Мемлекет және қҰҚЫҚ теориясы пәні бойынша сұРАҚтар


Заңды жауапкершіліктің белгілері мыналар



бет46/65
Дата04.08.2024
өлшемі4.11 Mb.
#503097
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   65
МҚТ КІТАПША

Заңды жауапкершіліктің белгілері мыналар:


а) мемлекет бекіткен құқық нормаларында белгіленуі; б) мемлекеттік мәжбүрлеу әдісіне сүйенуі;
в) арнаулы өкілеттілікке ие мемлекеттік органдардың қолдануы; г) міндеттемелік жүктемесіне байланыстылығы;
д) жеке, мүліктік және ұйымдастырушылық мәндегі қайшы зардаптардың болуы;
г) процессуалды – іс жүргізу түрінде іске асырылуы;
з) құқық бұзушылықты іске асырғаннан кейін пайда болуы.
Єкілеттілікке ие органның нақты құқық бұзушылыққа белгіленетін мәжбүрлеу шаралары – құқық нормаларында және құқық қолданушылық актілеріне сай іске асырылады. Құқық қолданушылық актілер әкімшілік бұйрығы, соттың шешімі немесе үкімі т.б. болуы мүмкін.

Заңды жауапкершіліктің принциптері:


  1. заңдылығы;

  2. әділеттілігі;

  3. жауаптылығы;

  4. мақсатқа сәйкестілігі;

  5. гуманизмділігі;

  6. негізділігі.

Заңды жауапкершіліктің заңдылық принципі – құқық қабілеттігі бар тұлғаның істеген қылығына ғана заңды түрде жауапкершіліктің белгіленуі.
Заңды жауапкершіліктің әділеттік принципі – жауапкершіліктің деңгейі жасалған құқық бұзушылықтың ауырлығына сәйкес келуі. Құқық бұзушының міндетті түрде жауаптылыққа тартылуы.
Жауаптылық принципі – бұл құқық бұзушылығы үшін заң алдында жауаптылығы.
Мақсатқа сәйкес принципі – бұл құқық бұзушыға қатысты шараның заңды жауапкершіліктің мақсатына сәйкес келуі.
Гуманистік принципі – адамның ар-намысына тиетін жазаның белгіленуіне жол берілмеуі.
Заңды жауаптылықтың негізділік принципі – болған істі объективті түрде зерттеу және соған сәйкес заңда көрсетілген жаза шараларын анықтау.

Заңды жауапкершіліктің түрлері:


  1. Қылмыстық жауапкершілік тек жасаған қылмысы үшін ғана қолданылыды. Бірде-бір адам соттың үкімінсіз немесе заңға сай деп танылмаған жағдайда айыпты деп танылып немесе қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін емес. Қылмыстық жазаның шаралары мемлекеттің қатаң мәжбүрлеу шаралары арқылы іске асырылады. Айыпкерді – бас бостандығынан айыру, өлім жазасы т.б.

  2. Әкімшілік жауаптылық - әкімшілік теріс қылық жасалған жағдайда қолданылыды. Әкімшілік жауапкершіліктің түрлері: ескерту, айып-пұл, қатаң сөгіс.

  3. Азаматтық – құқықтық жауапкершілік құқық бұзушының өзге тұлғаның мүддесіне байланысты келтірілген шығынды өтеу үшін заңда немесе шартта көрсетілген зиянның орнын толтыруға байланысты орындалады. Азаматтық – құқықтық жауапкершіліктің негізгі принципі – келтірілген залалдың орнының толық толтырылуы.

  4. Тәртіптік жауапкершілік – еңбек, оқу, түрлі қызмет саласындағы әскери тәртіпті бұзған кезде қолданылады. Тәртіптік жауапкершілік шараларына – сөгіс, қатаң сөгіс, жұмыстан босату т.б. жатады.

  5. Материалдық жауапкершілік – өздерінің қызмет міндеттерін орындау кезіндегі өндіріс, мекеме, ұйым жұмысшыларының келтірген залалдарына сәйкес қолданылады.

Заңды жауапкершілік өз уақытында орындалуы тиіс.
Мемлекет қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету барысында, заңның шегінде және заңның негізінде әрекет етеді. Заңдылық құқықтық тәртіпті
қалыптастырады, ал құқықтық жауапкершілік адамдардың әрекетін құқықтық реттеудің нәтижесі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет