«Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының



бет5/6
Дата01.07.2016
өлшемі446.5 Kb.
1   2   3   4   5   6

2. Мемлекеттік сатып алуды жабық конкурс тәсілімен өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайды.


34-бап. Қатысуы шектеулі конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізудің ерекшеліктері
Қатысуы шектеулі мемлекеттік сатып алу мынадай:

1) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген қызмет көрсетулерді;

2) кәсіпкерлік қызметтің субъектісі болып табылмайтын жеке тұлғаның жеке меншік құқығына тиесілі тұрғын үйді;

3) арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемімен көзделген арнаулы әлеуметтік қызметтерді және арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі қызметтерді сатып алған жағдайда жүзеге асырылады.

2. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
5-тарау. Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру
35-бап. Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру
1. Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу нақты уақыт режимiнде мемлекеттiк сатып алу веб-порталында жүзеге асырылады, оның өткізілуін электрондық мемлекеттiк сатып алу саласындағы бірыңғай оператор қамтамасыз етеді.

2. Аукцион бір лотқа өткізіледі, бұл ретте аукционның мәні тауар болып табылады.

Тауарды беретін бірнеше орын болған жағдайда, аукцион тәсілімен өткізілетін лотта тауарды беретін бірнеше орынды көрсетуге жол беріледі.

3. Аукционға қатысуға өтiнiмдерді қарастыру қорытындысы бойынша айқындалған, аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетiн және аукциондық комиссия аукционға қатысушы деп таныған әлеуетті өнім берушілер аукционға қатысады.

4. Аукциондық құжатқа, хабарламаға, аукциондық құжатты ұсынуға, аукционға қатысуға арналған өтінімге, аукционға қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуге, аукционға қатысуға өтінімдерді ашуға, аукционға қатысуға өтінімдерді қарауға, аукционға қатысуға рұқсатқа қойылатын талаптар конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға сәйкес келеді.
36-бап. Аукционға қатысуға өтінімдерді қарау, аукционға қатысуға рұқсат беру
1. Аукциондық комиссия аукционға қатысуға өтінімдерді қарауды біліктілік талаптарына, аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау мақсатында жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың аукциондық құжаттамасының ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытынды дайындау үшін сараптама комиссиясын құруға не сарапшыны айқындауға құқылы.

Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу кезінде тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың аукциондық құжаттамасының ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытынды дайындау үшін сараптама комиссиясын құрады не сарапшыны айқындайды.

Бұл ретте:

1) мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің нәтижелеріне мүдделі;

2) тапсырыс берушімен, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушымен, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушымен не олардың ведомстволық бағынысты, еншілес және тәуелді ұйымдарымен не әлеуетті өнім берушілермен еңбек қатынастарында байланысты;

3) тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының не олардың ведомстволық бағынысты, еншілес және тәуелді ұйымдарының бірінші басшыларының жақын туысы болып табылатын адам сарапшы бола алмайды. Осы тармақтың үшінші бөлігінде белгіленген талаптарға сай келетін сарапшылар болмаған жағдайда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы не тапсырыс беруші сарапшы ретінде жұмыс істеу үшін тиісті бейіндегі мемлекеттік қызметшілерді не сатып алынатын тауарларға мамандығы сәйкес келетін өзге мамандарды тартады. Мемлекеттік қызметшілер сарапшылар ретінде өтеусіз негізде тартылады, ал өзге мамандар тараптардың уағдаластығы бойынша ақылы да, өтеусіз де негізде тартылады.

Бұл ретте сарапшылар ретінде тартылатын мемлекеттік қызметшілер осы тармақтың үшінші бөлігінде белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс.

Аукциондық комиссия шешім қабылдаған кезде сарапшылардың дауыс беруге құқығы жоқ.

Ақылы негізде сарапшылар ретінде тартылатын адамдарды таңдау осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

3. Әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан аукционға қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы ресімделеді, оған аукциондық комиссияның төрағасы және барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы аукционға қатысуға әлеуетті өнім берушілерге алдын ала рұқсат беру туралы шешім қабылданған күні қол қояды.

Аукционға қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасында әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттаманың талаптарына сай келмеуі туралы себептер көрсетілген ақпарат қамтылуға тиіс.

Әлеуетті өнім берушілер біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттаманың талаптарына сай келген жағдайда, аукционға қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы ресімделмейді.

4. аукциондық комиссия біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттаманың талаптарына сай келмейтін әлеуетті өнім берушілерді анықтаған жағдайда, мұндай әлеуетті өнім берушілерге аукционға қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы жарияланған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру құқығын береді.

5. Осы баптың 6-тармағына сәйкес біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтірілген конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайтадан қарау кезінде аукциондық комиссия:

1) аукционға қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін әлеуетті өнім берушілерден олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратуға;

2) аукционға қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратуға құқылы.

Аукционға қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтірудің осы баптың 5-тармағында көзделген мерзімі өткеннен кейін аукционға қатысуға өтінімді жеткіліксіз құжаттармен толықтырудан, аукционға қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстырудан, тиісті түрде ресімделмеген құжаттарды сәйкес кептіруден көрінетін аукционға қатысуға өтінімді аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіруге байланысты аукциондық комиссияның сауал жіберуіне және өзге де әрекеттеріне жол берілмейді.

Аукциондық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімді, егер онда ұсынылған өтінім мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келеді деп қарайды.

6. Әлеуетті өнім берушіге осы баптың 4-тармағына сәйкес аукционға қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіргеннен кейін, егер:

1) ол және (немесе) оның қосалқы мердігері осы Заңда және электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында айқындалған негіздер бойынша біліктілік талаптарына сай келмейді деп айқындалса;

2) ол осы Заңның 6-бабының талаптарын бұзса;

3) оның конкурсқа қатысуға өтінімі осы Заңда және мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында айқындалған негіздер бойынша конкурстық құжаттаманың талаптары мен шарттарына сәйкес келмейді деп айқындалса, аукционға қатысуға рұқсат берілмейді (конкурсқа қатысушы деп танылмайды).

7. Егер әлеуетті өнім берушіге осы баптың 6-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіздер бойынша аукционға қатысуға рұқсат берілмесе, онда:

1) аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада мұндай әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға өтінімін қабылдамаудың негіздемелері көрсетіледі;

2) осы Заңның 6-бабының талаптарын бұзған әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілуге жатады.

8. Аукциондық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайтадан қарау нәтижелері бойынша:

1) біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттаманың талаптарына сай келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды және аукционға қатысушылар деп таниды;

2) аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы ресімдейді.

9. Аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға аукциондық комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ аукциондық комиссияның хатшысы аукционға қатысуға әлеуетті өнім берушілерге рұқсат беру (конкурсқа қатысушылар деп тану) туралы шешім қабылданған күні қол қояды.

Аукциондық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы өтінімдері тіркеу журналында автоматты түрде тіркелген барлық әлеуетті өнім берушілерді электрондық пошта арқылы автоматты түрде хабардар ете отырып, оған қол қойылған күні мемлекеттік сатып алу веб-порталында жариялайды.

10.Конкурсқа қатысуға рұқсат туралы аукциондық комиссияның шешімі осы Заңның 53-бабында белгіленген тәртіпте шағымдануы мүмкін.


37-бап. Аукцион өткізу
1. Аукцион мемлекеттік сатып алу веб-порталында рұқсат хаттамасында көрсетілген күні және мерзімде өткізіледі.

Аукционды өткізу күні аукционға қатысуға өтінімдерді қарау мерзімі аяқталатын күннен бастап екі жұмыс күні өткеннен кейінгі келесі жұмыс күні болып табылады.

2. Аукционға қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілер аукционға қатысады.

3. Аукцион өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауарды сатып алу үшін аукционға қатысушының ең төменгі бастапқы бағасынан бастап баға туралы ағымдағы ұсынысты аукцион адымына төмендету жолымен жүргізіледі.

Аукцион адымы өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауарды сатып алу үшін аукционға қатысушының ең төменгі бастапқы бағасынан бастап бөлінген соманың жарты (0,5) пайызынан бес пайызына дейінгіні құрайды.

4. Аукционды өткізу кезінде аукционға қатысушылар өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныстар береді, ол баға туралы ағымдағы ең төменгі ұсынысты аукцион адымы шегіндегі шамаға төмендетуді көздейді.

5. Аукционды өткізу кезінде аукционның кез келген қатысушысы ағымдағы ең төмен ұсыныс болмаған жағдайда, аукцион адымына қарамастан, өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауарды сатып алу үшін бөлінген сомадан төмендетілген, өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныс беруге құқылы.

6. Егер аукционның осы қатысушысы өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ағымдағы ең төмен ұсынысты берген болса, аукционға қатысушының аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы осындай ұсыныстан төмен болатын, өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныс беруге құқығы жоқ.

7. Аукционға қатысушылардың өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныстарын қабылдау уақыты аукционды өткізу басталғаннан бастап отыз минутты, сондай-ақ өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы соңғы ұсыныс келіп түскеннен кейінгі он минутты құрайды. Егер көрсетілген уақыт ішінде өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың неғұрлым төмен бағасы туралы бір де бір ұсыныс келіп түспесе, аукцион аяқталады.

8. Мемлекеттік сатып алу веб-порталында ең төмен баға негізінде аукцион жеңімпазын автоматты түрде айқындайды.

Екінші орын алған аукционға қатысушы ең төмен бағадан кейінгі баға негізінде айқындалады.

9. Егер өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың аукционның басқа бір қатысушысы ұсынған бағасына тең бағасы ұсынылса, аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы басқа ұсыныстарға қарағанда бұрынырақ келіп түскен ұсыныс үздік болып танылады.

10. Егер аукционды өткізу басталғаннан кейінгі отыз минут ішінде аукционға қатысушылардың бір де біреуі өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныс бермеген болса, осы баптың 4-тармағына сәйкес, аукцион өтпеді деп танылады
38-бап Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама
1. Аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама автоматты түрде қалыптастырылады және аукционды өткізу аяқталған күні мемлекеттік сатып алу веб-порталына орналастырылады.

2. Мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға осы Заңмен белгіленген тәртіпте аукционға қатысушы шағымдануға болады.

3. Тапсырыс беруші шағымдану мерзімі өткеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде аукционның жеңімпазына веб-портал арқылы электрондық-цифрлық қолтаңба қойылған мемлекеттік сатып алу туралы шартты аукцион жеңімпазына жібереді.
39-бап. Аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды өтпеді деп танудың негіздері мен салдарлары
1. Аукцион:

1) аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтінімдер берілмесе;

2) аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға екеуден аз өтінім берілсе;

3) егер аукционға қатысуға бірде бір әлеуетті өнім беруші жіберілмеген жағдайда;

4) егер аукционға қатысуға бір әлеуетті өнім беруші жіберілмеген жағдайда өтпеді деп танылады.

2. Егер аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды өтпеді деп танылса тапсырыс беруші мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

1) аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан өткізу туралы;

2) аукцион құжатының өзгеруі және аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қайтадан өткізілуі туралы;

3) бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы;

3. Егер аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылса, тапсырыс беруші мынадай:

1) аукционға қатысуға ұсынылған өтінімдердің болмаған. Бұл ретте бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасылатын әлеуетті өнім берушіні тапсырыс беруші айқындайды;

2) аукционға қатысуға екеуден кем өтінім берілген. Бұл ретте жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттың бағасы әлеуетті өнім берушінің бастапқы бағасынан аспауы тиіс;

3) егер аукционға қатысуға бірде бір әлеуетті өнім беруші жіберілмеген. Бұл ретте шарт осы Заңның 6-бабының талаптарын бұзған тұлғаны қоспағанда, аукционға қатысуға берілген өтінімде көрсетілген ең төмен бастапқы баға ұсынған әлеуетті өнім берушімен жасалады. Мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттың бағасы аукционға қатысуға берілген өтінімде көрсетілген әлеуетті өнім берушінің бастапқы бағасынан аспауы тиіс:

4) егер конкурсқа қатысуға бір ғана әлеуетті өнім беруші жіберілген жағдайларда бір көзден сатып алуды жүзеге асырады. Бұл ретте жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттың бағасы аукционға қатысуға өтінімде көрсетілген бастапқы бағадан аспауы тиіс.
6-тарау. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу
40-бап. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың негіздері
1. Егер осындай біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құндық мәндегі жылдық көлемі тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен аспаса, біртекті тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу жүргізіледі, бұл ретте баға шешуші шарт болып табылады.

2. Баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен бiртектi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң бiрнеше түрлерiн мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi олардың бiртектi түрлері бойынша және (немесе) оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге мiндеттi.

Баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен бiртектi тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге мiндеттi.

Осы тармақта көзделген жағдайларда баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың жеңiмпазын айқындау әрбiр лот бойынша жүзеге асырылады.

3. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілін қолдану мақсатында біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық көлемін қаржылық жыл ішінде олардың бірінің мөлшері осы баптың 1-тармағында көзделгеннен кем болатын бөлікке бөлшектеуге жол берілмейді.
41-бап. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу
1. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын табыс ету мерзiмi аяқталғанға дейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей мемлекеттік сатып алу веб-порталында мынадай:

1) мемлекеттiк сатып алу үшiн бөлiнген сомаларды көрсете отырып, өткізiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң көлемi туралы ақпаратты;

2) ұлттық стандарт немесе Қазақстан Республикасы өндірушілерінің коммерциялық емес ұйымдары бекіткен үкіметтік емес стандарт болған кезде оны көрсете отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің қысқаша сипатын. Рұқсаттардың болуын талап ететін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайда олардың болуы туралы талаптар көрсетіледі;

3) тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету орнын;

4) тауарды берудiң, жұмыстарды орындаудың, қызметтердi көрсетудiң талап етiлетiн мерзiмдерiн;

5) әлеуетті өнім берушілердiң баға ұсыныстарын табыс етуді бастау және аяқтау мерзiмi туралы ақпаратты;

6) техникалық ерекшеліктерін көрсете отырып, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жобасын мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастыруға міндетті.

2. Осы тармақта көзделген, орналастырылатын ақпаратта мемлекеттік сатып алуды мынадай:

1) негізгі (орнатылған) жабдықтарды толық жасақтау, жаңғырту және толық жарақтандыру үшін;

2) тауарды лизингке беру жөніндегі қызмет көрсетулерді берушіні айқындау үшін және лизингтің нысанасын егжей-тегжейлі сипаттау қажеттігі туындағанда;

3) тапсырыс берушіде бар тауарды жөндеу және (немесе) оған техникалық қызмет көрсету үшін жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, тауар таңбаларына, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларына, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің жекелеген әлеуетті өнім берушіге тиесiлiгiн айқындайтын өзге де сипаттамаларға арналған сілтемелердің болуына жол берілмейді.

3. Әлеуетті өнім берушілер баға ұсыныстарын беруі кезінде жүргізіліп отырған баға ұсыныстарын сұратудың мәні болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алу үшін бөлінген сомадан төмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтер бағасы туралы ұсыныс беруге құқылы.

4. Әлеуетті өнім берушінiң баға ұсынысын беруі оның мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жобасында көзделген талаптарды сақтай отырып, тауарды берудi, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетудi жүзеге асыруға келiсiм бiлдiру нысаны болып табылады.

5. Баға ұсыныстарын табыс ету мерзімі аяқталғаннан кейін мемлекеттік сатып алу веб-порталы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындыларын автоматты түрде ашуды және шығаруды жүргізеді.

Ең төмен баға ұсынысын берген әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.

Мемлекеттік сатып алу веб-порталы баға ұсыныстарын салыстыруды автоматты түрде жүргізеді.

Екінші орын алған әлеуетті өнім беруші ең аз баға ұсынысынан кейінгі баға негізінде айқындалады.

6. Осы Заңның 49-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мен әлеуетті өнім берушінің арасында мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы не мемлекеттік сатып алу веб-порталын қолданбай, өзге тәсілдермен оның баға ұсынысына қатысты келіссөздер жүргізілуіне жол берілмейді.

7. Егер баға ұсыныстарын табыс ету мерзімі ішінде әлеуетті өнім берушілердің екіден аз баға ұсынысы табыс етілген болса, мемлекеттік сатып алу веб-порталы автоматты түрде мұндай мемлекеттік сатып алуды өтпеді деп таниды және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен қайтадан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады.

8. Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы:

1) егер ол осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан асып түскен;

2) осы Заңның 6-бабы 1-тармағының 3), 4) 5) және 6) тармақшаларында көзделген жағдайларда, мемлекеттік сатып алу веб-порталының одан автоматты түрде бас тартуына жатады.

Өзге негіздер бойынша баға ұсыныстарынан бас тартуға жол берілмейді.

9. Егер баға ұсыныстары осы баптың 6-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік сатып алудың веб-порталында автоматты түрде қабылданбағаннан кейін әлеуетті өнім берушілердің екіден аз баға ұсынысы қалған болса, онда мұндай мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылады және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан жүзеге асырады.

10. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары оларды шығарғаннан кейін мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде жарияланады.

11. Тапсырыс беруші баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын айқындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде шарт жобасының жеңімпазына веб-портал арқылы электрондық-цифрлық қолтаңба қойылған мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасын жібереді. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына жеңімпаз оған мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасы ұсынылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы қол қоюы тиіс.

Осы Заңның 51-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

7-тарау. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу


42-бап. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру негіздері
1. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.

2. Өткізілмеген мемлекеттік сатып алулар бойынша бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу, егер:

1) конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу осы Заңмен көзделген жағдайларда өткізілмеген болып табылады. Осы ереже мемлекеттік сатып алу конкурс тәсілімен Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жарамсыз деп танылғанда жағдайға қолданылмаса;

2) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы қабылдаған осы Заңның 41-бабының 6 және 8-тармақтарында көзделген шаралар мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасауға әкелмеген жағдайларда өткізілмеген болып табылады.

3. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу тікелей мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу жолымен мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

1) табиғи монополия субъектілерінен реттелетін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

2) мемлекеттік монополия субъектісінен мемлекеттік монополияға жатқызылған қызмет бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген бағалар, тарифтер, алымдар және төлемдер бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;

4) сатып алынатын тауарларға, көрсетілетін қызметтерге қатысты ерекше құқықтары бар тұлғадан зияткерлік меншік объектілері болып табылатын тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

5) еңсерілмейтін күштің туындауы салдарынан, оның ішінде төтенше жағдайлардың салдарын оқшаулау және (немесе) жою үшiн, электр энергетикасы объектiлерiндегi, тiршiлiктi қамтамасыз ететiн коммуникациялық жүйелердегi, темiржол, әуе, автомобиль, cу көлiгi объектiлерiндегi, тазарту құрылыстарындағы, мұнай құбыржолдарындағы, газ құбыржолдарындағы аварияларды жою үшiн және жедел медициналық араласу қажеттілігі үшін, сондай-ақ коммуникациялардың, тетiктердiң, агрегаттардың, қосалқы бөлшектердiң және материалдардың тасымал жолында тез арада қалпына келтiрудi талап ететiн сынуы, iстен шығуы туындаған кезде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алу;


Каталог: irj
irj -> 2011 жылғы 1 жартыжылында республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі
irj -> 6. Талдамалы жазба ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 21 қазандағы №452 бұйрығымен «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары»
irj -> 2011 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі Еліміздің әлеуметтік-экономикалық ахуалы
irj -> Жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Стратегиялық даму жоспары мен бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы есебі
irj -> Құрметті Қабиболла Қабенұлы! Құрметті депутаттар!
irj -> Қаржы министрі Б. Т. Сұлтановтың 2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы бойынша Парламент Сенатында таныстырылымына баяндамасы
irj -> "Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 наурыздағы n 357 Жарлығы
irj -> Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасын жария талқылаудың аяқталуы туралы есеп
irj -> Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет