Металл материалдары



бет63/63
Дата05.08.2022
өлшемі6.13 Mb.
#459891
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63
Металл материалы (1)
ответы, при 13.1
18.3 Резеңке материалдары

Каучук және күкірт қоспасына әр түрлі қосымшалар енгізіліп арнаулы өңдеу (вулкандау) арқылы алынған өнім резеңке деп аталады. Резеңке басқа техникалық материалдарға қарағанда басты компоненті - каучук тәрізді созылмалы.


Бөлме температурасындағы резеңкенің аса созылмалық қасиеті температура өзгергенде де сақталады. Резеңкенің беріктігін және тозуға төзімділігін көтеру үшін оның құрамына толтырғыштар (күйе, кремний немесе титанның тотықтары) енгізіледі. Сонымен қатар оның құрамына жұмсартқыштар, ескіртпегіштер енуі мүмкін. Ескірмеу үшін вазелин, воск, парафин алынады. Жұмсартқыш ретінде стеарин, олеин қышқылдары, канифоль, парафин, карағайдың шайыры қолданылады. Бояу үшін охра, ультрамарин қосылады. Қолданылуына қарай резеңке жалпы және арнаулы болып бөлінеді.
Жалпы қолданатын резеңкелер табиғаттағы және синтетикалық каучуктен алынады. Созылмалығы, беріктігі, су және газ өткізбеушілігі өте жоғары. Жалпы қолданатын резеңкеден белдіктер, құбырлар, тасымалдау таспасы, кабельдерді оқшалау т.б. жасалады.
Арнаулы қолданатын резеңкелерге тек өзіне ғана тән қасиеттер берілген. Мысалы, майға төзімді, бензинге төзімді т.б.
Машина жасауда қолданатын резеңке бөлшектері нығындайтын, тербеліс және дыбыс өткізбейтін, соққыға, ауаға қарсылық көрсететін фрикционды, күш түспейтін және қорғаушы болып бірнеше топқа бөлінеді.
18.4 Шыны

Органикалық емес материал - әртүрлі тотықтар қорытпасын қатайту арқылы алынатын аморфты зат. Тотықтар шыны түзетін, модификаттайтын және аралық болып бөлінеді. Шыны түзетін тотықтар қатарына кремний, бор, фосфор, германий, мышьяк тотықтары жатады. Модификаттайтын тотықтар- сілті және сілтілі металдар тотығы шынының физикалық-химиялық қасиетін өзгерту үшін енгізіледі. Шынының құрылымдық схемасында шыны түздіретін тотықтардың орнын ауыстыру арқылы оның қасиетін керекті бағытқа өзгерту үшін алюминий, қорғасын, темір, титан, бериллий тотықтары сияқты аралық тотықтар жұмсалады.


Шынының морт сынғыштығы, химиялық әрекеттерге төзімділігі және машина мен автоматтарды өңдеуге бейімділігі тұрғысымен сипатталады. Шыны арзан.
Құрамына қарай шыны:
- силикатты (SіО2),
- алюмосиликатты (А12Оз-SіО2),
- борсиликатты (В2О3 - SіО2) т.б. болып ажыратылады.
Қолданылуына қарай:
- техникалық (оптикалық, сәулеттехникалық, электротехникалық, химиялық - лабораториялық, аспаптық, түтіктік);
- құрылыстық (терезелік, витриналық, торланған т.б)
- тұрмыстық (шыны шөлмектер, ыдыстар, айналар т.б.) болып бөлінеді.
Техникалық шыны көбінесе алюмоборсиликатты топ құрып, құрамындағы тотықтарға қарай әртүрлі болып өзгереді.
Өндірісте шыны дайын бұйымдар немесе әртүрлі бөлшектер ретінде қолданылады.
Шынының механикалық қасиеті қысымға көрсететін қарсылығының жоғарылығы (500 - 2000 Мпа), созылуда (30 -90Мпа), иілуде (50-150Мпа) төмен беріктік шегімен сипатталады. Соғу тұтқырлығы төмен (1,5 - 2,5кДж/м2), морт.
Химиялық құрамын мейлінше өзгертіп, әр түрлі қасиет берілген шыны алуға болады.
Термиялық төзімділігін арттыру мақсатымен құрамына сілті тотықтары кірмеген жаңа шынылар өндірілуде. Әртүрлі нығайту тәсілдерін қолданып, шынының механикалық қасиеттерін көтеруге болады. Ол үшін шынының беткі қабаты термиялық, химиялық немесе термиялық - химиялық өңделеді.
Термиялық өңдеуде шыңдау қолданылады. Шыныны 620...6500С температурада қыздырып, белгілі уақыт ұстағаннан кейін екі жақ бетін де тез суытады. Шынының беткі қабатында қалдық кернеу пайда болып, шынының баяу түсетін күшке көрсетер қарсылығы 4...6 есе, соққыға беріктігі 5...7 есе, термиялық беріктігі 2...3 есе артады.
Шынының бетіндегі жарықшалар химиялық реактивпен өңдеу арқылы жойылады.
Механикалық қасиеті жоғары шынылар қатарына:

  • сілтісіз өңделген,

  • кварцты шынылар жатады.

Кварцты шыны кремнеземнан (99,5% SіО2) алынады. Құрылысы өте қарапайым. Химиялық және термиялық берік, себебі кремний мен оттегінің арасындағы байланыс берік, сондықтан қыздырылған шынының ұлғаюы шамалы. 17000С - тан жоғары температурада балқиды және балқығаннан кейін тұтқыр күйге ауысады.
Силикатты шынының құрамындағы кремниймен оттегінің байланысы нашар болғандықтан қызуға тез ұлғайып, жеңіл балқиды.
Силикатты триплекс шынысы - екі немесе одан көп кәдімгі
өндірісте шынықтырылған шыныларды мөлдір органикалық полимерлік
жұқа жарғақтармен желімдеп алынған шыны. Шытынаған триплекстің жарқыншақтарын полимерлі жарғақ ұстап қалады. Триплекстер жазық немесе иіліп дайындалуы мүмкін.
Термопан - үш қабатты шыны. Екі қабатты шынының арасындағы қабатты ауа алып жатыр. Ауалы қабат жылуды ұстау ролін атқарады. Автокөліктерді шынылауда триплекс, термопан және шыңдалған шынылар кеңінен қолданылады.
Ситалдар - шыны кристалды материалдар. Шыныдан айырмашылығы құрамы минералды және құрылысы микрокристалды. Құрамына катализатор (кристалдану орталықтарын тудыру үшін) енгізілген арнаулы құрамды балқыған шыныдан жасалған бұйымдар шыны тәрізді күйде қатады. Шыныны қатаю температурасына дейін (400...6000С) қайтадан қыздырғанда шынының ішінде кристалл тұқымдары пайда болады. Қыздыру үстінде тұқымдарға қосымша шыны фазасы қосылып, кристалдық күйге айналады.
Ситалдың кристалдану дәрежесі 95% дейін жетеді. Қаттылығы жоғары, беріктік шегі 150...500 МПа, термиялық (700...800°С) және химиялық берік.
Ситалдан 540°С дейін майланбай жұмысқа жарайтын подшипниктер, поршеньдер мен іштей жанатын қозғалтқыш цилиндрлері, химиялық және басқа аппараттар жасалады.

ОҚУЛЫҚТА КЕЗДЕСЕТІН НЕГІЗГІ ТЕРМИНДЕР СӨЗДІГІ





А



Азотпен қанықтыру
Айналдырық
Активтендіру
Ақ шойын
Алюминий жалату
Алюминийге қанықтыру
Аллотропия
Ақаулар
Аққыштық
Анықтау
Анизотропия
Араласу
Аралық фаза
Арнаулы болаттар
Арқау
Арқаулау
Асыра қыздыру
Асыра суыту
Асыл металдар
Аса берік
Аса қаныққан
Аспаптар
Атомдардың орналасуының бұзылуы
Аустениттеу

  • азотирование

  • шпиндель

  • активизация

  • белый чугун

  • алюминирование

  • алитирование

  • аллотропия

  • дефекты

  • текучесть

  • установить

  • анизотропия

  • диффузия

  • промежуточная фаза

  • стали специального назначения

  • арматура

  • армирование

  • перегрев

  • переохлаждение

  • благородные металлы

  • высокопрочный

  • пересыщенный

  • приборы

  • разупрочнение

- аустенизация

Ә


Әдіс
Әдістеме
Әрекеттесу

  • метод

  • методика

- взаимодействие

Б


Байланысты күй
Басып өңдеу
Баспақ
Бағаналы
Бағытталынбау
Балқыма
Балдақ
Баяу балқитын
Бастиек
Бейметалдар
Берілістер қорабы
Беттік центрленген кубтық
Босату
Борлау
Болат
Бөлшектер
Борпылдақ
Бос орын
Бұрандакескіш
Бұранданы қию
Бұрғы
Білік
Бір фазалы
Біртегістеу
Біртекті
Біртектік еместік
Біркелкі емес құрылым
Бірінші (екінші, үшініші) реттік цементит
Бірқалыпты
Бірыңғай, біртекті



  • - с - связанное состояние

  • обработка давлением

  • пресс

  • столбчатый

  • ненаправленность

  • расплав

- кольцо

  • тугоплавкий

  • головка

  • неметаллы

  • коробка передач

  • гранецентрированная кубическая

  • отпуск

  • борирование

  • сталь

  • детали

  • рыхлый

  • вакансия

  • плашка

  • нарезание резьбы

  • сверло

  • вал

  • однофазный

  • гомогенизация

  • однородный

  • неоднородность

  • неравновесная структура

  • первичный (вторичный, третичный) цементит

  • равномерный

  • однородный






Д

Дайындамалар
Дәнекер
Деформация дәрежесі
Дің
Діріл

  • заготовки

- припой

  • степень деформации

  • ствол

  • вибрация






Е

Егеу
Егеу қағаз
Ерекше
Ену қатты ерітінді
Ең кіші
Ең үлкен
Ескірту
Еркіндік дәреже саны
Екі фазалы
Ернемек
Еріткіш
Ерігіштік

  • напильник

  • наждачная бумага

  • специфический

  • твердый раствор внедрения

  • минимальный

  • максимальный

  • старение

  • число степеней свободы

  • двухфазный

  • фланец

  • растворитель

- растворимость



Ж

Жазықтық
Жазық табақша


Жалғаныстырғыш
Жалқы кристалл
Жалтырату
Жабу, жалату
Жасырын кірме қосылымдар
Жапсырма
Жасыту
Жанама
Жасанды
Жарықша
Жақсарту
Жартылай тынық
Жетілмегендік
Жентектеу
Жез
Жекетүйіршік
Жонғылау
Жоғары сапалы
Жоғары көміртекті
Жоғары температуралы
Жону білдегі
Жүктеме
Жүйе
Жүру сарыны
Жұқа құрылым
Жұқа қабық, шарана
Жұмсартқыштар
Жылжу сызықтары
Жыртылу
Жылуға төзімділік
Жылжыпсырғымалық
Жұқа жарылыс




  • плоскость

  • плоский диск

  • муфта

  • монокристалл

  • полирование, өңдеу

  • плакирование

  • скрытые примеси

  • сварной шов

  • отжиг

  • косвенный

  • искуственный

- трещина

  • улучшение

  • полуспокойный

  • несовершенства

  • спекание

  • латунь

  • субзерно

  • фрезерование

  • высококачественный

  • высокоуглеродистый

  • высокотемпературный

  • токарный станок

  • нагрузка

  • система

- механизм действия

  • тонкая структура

  • пленка

  • пластификаторы

- линия сдвига

  • надрывы

  • теплостойкость

  • ползучесть

- флокены



З

Зиянды кірмелер

- вредные примеси

И

Илемдік орнақ


Илемдеу
Илемдеуші пішінбілік
Ине тәрізді
Иімді
Иінді білек
Имарат




  • прокатный стан

  • прокатка

  • валок прокатный

  • игольчатый

  • пластичный

  • коленчатый вал

  • сооружение



К

Карбюризатор
Қаралтым жону
Кесіп өңдеу
Кеуекті
Кедір-бұдыр
Кертпе
Кемістіктер
Кернеу
Кесек
Кескіш
Кездейсоқ
Коррозияға төзімді
Кризисті мөлшер
Кристалдық тор
Көлем
Көлемдік ақау
Көлемі центрленген
кубтық
Көпіршіп қайнау
Көміртекті болат
Көміртектендіру
Көміртексіздендіру
Күй диаграммасы
Күйдіру
Күңгірт
Күпшек
Кірме қосылымдар

  • карбюризатор

  • черновое точение

  • обработка резанием

  • пористый, губчатый

  • шероховатость

  • надрез

  • риски, поры, включения

  • напряжение

  • слиток

  • резец

  • случайный

- коррозионностойкий

  • критический размер

  • кристаллическая решетка

  • размер

  • объемный дефект

  • объемно центрированная кубическая

  • пузырьковое кипение

  • углеродистая сталь

  • науглероживание

  • обезуглероживание

  • диаграмма состояния

  • пережог

  • матовый

  • ступица

- примеси

Қ


Қажу
Қажуға төзімділік
Қайту
Қайта кристалдану
Қасиеті
Қатты ерітінді
Қалайылы
Қалайысыз
Қалып
Қамытша
Қашау
Қапсырма
Қожу
Қорыту
Қосылыс
Қосарлау
Қорғасын
Қорытпа
Құрылым
Қуыстар
Құраушы
Қирап бүліну
Құрал-сайман
Құрсама
Құйып өңдеу
Құйма
Құйылмалы
Қыздырылу тереңдігі
Қызуға беріктік
Қызуға сынғыштық



  • усталость

  • износостойкий

  • возврат

  • рекристаллизация

  • свойства

  • твердый раствор

  • оловянный

  • безоловянный

  • штамп

  • хомутик

  • зубило

  • скоба

  • рыхлость

  • выплавка

  • соединение

  • двойникование

  • свинец

  • сплав

  • структура

  • раковина

  • составляющий

  • разрушение

  • инструмент

  • обойма

  • обработка литьем

  • литой

  • литейный

  • прокаливаемость

  • красностойкость

  • красноломкость




Л


Легірлеу
Легірленген болат



  • легирование

  • легированная сталь




М


Мәңгілік
Межелі
Металдық негізі
Металл емес кірмелер
Металдық байланыс
Механикалық қоспа
Механикалық өңдеу
Морт
Мойынтірек
Мөлшерленген



  • долговечность

  • критический

  • металлическая основа

  • неметаллические включения

  • металлическая связь

  • механическая смесь

  • механическая обработка

  • хрупкий

  • подшипник

  • калиброванный




Н


Нақыштық
Нүктелі ақаулар
Нормальдау
Нығайту



  • граверный

  • точечные дефекты

  • нормализация

- упрочнять

О


Оқшалау
Омырық, сынық
Оңтайлы
Отқабыршық түзілу



  • изоляция

  • излом

  • оптимальный

  • окалинообразования

Ө


Өскін - зародыш

П


Пайда болуы


Пластикалық
Пісіру






  • образуется

  • пластический

  • сварка




С


Сақина
Салқын деформация
Салқындату қисығы
Салыстырмалы созылу
Сапасы кәдімгідей болат
Сапалы
Сенімділік
Серіппе
Серпімділік
Соғу
Соғылымды шойын
Соққы тұтқырлығы
Сомын
Суықта сынғыштық
Суыққа сынғыштық табалдырығы
Субтүйіршіктер
Сұр шойын
Сүргілеу
Сынық
Сымдау
Сырғанау сызығы



  • обойма

  • холодная деформация

  • кривая охлаждения

  • относительное удлинение

  • сталь обыкновенного качества

  • качественный

  • надежность

  • пружина

  • упругий

  • ковка

  • ковкий чугун

  • ударная вязкость

  • гайка

  • хладноломкий

  • порог хладноломкости

  • субзерно

  • серый чугун

  • строгание

  • излом

  • волочение

  • линия скольжения




Т

Табақша
Табиғи


Талшықты
Таңбалаушы
Таспа
Тарта жонғыш
Тәуелділік
Термиялық өңдеу
Тепе-тең күй
Тармақты
Тозу, тозық
Тот
Тот баспайтын, тоттанбайтын
Тот басу, тоттану
Тотқа тұрақты
Тотығу
Топтау
Тойтару
Тоқпақ
Тотықсыздандырғыш
Топырақ
Тозуға төзімділік
Төлке
Түзіледі
Түйіршік
Түйіспе
Тұғыр
Тұтқырлық
Тұқым
Тұрақты
Тұрқы
Тығырық
Тынық
Тығыз гексагональдытор

Тілімшекті


Тістегеріш






  • пластина

  • естественный

  • волокнистый

  • метчики ручные

  • лента

  • протяжка

  • зависимость

  • термическая обработка

  • равновесное состояние

  • ответвление

  • износ

  • ржавчина

  • нержавеющий

  • ржавление

  • коррозионно-стойкий

  • окисление

  • классифицировать

  • наклеп

  • копер

  • раскислитель

  • почва

  • износостойкость

  • втулка

  • образуется

  • зерно

  • контакт

  • станина

  • вязкость

  • зародыш

  • постоянный

  • корпус

  • шайба

  • спокойный

  • гексагональная плотноупакованная решетка

  • пластинчатый

  • шестерня




Ү


Үйкелістік
Үйкеліссіздік
Үлпек, үлпекті



  • фрикционный

  • антифрикционный

  • хлопья, хлопьевидный




Ұ


Ұнтақ
Ұңғы
Ұсталық баспақтау
Ұштық
Ұяшық
Ұялы құрылыс



  • порошок

  • развертки ручные

  • кузнечно-прессовый

  • наконечник

  • ячейка

  • сотовое строение




Х


Химиялық әрекет
Химиялық өңдеу
Химиялық қосылыс



  • химическое воздействие

  • химическое травление

  • химическое соединение




Ш


Шалыстау, шалыстық
Шапшаң кескіш
Шартты
Шар тәрізді
Шексіз еру
Шөгу
Шыңдау
Шыңдау кернеулері
Шыңдалу қабілеті
Шығын
Шығыршық, бірікпе,жиынтық
Шілтер



  • коробление

  • быстрорежущий

  • условный

  • шарообразный

  • неограниченная растворимость

  • усадка

  • закалка

  • закалочные напряжения

  • прокаливаемость

  • угар

  • блок

  • горелка




Ы


Ыдыс (қорытпа құйылған)
Ыдырау
Ысқылау
Ыстықтай өңдеу
Ыстыққа төзімді
Ыстыққа берік
Ысырап



  • тигель, изложница

  • распад

  • шлифование

  • горячая обработка

  • жаростойкий

  • жаропрочность

  • потеря




І


Ішкі кернеу
Ішкі құрылым
Ішпек



  • внутреннее напряжение

  • внутреннее строение

  • вкладыш





Пайдаланылған әдебиеттер


1. Лахтин Ю.М., Леонтьева В.П. Материаловедение. – М.: Машиностроение, 1990.- 527 с.

2. Гуляев А.П. Металловедение. - М.: Металлургия, 1986.- 541 с.


3. Мозберг Р.К. Материаловедение. – М.: Высшая школа, 1991. - 447 с.


4. Геллер Ю. А. Материаловедение /Ю.А.Геллер, А.Г. Рахштадт. -М: Металлургия, 1989. - 455 с.


5. Смагулов Д.У. Металлография. – Алматы, 2001. - 375 б.


6. Седов Ю.Е., Справочник молодого термиста / Ю.Е.Седов, А.М.Адаскин. - М.: Высшая школа, 1986. - 238 с.


7. Лившиц Б.Г. Металлография. – М.: Металлургия, 1990. - 333 с.


8. Орысша - қазақша сөздік. -1, 2 т. Қазақ совет энциклопедиясының бас редакциясы / Жалпы редакциясын басқарған Ғ.Ғ.Мұсабаев. – Алматы, 1978, 1 т. -575 б., 2 т. – 588 б.


9. Казахско-русский - русско-казахский терминологический словарь.


Машиностроение, т.7; Горное дело, т. 19. - М.: Респуб. гос. изд-во Рауан.- Алматы, 2000.

10. Анықтама сөздігі / Құраст. М.Қасымбеков т.б. – Алматы: Қазақстан, 1992. 134 б.




11. Нысанбаев Ғ. Мың құпиялы металдар. – Алматы: Қазақ университеті, 1993. - 134 б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63




©dereksiz.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет