«Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының



бет2/6
Дата01.07.2016
өлшемі446.5 Kb.
1   2   3   4   5   6

9) әлеуетті өнім берушінің және (немесе) ол тартқан қосалқы мердігердің (бірлескен орындаушының) қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына не Қазақстан Республикасының резиденті емес әлеуетті өнім беруші мемлекеттің заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрса;

10) әлеуетті өнім беруші және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігер (бірлескен орындаушы) және (немесе) олардың басшысы, құрылтайшылары (акционерлері) терроризм мен экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен енгізілсе, өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алуға қатысуға құқылы емес.

2. Әлеуетті өнім беруші мен әлеуетті өнім берушінің үлестес тұлғасының бір конкурсқа (лотқа) қатысуға құқығы жоқ.

3. Мемлекеттік сатып алу тапсырыс берушінің мүддесіне орай жүзеге асырылатын болса, оның осындай сатып алуға әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға құқығы жоқ.

4. Осы баптың талаптарының бұзылуына жол берген әлеуетті өнім беруші не өнім беруші осы Заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілуге тиіс.

5. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының талаптары бұзылғанын анықтаған адамдар осы фактілерді растаушы құжаттардың көшірмелерін хабарламаға қоса бере отырып, оны анықтаған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырыс берушіні және уәкілетті органды бұл туралы хабардар етуге міндетті.
7-бап. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны айқындау тәртібі
1. Тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тұлға болатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау үшін тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны, сондай-ақ тапсырыс берушінің алда болатын мемлекеттік сатып алуда мүддесін білдіретін оның лауазымды тұлғасын айқындайды.

2. Тапсырыс берушінің өзі тікелей не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімін орындауға жауапты өз құрылымдық бөлімшесінің атынан мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бола алады.

Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы етіп тапсырыс берушінің ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік мекемесін айқындауға құқылы.

3. Тапсырыс берушіге ведомстволық бағынысты бірнеше мемлекеттік мекеме үшін тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде әрекет етуге құқылы;

4. Тапсырыс берушіге ведомстволық бағынысты бірнеше мемлекеттік мекеме үшін тапсырыс беруші олардың арасынан мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны айқындауға құқылы;

5. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі өзінің ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік мекеме, оған қатысты өзі мемлекеттік басқару органы болып табылатын заңды тұлға не оған қатысты бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мемлекеттік басқару органы болып табылатын заңды тұлғамен үлестес тұлға үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде болуға құқылы.

Мемлекеттік кәсіпорын өзімен үлестес тұлғалар үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде болуға құқылы.

Дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға өзімен үлестес тұлғалар үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы болуға құқылы.


8-бап. Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының
мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
1. Бірыңғай мемлекеттік сатып алуды өткізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі орталық және жергілікті атқарушы органдар үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны айқындайды.

Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді уәкілетті орган айқындайтын бюджеттік бағдарламалардың және (немесе) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша орындайды.

Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы тапсырыс берушінің бастамасы бойынша құны елу мың айлық есептік көрсеткіштен асатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде бола алады.

2. Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды мынадай дәйекті кезеңдерді сақтай отырып өткізеді:

1) тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыға мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге тапсырманы ұсынуы;

2) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының тапсырыс беруші ұсынған, мемлекеттік сатып алуды өткізу  қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын тапсырма негізінде конкурстық немесе аукциондық құжаттаманы әзірлеуі және бекітуі;

3) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының конкурстық не аукциондық комиссияның құрамын айқындауы және бекітуі.

Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы айқындайтын және бекітетін конкурстық не аукциондық комиссияның құрамына тапсырыс берушінің өкілдері де кіреді, бұл ретте:

мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыратын және өткізетін жағдайда, орталық атқарушы органдар үшін конкурстық не аукциондық комиссияның төрағасы болып тапсырыс берушінің бірінші басшысы айқындалуға тиіс;

орталық атқарушы органдар үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы орталық атқарушы органдардың қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырған және өткізген жағдайда тапсырыс берушінің жауапты хатшысы конкурстық (аукциондық) комиссияның төрағасы болып анықталуы тиіс;

мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыратын және өткізетін жағдайда, жергілікті атқарушы органдар үшін тиісті облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімі не тапсырыс берушінің бірінші басшысы конкурстық не аукциондық комиссияның төрағасы болып айқындалуға тиіс;

4) қажет болған жағдайда мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының конкурстық немесе аукциондық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуі;

5) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды орналастыруы;

6) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының тапсырыс берушіге мәліметтері мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына конкурстық немесе аукциондық құжаттаманы және (немесе) конкурстық немесе аукциондық құжаттаманың техникалық ерекшелігін алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген, мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркелген тұлғалар тарапынан ұсыныстар мен ескертулерді жіберуі;

7) конкурс немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын айқындауы;

8) тапсырыс берушінің жеңімпазбен мемлекеттік сатып алу туралы шартты осы Заңда және мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттама негізінде жасасуы.

3. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары бекітілген не мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыға осы баптың 1-тармағына сәйкес жоспарланып отырған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратты береді.

4. Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруы және өткізуі осы Заңда және мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.


9-бап. Әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптары
1. Әлеуетті өнім берушіге біліктілік талаптары қойылады:

1) құқық қабілеттілігінің (заңды тұлғалар үшін), азаматтық іс-әрекетке қабілеттілігінің (жеке тұлғалар үшін) болуы;

2) төлем қабілеттілігінің болуы, салық берешегінің болмауы;

3) банкроттық не таратылу рәсімдеріне жатқызылмауы;

4) тиісті еңбек ресурстарына ие болуы тиіс.

Осы тармақтың 2) тармақшасының талаптары өздеріне қатысты оңалту рәсімі немесе жеделдетілген оңалту рәсімі жүргізілетін әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды.

Осы тармақтың 4) тармақшасының талаптары көрсетілетін қызметтерге қолданылмайды.

2. Әлеуетті өнім беруші өзінің осы бапта белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында көзделген тиісті құжаттарды ұсынады.

3. Қазақстан Республикасының резиденті емес әлеуетті өнім беруші өзінің осы бапта белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасының резиденттері ұсынатын нақ сондай құжаттарды не Қазақстан Республикасының резиденті емес әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы осыған ұқсас мәліметтерді қамтитын құжаттарды табыс етеді.

4. Айналысуы үшін рұқсат алуы қажет қызметтің түрлерін жүзеге асыратын әлеуетті өнім берушінің құқық қабілеттілігі ақпараттандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік ақпараттық жүйе арқылы расталады.

Мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған жағдайда әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген тиісті рұқсаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесін ұсынады.

5. Осы баптың 1-тармағында белгіленген біліктілік талаптары әлеуетті өнім беруші жүргізілетін мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылатын жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігер не қызмет көрсетулер бойынша бірлескен орындаушы ретінде тартуды көздейтін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларға да және заңды тұлғаларға да қолданылады.

Жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерлерін (бірлесіп орындаушыларын) тартуды көздейтін әлеуетті өнім беруші жұмыстарға не көрсетілетін қызметтерге тартылатын қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) осы баптың 1-тармағында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға ұсынуға тиіс.

Қосалқы мердігерлерге (бірлескен орындаушыларға) жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету үшін берілуі мүмкін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің шекті көлемі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгіленеді.

Бұл ретте қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) өткізілетін мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылатын жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету көлемдерін өзге қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) беруге тыйым салынады.

6. Осы баптың 1-тармағында белгіленген біліктілік талаптары осы Заңның 42-бабының 3-тармағында және 45, 46-баптарында көзделген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жағдайларына қолданылмайды.

Осы Заңның 40, 41-баптарында, 42-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, біліктілік талаптары қолданылмайды.

9. Осы Заңның 33 және 34-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында көзделмеген біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.


10-бап. Әлеуетті өнім берушіні біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп танудың негіздері
1. Әлеуетті өнім беруші мынадай негіздердің бірі бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп танылуға тиіс:

1) әлеуетті өнім берушінің және (немесе) ол тартатын, жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерінің (бірлескен орындаушының) біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін құжат (құжаттар) ұсынбауы;

2) әлеуетті өнім беруші біліктілік талаптарына өзінің сәйкестігін, сондай-ақ ол тартатын жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерінің (бірлескен орындаушысының) сәйкестігін растау үшін табыс етілген құжаттарында қамтылған ақпараттың негізінде біліктілік талаптарына сәйкес келмеу фактісінің анықталуы;

3) біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат беру фактісінің анықталуы.

2. Әлеуетті өнім берушіні және (немесе) ол тартатын жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерін (бірлескен орындаушысын) осы баптың 1-тармағында көзделмеген негіздер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп тануға жол берілмейді.
11-бап. Әлеуетті өнім берушінің мемлекеттік сатып алу қорытындыларына әсер еткен анық емес ақпарат беруінің салдары
1. Мемлекеттік сатып алу қорытындыларына әсер еткен анық емес ақпарат берген әлеуетті өнім берушілер осы Заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізіледі.

2. Әлеуетті өнім беруші ұсынатын біліктілік талаптары бойынша ақпараттың анықтығын тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы, уәкілетті орган не мемлекеттік қаржылық бақылау органдары мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кез келген сатысында анықтауы мүмкін.

3. Әлеуетті өнім берушінің мемлекеттік сатып алу қорытындыларына әсер еткен анық емес ақпаратты беру фактісін анықтаған тұлғалар осындай факті анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, хабарламаға осы фактілерді растайтын құжаттардың көшірмесін қоса беріп, тапсырыс берушіні және уәкілетті органды жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.

4. Әлеуетті өнім беруші анық емес ақпаратты беру фактісі анықталған не осындай фактіні белгілеу туралы жазбаша хабарлама алған күннен бастап тапсырыс берушілер күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы сотқа қуыным беруге міндетті.


12-бап. Мемлекеттік сатып алу саласында қалыптастырылатын тізілімдер
1. Уәкілетті орган мемлекеттік сатып алу саласында мынадай:

1) тапсырыс берушілердің;

2) мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың;

3) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың;

4) білікті әлеуетті өнім берушілердің республикалық тізілімдерін (бұдан әрі – тізілімдер) қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асырады.

2. Тапсырыс берушілердің тізілімі өздерінің жұмыс істеуін, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды не жарғылық қызметті орындауын қамтамасыз ету үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға міндетті заңды тұлғалардың тізбесін білдіреді.

3. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізілімі тапсырыс берушілер тиісті қаржы жылында жасасқан, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың нысанасы, сандық және құндық көрсеткіштері туралы, тараптардың шарттық міндеттемелерді орындау нәтижелері туралы мәліметтер бар мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізбесін білдіреді.

Құқықтық тәртіп және ұлттық қауіпсіздік қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін мемлекеттік сатып алу туралы шарттар, егер мәліметтер Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мемлекеттік құпияларды, таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты құрайтын болса мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізіліміне енгізілмейді.

Осы Заңның 42-бабы 3-тармағының 3) және 10) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алудың нәтижелері бойынша жасалған шарттар туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізіліміне енгізуге жатпайды.

4. Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі:

1) мемлекеттік сатып алудың қорытындыларына әсер еткен анық емес ақпарат табыс еткен өнім берушілердің;

2) осы Заңның 6-бабының талаптары бұзылуына жол берген өнім берушілердің;

3) жеңімпаздар деп айқындалған, мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудан жалтарған әлеуетті өнім берушілердің;

4) өздерімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамауына не тиісінше орындамауына байланысты олармен мемлекеттік сатып алу туралы шарт бұзылған өнім берушілердің тізбесін білдіреді.

Осы тармақтың 1) 2) 4) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушінің немесе өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы өзіне белгілі болған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей, сол әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алушыға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талаппен сотқа жүгінуге міндетті.

5. Осы баптың 4-тармағының 1), 2), 4) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі заңды күшіне енген сот шешімдерінің негізінде қалыптастырылады.

Осы баптың 4-тармағының 3) тармақшасында көзделген мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі уәкілетті орган шешімінің негізінде қалыптастырылады.

6. Осы баптың 4-тармағының 1), 2), 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілер немесе өнім берушілер соттың оларды мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап жиырма төрт ай ішінде мемлекеттік сатып алуға қатысуға жіберілмейді.

Осы баптың 4-тармағының 3) тармақшасында көзделген негіз бойынша мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілер уәкілетті орган оларды мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешім қабылдаған күннен бастап жиырма төрт ай ішінде мемлекеттік сатып алуға қатысуға жіберілмейді.

Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінде қамтылған мәліметтер осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде белгіленген мерзім аяқталған күннен бастап, бір жұмыс күнінен кешіктірілмей аталған тізілімнен шығарып тасталады.

7. Әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу туралы шешімге олардың сот тәртібінде шағымдануына болады.

8. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді, таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты қоспағанда, тізілімдерде қамтылған мәліметтер мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылады және олар төлем алынбастан танысу үшін мүдделі тұлғаларға қолжетімді болуға тиіс.

9. Жосықсыз өнім берушілер тізіліміне әлеуетті өнім берушілер және Заңның 42-бабы 3-тармағының 1), 2), 3), 34), 46) тармақшаларында көзделген жағдайларда анықталған өнім берушілер енгізілмейді.
13-бап. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілдері
1. Мемлекеттік сатып алу мынадай тәсілдердің бірімен жүзеге асырылады:

1) конкурс (ашық конкурс, алдын ала біліктілік іріктеумен конкурс, екі кезеңдік рәсімдер пайдаланыла отырып конкурс, жабық конкурс, қатысуы шектеулі конкурс);

2) аукциондарда;

3) баға ұсыныстарын сұрату;

4) электрондық дүкен арқылы;

5) бір көзден алу;

6) тауар биржалары арқылы.

2. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін осы Заңға сәйкес айқындайды.

3. Мемлекеттік сатып алу, осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, электрондық түрде жүзеге асырылады.

4. Өзінің филиалының (өкілдігінің) қызметін қамтамасыз етуге қажетті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жылдық көлемін негізге ала отырып, тапсырыс берушінің атынан осындай мемлекеттік сатып алуды тапсырыс берушінің филиалы (өкілдігі) тікелей жүзеге асырған жағдайда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың тәсілін тапсырыс беруші айқындауға құқылы.

5. Жаңарту тәртібімен шығарылатын Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтар тізбесінде тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес келетін тауарлар болған жағдайда тапсырыс беруші бірінші Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын тәртіппен осы Заңның 42-бабы 3-тармағының 9) тармақшасына сәйкес жаңарту тәртібімен шығарылатын мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сатып алуды жүзеге асыруға міндетті. Бұл ретте көлік шығыстары, оның ішінде тауарды тиеу-түсіруге байланысты шығыстар тапсырыс берушіге жүктеледі.

Жаңарту тәртібімен шығарылатын мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының тізбесін мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган қалыптастырады және мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылады.


14-бап. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимді қолдану
1. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде шет мемлекеттерден шығарылатын тауарларға, тиісінше шетелдік әлеуетті өнім берушілер орындайтын, көрсететін жұмыстарға, қызметтерге Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда және шарттарда Қазақстанда шығарылған тауарлармен, тиісінше қазақстандық әлеуетті өнім берушілер орындайтын, көрсететін жұмыстармен, қызметтермен тең шарттарда ұлттық режим қолданылады.

2. Елдің конституциялық құрылысының негіздерін қорғау, құқықтық тәртібін, ұлттық қауіпсіздігін және қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының ішкі нарығын қорғау, ұлттық экономиканы дамыту, отандық тауар өндірушілерді, отандық жұмыс, көрсетілетін қызмет берушілерді қолдау мақсатында уәкілетті орган мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған кезде шет мемлекеттерден шығарылатын тауарларға, тиісінше шетелдік әлеуетті өнім берушілер орындайтын, көрсететін жұмыстарға, қызметтерге берілетін рұқсатқа тыйым салуды және аталған тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге берілетін рұқсатқа шектеу белгілеуге құқылы.

Көрсетілген тауарларды шығарған елді айқындау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

3. Уәкілетті орган осы баптың 2-тармағына сәйкес оларға қатысты тыйым салу, шектеу белгілеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, уәкілетті орган мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған кезде шет мемлекеттерден шығарылатын тауарларға, тиісінше шетелдік әлеуетті өнім берушілер орындайтын, көрсететін жұмыстарға, қызметтерге рұқсат беру шарттарын белгілеуге құқылы.

2-тарау. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруды мемлекеттік реттеу
15-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік сатып алу саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;

2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітеді;

3) осы Заңда айқындалған отандық әлеуетті өнім берушілер санаттарын мемлекеттік қолдау шараларын айқындайды;

4) отандық тауар өндірушілер өндіретін және олардан сатып алынатын тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесін бекітеді;

5) тауарларды өндіретін және (немесе) жеткізетін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесін бекітеді;

6) Сатып алу және тауар интервенцияларын, сондай-ақ азық-түлік тауарларын сақтау, қайта өңдеу, тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың (агенттіктердің) тізбесін бекітеді;

7) түзету мекемелері мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесін, осы Заңның 42-бабы 3-тармағының 37) тармақшасына сәйкес олардан тапсырыс берушілер сатып алатын, сол кәсіпорындар өндіретін тауарлардың, орындайтын жұмыстардың, көрсететін қызметтердің тізбесі мен көлемдерін бекітеді;

8) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасында көзделген тауарлардың және көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітеді;

9) арнайы қорғау дәрежесі талап етілетін баспа өнімдерін берушілерді айқындайды, сондай-ақ осы Заңның 42-бабы 3-тармағының


21) тармақшасына сәйкес олардан сатып алынатын осындай өнімнің тізбесін бекітеді;

10) жабық конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібін айқындайды;


Каталог: irj
irj -> 2011 жылғы 1 жартыжылында республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі
irj -> 6. Талдамалы жазба ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 21 қазандағы №452 бұйрығымен «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары»
irj -> 2011 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі Еліміздің әлеуметтік-экономикалық ахуалы
irj -> Жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Стратегиялық даму жоспары мен бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы есебі
irj -> Құрметті Қабиболла Қабенұлы! Құрметті депутаттар!
irj -> Қаржы министрі Б. Т. Сұлтановтың 2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы бойынша Парламент Сенатында таныстырылымына баяндамасы
irj -> "Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 наурыздағы n 357 Жарлығы
irj -> Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасын жария талқылаудың аяқталуы туралы есеп
irj -> Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет