Мемлекеттік мекемесі



Pdf көрінісі
бет1/52
Дата14.09.2023
өлшемі2.12 Mb.
#477488
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
Авторлық бағдарлама-Айтқажы Т




АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЖАМБЫЛ АУДАНЫ
«НАУРЫЗБАЙ БАТЫР ҚҰТПАНБЕТҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ОРТА 
МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ 
Т.Айтқажы 
«Математикалық сауаттылық негіздері»
авторлық бағдарламасы
2021 жыл 



ӘОЖ 371.214
КБЖ 74.202
А 32
 
Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының кеңесімен 
мақұлданған. 
(16 сәуір 2021 ж. № 2 хаттама) 
Рецензенттер:
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Механика-математика факультеті, 
Ф.-м.ғ.к., доцент Г.Е.Абдуахитова
Алматы қаласы, Әуезов ауданы,
Қожа-Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназиясы,
математика пәні мұғалімі, зерттеуші-педагог Б.Г.Бидайбекова
Айтқажы Т
А 32 «Математикалық сауаттылық негіздері » авторлық бағдарламасы: Бағдарлама / 
Айтқажы Т– Талдықорған: 2021.- 151б.
ISBN 978 – 601 – 09 – 1382 – 0
 
Ұсынылып отырған бағдарламада білім алушылар үшін қажетті математикалық 
сауаттылық бойынша ҰБТ-де кездесетін барлық тақырыптар қамтылған. Әр тақырыпқа 
анықтамалар, керекті формулалар қысқаша беріліп, мәтін есептер және тест 
тапсырмаларымен толықтырылған.
Инновациялық тәжірибе жалпы білім беру ұйымдарының математика пәні 
мұғалімдеріне арналған.
ӘОЖ 371.214
КБЖ
74.202
ISBN 978 – 601 – 09 – 1382– 0
 
 
 
© Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы, 2021 
 



ТҮСІНІК ХАТ 
 
Қазіргі таңдағы білім беру саласындағы ең өзекті мәселелердің бірі – ол 
оқушының алған білімін күнделікті өмірде тиімді пайдалана алуы. Осы 
тұрғыдан қарағанда математикалық сауаттылық есептерінің орны ерекше. 
Математикалық сауаттылық – математиканың әлемдегі рөлін анықтау 
және түсіну, әр түрлі формада берілген сандық ақпараттарды оқу, талдау, 
түсіндіріп беру, дұрыс негізделген математикалық пайымдауларды айту
есептерді шығарудың тиімді тәсілдерін табу, орындау, өзін-өзі тексеру, өмірмен 
байланыстыру, математикалық білімді өмірлік жағдаяттарда кездесетін түрлі 
мәселелелерді шешуде еркін қолдану болып табылады. 
Курс мазмұны қазіргі таңдағы еліміздегі өзгерістер, тұрақты дамудың жаңа 
стратегиялық бағыттары және қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы, 
қарқындылығы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Білім 
берудің жаңа үлгісін ендіру тұлғаны дамыту үдерісі ретінде тәрбиеге басты 
назар аударылуда. Оқушылардың мектепте алған білімдері мен тәжірибелерін
өмірде қолдана ала ма?- деген сұраққа жауап іздеу.
 
Білім алушыларға ұсынылып отырған бағдарлама білім саласының 
жаңаша міндеттері айқын көрініс тауып, атап айтқанда, мектеп оқушыларының 
функционалдық сауаттылығы оқушының пәнді терең түсіну қабілетін 
дамытуға, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез-келген жағдайда тиімді 
пайдалана білуін қамтамасыз етуге, яғни оқушылардың мектепте алған 
білімдерін өмірде тиімді қолдануына үйретуге бағытталады. 
Курста қарастырылатын сұрақтар негізгі курспен тығыз жанасады және 
оқушылардың танымдық белсенділігін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. 
Сонымен қатар, аталмыш таңдау курсы мектеп бағдарламасында көрсетілген 
маңызды математикалық білім мен дағдыларын жетілдіруге және дамытуға 
әсер етеді, математикадан мүмкіндіктерін бағалауға және болашақтағы оқу 
бейінін дұрыс сезініп таңдауға көмектеседі. 
Ұсынылып отырған бағдарлама математикадан негізгі базалық білімі 
қалыптасқан жалпы білім беретін мектептердің оқушыларына толық білім 
беруді көздейді. 





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет