«Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының



бет3/6
Дата01.07.2016
өлшемі446.5 Kb.
1   2   3   4   5   6

11) өзіне Конституциямен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
16-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:

1) мемлекеттік сатып алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

2) мемлекеттік сатып алу саласындағы тізілімдерді қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;

3) Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы заңнамасында көзделген, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің мемлекеттік сатып алу веб-порталымен интеграцияланған дерекқорына енгізілген отандық тауар өндірушілерден сатып алу туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау тәртібін айқындайды;

4) қатысуы шектеулі конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібін айқындайды;

5) мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану тәртібін айқындайды;

6) мемлекеттік сатып алу веб-порталы жұмысының техникалық іркілістер туындаған жағдайда мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмыс істеу тәртібін айқындайды;

7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

қажет болған жағдайда мемлекеттік сатып алуға қатысушылар ұсынған есептік деректердің, материалдар мен ақпараттың шынайылығын тексереді;

8) мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасқанға дейін, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып қабылданған шешімдерінің күшін жою туралы шешім қабылдайды;

9) осы Заңда көзделген жағдайда әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы шешім қабылдайды;

10) жыл сайын 1 маусымнан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік сатып алу туралы жылдық есепті ұсынады;

11) мемлекеттік сатып алу туралы жыл сайынғы есептің мазмұнына және тәртібіне талаптарды айқындайды;

12) мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар оларды кейіннен өңдеу мақсатында сатып алатын тауарлардың тізбесін бекітеді;

13) алдын ала біліктілік іріктеу тәсілін қолдана отырып, конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітеді;

14) стратегиялық маңызы бар өндірістер үшін шикізат ресурсы болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағына және шетелден сатып алынатын тауарлардың тізбесін бекітеді;

15) тауарларды мемлекеттік сатып алудың үлгілік шартын, жұмыстарды мемлекеттік сатып алудың үлгілік шартын және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың үлгілік шартын бекітеді;

16) мемлекеттік сатып алу саласындағы мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру тәртібін бекітеді;

17) мемлекеттік сатып алу саласында бірыңғай операторды айқындайды;

18) аукцион тәсілімен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітеді;

19) конкурстың не аукционның қорытындыларын жасауға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге тапсырыс берушілер сатып алатын күнделікті немесе апта сайынғы қажетті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітеді;

20) олар бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламалардың және (немесе) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітеді;

21) мемлекеттік сатып алуға қатысушылардан мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларымен айқындалған тәртіпте қажетті ақпарат пен материалдарды сұратады;

22) сараптамалар мен консультациялар жүргізу үшін мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдардың мамандарын тартады;

23) Қазақстан Республикасының осы Заңымен, өзге заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерімен көзделген өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.
17-бап. Мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың өкілеттігі
Мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор:

1) мемлекеттік сатып алу саласында мемлекеттік ақпараттық жүйелерді әзірлеуді, енгізуді, ақпараттық-техникалық сүйемелдеу және пайдалануды жүзеге асырады;

2) мемлекеттік сатып алу саласында тізілімді техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;

3) мемлекеттік сатып алу веб-порталының құрылуын, жұмыс істеуін  және оны техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;

4) осы Заңға сәйкес өтеусіз негізде міндетті түрде жариялануға жататын мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтерді мемлекеттік сатып алу веб-порталына орналастырады;

5) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес өтеусіз негізде ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға электрондық қызмет көрсетеді;

6) мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілеріне өтеусіз негізде консультациялық және практикалық көмек көрсетеді;

7) мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы мемлекеттік сатып алу жобаларын басқаруды және оны техникалық сүйемелдеу функцияларын жүзеге асырады;

8) мемлекеттік сатып алу саласындағы есептілікті техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;

9) мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар интеграциясы және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ақпараттандыру саласында ұлттық оператормен өзара іс-қимыл жасайды;

10) анықтамалықты енгізе отырып, тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағалардың дерекқорын енгізуді және сүйемелдеуді жүзеге асырады;

11) уәкілетті орган айқындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3-тарау. Мемлекеттік сатып алуды бақылау және өткізу мониторингі
18-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуына бақылау жасау
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуына бақылау жасауды уәкілетті орган жүзеге асырады.

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары Бюджет кодексінде белгіленген өкілеттік шеңберінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуына бақылау жасауды жүзеге асырады.

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуына бақылау жасау бақылау объектілерінің тексерулері арқылы жүзеге асырылады.

3. Бақылау объектілері:

1) тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы, конкурстық (аукциондық) комиссия, сараптама комиссиясы, сарапшы;

2) әлеуетті өнім беруші, өнім беруші, сондай-ақ олар жұмыстарды орындау үшін қосалқы мердігерлер не қызметтер көрсету үшін бірлескен атқарушылар ретінде тартатын тұлғалар;

3) тауар биржалары арқылы мемлекеттік сатып алуға, белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алуға қатысты тауар биржасының қызметіне қатысатын мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі субъектілер;

4) мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор болып табылады.

4. Мемлекеттік қаржы бақылау органдары жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуына бақылау жасау объектілеріне осы баптың 3-тармағында көрсетілген тұлғалар жатады, олар бір мезгілде мемлекеттік қаржы бақылау объектілері болып табылады.

5. Уәкілетті орган тексерулерді мынадай жағдайлардың бірі туындаған кезде:

1) осы Заңның 53-бабында белгіленген мерзімде келіп түскен тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының не конкурстық комиссияның, аукциондық комиссияның, сараптама комиссиясының, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағымданумен әлеуетті өнім беруші, конкурсқа не аукционға қатысушы, өнім беруші не олардың уәкілетті өкілі жазбаша өтініш бергенде жүзеге асырады. Мұндай шағымды қарау осы Заңның 54-бабында көзделген шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады;

2) бақылау объектілерінің әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар іс-әрекет (әрекетсіздік) жасағаны туралы ақпарат келіп түскенде;

3) құқық қорғау органдарының қаулылары келіп түскен кезде;

4) тәуекелдерді басқару жүйесі арқылы алынған ақпаратты талдау нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.

7. Уәкілетті орган бақылау іс-шараларын жүргізу нәтижесінде бақылау объектісінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзғанын анықтаған жағдайда мынадай шаралар қолданады:

1) бақылау объектісіне орындауға міндетті ұсыну жібереді;

2) міндеттемелері толық көлемде және тиісінше орындалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып жасалған, күшіне енген мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды жарамсыз деп тану туралы қуыныммен сотқа жүгінеді.

8. Мемлекеттік қаржы бақылау органдары бақылау іс-шараларын жүргізу нәтижесінде тиісті бақылау объектілерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзғанын анықтаған жағдайда бақылау объектілеріне орындауға міндетті қаулылар, ұсынулар жібереді.

9. Бақылау іс-шараларын жүргізу нәтижесінде бақылау объектісінің қылмыс құрамы белгілері бар іс-әрекетті (әрекетсіздікті) жасасу фактісі анықталған жағдайда, мемлекеттік қаржы бақылау органдары осындай факті анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аталған іс-әрекеттің (әрекетсіздіктің) жасалғаны туралы ақпаратты және осындай фактіні растайтын құжаттарды құқық қорғау органдарына беруге міндетті.

10. Мемлекеттік қаржы органдарының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.


19-бап. Конкурстық (аукциондық) құжаттама жобасын алдын ала талқылау
1. Конкурстық (аукциондық) құжаттаманы міндетті түрде шартты бекіту оны әлеуетті өнім берушілердің алдын ала талқылауы болып табылады.

Конкурстық (аукциондық) құжаттама жобасына ескертулер, сондай-ақ конкурстық (аукциондық) құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салулар тапсырыс берушіге, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға, бірыңғай ұйымдастырушыға хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күнінен кешіктірілмей берілуі мүмкін.

Конкурстық (аукциондық) құжаттама жобасына ескерту болмаған кезде ол бекітілген деп есептеледі.

2. Тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) құжаттаманы алдын ала талқылау мерзімі аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарау нәтижелерін қарауға және жариялауға міндетті.

3.Тапсырыс беруші қарау нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

1) конкурстық (аукциондық) құжаттама жобасына өзгерістер енгізеді;

2) конкурстық (аукциондық) құжаттама жобасына қабылданбаған ескерту туралы уәжделген жауапты береді;

3) конкурстық (аукциондық) құжаттама ережелеріне түсініктеме береді.

Көрсетілген шешімдер қабылданған күннен бастап конкурстық (аукциондық) құжаттама бекітілген болып есептеледі.

4.Тапсырыс беруші осы баптың 3-тармағында көрсетілген шешімдердің бірін қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей қабылданған шешімнің мәтінін мемлекеттік сатып алу веб-порталында жариялауға міндетті.

Осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда тапсырыс беруші қабылданған шешімдермен бірге мемлекеттік сатып алу веб-порталында конкурстық (аукциондық) құжаттамаға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар мәтінін орналастыруға міндетті.

Әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерді ұсынуының түпкілікті күнінің мерзімі конкурстық (аукциондық) құжаттама бекітілген күннен бастап, кем дегенде он жұмыс күні болуы тиіс.

5. Тапсырыс берушінің алдын ала тексеру нәтижелері бойынша шешімі осы Заңда анықталған тәртіппен шағымдалуы мүмкін.

6. Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтері бар мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.


20-бап. Мемлекеттік сатып алу мониторингі
1. Мемлекеттік сатып алудың мониторингі мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы ақпаратты жинау, қорыту, жүйелендіру және бағалау негізінде жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік сатып алудың мониторингін уәкілетті орган веб-портал арқылы және онда қамтылған ақпарат негізінде жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік сатып алу мониторингінің нәтижелері бойынша уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынылатын мемлекеттік сатып алу туралы жыл сайынғы есепті дайындайды.

4. Мемлекеттік сатып алу туралы жыл сайынғы есепті дайындау тәртібі мен мазмұнына қойылатын талаптарды уәкілетті орган анықтайды.

4-тарау. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру
21-бап. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру
1. Біртекті болып табылмайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мұндай тауарларды конкурстық құжаттамада лоттарға міндетті түрде бөле отырып, аталған тәсілмен бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге құқылы.

Біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда конкурстық құжаттамада біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге міндетті.

2. Тауарды (жұмысты, қызметті) беретін (орындайтын, көрсететін) кемінде бес орын болған жағдайда, конкурс тәсілімен өткізілетін лотта тауарды (жұмысты, қызметті) беретін (орындайтын, көрсететін) бірнеше орынды көрсетуге жол беріледі.

3. Біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірнеше түрлерін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осы баптың 2-тармағындағы талаптарды ескере отырып, конкурстық құжаттамада тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді олардың біртекті түрлері және (немесе) беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге міндетті.

4. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау, конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру, сондай-ақ конкурс жеңімпазын айқындау конкурстық құжаттамада көзделген әрбір лот бойынша жүзеге асырылады.

5. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау қорытындылары бойынша біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келеді деп айқындалған және конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылар деп таныған әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысады.

Конкурсқа алдын ала біліктілік іріктеуді қолдана отырып, білікті әлеуетті өнім берушілер тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілер қатысады.
22-бап. Конкурстық құжаттама

1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында айқындалған конкурстық құжаттаманың электрондық нысаны негізінде мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірлейді.

2. Конкурстық құжаттамада осы Заңның 9-бабында белгіленген біліктілік талаптарынан басқа мыналарды:

1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен орналасқан жері;

2) функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын көрсете отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің, сондай-ақ ұлттық стандарт немесе Қазақстан Республикасы өндірушілерінің коммерциялық емес ұйымдары бекіткен үкіметтік емес стандарт болған кезде оны көрсете отырып, ал қажет болған кезде нормативтік-техникалық құжаттаманы көрсетіп, талап етілетін техникалық ерекшелік қамтылуға тиіс.

Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде техникалық ерекшеліктің орнына конкурстық құжаттамада белгіленген тәртіпте бекітілген жобалау-сметалық құжаттама қамтылуы тиіс;

3) өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі;

4) тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету орны;

5) тауарды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудің талап етілетін мерзімдері, ұсынылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасына кепілдік беру;

6) төлем жасау шарттары және мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы;

7) бағадан басқа критерийлер, солардың негізінде конкурс жеңімпазы, оның ішінде әрбір осындай критерийлердің салыстырмалы мәні және шартты бағаны есептеудің әдістемесі айқындалады;

8) конкурстық баға ұсынысының мазмұнына қойылатын талаптар, оның ішінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің бағаларынан басқа, қосылған құн салығының сомасы шегеріле отырып, оларды тасымалдау мен сақтандыру шығыстарын, кедендік баждарды, салықтар мен алымдарды, сондай-ақ тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету шарттарында көзделген өзге де шығыстарды төлеуді көрсету;

9) конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысы көрінетін валюта немесе валюталар және оларды салыстыру мен бағалау мақсатында шартты бағаны бірыңғай валютаға сәйкес келтіру үшін қолданылатын бағам; 

10) конкурсқа қатысуға өтінімдер, мемлекеттік сатып алу туралы шарт Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасына сәйкес жасалатын және табыс етілетін тілге қойылатын талаптар;

11) конкурсқа қатысуға өтінімді енгізудің талаптары, өтінімді қамтамасыз етудің мазмұны мен түрлері;

12) әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өз өтінімін оны берудің соңғы мерзімі өткенге дейін өзгерту немесе кері қайтарып алу құқығына тиісті сілтеме жасау;

13) конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың тәртібі, тәсілі мен соңғы мерзімі және конкурсқа қатысуға өтінімдердің талап етілетін қолданыс мерзімі;

14) әлеуетті өнім берушілер олардың көмегімен конкурстық құжаттаманың мазмұны бойынша түсіндірулер сұрата алатын тәсілдер;

15) конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу күні және уақыты;

16) конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу, конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау, конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру рәсімдерінің сипаты;

17) алда болатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуда тапсырыс берушінің және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атынан уәкілеттік ететін олардың өкілдері туралы мәліметтер;

18) мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудің талаптары, түрлері, көлемі және оны енгізудің тәсілі;

19) конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бөлінген сомалар туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.

Конкурстық құжаттамада әлеуетті өнім берушілерге өткізілетін мемлекеттік сатып алудың шарттары туралы неғұрлым толық ақпарат алуға мүмкіндік беретін басқа да қосымша мәліметтер қамтылуы мүмкін.

3. Конкурстық құжаттамада тауар таңбаларына, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларына, патенттерге, пайдалы модельдерге, өндірістік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің жекелеген әлеуетті өнім берушіге тиесілілігін айқындайтын өзге де сипаттамаларға сілтемелердің болуына:

1) негізгі (белгіленген) жабдықтарды, сондай-ақ орнатылған бағдарламалық қамтамасыз етуді (лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етуді) қосымша жинақтау, жаңғырту және қосымша жарақтау үшін;

2) тауарды лизингке беру жөнінде қызметтер көрсетушіні айқындау және лизинг нысанасын толық сипаттау қажеттігінің туындауы үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;

3) тапсырыс берушінің қолындағы бар тауарды жөндеу және (немесе) техникалық қызмет көрсету жағдайларын қоспағанда, жол берілмейді.

4. Неғұрлым сапалы тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы немесе мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынысына әсер ететін мынадай критерийлерді:

1) әлеуетті өнім берушіде:

өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесінің;

Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес ұсынылатын тауарларға ерікті сертификаттау жүргізілгенін растайтын құжаттың;

ұлттық стандарттар талаптарына сәйкес сапа менеджментінің сертификатталған жүйесінің (сертификатталған жүйелерінің);

ұлттық стандарттар талаптарына сәйкес қоршаған ортаны басқару менеджментінің сертификатталған жүйесінің (сертификатталған жүйелерінің) және (немесе) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес экологиялық таза өнім стандартына сәйкестікті растаудың болуын;

2) тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын және (немесе) сатып алынатын тауарларды пайдалануға, оларға техникалық қызмет көрсетуге және оларды жөндеуге арналған шығыстарды көздеуге міндетті.

Конкурстық баға ұсынысына ықпал ететін критерийлер мәніне қатысты есеп айырысу мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларымен анықталады.

5. Конкурстық құжаттаманың жобасын тапсырыс берушінің бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшы өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлға не оның міндетін атқаратын тұлға бекітеді.

Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы әзірлеген конкурстық құжаттаманың жобасын тапсырыс берушілердің бірінші басшылары не жауапты хатшылар немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлғалар не оның міндетін атқаратын тұлғалар бекітеді.


23-бап. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлама
1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама жобасы бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру мәтінін мемлекеттік сатып алу веб-порталында жариялауға міндетті.

2. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қайтадан жүзеге асырылған жағдайда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, өтпеген конкурстың конкурстық құжаттамасының өзгермеу шарты жағдайында конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынудың соңғы күніне дейін кемінде күнтізбелік он күн бұрын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан жүзеге асыру туралы хабарландыру мәтінін мемлекеттік сатып алу веб-порталында жариялауға міндетті.

3. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан жүзеге асыратын және конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда конкурстық құжаттама осы Заңның 22-бабының талаптарын ескере отырып, осы баптың 1-тармағына сәйкес жүргізіледі.
24-бап. Конкурстық құжаттама жобасын ұсыну
1. Конкурстық құжаттама жобасын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алудың веб-порталында конкурстық құжаттаманың бекітілген жобасында жариялау арқылы мүдделі тұлғаларға ұсынады.


Каталог: irj
irj -> 2011 жылғы 1 жартыжылында республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі
irj -> 6. Талдамалы жазба ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 21 қазандағы №452 бұйрығымен «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары»
irj -> 2011 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі Еліміздің әлеуметтік-экономикалық ахуалы
irj -> Жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Стратегиялық даму жоспары мен бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы есебі
irj -> Құрметті Қабиболла Қабенұлы! Құрметті депутаттар!
irj -> Қаржы министрі Б. Т. Сұлтановтың 2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы бойынша Парламент Сенатында таныстырылымына баяндамасы
irj -> "Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 наурыздағы n 357 Жарлығы
irj -> Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасын жария талқылаудың аяқталуы туралы есеп
irj -> Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет