Атауы
|
Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
|
Әзірлеу үшін негіздеме
|
1. «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы
2. Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы
3. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің XXVI пленарлық отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырма
|
Жауапты орындаушы
|
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
|
Мақсаты
|
Өңдеуші өнеркәсіпті әртараптандыруды және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруды ынталандыру
|
Міндеттер
|
1) өңдеуші өнеркәсіпті озыңқы дамыту;
2) басым секторларда тиімділікті арттыру және қосылған құнды ұлғайту;
3) шикізат емес тауарларды өткізуге арналған нарықтарды кеңейту;
4) өнімді жұмыспен қамтуды ұлғайту;
5) өңдеуші өнеркәсіптің басым секторларын технологияландыруды жаңа деңгейге көтеру және инновациялық кластерлер қалыптастыру арқылы болашақтың секторларын дамыту үшін негіз жасау;
6) өңдеуші өнеркәсіптегі кәсіпкерлікті ынталандырып, шағын және орта бизнесті дамыту.
|
Іске асыру мерзімі
|
2015-2019 жылдар
|
Нысаналы индикаторлар
|
2012 жылдың деңгейіне қатысты 2019 жылы мына экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізу:
1) өңдеуші өнеркәсіп өндірген өнім көлемін нақты мәнде 43 %-ға ұлғайту;
2) өңдеуші өнеркәсіпте жалпы қосылған құнды нақты мәнде кемінде 1,4 есе ұлғайту;
3) өңдеуші өнеркәсіпте еңбек өнімділігін нақты мәнде 1,4 есе ұлғайту;
4) шикізаттық емес (өңделген) экспорт құнының көлемін кемінде 1,1 есе ұлғайту;
5) өңдеуші өнеркәсіптің энергия сыйымдылығын 2012 жылдың деңгейіне қатысты кемінде 15 %-ға азайту;
6) өңдеуші өнеркәсіпте жұмыспен қамтуды 29,2 мың адамға ұлғайту.
|
Қаржыландыру көздері мен көлемі
|
Бағдарламаны 2015 - 2019 жылдары іске асыруға республикалық бюджетте көзделген жалпы шығыстар 643 909,6 млн. теңгені құрайды, оның ішінде:
2015 жылы - 327 506,3 млн. теңге*
2016 жылы - 111 324,6 млн. теңге*
2017 жылы - 74 464,6 млн. теңге*
2018 жылы - 64 785,3 млн. теңге*
2019 жылы - 65 828,8 млн. теңге*
|