Мемлекеттік тіркеу: 13 желтоқсан 2012 жыл №4367 21 қараша 2012 ж. №86 Кезектен тыс Х сессия Тұрғын үй көмегін көрсетудің



Дата25.02.2016
өлшемі33.5 Kb.
#24472



Мемлекеттік тіркеу: 13 желтоқсан 2012 жыл №4367

21 қараша 2012 ж. №86


Кезектен тыс Х сессия


Тұрғын үй көмегін көрсетудің

мөлшері мен тәртібін айқындау туралы


“Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, “Тұрғын үй қатынастары туралы” Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабының 2-тармағына, сондай-ақ “Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2314 Қаулысына сәйкес Сырдария аудандық

мәслихаты ШЕШТІ:

1. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.

2. Сырдария аудандық мәслихатының 2011 жылғы 15 қарашадағы «Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің Қағидасын бекіту туралы» №358 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2011 жылғы 08 желтоқсанда №10-8-158 болып тіркелген. «Тіршілік тынысы» газетінің 2011 жылғы 10 желтоқсандағы №102 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.



Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихат хатшысы

кезектен тыс Х сессиясының төрағасы
__________ Ш.Зетов ___________ Б.Маншарипов

2

Сырдария аудандық мәслихатының



2012 жылғы « 21» қарашадағы

кезектен тыс Х сессиясының

№86 шешіміне қосымша

Тұрғын үй көмегін көрсетудің

мөлшері мен тәртібі
Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі “Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, “Тұрғын үй қатынастары туралы” Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне»сәйкес әзірленді.


1. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі
1. Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің»2-тармағында көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.

Белгiленген нормалар шегiндегi шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi отбасының (азаматтың) жиынтық табыстың 15 пайызы мөлшерiнде белгiленедi.

2. Тұрғын үй көмегін тағайындау “Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-уәкілетті орган) арқылы жүзеге асырылады.

3. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге, жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

4. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) уәкілетті органға өтінішпен жүгінеді және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2009 жылғы

3
30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің» 4-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

5. Тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады.

2. Тұрғын үй көмегiн көрсету мөлшерi

6. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау төмендегі пайдалану нормаларына сәйкес жүргізіледі:

1) Электр қуатын пайдалану нормалары 1 айға:

1 адамға – 70 киловатт;

2 адамға – 140 киловатт;

3 және одан да көп адамға –210 киловатт.

2) Газ пайдалану нормалары 1 айға:

4 адамға дейін – 10 килограмм;

4 және одан да көп адамға –20 килограмм.

3) отын пайдалану от жағу маусымына:

3 адамға дейін айына - 0,5 тонна;

3 және одан көп адамға айына - 1 тонна.



4) Коммуналдық қызметтерді пайдалану төлемінің нормалары мен тарифтерін қызмет көрсететіндер ұсынады.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет