Мемлекет және қҰҚЫҚ теориясы пәні бойынша сұРАҚтар


Сонымен, мемлекет және құқық теориясының пәні



бет5/65
Дата04.08.2024
өлшемі4.11 Mb.
#503097
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
МҚТ КІТАПША

Сонымен, мемлекет және құқық теориясының пәні - мемлекет пен құқықтың пайда болуының, дамуының және қызмет атқаруының заңдылықтары, олардың мәні, құрылымы және негізгі бөлшектері, принциптері, институттары.
Мемлекет және құқық теориясының әдістері дегеніміз мемлекеттік – құқықтық құбылысты зерттеуде ғылыми жолмен қамтамасыз етілген теориялық принциптердің, логикалық әдістер мен арнайы тәсілдердің жиынтығы. Яғни,ғылыми әдіс дегеніміз пәнді түсінудегі әдістер мен тәсілдердің жиынтығы.
Мемлекет пен құқық теориясы өзінің пәнін түсіну үшін көптеген амал - тәсілдерді пайдаланады. Олардың ішінде мыналары өзгеше болып бөлінеді:

    1. Жалпыға бірдей әдіс-ойлаудың жан-жақты принципін көрсететін философиялық дүниетанымдық амал. Оған жататындар:

а)метафизика, мемлекет пен құқықты мәңгі және өзгермейтін институт ретінде қараушы.
б)диалектика-материалистік және идеалистік болып бөлінеді.

    1. Жалпы ғылыми әдістер - бұл жалпылама әдістер сияқты барлық ғылыми танымды қамтый алмайды, тек оның жеке сатыларында қолданылады. Оған мыналар жатады:

а) талдау(анализ)- күрделі мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды жеке бөліктерге шартты түрде бөлу;
ә) синтез-оның күрделі жақтарын шартты түрде біріктіру арқылы зерттеу;
б) жүйелік әдіс – ондағы әртүрлі байланыс түрлерін анықтауда объектіні түгелімен ашуға бағытталады;
в) қызметтік әдіс – бірден-бір әлеуметтік құбылыстардың басқаларға деген қатынас қызметін анықтауға арналады.

    1. Жеке ғылыми әдістер. Бұл мемлекет және құқық теориясының техникалық, табиғи және гуманитарлық ғылымдар саласындағы ғылыми жетістіктерін меңгеру нәтижесіне байланысты қолданылатын әдістер. Оған жататындар:

      1. нақты-әлеуметтік әдіс, бұл құқықтық және мемлекеттік-саяси институттар қызметін, қазіргі кездегі құқықтық реттеудің сенімділігі немесе құқықты қорғау үшін субъектілердің шын мәніндегі мінез-құлқын зерттеуге арналады.Бұл әдіске анкета толтыру, сұрау, бақылау және т.б.әдістер кіреді.

      2. статистикалық әдіс, бұл әдіс мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың сандық көрсеткішін алуға мүмкіндік береді.

      3. кибернетикалық әдіс, бұл әдіс мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды кибернетика ұғымдары, заңдары және техникалық құралдары жүйесінің көмегі арқылы тануға мүмкіндік береді.

      4. жеке құқықтық әдістер, бұл тек заңға ғана тән әдістер. Оған жататындар:

а) формалды-заңдық әдіс. Бұл әдіске құқықты жүйелеу әдістерін, қайнар көздерін, ішкі құрылымын зерттеу тән. Мемлекетті зерттеуде мемлекет түрін, құрылымын анықтауда қолданылады.
ә) салыстырмалы - құқықтық әдіс, жалпы және арнаулы құрылымдарды анықтау мақсатында әртүрлі құқықтық жүйені салыстырып қарауға мүмкіндік береді, яғни түрлі елдердің мемлекеттік және құқық жүйесін зерттейді.
б) мемлекеттік - құқықтық реттеу әдісі. Мемлекеттер мен құқықтық құбылыстардың ұқсастығы болады, сондықтан біреуінің белгісіне қарап, екіншісінің белгісін анықтаймыз болады. Осы әдіске қарап,әртүрлі мемлекеттер мен құқықтық қатынастардың ерекшеліктерін ажыратамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет