Деректердің реляциялық моделі - РЕЛЯЦИЯЛЫҚ МОДЕЛЬ – RELATION MODEL –
- “ҚАТЫНАС” МОДЕЛІ – КЕСТЕ ТҮРІНДЕГІ МОДЕЛЬ
- Қатынас – бұл қатар және бағандардан тұратын жалпақ кесте. Кез-келген реляциялық ДББЖ да қолданушы деректер базасын кесте жиыны түрінде қабылдайды деп есептелінеді.
- Атрибут – бұл қатынастың атау берілген бағаны.
- Домен – бір не бірнеше атрибуттар қабылдай алатын мәндер жиыны.
- Кортеж – бұл қатынастың қатары.
- Қатынас дәрежесі – қатынастың атрибуттарының санымен анықталады.
- Кардиналдылық – қатынас кортеждерінің жалпы саны.
- Қатынастың кардиналдылығы
- Реляциялық модельде байланыстардың түрлері
- ҚР азаматының тек бір ғана ЖСН-і бар.
- ҚР азаматының бірнеше автокөлігі болуы мүмкін.
- Топ студенттері бірнеше пәндерді үйренеді.
- Сұраныс - деректер базасында сақталатын мәліметтерді таңдау, жою не түрлендіру амалдарының құрамын анықтайтын арнайы тәрізде берілген шарт.
- SQL тілі кестелерге (құру, жою, құрылымын өзгерту) және оның деректеріне (таңдау, өзгерту, қосу және жою) амалдар қолдануға, сонымен бірге кейбір ортақ амалдарды орындауға арналған.
- SQL процедуралық тіл емес және басқару, ішкі бағдарламаларды, енгізу-шығару амалдарын ұйымдастыру операторларын орындамайды.
- SQL жеке қолданылмайды, ол ДББЖ бағдарламалау тіліне енгізілген.
- SQL бағдарламалар жазылатын басқа бағдарламалау тілдерінен өзгеше декларативті (сипаттау) тілі болып табылады. Яғни, SQL тіліндегі өрнектер қалай емес?, не істеу керектігін? сипаттайды.
|