Ветеринарлық препараттарды қолдануды бір көзден алу тәсілімен
мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама
Комсомол селосы 02 наурыз 2011 жыл
-
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы «Әйтеке би аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ-і ветеринарлық препараттарды қолдануды бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүргізді.
-
Сатып алуға бөлінген сома: 2223300 (екі миллион екі жүз жиырма үш мың үш жүз) теңге
-
Осы тәсілді қолдануға негіздеме: Бөлім бастығының 25 ақпан 2011 жылғы № 20 бұйрығы және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 32 бабының 4 тармақшасы.
-
Өнім берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келуі: ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 8-бабы 1-тармағындағы көзделген талаптарға сәйкес келеді.
-
Шарт жасалатын өнім берушінің атауы және орналасқан жері және келісім шарттың бағасы: Талдысай селосы бойынша «ЖК Жасаров М.К.» 585500 (бес жүз сексен бес мың бес жүз) теңге,Жамбыл селосы бойынша «ЖК Жуламанов А.» 491700 (Төрт жүз тоқсан бір мың жеті жүз) теңге, Ақкөл селосы бойынша «ИП Сагингалиев М.Т.» 1146100 (Бір миллион бір жүз қырық алты мың бір жүз) теңге. Барлығы: 2223300 (екі миллион екі жүз жиырма үш мың үш жүз) теңге.
-
Сарапшыларды тарту, олар ұсынған қорытындылар туралы ақпарат. Сарапшы тартылған жоқ.
-
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осы бір көзден алу тәсілімен сатып алу нәтижесі бойынша ШЕШТІ:
-
ветеринарлық препараттарды қолдануды Талдысай селосы бойынша «ЖК Жасаров М.К.»,Жамбыл селосы бойынша «ЖК Жуламанов А.», Ақкөл селосы бойынша «ЖК Сагингалиев М.Т.» жүргізссін.
-
«Әйтеке би аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ (Ақтөбе облысы,Әйтеке би ауданы,Комсомол селосы,Жүргенов көшесі 62 үй) 31 желтоқсан 2011 жылға дейінгі мерзімге Талдысай селосы бойынша «ЖК Жасаров М.К.»,Жамбыл селосы бойынша «ЖК Жуламанов А.», Ақкөл селосы бойынша «ЖК Сагингалиев М.Т.» келісім шартқа отырсын.
-
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы: «Әйтеке би аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ (Ақтөбе облысы,Әйтеке би ауданы,Комсомол селосы,Жүргенов көшесі 62 үй)
Осы хаттаманың мәтінін Тапсырыс берушінің веб-сайтына жіберсін.
Комиссия төрағасы: Ш.Утеуов
Мүшесі: С.Кулмагамбетов
Хатшы: Г.Ермаханова
Достарыңызбен бөлісу: |