Менің анам – ұстаз Жезқазған, №14 жоббм оқушысы 6 «а» сынып оқушысы Әлмағанбет Батыр Ұстаз болу – жүректің батылдығы



Дата21.03.2024
өлшемі13.66 Kb.
#496242
Әлмағанбет Батыр ЭССЕ


Менің анам – ұстаз
Жезқазған, №14 ЖОББМ оқушысы
6 «а» сынып оқушысы Әлмағанбет Батыр


Ұстаз болу – жүректің батылдығы

Менің анам – ұстаз. Мен анамды мақтаныш тұтамын. Отбасында да анамды мақтаныш тұтып, сыйлаймыз. Анамыздың мектептен келуін асыға күтіп отырамыз. Анамыз есіктен біре бере әжеміз: - әне, шешелерің келді, шайын дайындаңдар,- деп бізге нұсқау бере бастайды. Әжем мен анама қарап өзімнің бақытты бала екендігімді сезінемін.
Анамның ұстаз атануына, ұстаз болып еңбек етуіне әжемнің еңбегі зор деп ойлаймын. Өйткені, әжем ағамыз екеуімізге үнемі: аналарың жұмыстан келеді, үйдегі шаруаларды айтқызбай, ренжітпей орындап қойыңдар. Әр отбасының еркесін бағындырып, оларға сабақ беру оңай емес, - деп айтып отырады. Біз, әрине, әжеміздің айуымен, басқаруымен айтқан шаруаларды анамыздың жұмыстан келуін күтіп отырмай, орындап қоямыз. Біздің отбасының, әкемнің, ұстаз атанып жүрген анамның да үлкен ұстазы – әжем деп ойлаймын. Себебі, дастархан басына жиналғанда барлығымызды оқушы сынды отырғызып, ақылдарын айтады, дұрыс емес қылықтарымызға ұрсып қояды. Анам бізге ұрысқанда: отбасында үлкен кісі, әжесі бар балалар өте тәртіпті, ақылды болу керек. Әжелеріңнің үнемі айтып отыратын ақылдарын тыңдап отыру керек, - дейді. Шынында да, әжем ұстаздар сияқты. Жаман қылықтарымыз болып қалса түзетеді, жақсы қылықтарымызды мақтан етеді
Мен анамды мектепте үзіліс арасында оқушыларымен көремін. «Мұғалім, мұғалім» деп жан –жағынан шулап жүрген оқушылар арасында жүрген анамның дауысын естігенде қуанамын, бір жағынан мақтанамын. Анам өзінің жағымды дауысымен оқушыларын бізді отбасында қалай еркелетсе, сондай қалыпта еркелетіп тұрғанын көргенде қызғанып та қаламын. Ал кейде анамның сыныбындағы әрбір оқушы анамды «менің алғашқы ұстазым, әріпті үйреткен ұстазым» деп мақтаныш етеді – ау деп ойлағанда, бойымды бір тамаша мақтаныш билейді. Мектепте осындай жұмсақ, мейірімді анам отбасында да жайлы. Бірақ жаман қылықтар көрсетсек, қаталдығы да бар. Анамды жауапты, еңбекқор ұстаз деп ойлаймын. Анам отбасындағы жұмыстарын атқара жүріп, үнемі оқушыларына қатысты жұмыстарды да қалыс қалдырмайды. Ұстаздардың да үйде сабақ жазып, ертеңгі сабаққа үлкен дайындық жүргізетінін танам арқылы білдім. Анам үнемі ертеңгі сабағына дайындалып отырғанда қызыға қараймын.
Анамның ұстаз болғанын мақтаныш етемін. Отбасындағы үлкендердің айтып отырған тәртіпке байланысты ережелерді орындауға, жақсы оқуға, тәрбиелі болуға, анамды ұялтпауға тырысамын.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет