«Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының



бет6/6
Дата01.07.2016
өлшемі446.5 Kb.
1   2   3   4   5   6

6) Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігіне қауіп төндіретін ахуал туындаған жағдайларда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінген ақша есебінен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

7) нарыққа реттеушілік әсер ету үшін мемлекеттік материалдық резервке тауарлар сатып алу;

8) жұмылдыру тапсырыстарын орындайтын ұйымдардан жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын сақтау жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

9) мемлекеттік материалдық резервтің жаңарту тәртібімен шығарылатын материалдық құндылықтарын бірінші кезектегі тәртіппен сатып алу;

10) жедел-іздестіру қызметін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тергеу іс-қимылдарын жүзеге асыруға уәкілетті органдардың оларды жүзеге асыру үшін:

жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарға құпия түрде жәрдем көрсетуге келісім берген адамдар көрсететін қызметтерді;

қызметтік үй-жайларды, көліктік және өзге де техникалық құралдарды, мүлікті;

жасырын ұйымдар құру үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;

қажетті ғылыми-техникалық немесе өзге де арнайы білімі бар лауазымды адамдар мен мамандар көрсететін қызметтерді сатып алуы;

11) табиғат пайдалану құқығын сатып алу;

12) стратегиялық маңызы бар өнеркәсіптер үшін шикізат ресурсы болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін және уәкілетті орган бекіткен тауарлар тізбесі бойынша шетелден сатып алынатын тауарларды сатып алу;

13) рейтингтiк агенттiктер көрсететiн қызметтердi, егер жеке тұлға өзі анықтаса, алушылардың (жеке тұлғалардың) шоттарына жалақыны есептегені үшін қызметтер көрсету бөлігінде, сондай-ақ жеке тұлғалардың қолма-қол ақша қаражаты бойынша операциялар бөлігінде қаржылық қызмет көрсетулерді сатып алу;

14) банк қызметімен байланысты қаржылық көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

15) зағип және көзі нашар көретін азаматтар үшін мамандандырылған кiтапханалардың қызмет көрсетулерін сатып алу;

16) лизинг қызметін жүзеге асыру кезінде тауарларды кейіннен лизингке беру үшін сатып алу;

17) заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы бағалы қағаздарды, үлестерді сатып алу;

18) монетарлық қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

19) шетелдік депозитарийлердің және өзге де қаржы ұйымдарының көрсетілетін қызметтерін сатып алуды қоса алғанда, депозитарлық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

20) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасында көзделген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша сатып алу;

21) мемлекеттік және ведомстволық наградаларды және олардың құжаттарын, Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының омырауға тағатын белгісін және оның құжатын, мемлекеттік сенім таңбаларын, Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары (оның ішінде қызметтік және дипломатиялық) және жеке куәліктерін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын, азаматтығы жоқ адамның куәлігін, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді дайындау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өнім берушілерден Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша арнайы дәрежеде қорғауды талап ететін баспа өнімдерін сатып алу;

22) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша  Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық қаржы ұйымдары қаржыландыратын инвестициялық жобалар шеңберінде жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

23) мемлекеттер, мемлекеттердiң үкiметтерi, халықаралық және мемлекеттiк ұйымдар, қызметi қайырымдылық және халықаралық сипаттағы шетелдiк үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар өтеусiз негiзде Қазақстан Республикасының Үкiметiне беретін грант ақшаларын, сондай-ақ оларды беру туралы келiсiмдерде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi иелікке алудың өзге рәсiмдерi көзделген жағдайларда, осы гранттарды бiрлесіп қаржыландыруға бөлiнген ақшаны пайдаланумен байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алу;

24) жеке тұлғалар үшін мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысына байланысты көрсетілетін қызметтердi сатып алу (егер жеке тұлға білім беру ұйымын өзі таңдаған жағдайда);

25) қызметкерлерді шетелде даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

26) Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде емдеу, сондай-ақ оларды тасымалдау әрі олармен бірге жүру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

27) адвокаттардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оған ақы төлеуден босатылған адамдарға көрсететін қызметтерін сатып алу;

28) спорт түрлері бойынша спортшыларды ұстауға, қамтамасыз етуге, даярлауға және олардың спорттық іс-шараларға қатысуына, оның ішінде спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге байланысты көрсетілетін қызметтерді сатып алу оларға қатысты дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындарда;

29) Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің, сондай-ақ олардың атынан жұмыс істейтін тапсырыс берушілердің оқшауланған бөлімшелерінің шет мемлекеттің аумағында өз қызметін қамтамасыз ету үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;

30) өкілдік шығыстарына байланысты тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;

31) дамуына көмек көрсету шеңберінде шетелдік мемлекеттердің аумағында тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

32) қағаздағы және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі мерзiмдi баспасөз басылымдарын сатып алу;

33) халықаралық ақпарат ұйымдарының ақпарат ұсыну жөніндегі қызметтерді сатып алу;

34) мемлекеттік органның тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;

мемлекеттік органның тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі, тиісті өкілеттіктері Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарымен белгіленген акционерлік қоғамдардан және шаруашылық серіктестіктерінен сатып алуы;

мемлекеттік органның тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес өзі оларға қатысты басқаруды жүзеге асыратын, тиісті өкілеттіктері Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарымен белгіленген мемлекеттік кәсіпорындардан сатып алуы;

35) егер қандай да бiр өнім берушіден тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алған мемлекеттік кәсіпорында, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғада және олармен үлестес заңды тұлғада қолда бар тауарлармен, жабдықтармен, технологиямен, жұмыстармен немесе көрсетілетін қызметтермен бiрiздендiру, стандарттау немесе үйлесiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында нақ сол өнім берушіден басқа да сатып алуды жүргiзу қажеттiгi туындаса жүзеге асырылады.

36) мемлекеттік кәсіпорындардың, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және ұзақ мерзімдік бес жылдық шарт бойынша олармен үлестес заңды тұлғалардың, егер соңғы үш жыл ішінде мұндай тауарларды сатып алу Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жүргізілген болса, тапсырыс берушінің техникалық шарттары бойынша Қазақстан Республикасында тәжірибелік өнеркәсіп үлгісінде өндіруді және тауарларды сериялық өндіруді ұйымдастыруды көздейтін отандық тауар өндірушілерден тауарларды сатып алуы;

37) қылмыстық-атқару жүйесі органдарының түзеу мекемелерiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары өндiретiн, орындайтын, көрсететiн тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi сатып алуы. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң тiзбесi мен көлемiн, сондай-ақ осындай тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынатын түзеу мекемелерi мемлекеттік кәсiпорындарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

Түзеу мекемелерiнiң мемлекеттiк кәсiпорындарының заңды тұлғалармен жасасқан шарттар негізінде сотталғандарды жұмысқа тұрғызу мақсатында жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердi өндіру үшін шикізатты, материалдар мен қосалқы бұйымдарды аталған кәсіпорынның осындай шикізатты, материалдарды, қосалқы бұйымдарды осы шарттарда көзделген қаражат есебінен жүзеге асыруы шартымен сатып алуы.

38) дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың табиғи газды, уранды және оның қоспаларын сатып алуы;

39) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік органның тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес өзі оларға қатысты басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардан мұндай мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің негізгі нысанасы бойынша сатып алуы;

40) Қазақстан Республикасы Президентінің, өзге де қорғалатын тұлғаларды және қорғалатын тұлғалардың келуіне арналған объектілерді күзетуді және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу (тұрмыстық, қонақүй, көліктік қызмет көрсету, компьютерлік жабдықты пайдалану, санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету, қауіпсіз тамақ беру), сондай-ақ мүше мемлекет басшысының қызметіне бейнемұрағат қалыптастыру және ақпараттық қызмет көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу.

41) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік орган не оның ведомстволары Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;

42) тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі (тапсырмасы) бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тұлғадан сатып алу;

43) халықаралық төрелікте немесе халықаралық коммерциялық төрелікте, шетелдік мемлекеттік және сот органдарында мемлекеттің не тапсырыс берушілердің мүдделерін қорғау мен білдіру жөніндегі консультациялық және заң қызметтерін сатып алу;

44) капиталдың сыртқы нарықтарында мемлекеттік бағалы қағаздарды шығаруды ұйымдастыру бойынша консультациялық (андеррайтингтік) және заң қызметтерін сатып алуы;

45) шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында ақпаратты орналастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ интернет-ресурстарда орналастырылған ақпаратты беру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

46) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тұлғадан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

47) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тұлғадан мүлікті сенімгерлік басқару жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

48) мамандандырылған ұйымының (агенттің) отандық өнім өндірушілерден азық-түлік тауарларын, сондай-ақ оларды сақтау, өңдеу және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу. Мамандандырылған ұйымдардың (агенттердің) тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді;

49) статистикалық бақылаулар деректерін өңдеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

50) мыналарды:

Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес сот орындаушылары өткізетін;

Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес өткізілетін;

Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес өткізілетін;

мемлекеттік мүлікті жекешелендіру кезінде сауда-саттықта (аукциондарда) сатылатын мүліктерді (активтерді) сатып алу;

51) электр энергиясын сатып алу;

52) ғарышкерлерді даярлау және ғарышкерлердің ғарышқа ұшуын жүзеге асыруды ұйымдастыру жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

53) мамандандырылған авиажөндеу кәсіпорындарында авиациялық техниканы жөндеу қызметін көрсетуді сатып алу;

54) егер мұндай біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетiн қызметтердің құндық мәндегі жылдық көлемі тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген жүз еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспаса, біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

55) тарих және мәдениет ескерткіштері ретінде мемлекет қорғауына алған және мемлекеттік мұражай, кітапхана, мұрағат қорларын, кино-, фото қорын және өзге де осыған ұқсас қорларды толықтыруға арналған тарихи, көркемдік немесе өзге де мәдени маңызы бар мәдени құндылықтар болып табылатын тауарларды, оның ішінде мұражай заттары мен мұражай коллекцияларын, сондай-ақ көшірмелерін қоса алғанда, сирек кездесетін және құнды басылымдарды, қолжазбаларды, мұрағат құжаттарын сатып алу;

56) көрмелердің, семинарлардың, конференциялардың, кеңестердің, форумдардың, симпозиумдардың, тренингтердің материалдарын сатып алу, сондай-ақ аталған іс-шараларға қатысқаны үшін ақы төлеу;

57) театрдың, филармонияның, мұражайдың және мәдени-демалыс ұйымының сахналық көрсетілімдерді жүзеге асыру және көпшілік алдында өнер туындыларын орындау үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;

58) зообаққа, театрға, кинотеатрға, концертке, циркке, мұражайға, көрмеге және спорттық іс-шараға баруға тапсырыс орналастыру;

59) тиісті авторлардың күрделі құрылыс объектілерінің жобалау құжаттамасын әзірлеуді авторлық қадағалау, күрделі құрылыс объектілерінің құрылысын, олардың реконструкциясы мен күрделі жөндеуін авторлық қадағалау жөніндегі қызмет көрсетулерін сатып алу;

60) Қазақстан Республикасы халқының мәдени мұра объектісін (тарих және мәдениет ескерткішін) сақтау жөніндегі жұмыстардың жүргізілуіне техникалық және авторлық қадағалау жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

61) егер осындай мемлекеттік сатып алу тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды өткізу, бірақ үш айдан аспайтын мерзім ішіндегі тұтынысын қамтамасыз етуге қажетті осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу көлемінен аспайтын көлемде, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша жылдың бірінші айы ішінде жүзеге асырылған жағдайда, конкурс не аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күнделікті және (немесе) апта сайынғы тұтынысты мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға қажеттілік болса;

62) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорғаныс тапсырысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған мемлекеттік қорғаныс тапсырмасы құрамына кірген өнімді өндіру үшін отандық тауар өндірушілерге – мемлекеттік қорғаныс тапсырмасын орындаушыларға тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

63) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған уәкілетті ұйымның мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті, әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданылатын) тауарларды (өнімдерді), жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;

64) мемлекеттің әскери қауіпсіздігі және әскери өнер саласындағы зерттеулерді жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

4. Осы баптың 3-тармағының 5), 6), 10), 13), 15), 22), 43), 49), 53), 60), 62) және 63) тармақшаларының ережелері мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер жүзеге асыратын мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.
43-бап. Өтпеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру
1. Осы Заңның 44-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақыру жібереді, онда мынадай мәліметтер:

1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы және орналасқан жері;

2) ұлттық стандарт немесе Қазақстан Республикасы өндірушілерінің коммерциялық емес ұйымдары бекіткен үкіметтік емес стандарт болған кезде оны көрсете отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің сипаты мен талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары, техникалық ерекшеліктері қамтылуға тиіс.

Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде шақыруда сатып алынатын жұмыстардың сипаты мен талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларының орнына белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама қамтылуға тиіс;

3) мемлекеттік сатып алуды өткізудің нысанасы болып табылатын тауардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі;

4) тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудің орны;

5) тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудің талап етілетін мерзімдері, ұсынылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасына кепілдеме беру;

6) төлем шарттары және мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы;

7) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерінде көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу талаптары, нысаны, көлемі және тәсілі;

8) бір көзден алу тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бөлінген сома туралы мәлімет;

9) осы Заңның 9-бабында көзделген жалпы және арнайы бiлiктiлiк талаптарының тiзбесi, сондай-ақ бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу осы Заңның 44-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы негізінде жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуды қоспағанда, әлеуетті өнім берушінің қойылған бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiнiн растау үшiн табыс етуге тиiс құжаттарының тiзбесi;

10) бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу осы Заңның 44-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы негізінде жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, әлеуетті өнім берушінiң қойылған бiлiктiлiк талаптарына өзінің сәйкес келетiнiн растайтын құжаттарды, сондай-ақ осы баптың 2-тармағында көзделген ақпаратты ұсынатын орны мен мерзiмi қамтылуға тиiс.

2. Бір көзден алу тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарды беруді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді жүзеге асыруға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші белгіленген мерзімде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мынадай ақпаратты:

1) әлеуетті өнім берушінің жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігері (бірлескен орындаушысы) ретінде тартуды көздейтін тұлғаларын көрсете отырып, әлеуетті өнім беруші ұсынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипаттамасын;

2) бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу осы Заңның 44-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы негізінде жүзеге асырылатын жағдайды қоспағанда, әлеуетті өнім берушінiң және ол жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердiң қосалқы мердiгерi (бiрлескен орындаушысы) ретiнде тартуды көздейтiн тұлғалардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарын;

3) ұсынылып отырған тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге берілетін бағалардың жазбаша негіздемесін ұсынуға тиіс.

3. Осы Заңның 44-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы шақырған, өтпеді деп танылған конкурсқа (аукционға) қатысушы, осы конкурсқа (аукционға) қатысушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды нақ сол мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға қайтадан ұсынбауға құқылы.

4. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы, бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу осы Заңның 44-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы негізінде жүзеге асырылатын жағдайды қоспағанда, әлеуетті өнім беруші табыс еткен құжаттарды олардың бiлiктiлiк талаптарына, сондай-ақ мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында не мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларында белгiленген талаптарға сәйкестiгi тұрғысынан қарайды.

5. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім беруші сұратылған ақпарат ұсынылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы мемлекеттік сатып алудың веб-порталында қалыптастырады және орналастырады.

Әлеуетті өнім берушіге шақыру жіберу, оның қажетті ақпаратты веб-портал арқылы беруі және сатып алуды ұйымдастырушының қорытындылар туралы хаттаманы веб-порталда орналастыруы туралы талаптар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды, таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты құрайтын бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.


44-бап. Бір көзден алу тәсілімен тікелей шарт жасасу арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру
1. Бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде тапсырыс беруші тікелей шарт жасасу арқылы өнім берушіні анықтайды және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасады.

2. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың веб-порталында мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаттарында анықталған нысан бойынша шартты тікелей жасау арқылы бір көзден мемлекеттік сатып алу туралы есепті он жұмыс күнінен кешіктірмей орналастыруға міндетті.

Есеп өнім берушіні таңдау негізін, жасалған шарт бағасын, сондай-ақ шарттың өзге де талаптарын қамтуы тиіс.

3. Шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу осы Заңның 4-бабының 1) тармақшасында көзделген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаттарын сақтай отырып, жүзеге асырылады.

4. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының талаптары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды, таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты құрайтын бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.
8-тарау. Тауарларды электрондық дүкен және тауар биржалары арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру
45-бап. Электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру
1.Егер осындай біртекті тауарлардың құндық мәндегі жылдық көлемі тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспаса, біртекті тауарларға электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алу жүргізіледі.

2. Электрондық дүкен мемлекеттік сатып алудың веб-порталында ақпараттар нысанын толтыру арқылы мемлекеттік сатып алудың веб-порталында тіркелген әлеуметтік өнім берушілердің ерікті негізінде қалыптастырылады.

3. Тапсырыс беруші веб-порталда тауарды сатып алуға арналған өтінімді қалыптастырады. Тауарды сатып алуға арналған өтінімде мынадай мәліметтер:

1) тауарлардың функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары;

2) оның елеулі шарттарын көрсете отырып, шарттың жобасы қамтылады.

4. Веб-портал тауарлары тапсырыс берушінің өтініміне сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде анықтайды және оларға тапсырыс берушінің өтінімі бар хабарламаны бір мезгілде жібереді.

5. Тауарды сатып алу туралы хабарлама келіп түскен әлеуетті өнім беруші екі жұмыс күні ішінде қатысу туралы шешім қабылдайды және расталған жағдайда баға ұсынысын береді. Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысын беруі өтінім талаптары мен шарттарына сәйкес тауарларды жеткізуді жүзеге асыруға келісім білдіру нысаны болып табылады.

6. Электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алу тәсілімен қатысуды растаған әлеуетті өнім берушілер болмаған жағдайда мұндай сатып алу өтпеді деп танылады және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осы Заңға сәйкес өзге тәсілмен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылдайды.

7. Веб-портал тауардың ең төменгі шартты бағасы негiзiнде мемлекеттік сатып алу жеңiмпазын автоматты түрде айқындайды. Екінші орын алған әлеуетті өнім беруші ең төменгі баға ұсынысынан кейінгі баға негізінде айқындалады.

Жаңа ұсыныстары тең болған кезде жеңімпаз (екінші орын алған әлеуетті өнім беруші) болып бағасы басқа әлеуетті өнім берушілерден бұрын түскен әлеуетті өнім беруші табылады.

8. Тапсырыс беруші жеңімпаз анықталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жеңімпазға веб-портал арқылы электрондық-цифрлық қол қойылған мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасын жібереді.

Жеңімпаз мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына электрондық-цифрлық қол қою арқылы оған мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасы берілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қол қоюы тиіс.

9. Егер жеңімпаз болып анықталған әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушіге белгіленген мерзімде тапсырыс беруші қол қойған мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қоймаса, тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартты екінші орын алған әлеуетті өнім берушімен жасасады.

10. Егер екінші орын алған әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушіге белгіленген мерзімде тапсырыс беруші қол қойған мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қоймаса, тапсырыс беруші баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан жүргізеді.



11. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудан жалтарған жеңімпаз не екінші орын алған деп айқындаған әлеуетті өнім беруші осы Заңда белгіленген тәртіпте мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізіледі.
46-бап. Тауарларды тауар биржалары арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру
1. Тауарларды тауар биржалары арқылы мемлекеттік сатып алу биржалық тауарлар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Егер биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген тауарларды мемлекеттік сатып алудың жылдық көлемі биржалық тауарлар тізбесінде көзделген топтаманың ең аз мөлшерінен аспаған жағдайда, тапсырыс беруші тауарларды мемлекеттік сатып алудың өзге тәсілін таңдауға құқылы.


9-тарау. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт
47-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасу
1. Тапсырыс беруші шағымдану мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде үлгі шартқа сәйкес жасалған веб-портал арқылы электрондық-цифрлық қолтаңбамен қол қойылған мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасының жеңімпазына жібереді. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына жеңімпаз электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасын қоса бере отырып, қол қоюы тиіс.

Веб-портал арқылы электрондық-цифрлық қолтаңбамен қол қоюды пайдалана отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу бойынша талаптар осы Заңның 33-бабы 1-тармағымен, 42-бабы 3-тармағының 10), 40) 62), 63, 64) тармақшаларымен көзделген жағдайларға қолданылмайды.

2. Егер жеңімпаз болып анықталған әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына белгіленген мерзімде қол қоймаса, тапсырыс беруші жеңімпаздың шарт жасасудан жалтарған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық-цифрлық қолтаңбамен қол қойылған мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын веб-портал арқылы екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге жібереді. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына екінші орын алған әлеуетті өнім беруші электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы өзіне мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қол қоюы тиіс.

3. Егер екінші орын алған әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушіге белгіленген мерзімде тапсырыс беруші қол қойған мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қоймаса, тапсырыс беруші конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан жүзеге асырады.

4. Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын, сондай-ақ осы Заңның 27-бабына сәйкес соманы (болған жағдайда) қамтамасыз етуді енгізуге міндетті.

Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз етуді, сондай-ақ осы Заңның 27-бабына сәйкес соманы (болған жағдайда) өнім беруші, ол өзімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша өзінің міндеттемелерін уақтылы, толық және тиісінше орындайтын кепілі ретінде енгізіледі.

5. Шартты орындауды қамтамасыз ету мөлшерін ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алу туралы шартта авансты төлеу көзделген жағдайды қоспағанда, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының үш пайыздық мөлшерінде белгілейді.

Егер мемлекеттік сатып алу туралы шартта аванс төлеу көзделген жағдайда шартты орындауды қамтамасыз етуді ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының үш пайызынан кем болмауы тиіс тең аванс мөлшерінде белгіленеді.

Бұл ретте өнім беруші аванстан бас тартуға құқылы. Аванстан бас тартқан жағдайда өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуге міндетті.

6. Қолданысы бір қаржы жылынан асатын мерзімге мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасылған жағдайда, ағымдағы қаржы жылына мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшері шартта тиісті қаржы жылында көзделген жылдық сома негізге алына отырып есептеледі.

Өнім беруші мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудiң мынадай түрлерiнiң бiрiн:

1) тапсырыс берушінiң банктiк шотына не мемлекеттiк органдар және мемлекеттiк мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшiн Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгiзiлетiн кепiлдiкті ақшалай жарнаны;

2) электрондық құжат түріндегі банктiк кепiлдiкті таңдауға құқылы.

Шарт бойынша мiндеттемелері толық орындалғанға дейiн өнім берушінің енгiзiлген кепiлдiкті ақшалай жарнасына тұтастай не оның бiр бөлiгiнде талап ету құқығының үшiншi тұлғаларда туындауына әкеп соқтыратын iс-қимылдар жасауына жол берiлмейдi.

Тапсырыс берушінiң өнім беруші енгiзген кепiлдiкті ақшалай жарнаны осы Заңда көзделмеген мақсатқа пайдалануына жол берiлмейдi.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу туралы талап баға ұсыныстарын сұрату, электрондық дүкен арқылы, тауар биржалары арқылы, осы Заңның 42-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы және 3-тармағының негізінде бір көзден алу тәсілімен жүзеге асырылған мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша айқындалған өнім берушілерге, сондай-ақ осы Заңның 9-бабының 8-тармағында көзделген жағдайда оны берген өнім берушілерге, осы Заңның 34-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын өнім берушілерге қолданылмайды.

7. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз ету, сондай-ақ осы Заңның 27-бабына сәйкес өнім беруші енгізген сома (болған кезде) өнім беруші шартты міндеттемелерін орындамауына байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шартты бұзған жағдайда өнім берушіге мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушымен қайтарылмайды.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ осы Заңның 27-бабына сәйкес өнім беруші енгізген сома (болған кезде) тиiстi бюджет, мемлекеттiк кәсiпорын, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлға немесе олармен үлестес заңды тұлғалар табысының есебіне жатқызылады.

8. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт тепе-тең тәртіпте осы мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл), сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы шарттың толық сомасынан тұрақсыздық айыбын ұстау бойынша тапсырыс берушінің міндетін көздеуі тиіс.

9. Мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер және оралымды басқару құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындар:

1) жобалау-сметалық құжаттамада оларды келесi (кейiнгi) қаржы жылында (жылдарда) аяқтау мерзiмi көзделген жұмыстарды;

2) дайындаудың технологиялық мерзiмiнiң ұзақтығы оларды келесi (кейiнгi) қаржы жылында (жылдарында) беруге негіз болатын активтер мен басқа да тауарларды;

3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтердi сатып алған жағдайда бiр қаржы жылынан асатын мерзiмге мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасаса алады. Мемлекеттiк сатып алу туралы мұндай шарттың қолданылу мерзiмi үш жылдан аспауға тиiс;

4) бiр қаржы жылынан асатын мерзiмге көрсетілетін қызметтердi;

5) тиiстi бюджетте, даму жоспарында (бизнес-жоспарда), қаржыландыру жоспарында белгiленген, орындалу (көрсетілу, берілу) мерзiмi орындау ұзақтығына байланысты келесi (кейiнгi) қаржы жылына (жылдарына) белгіленген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi, сондай-ақ облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу және күтiп ұстау жөнiндегi жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi сатып алған жағдайда бiр қаржы жылынан асатын мерзiмге мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуы мүмкiн. Мемлекеттiк сатып алу туралы мұндай шарттың қолданылу мерзiмi үш жылдан аспауға тиiс.

10. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындар, сондай-ақ дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар даму жоспарында (бизнес-жоспарда) белгiленген, басқару органы немесе аталған тұлғалардың жоғары органы бекiткен келесi (кейiнгi) қаржы жылында (жылдарында) аяқтау мерзiмiмен iс-шараларды орындау үшiн қажеттi тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы ұзақ мерзiмдi шарт жасасуы мүмкiн.

11. Жылдық қаржы есептiлiгiнiң аудитi бойынша көрсетілетін қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт үш жылдан аспайтын мерзiмге жасалуы мүмкiн.

12. Осы баптың 8 және 9-тармақтарында көзделген жағдайларда, бәсекелестiк негiзде өткiзiлген мемлекеттiк сатып алу қорытындылары бойынша айқындалған өнім берушілермен ғана қолданысы бiр қаржы жылынан асатын мерзiмге мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға жол берiледi.

13. Тапсырыс берушінiң үздіксіз қызметiн қамтамасыз ету мақсатында соңғысы конкурс не аукцион тәсілімен мемлекеттiк сатып алу қорытындыларын жасағанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт, уәкілетті орган бекiткен тiзбе бойынша күнделiктi немесе апта сайынғы тұтынылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың қолданысы күшіне енгенге дейінгі кезеңге ұзартуға құқылы.

Бұл ретте осындай мемлекеттік сатып алу тапсырыс берушінің талаптарын қамтамасыз ету үшін қажет осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi мемлекеттiк сатып алу көлемінен аспайтын көлемде бірінші ай ішінде жүзеге асырылады.

14. Мемлекеттiк сатып алу туралы шартта мынадай:

1) осы Заңның 6-бабында көзделген шектеулердi бұзу;

2) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының әлеуетті өнім берушіге осы Заңда көзделмеген көмек көрсету;

3) уәкілетті орган, олар бойынша міндеттемелері толық көлемде және тиісінше орындалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу фактiлерiнiң бiрi анықталған жағдайда, оны кез келген кезеңде бұзу туралы талап қамтылуға тиiс.

15. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт тауарларды жеткізгені, жұмыстарды орындағаны не осы шарт бойынша міндеттемелердің орындалған күнінен бастап отыз күнтізбелік күннен кешіктірмейтін мерзімде қызмет көрсету үшін толық төлем туралы талапты қамтуы тиіс.

16. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт Қазақстан Республикасы салық заңнамасының, Кеден одағы кедендік заңнамасының және (немесе) Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының талаптарына сәйкес қосылған құн салығын және акциздерді төлеу шарттарын қамтуы тиіс.

17. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің ең аз мерзімі күнтізбелік он бес күннен кем болмауға тиіс.

18. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт көрсетілген шарт бойынша тапсырыс беруші мен өнім берушінің мiндеттемелері толық орындалған кезде ғана атқарылды деп саналады.

19. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша өнім беруші қабылдаған міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда тапсырыс беруші тиiстi бюджет, мемлекеттiк кәсiпорын, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлға немесе олармен үлестес заңды тұлғалар табысына тұрақсыздық айыбын ұстап қалады.

20. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт осы Заңның 51-бабына сәйкес шығарылған уәкілетті органның шешімін шағымдану кезеңінде жасалмауы мүмкін.

21. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалғаны туралы құжаттар (тауарларды жеткізу туралы жүкқұжат (акт) немесе орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісі) веб-портал арқылы электрондық түрде ресімделеді.

Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау кезінде тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) атауы, саны, сапасы, техникалық ерекшелігі, құны, оларды жеткізу (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) орны мен мерзімі мемлекеттік сатып алу туралы шарттың мазмұнына сәйкес келуге тиіс.
48-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтару
1. Егер жеңімпаз деп не екінші орынды алды деп танылған әлеуетті өнім беруші қол қойылған мемлекеттік сатып алу туралы шартты тапсырыс берушіге осы Заңда белгіленген мерзімдерде бермесе немесе мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, осы мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 27-бабына сәйкес соманы енгізбесе, онда мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарды деп танылады.

2. Мемлекеттiк сатып алудың жеңімпазы (екінші орынды алған әлеуетті өнім беруші) деп айқындалған әлеуетті өнім беруші мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарды деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші:

1) ол енгiзген конкурсқа не аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудi ұстап қалады;

2) мұндай әлеуетті өнім берушінi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы, сондай-ақ мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарудан келтiрiлген шығындарды өтеу туралы талап арызбен сотқа жүгiнуге құқылы.


49-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына не жасалған шартқа өзгерістер енгізудің негіздері
1. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасына өнiм берушiнi таңдауға негiз болған сапаның және басқа да жағдайлардың өзгермеу талабымен өзгерiстер енгiзуге мынадай өзара байланысты талаптар сақталған жағдайда:

1) тараптардың бірі конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей шарттың жобасына өзгерістер енгізуге бастамашылық жасаса;

2) шарт жобасының сомасын азайту бөлігіне өзгерістер енгізуге жол берілсе;

3) шарт сомасын азайту бөлігіне өзгерістер енгізу туралы шешім тараптардың өзара келісуі бойынша қабылданса жол беріледі.

Осы тармақта көзделген талаптарды сақтамай мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

2. Өнім берушіні таңдауға негіз болған сапаның және басқа да шарттардың өзгермейтін талабы жағдайында мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартқа өзгерістер енгізуге:

1) тауарларға, жұмыстарға, қызметтерге берiлетiн бағаны және тиiсiнше шарттың сомасын азайту бөлiгiнде тараптардың өзара келiсуi бойынша;

2) егер мемлекеттік сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізілсе және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен қабылданған осындай өзгерістің сомасына қосымша ақша бөлу туралы шешім қабылданса, шарттың сомасын ұлғайту бөлігінде;

3) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жұмыстарды қоспағанда, осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартта көрсетілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бірлігі үшін бағаның өзгермейтін талабы жағдайында сатып алынатын тауарлардың, көрсетілген қызметтердің көлеміндегі қажеттіліктің азаюына немесе артуына байланысты шарттың сомасын азайту не арттыру бөлігінде жол беріледі. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартты осындай өзгертуге осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көзделген соманың шегінде жол беріледі;

4) егер өнім беруші тауарды мемлекеттік сатып алу туралы онымен жасалған шартты орындау процесінде тауар бірлігіне берілетін бағаның өзгермейтін талабы жағдайында, онымен жасалған тауарды мемлекеттік сатып алу туралы шарттың нысанасы болып табылатын тауарды берудің неғұрлым үздік сапалық және (немесе) техникалық сипаттамаларын немесе мерзімін және (немесе) шарттарын ұсынған жағдайда өзгерістер енгізуге жол беріледі;

5) Қазақстан Республикасының салық, кеден және өзге де заңнамасының өзгеруiнен туындаған аяқталу мерзiмi келесi (кейiнгi) жылдағы (жылдардағы) жұмыстарды орындау шартының сомасын азайту немесе ұлғайту бөлiгiнде;

6) аяқталу мерзiмi келесi (кейiнгi) жылдағы (жылдардағы) жұмыстарды орындау туралы шарттың сомасын азайту бөлiгiнде;

7) мемлекеттік бюджет есебінен жылдар бойынша қаржыландыру жасалынған шарт сомасының өзгермеуі немесе сметалық жұмыстардың азаюы шартымен өзгерген жағдайда және кейіннен мемлекеттiк сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға тиісті өзгерiстер енгiзілген жағдайда, жұмыстарды орындау туралы шарттың орындалу мерзімін өзгерту бөлiгiнде;

8) тапсырыс берушінің және (немесе) өнім берушінің лауазымды адамына қатысты шартты орындаумен байланысты қылмыстық іс қозғалған жағдайда, жұмыстар бойынша шарттың орындалу мерзімін өзгерту бөлігінде;

9) егер өнім беруші берілетін тауардың тауар өндірушісі болып табылса, тауарды беру туралы шарттың орындалу мерзімін өзгерту бөлігінде жол беріледі. Тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы жасасылған шартты осылайша өзгертуге өнім берушінің хабарламасы бойынша ағымдағы қаржы жылы шегінде он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге жол беріледі.

3. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына не жасалған шартқа осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделмеген өзге де негіздер бойынша өткізілетін (өткізілген) мемлекеттік сатып алу шарттарының мазмұнын өзгертетін өзгерістер және (немесе) өнім берушіні таңдауға негіз болған ұсыныстар енгізуге жол берілмейді.


50-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың күшіне енуі
1. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт оған тапсырыс беруші мен өнім беруші қол қойғаннан кейін не конкурстық (аукциондық) құжаттамада көзделген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді өнім беруші толық енгізгеннен кейін күшіне енеді. Егер мемлекеттік сатып алу туралы шарт тіркелуге жататын болса, онда ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелгеннен кейін күшіне енеді.

2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тiркелуге жататын мемлекеттiк сатып алу туралы шартты тапсырыс беруші оны жасағаннан кейiн не өнім беруші конкурстық құжаттамада не аукциондық құжаттамада көзделген шарттың орындалуын қамтамасыз етудi толық енгiзгеннен кейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей мемлекеттiк сатып алу туралы шарттарды тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi органға ұсынады.

10-тарау. Шағымдану
51-бап. Тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласында бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағымдану
1. Әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласында бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне, егер олардың әрекеттері (әрекетсіздігі), шешімдері әлеуетті өнім берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзса, бірақ мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы жариялаған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей шағымдануға құқылы.

Уәкілетті органға тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласында бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағымданудың көрсетілген мерзімі өткеннен кейін осындай әрекеттерге шағымдану сот тәртібінде жүзеге асырылады.

2. Осы баптың 1-тармағында белгіленген тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласында бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағымданған жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жасау мерзімі шағым қаралғанға дейін тоқтатыла тұрады.

Әлеуетті өнім берушінің шағымы электрондық-цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, веб-портал арқылы берілуі мүмкін.

3. Уәкілетті орган шағым түскен күннен бастап шағымды он жұмыс күні ішінде қарауға міндетті.

Уәкілетті орган шағым түскен күннен бастап тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алуды тоқтата тұру туралы хабарлама жібереді.

4. Шағымды қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган шағымды негізді немесе негізсіз деп тану туралы шешім қабылдайды.

5. Шағымды қарау нәтижелері бойынша уәкілетті органның шешімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде шағымдануы мүмкін.


52-бап. Шағым беру тәртібі
1. Уәкілетті органға тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласында бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым беру мыналарды:

1) заңды тұлғаның атауын, орналасқан жерін, шағымданатын әрекеттерін;

2) шағым берген адамның атауын, орналасқан жерін;

3) аясында бұзушылықтар жасалған мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтерді;

4) тапсырыс берушінің шағымдалған әрекетін (әрекетсіздігін) қамтуы тиіс.

Қажет болған жағдайда шағымға оның негізділігін растайтын құжаттар қоса беріледі.

2. Шағымға оны берген адам немесе оның өкілі қол қояды. Өкім берген шағымға өкілдің уәкілеттігін куәландыратын сенімхат немесе өзге құжат қоса берілуі тиіс.

3. Шағым түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны берген адамға, егер:

1) шағым осы баппен белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;

2) шағымға қол қойылмаған не оған қол қоюға уәкілеті жоқ адам қол қойған;

3) шағым осы Заңда белгіленген мерзім өткеннен кейін берілген жағдайда қайтарылады.
53-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік

Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.

11-тарау. Арнайы және өтпелі ережелер
54-бап. Әлеуетті өнім берушілердің жекелеген санаттарының мемлекеттік сатып алуға қатысуы
1. Әлеуетті өнім берушілердің жекелеген санаттарының мемлекеттік сатып алуға қатысуы осы Заңда көзделген жағдайларда айқындалады.

2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде:

1) мүгедектердің мұқтаждығына арналған тауарларды (тифлотехникалық құралдар, жүріп-тұруға арналған арнайы құралдар, міндетті гигиеналық құралдар) өндіретін және (немесе) беретін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан осындай тауарларды, ағымдағы жылы осы тауарларды сатып алу үшін бөлінген қаражаттың жалпы көлемінің кемінде елу пайызы көлемінде;

2) тауарларды өндіретін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген өзге де тауарларды ағымдағы жылы осы тауарларды сатып алу үшін бөлінген қаражаттың жалпы көлемінің кемінде елу пайызы көлемінде;

3) жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді, ағымдағы жылы осы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген қаражаттың жалпы көлемінің жүз пайызы көлемінде сатып алуды жүзеге асырады.

3. Тауарларды өндіретін және (немесе) тауарларды беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардың тізбесін және оларды кіргізу тәртібін халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

Тауарларды өндіретін және (немесе) тауарларды беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің жекелеген түрлері тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

4. Осы баптың 2-тармағында белгіленген ережелерді іске асыру үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осы Заңда көзделген тәсілдермен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады, оған тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктеріне және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдарға рұқсат беріледі.

Жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктеріне және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдарға өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігерлерді және қызметтер көрсету бойынша бірлескен орындаушыларды тартуға жол берілмейді.

Осы баптың 2-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы хабарландыру мәтінінде мемлекеттік сатып алу тек қана тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдар арасында жүзеге асырылатынын көрсетеді.

5. Мемлекеттік сатып алу осы Заңның 30-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы шешім қабылдауға құқылы.

Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес өзге әлеуетті өнім берушілер арасында мемлекеттік сатып алуды қайтадан өткізу туралы шешім қабылдауға құқылы.

6. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бөліктерге бөлуге рұқсат берілетін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді осы Заңның 13-бабының 1-тармағында көзделген тәсілдермен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ағымдағы жылы осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген жиынтық мәндегі жалпы көлемнің кемінде он бес пайызы мөлшерінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға міндетті.

Бұл ретте, бөлуге рұқсат берілетін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алпыс мың еселенген жиынтық мәнінен аспауға тиіс.

7. Осы баптың 7-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы хабарландыру мәтінінде мемлекеттік сатып алу тек қана шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері арасында жүзеге асырылатынын көрсетеді.

8. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері арасында мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жалпы негіздерде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.

Бұл ретте, сатып алу объектісі болып табылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі ағымдағы жылы осы тауарларды сатып алу үшін бөлінген жиынтық жалпы жылдық мәнде ескеріледі.

9. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық немесе аукциондық құжаттамада шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі болып табылмайтын әлеуетті өнім берушіге мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауға шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері арасынан қосалқы мердігерлерді (бірлескен орындаушыларды) тарту туралы талапты белгілеуге құқылы.

Бұл ретте, орындауға, көрсетуге қосалқы мердігерлер (бірлескен орындаушылар) тартылатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі ағымдағы жылы осы жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген жалпы жиынтық жылдық мәнде ескеріледі.
55-бап. Өтпелі ережелер
1. Осы Заңның 44-бабы 3-тармағының 57) тармақшасының ережесі 2016 жылғы 1 шілдеге дейін қолданыста болады.

2. Осы Заңның 47-бабының ережелері 2016 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Осы Заңның 17-бабының 3) тармақшасы мен 34-бабының ережелері 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

12-тарау. Қорытынды ережелер


56-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

2. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., №17, 135-құжат; 2008 ж., №13-14, 59-құжат; №20, 87-құжат; № 21,
97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж.,
№ 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат;
№ 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161, 171-құжаттар;
2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 22-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 12,
83-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжаттар; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6, 9- құжаттар; № 4-5, 24- құжат; № 10, 52- құжат;
№ 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 96- құжат) күші жойылды деп танылсын.

Қазақстан Республикасының

Президенті Н. Назарбаев



Каталог: irj
irj -> 2011 жылғы 1 жартыжылында республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі
irj -> 6. Талдамалы жазба ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 21 қазандағы №452 бұйрығымен «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары»
irj -> 2011 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі Еліміздің әлеуметтік-экономикалық ахуалы
irj -> Жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Стратегиялық даму жоспары мен бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы есебі
irj -> Құрметті Қабиболла Қабенұлы! Құрметті депутаттар!
irj -> Қаржы министрі Б. Т. Сұлтановтың 2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы бойынша Парламент Сенатында таныстырылымына баяндамасы
irj -> "Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 наурыздағы n 357 Жарлығы
irj -> Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасын жария талқылаудың аяқталуы туралы есеп
irj -> Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет