғымдары мен категорияларының жүйесін құрайды. Мысалы, құқық нормасы, құқықтық қатынас, құқық субъектісі т.б.
    Барлық ғылым салаларының оқу пәнінің объектісі - өзі зерттейтін мәселелердің жиынтығы. Мемлекет және құқықтың объектісі оларды басқа құрылымдардан бөліп қарауға,сондай-ақ әлеуметтік құбылыстар жүйесінде олардың орнын анықтауға,сөйтіп,мемлекет пен құқықтың мәнін терең түсінуге жағдай жасайды. Мемлекет және құқық теориясының зерттеу объектісіне мемлекет пен құқықтың пайда болуы, дамуы,қызмет етуінің жалпы заңдылықтары, олардың мәні мен мақсаты,мемлекеттік-құқықтық реттеу механизмі жатады. Қоғамдық қатынастардың дамуына байланысты зерттеу объектілері жиынтығын ғылыми тұрғыда, ғылыми ізденістердің нәтижесінде жаңартылып, дамытылып отырылады. Оқу пәніне байланысты бұл ғылым саласы құқық пен мемлекеттік билік қатынастарын, мемлекеттің және құқықтың қоғамдағы қызмет рөлін, олардың басқарушылық, реттеушілік және қорғаушылық қызметтерін дамытуға, қоғамдық өмірдің экономикалық негіздерін реттеу мақсатында қоғамдық саяси процестерді, бағыттарды және құндылықтарды қайта құруға мүмкіндік беретін мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды, категориялар мен ұғымдарды құрайды.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет