Металл материалдары


Кескіш құрал жасайтын болаттар



бет56/63
Дата05.08.2022
өлшемі6.13 Mb.
#459891
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   63
Металл материалы (1)
ответы, при 13.1, ЭССЕ жауаптары, АТУБ 22-9-2
14.4 Кескіш құрал жасайтын болаттар

Атқарар жұмысына байланысты кескіш құралдар қызуға төзімсіз (көміртекті төмен легірленген) немесе жоғары легірленген, қызуға берік (шапшаң кескіш) болаттардан дайындалынады.


14.4.1 Қызуға төзімсіз кескіш қүрал- сайман жасалатын болаттар
Мұндай болаттар жұмыс температурасы 150°С-тан аспайтын құралдарды жасауға қолданылады. Оларға ағаш өңдеу құралдары, аралар, түрпілер, қашау және темірмен жұмыс жасайтын басқа құралдар жатады.
Негізгі құрал-саймандық қызуға төзімсіз болаттардың маркасы 14 - кестеде келтірілген. Легірлеу арқылы болаттың технологиялық қасиетін және шынығу тереңдігін өзгертеді. Негізгі легірлеуші элемент ретінде хром, кремний, марганец, вольфрам, ванадий енгізіледі. Шынығу тереңдігі күрделі легірленген ХВГ, ХВСГ болаттармен салыстырғанда жоғары.

14- кесте. Қызуға төзімсіз құрал- саймандық болаттар





Болаттың маркасы

Шынығу дәрежесі

Қаттылық, НRС

Тұтқырлық

Термиялық өңдеуден кейін

У9А,У10А, У11А,У12А

төмен

60. ..62

төмен

ХВ5

»

65. ..67

»

Х, ОХС, ХВ5, ХВС5

жоғары

61. ..64

»

У7

төмен

50. .52

жоғары

6ХС, 7ХФ

жоғары

52. ..57

»

Көміртекті болаттардан шынығу тереңдігі шешуші роль атқармайтын құрал-саймандар (метчиктер, плашкалар) дайындалады. Кескіш құрал-саймандар құрамында 1,1...1,2% көміртегі бар болаттардан дайындалады. Соққы күші түсетін құрал- саймандар тұтқырлығы жоғары, құрамындағы көміртегі 0,6... 0,75% болатын болаттан дайындалынады. Құрал — сайманның өңдеу тәртібі анықтама бойынша алынады. Соққы күші түспейтін құрал- саймандардың термиялық өңделгеннен кейінгі қаттылығы НRС 60...63 (шынықтыру және төмен температурада босату). Тұтқырлық қасиетін

қамтамасыз ету үшін жоғары температурада босату жүргізіледі, мұндағы қаттылығы 52...57 НRС.


14.4.2 Қызуға төзімді (шапшаң кескіш) құрал - сайман жасайтын болаттар (15- кесте).
Шапшаң кескіш болаттың құрамында 0,7...0,95% көміртегі және 25% дейін легірлеуші элементтер бар. Негізгі легірлеуші элементтер: вольфрам (6... 18%), хром ( 4%), ванадий (1...5%). Қызуға төзімділігін арттыру үшін қосымша кобальтпен (5...10%) легірленеді.

16 –кесте. Шапшаң кескіш болаттардың химиялық құрамы





Маркасы

Химиялық құрамы, %

С

W

Мо

Сг

V

Со

Р18

0,7 ... 0,8

17...19

0,5...1,0

3,8. ..4, 4

1,0. ..1,4



Р12

0,8 ... 0,9

12...13

до 1,0

3,2. ..3,7

1,5. ..1,9



Р9

0,85... 0,95

8,5...10

до 1,0

3,8. ..4, 4

2,0. ..2, 6



Р6М5

0,85

6,0

5,0

4,0

2,0



Р6МЗ

0,9

6,0

3,3

3,3

2,2



Р18Ф2


17. ..19

0,5...1,0

3,8. ..4, 4

1,8. ..2, 4



Р18Ф2К5

0,85...0,95

17. ..19

0,5...1,0

3,8. ..4,4

1,8. ..2, 4

5,0. ..6,0



Шапшаң кескіш болат құймасының микроқұрылымы эвтектика құрылымынан тұрады. Сол себепті ледебуритті класқа жатады. Жасытылған шапшаң кескіш болаттың құрылымы ұсақ түйіршікті (сорбит тәрізді) перлиті мол карбидтер. Карбидтің көлемі 25% жуық. Легірлеуші элементтің басым көпшілігі карбид фазасында тұрақтайды. Дайын құрал - саймандық қасиетін оңтайлау үшін термиялық өңдеу арқылы легірлеуші элементтермен мартенсит қанықтырылады. Хром карбиді, әсіресе ванадий мен вольфрам карбидтері аустенитте нашар ериді. Сондықтан шапшаң кескіш болаттарды (Р18) шынықтыру өте жоғары температурада (1280°С) жүргізіледі. Суыту ортасы - май. Шынықтырылған болаттың құрылымы - ұсақ түйіршікті легірленген мартенсит, 30...40% қалдық аустенит және вольфрам карбиді. Шынықтырылған болаттың қаттылығы 62...63НRС. Шынықтырылған болат төменгі температурада (200...400° )С босатылады. Температурасы 560°С-та босатылған болат қаттылығы ең жоғарғы қаттылыққа (65НRС) көтеріледі. Босату температурасын одан әрі жоғарылату болаттың қаттылығын төмендетеді. Р18 болаттың термиялық өңдеуден кейінгі қаттылығы 64...65НRС, изг = 2700 МПа. Құрылымы - босату мартенситі мен карбидтер.
Шапшаң кескіш болаттың негізгі қасиеті - олардың қызуға төзімділігі (615...700°С). Р18, Р19, Р9, Р6М5 (18%, 19%, 9%, 6% ) вольфрам енгізілген, 615...620°С температураға дейін қызуға төзімді және кеңінен қолданылады. Одан жоғарғы қызуға төзімділік қасиетін көтеру үшін кобальт, ванадий енгізіледі (Р9Ф5, Р9К10, Р18К5Ф2).
Р18 болатты қолданудың кең таралуының тағы бір себебі - беткі қабатын қыру оңай және жоғары температураға аса қызбайды. Кескіштік қасиеті жағынан Р18 болат Р9 болатқа ұқсайды және арзан, бірақ құрамындағы ванадий карбидтері қырылғыштық қабілетін төмендетеді. Шапшаң кескіш болаттан жасалатын негізгі кескіш құралдар қатарына жону білдегі, бұрғы, қашау, таңбалаушы, қағаз кескіш пышақтар жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   63




©dereksiz.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет