Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы



бет1/19
Дата23.02.2016
өлшемі1.18 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 Қаулысы

(2012.19.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:



1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.



3. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 



Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

 

Ереженің бүкіл мәтіні бойынша «нысан бойынша» және «нысандар бойынша» деген сөздер  ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2009.30.12. № 2305 Қаулысымен бүкіл мәтін бойынша «веб-сайтында», «веб-сайтының», «веб-сайтына», «веб-сайтын», «веб-сайттың», «веб-сайтта» деген сөздер «интернет-ресурсында», «интернет-ресурсының», «интернет-ресурсына», «интернет-ресурсын», «интернет-ресурстың», «интернет-ресурста» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)



 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 27 желтоқсандағы

1301 қаулысымен



бекітілген

 

 

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру

ережесі

 

Осы Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібін анықтайды.



 

 

1. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жоспарлау



 

Кіші бөлім және 1-6-тармақтар ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)

 

 

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді



мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу және бекіту

 

7. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың бекітілген немесе нақтыланған жылдық жоспарының негізінде ғана қабылдайды.

ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 7-1- тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 7-1- тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



7-1. Тапсырыс беруші тиісті бюджеттің (бизнес-жоспардың, кірістер мен шығыстар сметасының) негізінде мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді.

Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын тапсырыс беруші тиісті бюджетті (бизнес-жоспарды, кірістер мен шығыстар сметасын) бекіткен күннен бастап он жұмыс күні ішінде бекітеді және ол мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:

1) жылдар бойынша үш жылдық кезеңге мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманы қоса алғанда, тауарлардың, жұмыстардың көрсетілетін қызметтердің номенклатурасын. Жұмыстардың номенклатурасы осы жұмыстарды орындау шеңберінде сатып алынатын тауарлардың көлемі туралы мәліметтерді қамтуы тиіс. Тиісті бюджетте бекітілген сома болмаған жағдайда, болжамдық сома көрсетіледі;

2) Заңның 4-бабында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілі мен мерзімдерін;



3) тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланған мерзімдерін;

4) Заңның 37-бабында көзделген жағдайларда әрбір қаржы жылына бөлінген және көзделген сома шегінде кестеге және жылдар бойынша бөлуге сәйкес тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланған мерзімдерін.



Заңның 4-бабы 1-тармағының 3), 28), 32) және 33-1) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына енгізуге жатпайды.

ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен  8-тармақ өзгертілді  (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



8. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары бекітілген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдаланусыз берілетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, оны мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырады.

Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына тапсырыс берушінің бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын, жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлға не оның міндетін атқаратын тұлға қол қояды.

ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен  9-тармақ өзгертілді  (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



9. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдаланусыз берілетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, оны мемлекеттік сатып алу веб-порталында енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды орналастырады.

Көрсетілген шешімге тапсырыс берушінің бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын, жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлға не оның міндетін атқаратын тұлға қол қояды.

ҚР Үкіметінің 2009.06.05  № 635 Қаулысымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред. қара); ҚР Үкіметінің 2010.23.04. № 345 Қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

10. ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

11. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды екі кезеңді рәсімді пайдаланып, конкурс тәсілімен өткізген жағдайда ғана бюджет бекітілгенге дейін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылдай алады.

 

 

2. Жалпы ережелер



 

12. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау үшін тапсырыс беруші Заңның 7-бабына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны анықтайды.

ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 13-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

13. Егер тапсырыс беруші өзінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауға жауапты құрылымдық бөлімшесінің атынан мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы болған жағдайда әрекет еткен жағдайда тапсырыс беруші өзінің бұйрығымен оны мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге жауапты етіп анықтайды.

Егер тапсырыс берушінің құрылымдық бөлімшесі заңды тұлға болып табылған жағдайда тапсырыс беруші бұйрықпен оны мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге жауап етіп айқындайды.

Егер мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы болып үшінші заңды тұлға әрекет ететін болса, онда тапсырыс беруші онымен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге шарт жасасады.

Бұл ретте мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет ететін жағдайларды қоспағанда, оны тапсырыс берушімен, әлеуетті өнім берушілермен, тиісті комиссиялармен және сарапшымен өзара қарым-қатынаста білдіретін лауазымды тұлғаны анықтайды. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілі мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауға жауапты құрылымдық бөлімше қызметкерлерінің қатарынан анықталады.

ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен  14-тармақ өзгертілді  (бұр. ред. қара)



14. Тапсырыс беруші  тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысы бір тараптан әрекет ететін жағдайларды қоспағанда,алдағы мемлекеттік сатып алуларда оның мүддесін білдіретін тапсырыс берушінің лауазымды тұлғасын анықтайды.

ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2012.04.05. № 573 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 15-тармақ өзгертілді



15. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекеме, оған қатысты мемлекеттік басқару органы болып әрекет ететін заңды тұлға не оған қатысты бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мемлекеттік басқару органы болып әрекет ететін заңды тұлғамен аффилиирленген тұлға үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде әрекет етуге құқылы.

Мемлекеттік кәсіпорын онымен аффилиирленген тұлғалар үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде әрекет етуге құқылы.

Дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға өздерімен аффилиирленген тұлғалар үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы болып әрекет етуге құқылы.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі оған қатысты ол құрылтайшы (уәкілетті орган) не акционер болып табылатын заңды тұлға үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде әрекет етуге құқылы.

16. Бірыңғай мемлекеттік сатып алуды өткізу мақсатында:



1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бірнеше тапсырыс беруші үшін олардың арасынан мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны белгілеуге құқылы;

2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімі бірнеше тапсырыс беруші үшін олардың арасынан бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны белгілеуге құқылы;

3) тапсырыс беруші тапсырыс берушіге ведомстволық бағынысты бірнеше мемлекеттік мекеме немесе онымен аффилиирленген тұлғалар үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы ретінде әрекет етуге құқылы;

4) тапсырыс беруші тапсырыс берушіге ведомстволық бағынысты бірнеше мемлекеттік мекеме немесе онымен аффилиирленген тұлғалар үшін олардың арасынан мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын белгілеуге құқылы;

5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі оларға қатысты құрылтайшы (уәкілетті орган) не акционер болып табылатын заңды тұлғалар үшін ол мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы ретінде әрекет етуге құқылы.

Осы тармақтың 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны (мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны) анықтауға Заңның 7-бабының 3-тармағында белгіленген талаптарды сақтаған кезде жол беріледі.

17. Осы Ереженің 16-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны анықтаған жағдайда тапсырыс берушілер конкурсты ұйымдастырушыға ол белгілеген мерзімде конкурсты ұйымдастыру мен өткізу үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде белгіленген жылдық жоспарды, сатып алынатын тауарлардың (қызметтердің) техникалық өзіндік ерекшелігін, құрылыс жұмыстарын сатып алу кезінде объект салуға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы ұсынады, сондай-ақ конкурсты бірыңғай ұйымдастырушыны осы ақпараттағы барлық өзгерістер туралы тез арада хабардар етеді. Бұл ретте тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алуды өткізу жөніндегі рәсімдерге қатысу үшін өзінің уәкілетті өкілдерін анықтайды.

Бірыңғай ұйымдастырушы өткізген конкурстың қорытындысы бойынша тапсырыс берушілер жеңімпаздармен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасады.

ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2012.15.11. № 1450 Қаулысымен  (бұр.ред.қара); 2012.19.12. № 1618 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 18-тармақ өзгертілді



18. Күрделі техникалық сипаттамалары және ерекшелігі бар тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізген жағдайда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осындай тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді осы Ережеде айқындалған тәртіппен заңды тұлғалардың уақытша бірлестіктерінен (консорциумдардан) сатып алады. Мемлекеттік сатып алуға заңды тұлғалардың уақытша бірлестіктері (консорциумдар) қатысқан жағдайда, онда аталған консорциумның қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалар өз біліктілік талаптарын растау үшін осы Ережеде белгіленген құжаттармен қатар мынадай құжаттарды беруге тиіс:

1) заңды тұлғалардың (консорциумның) мүшелері арасында жасалған нотариалды куәландырылған ортақ жауапкершілік шарты;

2) бірлескен шаруашылық қызметі туралы шартта көзделген қызмет бөлігінде тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету құқығына арналған тиісті лицензиялардың нотариалды куәландырылған көшірмелері не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензия.

 

 



3. Конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін

қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу

 

ҚР Үкіметінің 2010.02.04. № 280 Қаулысымен 19-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



19. Конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу мынадай дәйекті іс-шаралардың орындалуын көздейді:

1) тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны, тапсырыс берушінің уәкілетті өкілін белгілеуі;

2) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілін анықтауы;

3) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманы әзірлеуі, сондай-ақ қажет болған кезде сараптау комиссиясының құрамын (сарапшыны) қалыптастыруы және бекітуі;

4) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық комиссияның құрамын, конкурстық комиссияның хатшысын қалыптастыруы және оны бекітуге ұсынуы;

5) тапсырыс берушінің конкурстық құжаттаманы бекітуі;

6) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлауы;

7) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушілерге конкурстық құжаттаманың көшірмесін ұсынуы, сондай-ақ осындай әлеуетті өнім берушілер туралы мәліметтерді конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізуі;

8) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының осы Ереженің 47-49-тармақтарында көзделген жағдайларда оның көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілерге конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіруі;

9) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді тіркеу журналына тіркеуі;

10) конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашуы, сондай-ақ конкурстық комиссия отырысының тиісті хаттамасын ресімдеуі;

11) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасының көшірмесін әлеуетті өнім берушілерге не олар туралы мәліметтер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген олардың уәкілетті өкілдеріне жіберуі;

12) конкурстық комиссияның біліктілік талаптарға және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтау үшін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауы;

13) конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға рұқсат етілген әлеуетті өнім берушілердің тізбесін қалыптастыруы және жіберу туралы тиісті хаттаманы ресімдеуі;

14) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушілерге рұқсат беру туралы хаттаманың көшірмелерін жіберуі;

15) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілер ұсынған конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналында мәліметтерді тіркеуі;

16) конкурсқа қатысушылардың баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу, конкурстық комиссияның конкурстық баға ұсыныстарын бағалауы және салыстыруы (конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындыларын шығару);

17) конкурстық комиссияның конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттаманы ресімдеуі және оған қол қоюы және Заңның 27-бабына сәйкес оны мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының жіберуі;



18) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы жүргізген конкурстың қорытындылары бойынша тапсырыс беруші конкурстың жеңімпазымен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасады.

20. Тапсырыс беруші Заңның 5-бабы 10-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.

 

 

Конкурстық құжаттаманы әзірлеу, келісу және бекіту



 

ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 21-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

21. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүргізу шарттары мен тәртібін анықтау үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын есепке ала отырып, осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес үлгі конкурстық құжаттаманың негізінде қазақ және орыс тілдерінде конкурстық құжаттаманы әзірлейді және оны тапсырыс берушімен келіседі.

22. Конкурстық құжаттама мыналарды қамтуы тиіс:

ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен (


Каталог: files -> pravila
pravila -> Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын
pravila -> Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды (жаңарту және броньнан шығару тәртібімен) шығару жөніндегі тендерлерді дайындау және өткізу ережесін бекіту туралы
pravila -> Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы
pravila -> Источник: ис параграф, 19. 08. 2013 13: 48: 59 Қазақстан Республикасының
pravila -> Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет