Мемлекеттік салық қызметтері



Дата12.06.2016
өлшемі81.5 Kb.
#130906
Мемлекеттік салық қызметтері

1. Қазақстан Республикасы салық төлеушілерін тіркеу - бұл салық төлеуші тіркеу мәліметтерін тіркеу есебін және өзгертуді енгізетін Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің Мемлекеттік реестріне салық төлеушілер туралы мәліметті енгізу бойынша және салық төлеуші куәлігінің дубликатын беру салық органдарының қызметі.


2. Қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеушілерді тіркеу - бұл ҚҚС төлеушілерді тіркейтін, ҚҚС төлеушілерді есептен шығаратын, ҚҚС бойынша есепке қою туралы куәлікті ауыстыратын және ҚҚС бойынша есепке қою туралы куәліктің көшірмесін беретін кезде ҚҚС төлеушілерді есепке қою деректері базасының жүйесінде (ҚҚС төлеушілердің бірыңғай тізілімі) салық төлеуші туралы мәліметтер енгізу бойынша салық органдары көрсететін қызмет.
3. Жеке кәсіпкерлерді тіркеу - бұл салық органының жеке кәсіпкер ретінде есепке қою, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ауыстыру және Куәлік дубликатын беру, сонымен қатар жеке кәсіпкер қызметін уақытша тоқтату және жеке кәсіпкер есебінен алу бойынша салық органының қызметі.
4. Электронды салық төлеуші» ретінде салық төлеушілерді тіркеу - бұл салық органдарының салық төлеушінің электрондық сандық қолын беру, жою және ауыстыру бойынша салық органдарының қызметі.
5. Акцизделген өнім мен мазуттың кейбір түрлерін шығарушылар мен импорттаушылар тауарларына жеке сәйкестендіру номерін (ЖСН-код) беру - бұл ЖСН-код беру және ЖСН-код алуға өтініштерді қабылдау бойынша салық қызметі органдарының акцизделген товарлардың кейбір түрлерінің өндірісі және айналымына, акциз төлемдерінің дұрыс және уақтылы аударылуына (ЖСН-код алу қызметі) бақылау жүргізу және реттеуді жүзеге асыруға арналған қызметі.
6. Салық салумен байланысқан объектілері мен салық салу объектілерінің тіркеу есебі - салық төлеушіге қатысты салық салумен байланысты объектілері мен салық салу объектілерінің салық органдарында есепке қою, өзгерістерді тіркеу, есептен шығару.
7. Фискалды жадымен бақылау-кассалық машинаны тіркеу және есептен алып тастау (ФЖ БКМ) - бұл салық органының ФЖ БКМ-мен Мемлекеттік реестрге енгізілген модельдерді, сонымен қатар ФЖ БКМ Мемлекеттік реестріне ФЖ БКМ-ге енгізілген жаңа модельдерді тіркеу, тіркеу мәліметтерін өзгерту және ФЖ БКМ-ден есептен шығару.
8. Салық берешегі, міндетті зейнетақы жарнасы мен әлеуметтік аударымдар бойынша салық төлеушінің салық берешегі жоқ (бар) екендігі туралы анықтама, жеке шоттан көшірмелерді беру - салық төлеушілердің өтініштеріне орай анықтама және көшірме ұсыну бойынша салық органдарының қызметі.
9. Қазақстан Республикасы көзінен алынған табыстар және ұсталған салықтар сомалары туралы анықтама беру (бұдан әрі - анықтама) - бұл резидент емес табыстарының көлемі мен көздерін көрсететін құжаттарды, сонымен қатар Қазақстан Республикасы көздерінен табысты ұстайтын және төленген салық сомалары туралы ақпаратты беру бойынша салық органдарының қызметі.
10. Салық төлеушілердің резиденттілігін растау - бұл салық органдарының Қазақстан Республикасы резидентінің өтініші бойынша Қазақстан Республикасының резиденті сертификатын немесе Қазақстан Республикасының резидентілігі сертификатын беруден бас тарту беру бойынша көрсететін қызмет.
11. Салық есептілігін қабылдау - салық төлеушілердің (салық агенттерінің) салық есептілігін ұсыну бойынша салық міндеттерін орындауын қамтамасыз етуге арналған салық органдары көрсететін қызметі.
12. Бюджетке артық немесе қате төленген соманы есепке жатқызу (есепке жатқызу) бойынша қызмет көрсету - бұл салық органының бюджетке артық немесе қате төленген соманы басқа салық міндеттерін өтеу есебіне жатқызу жөніндегі операциясы.
13. Нөлдік мөлшерлеме бойынша салық түсетін айналымдар бойынша ҚҚС қайтару ҚҚС бойынша салық қарызын өтеу есебіне ҚҚС есепке алу бойынша салық органының операциясы және салықтың басқа түрлері мен ҚҚС төлеушінің банктік шотына бұрын бюджетке төлеген ҚҚС бойынша товарларға (жұмыс, қызмет көрсету) төленген ҚҚС қайтару.
14. Төлеу қайнарынан ұсталған кіріс салығын қайтару - төлеу қайнарынан ұсталған кіріс салығы сомасын салық төлеушіге қайтару бойынша салық органының қызметі:
1) мемлекеттік бюджетке төленген;
2) шартты банктік салымдарда орналасқан.
15. Салық төлеу мерзімін өзгерту - Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексімен белгіленген (Салық кодексі) салық төлеу мерзімін ауыстыру және импорттаушы товарларға қосылған құн салығы (импортқа ҚҚС) бойынша салық қызметі органдарының көрсететін қызмет түрі.
16. Қазақстан Республикасы Қаржы министрілігінің құрылымдық бөлімшелерінен және (немесе) олардың аумақтық бөлімшелерінен шығатын ресми құжаттарды апостильдеу.
Апостиль - құжаттамаға қол қойған адамның қолын және оның өкілеттіктерін, сондай-ақ осы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын растайтын арнайы мөртаңба.
Апостильді қою рәсімінің мақсаты Гаага қаласында 1961 жылғы 5 қазанда жасалған»Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын Конвенцияға(бұдан әрі - Гаага Конвенциясы) мүше-елдердің аумағында қолдануға арналған апостиленетін құжаттардың түпнұсқалылығы мен дұрыс ресімделінуіне кепілдікті қамтамасыз ету болып табылады.
Бұл қызмет көрсету автоматтандырылмаған, келу тәртібімен жүзеге асырылады.

Талдау және есепке алу басқармасы әкімшілік  сайтқа ақпаратты жолдайды

Шығыс Қазақстан облысы бойынша салық департаменті келесіні  хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Қарджы министрлігі  Салық комитеті  халыққа жоғары сапалы қызмет көрсету мақсатында екінші  деңгейлі банктерімен  бірге бюджетке салықтарды банкоматтар арқылы немесе басқа да электрондық  құрылғылар арқылы төлеу мүмкіндіктерін енгізуді іске асыруда жеке тұлғалар банкомат арқылы: жер, мүлік және көлік салықтарын («Казкоммерцбанкі» АҚ «БанкТұранӘлем» АҚ, «Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Альянс Банк» АҚ) бюджетке төлеу  бөлігінде.
«Казкоммерцбанк» АҚ 2008 жылдан бастап, Бюджет  жіктеушісінің  коды бойынша 3 бастап 31-ге дейін  төлеу тізімі ұлғайтылды, яғни қосымша қосылған салықтар, төлемдер, алымдар, соның ішінде әкімшілік айыппұлдарды  Интернет арқылы төлеу (homebank) мүмкіндігі енгізілген.
Салықтарды  автоматтандырылған банкоматтар  арқылы немесе басқа  да электрондық құрылғылар  арқылы төлеуі, салық төлеушілерге салық міндеттерін орындауға қолайлы жағдай жасайды, сонымен бірге көптеген  жағдайларда салық  төлеушінің банктерімен, салық  органдарымен өзара бірлесіп  жұмыс жасау  процедурасын  жеңілдету мүмкіндіктері болады.

Жеке табыс салығы

Жеке табыс салығын төлеуші болып салық салынатын объектілері бар жеке тұлғалар танылады. Жеке табыс салығы салынатын объектілер болатын:

1) төлем көзінен салық салынатын табыстар;

2) төлем көзінен салық салынбайтын табыстар;

Жеке тұлғалардың келесі түрді табыстарына салық салынбайды:

1) арнаулы әлеуметтік көмекке, жәрдемақыларға, өтемақыларға;

2) алименттерге;

3) мемлекеттік құнды қағаздардан және агенттік облигациялардан алынған табыстарға;

4) грант қаражаттары арқылы алынған төлемдерге;

5) жинақтау сақтандыру келісімі бойынша сақтандыру шартына отырған адамның қайтыс болған кезінде берілетін сақтандыру төлемдеріне және т.б.



Салық ставкалары:

Салық төлеушінің салық салынатын табысы Мөлшері

15-еселі жылдық есептік көрсеткішке дейін салық салынатын табыстың сомасының 5%

15- еселіден 40-еселі жылдық есептік көрсеткішке дейін 15-еселі жылдық есептік көрсеткіштен + одан асатын соманың 8%

40- еселіден 200-еселі жылдық есептік көрсеткішке дейін 40-еселі жылдық есептік көрсеткіштен + одан асатын соманың 13%

200- еселіден 600-еселі жылдық есептік көрсеткішке дейін 200-еселі жылдық есептік көрсеткіштен + одан асатын соманың 15%

600-еселі жылдық есептік көрсеткітен жоғары 600-еселі жылдық есептік көрсеткіштен + одан асатын соманың 20%

 

Көлік құралдары салығы.

Көлік құралына салық төлеуші болып иелігінде салық салынатын объектілері бар жеке тұлғалар және иелігінде салық салынатын объектілері бар, оларға шаруашылық жүргізуге және оларды жедел басқаруға құқылы заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері (әрі қарай – заңды тұлғалар) болып табылады.

Салық салу объектілері бойынша қаржы лизингі келісімі бойынша берілген (алынған) көлік құралдарына салық төлеуші болып лизинг алушы табылады.

Көлік құралдарына салық төлемейтін мыналар:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен көлік құралдарында қажеттілігі бар нормативтерінің межесінде бірыңғай жер салығын төлеушілер;

1-1) Ауыл шаруашылық өнімдерің өндірушілер, оның ішінде өз ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру барысында қолданатын арнайы ауыл шаруашылық техникасы бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілер. Арнайы мамандандырылған техниканың тізбесі Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді;

2) Мемлекеттік мекемелер;

3) Ұлы Отан соғысы ардагерлері және оларға теңдестірілген тұлғалар -салық салынатын объекті болып есептелетін бір көлік құралы бойынша;

4) Мүгедектер - иеліктеріндегі салық салынатын объекті болып есептелетін бір көлік құралы - мотоколяска немесе автокөлік бойынша;

5) Қеңес Одағының Батыры және Социалистік Еңбек Ері, «Халық каҺарманы» атағы бар тұлғалар, үш дәрежелі Даңк орденімен, «Отан» орденімен марапатталғандар, «Ардақты ана» («Мать-героиня») атағы бар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналар - салық салынатын объекті болып есептелетін бір көлік құралы бойынша;

6) Жеке тұлғалар – ауыл шарушылық құрылымынан шыққан кезде үлесі ретінде алған жеті жылдан артық пайдалану мерзімі өткен жүк тасымалдайтын автокөліктер бойынша;

Салық салынатын объектілері деп мемлекеттік тіркеуге жататын және (немесе) Қазақстан Республикасында есепте тұратын көлік тіркемелерінен басқа көлік құралы болып танылады;



Салық салынбайтын объектілері болатыны:

1) жүккөтерімділігі 40 тонна және одан да жоғары карьерлік жүкаударғыштар;

2) арнайы мамандандырылған дәрігерлік көлік құралдары.

Салықты есептеу айлық есептік көрсеткіштермен белгілеген мынадай ставкалар бойынша жүргізіледі:

Салық салу объектісі Салық ставкасы

(айлық есептік көрсеткіш)

Жеңіл автокөліктердің қозғалтқыштарының (двигатель) көлемі (текше см)

1500-ден жоғары 2000-ды қоса 7,0

2000-нан жоғары 2500-ды қоса 12,0

2500-ден жоғары 3000-ды қоса 17,0

3000-нан жоғары 4000-ды қоса 22,0

Салық сомасы қозғалтқыштардың аталған көлемінен асқан әрбір бірлік үшін 7 теңгеге ұлғайтылады.

Салық төлеудің белгіленген мерзімі аяқталғанға дейін пайдаланылу мерзімі алты жылдан асқан жеңіл автокөлік құралдары бойынша мынадай түзету коэффициенттері қолданылады:

ТМД елдерінде шығарылған автокөлік құралдары үшін:

6 жылдан – 15 жылға дейін қоса алғанда – 0,3;

15 жылдан жоғары – 25 жылды қоса алғанда – 0,2;

25 жылдан жоғары – 0,1;

Қозғалтқыш көлемі мынадай басқа автокөлік құралдары үшін:

3000 текше сантиметрге дейін қоса алғанда – 0,5

3000 –нан жоғары – 4000 текше сантиметрді қоса – 0,7;

4000-нан жоғары – 0, 1;

Пайдалану мерзімі жиырма жылдан асқан ТМД елдері шығаратын жеңіл автокөліктер мен мотоциклдер бойынша жеке тұлғалар үшін түзету көэффициенті – 0.

Белгіленген салық төлеу мерзімі аяқталғанға дейін пайдаланылу мерзімі жеті жылдан асқан ТМД елдерінде шығарылған жүк таситын арнаулы автокөлік құралдары бойынша мынадай түзету коэффициенттері қолданылады:

7 жылдан – 14 жылға дейін қоса алғанда – 0,5;

14 жылдан жоғары –20 жылды қоса – 0,3;

20 жылдан жоғары – 0,1.

Пайдаланылу мерзіміне байланысты ұшу аппараттарының салық ставкаларына мынадай түзету коэффициенттері қолданылады:

1999 жылғы 1 сәуірден кейін Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден сатып алынған ұшу аппараттарына:

пайдаланылу мерзімі 5 жылға дейін қоса алғанда - 1,0;

пайдаланылу мерзімі 5 жылдан жоғары – 15 жылды қоса - 2,0;

пайдаланылу мерзімі 15 жылдан жоғары – 3,0;

1999 жылғы 1 сәуірге дейін сатып алынған, сондай-ақ 1999 жылғы 1 сәуірден кейін алынған және Қазақстан Республикасында 1999 жылға дейін пайдалануда болған ұшу аппараттарына:

пайдаланылу мерзімі 5 жылға дейін қоса алғанда - 1,0;

пайдаланылу мерзімі 5 жылдан жоғары – 15 жылды қоса - 0,5;

пайдаланылу мерзімі 15 жылдан жоғары –0,3;

Көлік құралының пайдаланылу мерзімі паспортында (әуе кемесін ұшуда пайдалану жөніндегі нұсқамада) көрсетілген көлік құралы шығарылған жыл негізге алына отырып есептеледі.

347 баптың 1-тармағындағы кестенің 6-тармағында көрсетілген көлік құралдарының пайдаланылу мерзіміне қарай салық ставкаларына мынадай түзету коэффициенттері қолданылады:

5 жылға дейін қоса алғанда – 1,0;

5 жылдан жоғары – 10 жылды қоса алғанда – 0,5;

10 жылдан жоғары – 20 жылды қоса алғанда – 0,3;

20 жылдан жоғары – 30 жылды қоса алғанда – 0,2;

30 жылдан жоғары – 0,1.

Салық төлеушілер салық салу объектілерін , әрбір көлік құралы бойынша салық ставкасын және түзету коэффициенттерін негізге ала отырып, салық кезеңі үшін салық сомасын дербес есептейді.

Көлік құралы меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында салық кезеңінен аз уақыт болған жағдайда салық сомасы көлік құралы меншік құқығында салық кезеңінен аз уақыт болған жағдайда салық сомасы көлік құралы меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында болған кезең үшін салықтың жылдық сомасын 12-ге бөліп, оны көлік құралы меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында іс жүзінде болған айлардың санына көбейту арқылы есептеледі (Салық Кодексінің 348 б., 1 т.).



Мүлік салығы.

Мыналар мүлік салығын төлеушілер болып табылады:

1)Қазақстан Республикасының аумағында меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектісі бар заңды тұлғалар;

2)Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында салық салу объектісі бар жеке тұлғалар;

Мыналар мүлікке салынатын салықты төлеушілер болып табылмайды:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін қажеттілік нормативтері шегінде салық салуобъектілері бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілер.

Салық салу объектілері бойынша бірыңғай жер салығын белгіленген қажеттілік нормативтерінен артық төлеушілер мүлікке салынатын салықты осы бөлімде белгіленген тәртіппен төлейді;

2)Салық салу осы Кодекстің 283-бабында белгіленген салық режимінің екінші үлгісі бойынша жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдаланушылар;

3) мемлекеттік мекемелер;

4) уәкілетті органдарының қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары;

5) діни бірлестіктер.

Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін негізгі құралдар (оның ішінде тұрғын үй қорының құрамында тұрған объектілер) мен материалдық емес активтер салық салу объектісі болып табылады.

Бухгалтерлік есептің деректері бойынша анықталатын салық салу объектілерінің орташа жылдық қалдық құны заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің салық салу объектілері бойынша салық базасы болып табылады.

Салық салу объектілерінің орташа жылдық қалдық құны ағымдағы салық кезеңінің әр айының бірінші күні мен есепті кезеңнен кейінгі кезең айының бірінші күніндегі салық салу объектілерінің қалдық құның қосу кезінде алынған соманың он үштен бірі ретінде анықталады.

Заңды тұлғалар (осы баптың 2 және 2-1-тармақтарында аталғандарды қоспағанда) салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 1 процент ставка бойынша мүлік салығын есептейді.

1-1.Жеке кәсіпкерлер мүлік салығын салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0,5 процент ставка бойынша есептейді. (01.01.2006 ж. бастап)

Төменде аталған заңды тұлғалар салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0,1 процент ставка бойынша мүлік салығын есептейд:

1) діни бірлестіктерді қоспағанда, осы Кодекстің 120-бабында белгіленген заңды тұлғалар;

2) Салық Кодексінің 121-бабында белгіленген заңды тұлғалар;

3) негізгі қызмет түрі кітапханалық қызмет көрсету саласындағы жұмыстарды орындау (қызмет көрсету) болып табылатын ұйымдар;

4) ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестаттау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындар;

5) мемлекеттік меншікке жататын және мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылатын су қоймаларының, су тораптарының және табиғат қорғау мақсатындағы басқа да су шаруашылығы құрылыстарының объектілері бойынша заңды тұлғалар;

6) ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер – заңды тұлғалар және шаруа (фермер) қожалықтарының жерін суару үшін пайдаланылатын су мелиорациялық құрылыс объектілері бойынша заңды тұлғалар.

2-1 Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғалар мүлік салығын салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0,5 процент ставка бойынша есептейді. (01.01.2006 ж. бастап)

355 баптың 2-тармағында аталған заңды тұлғалар пайдалануға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша мүлік салығын осы баптың

1-тармағында белгіленген салық ставкасы бойынша есептейді және төлейді.

Салық төлеушілер салықты есептеуді салық базасына тиісті салық ставкаларын қолдану арқылы дербес жүргізеді.

Ортақ үлестік меншіктегі салық салу объектілері бойынша мүлік салығы әрбір салық төлеушінің мүлік құнындағы оның үлесіне барабар есептеледі.

Салық төлеушілер салық кезеңі ішінде мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді төлеуге міндетті, олар салық кезеңінің басындағы бухгалтерлік есеп деректері бойынша белгіленген салық салу объектілерінің қалдық құнына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы анықталады.

Бюджетке салық төлеу салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша жүргізіледі.

Салықтың ағымдағы төлемдерінің сомаларын салық төлеуші салық кезеңіндегі 20 ақпаннан, 20 мамырдан, 20 тамыздан және 20 қарашадан кешіктірмей тең үлестермен енгізеді.

Жер салығы

1.Жер салығын төлеушілер салық салынатын объектілері бар жеке және заңды тұлғалар болып табылады:

1) жеке меншік құқығындағы;

2) тұрақты жер пайдалану құқығындағы;

3) бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығында салық салу объектілері бар жеке және заңды тұлғалар жер салығын төлеушілер болып табылады.

2.Салық салынатын объектілері бар заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері жер салығын төлеушілер деп танылады (әрі қарай – заңды тұлғалар).

Жер салығын төлмейтін болып мыналар танылады:

1) бірыңғай жер салығын төлеушілер шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнайы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелері бойынша;

2) мемлекеттік мекемелер;

3) Салық Кодексінің 283-бабында белгіленген салық режимінің екінші үлгісі бойынша салық салу жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдаланушылар;

4) Уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары;

5) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала кезінен мүгедектің ата-анасының біреуі:

тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскесі;

үй маңындағы жер учаскелері;

жеке үй (қосалқы) шаруашылығын жүргізу, бау-бақша шаруашылығы үшін берілген және кұрылыс алып жатқан жерлерді қоса алғанда, саяжай құрылысына арналған учаскелері;

гараждарға арналған жер учаскелері бойынша;

6) Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелері және үй маңындағы жер учаскелері бойынша – «Ардақты ана» («Мать -героиня») атағына ие болған, «Алтын алқа» алқасымен марапатталған көп балалы аналар;

7) Діни бірлестіктер жер салығын төлеушілер болып табылмайды.

Жер учаскесі (жер учаскесіне ортақ үлестік меншік кезінде – жер үлесі)

салық салу объектісі болып танылады.

Мыналар салық салу объектісі болып танылмайды:

1) елді мекендердің ортақ пайдалануындағы жер учаскелері;

2) ортақ пайдалануындағы мемлекеттік автомобиль жолдары желісі алып жатқан жер учаскелері;

3) Қазақстан Республикасының Үкіметінің шешімі бойынша консервацияланған объектілер орналасқан жер учаскелері;

4) Салық Кодексінің 138 – 140 баптарында белгіленген тәртіппен инвестициялық жобаны іске асыру үшін иемденіп алынған және пайдаланылатын жер учаскелері;

Салық базасы және салық ставкалары.

Жер салығын анықтау үшін жер учаскесінің алаңы салық базасы болып табылады.

Жергілікті өкілді органдар Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жүргізілетін жерлерді өңірлерге бөлу жобалары (схемалары) негізінде жер салығының ставкаларын Салық Кодексінің 329, 330,332,334-баптарында белгіленген жер салығының базалық ставкаларынан 50% аспайтындай етіп төмендетуге немесе жоғарлатуға құқығы бар.

Заңды тұлғалардың салықты есептеу тәртібі мен төлеу мерзімдері.

1) Заңды тұлғалар жер салығы сомаларын салық базасына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы дербес есептейді.

2) Ағымдағы төлемдердің сомалары ағымдағы жылдың 20 ақпанынан, 20 мамырынан, 20 тамызынан және 20 қарашасынан кешіктірілмейтін мерзімдерде тең үлестермен төленуге тиіс.

Жеке тұлғалардың салықты есептеу тәртібі мен төлеу мерзімдері.

1) Жеке тұлғалар (өз қызметінде пайдаланатын жер учаскелері бойынша жекелеген кәсіпкерлерді, жеке нотариустар мен адвокаттарды қоспағанда) төлеуге жататын жер салығын есептеуді салық органдары тиісті салық ставкалары мен салық базасын негізге ала отырып, 1 тамыздан кешіктірілмейтін мерзімде жүргізеді.

2) Жеке тұлғалар (өз қызметінде пайдаланатын жер учаскелері бойынша жекелеген кәсіпкерлерді, жеке нотариустар мен адвокаттарды қоспағанда) бюджетке жер салығын ағымдағы жылдың 1 қазанынан кешіктірмей төлейді.

3) Жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар мен адвокаттар өз қызметінде пайдаланатын жер учаскелері бойынша жер салығын заңды тұлғаларға белгілеген тәртіппен есептейді және төлейді.

Салық кезеңі.

Жер салығын есептеу және төлеу кезеңі болып күнтізбелік жыл танылады.

Салық есептілігі.

Заңды тұлғалар (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар мен адвокаттар декларацияны салық салу объектілері орналасқан жердегі салық органдарына есептік салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей, сондай-ақ ағымдағы төлемдер есеп-қисабын Салық Кодексінің 344-бабында белгіленген мерзімде табыс етеді.

Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым жасау тәртібі

Салықтық тексеру нәтижелеріне және cалық қызметі органдарының лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасау тәртібі Қазақстан Республикасының 10.12.2008 ж. № 99-IV «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (әрі қарай – Салық кодексі) Кодексінің 21 бөлімінде қарастырылған.


Шығыс Қазақстан облысының аудандары, қалалары бойынша салық басқармаларымен шығарылған салық тексеруі нәтижелері туралы хабарламаларға берілген салық төлеушінің шағымын қарауды ШҚО бойынша салық департаментінің (әрі қарай – ШҚО бойынша СД) Салық заңнамасын түсіндіру және апелляция басқармасы жүзеге асырады.
ШҚО бойынша СД шығарылған шешімге берілген салық төлеушінің шағымын қарауды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (бұдан әрі – Салық комитеті ) жүзеге асырады.
Салық төлеушінің салық тексеруі нәтижелері туралы хабарламаға шағымы салық төлеушіге көрсетілген хабарламаны тапсырған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жоғары тұрған салық қызметі органына беріледі. Бұл ретте шағымды беру мерзімін есептеу тиісті хабарламаны тапсырған күннен кейінгі күннен басталады.
ШҚО бойынша СД шешіміне салық төлеушінің шағымы Салық комитетіне салық төлеуші шағымды қарау нәтижелері бойынша шешімді алған күннен бастап не Салық кодексінің 670-бабының 1-тармағында аталған мерзім аяқталған соң (шағым тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, ал мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің шағымы бойынша, шағым тіркелген күннен бастап қырық бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде дәлелді шешім шығарылады) осындай шешім болмаған кезде отыз жұмыс күні ішінде беріледі.
Бұл ретте шағымды беру мерзімін есептеу көрсетілген шешімді алған күннен кейінгі күннен басталады, ал шешім болмаған кезде шағымды беру мерзімін есептеу Салық кодексінің 672-бабында (тақырыптық және қайта қосымша тексеру жүргізгенде – олар аяқталғанға дейін; мемлекеттік органдарға және мемлекет жүз процент қатысатын заңды тұлғаларға, сондай-ақ шетел мемлекеттерінің құзыретті органдарына сұрау салулар жіберген кезде жауап алған кезге дейін тоқтатыла тұрады) көзделген тоқтата тұру ескеріле отырып, шағымды қарау мерзімі аяқталатын күннен кейін басталады.
Жоғарыда көрсетілген мерзімдерді дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда шағым беруші салық төлеушінің өтініші бойынша шағымды қараушы салық қызметі органы бұл мерзімді қалпына келтіруі мүмкін. Салық қызметі органы өткізіп алған шағым беру мерзімін қалпына келтіру мақсатында оған қатысты салықтық тексеру жүргізілген жеке тұлғаның, сондай-ақ салық төлеушінің басшысының және (немесе) бас бухгалтерінің (ол болған жағдайда) науқастанып қалуын дәлелді себеп ретінде таниды. Осы ереже оған қатысты салық тексеруі жүргізілген жеке тұлғаларға, сондай-ақ ұйымдық құрылымы жоғарыда көрсетілген тұлғалар болмаған кезде олардың орнын ауыстыратын тұлғалардың болуын көздемейтін салық төлеушілерге қолданылады.
Өткізіп алған шағым беру мерзімін салық қызметі органы қалпына келтіру туралы салық төлеушінің (салық агентінің) өтініші салық төлеуші (салық агенті) шағым мен өтінішті салық төлеушінің басшысының және (немесе) бас бухгалтерінің науқасынан жазылған күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей берген жағдайда ғана қанағаттандырылады.
Салық төлеушiнiң шағымы жазбаша нысанда берiледi.
Салық қызметі органы:
1) салық төлеуші шағымын шағым жасау мерзімін өткізіп алып берген;
2) салық төлеушінің шағымының нысаны мен мазмұны белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;
3) салық төлеуші үшін шағымды оның өкілі болып табылмайтын тұлға берген;
4) салық төлеуші шағымда жазылған мәселелер бойынша сотқа талап-арыз берген жағдайларда шағымды қараудан бас тартады.
Бұл ретте салық қызметі органы шағым келіп түскен немесе салық төлеуші шағымда жазылған мәселелер бойынша сотқа талап-арыз берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық төлеушіні шағымды қараудан бас тарту туралы жазбаша түрде хабарландырады.
Салық төлеушiнiң шағымы бойынша – шағым салық қызметі органында тiркелген күннен бастап отыз жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде, ал мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің шағымы бойынша, шағым тiркелген күннен бастап қырық бес жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде дәлелдi шешiм шығарылады.
Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің шағымын қарау қорытындысы бойынша жоғары тұрған салық қызметі органы мына шешімдердің бірін шығарады:
1) шағым жасалған салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарлама өзгеріссіз, ал шағым қанағаттандырусыз қалдырылсын;
2) шағым жасалған салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаның толық немесе бір бөлігінің күші жойылсын.
Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаның күші жойылған жағдайда салықтық тексеру актісінің салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағым жасалған бөлігінде ғана күші жойылады.

 

Салық заңнамасы ережелерін түсіндіру



Қазақстан Республикасының салық заңнамасын насихаттау салық төлеушілердің (салық агенттерінің) салық мәселелері жөнінде хабардарлығын арттыру, оның ішінде олардың назарына Қазақстан Республикасы салық заңнамасының ережелерін, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды, сондай-ақ салық міндеттемесін орындауға байланысты мәселелер бойынша ақпаратты жеткізу арқылы хабардарлығын арттыру мақсатын көздейді.
Салық қызметі органдары Қазақстан Республикасының салық заңнамасын насихаттауды семинарлар, отырыстар, салық төлеушілермен (салық агенттерімен) кездесулер өткізу, бұқаралық ақпарат құралдарын, ақпараттық стендтерді, буклеттерді және өзге де баспа материалдарын, сондай-ақ бейне-, аудио- және ақпарат тарату үшін қолданылатын басқа да техникалық құралдарды, телефон және ұялы байланыс құралдарын пайдалана отырып ақпараттарды орналастыру арқылы жүзеге асырады.
ШҚО бойынша салық департаментінде осы аталған функцияларды басқа басқармалармен бірге Салық заңнамасын түсіндіру және апелляция басқармасы жүзеге асырады.
Аудандар және қалалар бойынша салық басқармаларында салық заңнамасы ережелерін түсіндіру функциясы, аумақтық бөлімшелердің жекелеген жұмысшыларына бұйрықтармен бекітілген.
Жоғарыда аталған жұмысшылардың байланыс мәліметтері қоса берілді.
Сонымен бірге, осы мәліметтер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің www.salyk.kz сайтында орналастырылған.    

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет