Методические указания Форма ф со пгу 18. 2/05



Дата15.06.2016
өлшемі88.52 Kb.
#136290
түріМетодические указания

Методические указания Форма Ф СО ПГУ 7.18.2/05

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Психология және педагогика кафедрасы

050503 – Психология

мамандықтары бойынша оқитын студенттерге

«Психологиялық кеңес берудің негіздері» пәні бойынша

курстық жұмысын жасауға арналған

ЄДІСТЕМЕЛІК Н¦СЌАУЛАР



Павлодар



Лист утверждения Форма

к методическим указаниям Ф СО ПГУ 7.18.1/05



БЕКІТЕМІН

ФЖжµ¤Ф деканы

________ Сарбалаев Ж.Т.

«___» ________ 200 ж.

Құрастырушы: Казбекова М.Е.


Психология және педагогика кафедрасы

«Психологиялық кеңес берудің негіздері» пәні бойынша

курстыќ жұмысын жасауға арналған


ЄДІСТЕМЕЛІК Н¦СЌАУЛАР



050503 «Психология» мамандығы бойынша студенттер ‰шін

Кафедра мәжілісінде ұсынылды “___ ”_____________ 2009ж.

№ _____ хаттама
Кафедра меңгерушісі _____________ Бурдина Е.И.
Филология, журналистика жєне өнер факультетінің әдістемелік кеңесінде мақұлданды “___”________2009ж. №___хаттама
ӘК Төрайымы ____________ Жуманкулова Е.Н.


Мәтіндік құжаттарға қойылатын жалпы талаптар
Кегль, кегель: баспаханалық қаріптің өлшемі, яғни әріптің биіктігі, әдеттегідей жол үсті, жол асты элементтерімен (керткен таңбалармен) келеді. Тармақпен өлшенеді. Жоларалық интервал: екі шектес жол (әріптің негізгі бөлігінің төмен және жоғарғы шеттерінен пайда болған сызықтыр) қаріптің төмен және жоғарғы сызықтарының арасындағы ара қашықтық. Жоларалық интервал тармақтарда беріледі, әдеттегідей қаріптің кеглінен 10-20 % үлкендеу. Егер қаріптің өлшемі 10 тармақ болса, оңтайлы жоларалық интервал 12 тармақты құрайды Жұмыстың кезекті жоспарын құру бұл логикалық тұрақтылықты және тақырып материалының мазмұнын ашуға көмектеседі. Қаріп: әріптер, сандар, бейнелер мен белгілі сыртқы түрдің пунктуация белгілерінің жинағы. Қаріп гарнитурасы: қаріп бейнелерін белгілеудің стилистикалық ерекшеліктерін сипаттайтын полиграфиялық термин. Түрлі гарнитурадағы қаріптер мынадай ерекшеліктермен өзгешелене алады, мысалы: сызықтардың соңында керткен таңбаның болуы, не болмауы, сызықтардың тұрақты немесе ауыспалы қалыңдығы, бейнелердің биіктігі мен жалпақтығы арасындағы байланысы, бейнелердің тұрақты немесе ауыспалы жалпақтығы және басқалары. Тармақ: баспаханада – баспаханалық өлшемдер жүйесіндегі ұзындық бірлігі. Тармақ қаріп кеглін және т.б басатын элементтерді, жоларалық материалдар өлшемдерін өлшеу үшін керек. Мәтіндік құжаттарды, негізінде тұтас мәтіннен тұратын (рефераттар, есептер, түсіндірме жазбалар және т.б.) және кестелерге бөлінген мәтіні бар құжаттарға бөледі (сипаттізімдер, ведомостар, кестелер және т.б.). Мәтіндік құжаттарды А4 форматты қағаздың бір жақ бетінде (210х297 мм) МЕМСТ 2.301 қажет болғанда, кестелер мен суреттемелерді (297х420мм) А3 форматты парақта орындайды.

Мәтіндік құжаттардың түпнұсқаларын келесі тәсілдердің бірін қолданып орындайды:

- қолжазба - әріптер мен сандардың биіктігі 2,5 мм кем емес. Сандар мен әріптерді бір түсті тушьпен, сиямен немесе түйіршікті қаламмен ( көк, күлгін, қара) құжат бойы анық жазу қажет. Басқа түсті пасталарды, сияларды, тушьтарды қолдануға және астын сызуға рұқсат етілмейді;

- ЭЕМ-нің баспа және графикалық құрылғыларын қолданып машиналық тәсілмен. Шрифт – Times New Roman, қалыпты, кегль 14 тармақ, жоларалық интервал – бірлік.

Машиналық тәсілде дайындалған мәтіндік құжаттарға жеке сөздерді, формулаларды, шарттық белгілерді (қолжазба тәсілмен) жазуды және де, суреттемелерді қара сиямен, пастамен немесе тушьпен орындау керек. Парақтың барлық 4 жағында мәтіннің ақ жиегі болуы тиіс. Ақ жиектің сол жақ өлшемі – 30 мм, оң жағының –10 мм, жоғарғы және төменгі ақ жиегінің өлшемдері – 20 мм.

Мәтінде азат жолдарды қолжазба мәтінінің 15-17 мм тең немесе машиналық мәтіннің (1,25 см) бес белгісіне тең шегінуден бастайды. Азат жол шегінісі мәтін шегінде бірдей болуы тиіс. Қолдан жазылған мәтін жолдары негіздерінің арасындағы ара-қашықтық 10 мм болуға тиіс.

Құжатты орындау барысында табылған қате, жаңылыс және графикалық дәлсіздіктерді сол жерде түзету және түсіру немесе түзетілген мәтіннің (бағанның) жол арасына машинамен басу тәсілімен немесе қара сия, тушьпен, қол жазба тәсілімен түзету қажет.

Бір параққа бес түзетуден артық рұқсат етілмейді.

Парақтардың бұзылуы, түзетілген жерлер, бұрынғы мәтіннің (графиканың) толық жойылмаған іздері болмауы тиіс.

Оқу құжаттамасына келесі құрылымдық элементтер:

- титул парағы (Б-Л қосымшалары);

- тапсырма (КЖ-с/КЖ-а, ДЖ-с/ДЖ-а үшін);

- аңдатпа (ДЖ-с/ДЖ-а үшін);

- мазмұны;

- нормативтік сілтемелер (қажет болған жағдайда);

- анықтамалар (қажет болған жағдайда);

- белгілер және қысқартулар (қажет болған жағдайда);

- кіріспе;

- негізгі бөлім;

- қорытынды (тұжырым);

- пайдаланылған әдебиеттер тізімі;


  • қосымшалар (қажет болған жағдайда) кіреді.

Мәтіндік құжатың ерекшеліктеріне байланысты «Нормативтік сілтемелер», «Анықтамалар», «Белгілеулер мен қысқартулар», «Қосымшалар» атты құрылымдық элементтері қажет болған жағдайда құжатқа қосылады. Мәтіндік құжаттарға қосымша құрылымдық элементтер қосылуы мүмкін.

Жеке парақтарда орналасқан көрнекілік пен кесте оқу құжаттамасының жалпы парақ нөмірлеріне кіреді. А3 форматында орындалған көрнекілік пен кестені бір парақ ретінде санайды.

Құжат мәтінінің аяғында оны құру кезінде қолданылған пайдаланылған әдебиеттер тізімі келтіріледі. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі құжаттың мазмұнына кіреді. Пайдаланылған әдебиеттер туралы мәліметтер құжат мәтінінде сілтемелердің болу тәртібіне байланысты орналасады, нүктесіз арап сандарымен нөмірлеп және азат жол шегінінісінен бастап жазу қажет Егер құжат мәтінінде әдебиеттерге сілтемелер жоқ болса, онда пайдаланылған әдебиеттер тізімін әліпби тәртібінде орналастыру қажет.

Құжат мәтінін қажет болған жағдайда, бөлімдер және бөлімшелерге бөледі. Бөлімдер құжат азат жол шегінісінен бастай отыра нүктесіз, араб сандарымен белгіленген реттік сандары болуы тиіс. Бөлімшелер әрбір бөлімнің шегінде нөмірленген болуы тиіс. Бөлімшенің нөмірі нүктемен бөлінген бөлімнің және бөлімшенің нөмірлерінен тұрады. Бөлімше нөмірінің соңында нүкте қойылмайды. Бөлімдер бөлімшелер сияқты бір немесе бірнеше тармақшалардан тұруы мүмкін.

Бөлімдерде барлық құжат шегінде реттік нөмірлері болу қажет, олар нүктесіз арап сандарымен белгіленген және азат жол шегінісінен бастап жазылуы керек. Бөлімшелер әрбір бөлім шегінде нөмірленуі қажет. Бөлімше нөмірі нүктемен ажыратылған бөлім мен бөлімше нөмірінен тұрады. Атаулар тараулардың мазмұнын анық және қысқа қамтуы тиіс. Бөлімше нөмірінің соңында нүкте қойылмайды. Бөлімдер бөлімшелер сияқты бір немесе бірнеше тараулардан тұруы мүмкін.

Егер құжатта бөлімшелер болмаса, онда тараулардың нөмірі әрбір бөлім шегінде болу қажет, және тарау нөмірі нүктемен ажыратылған бөлім мен тарау нөмірінен құралуы қажет.

Мәтінде (әдетте, тарау немесе тараушалар ішінде) атап көрсетулер келтірілуі мүмкін. Атап көрсетулерді мәтінде тек бірінші жолда ғана қолданылатын азат жол шегінісімен ерекшелейді.

Әрбір атап көрсетудің алдынан дефис қойылады. Егер мәтінде бір немесе бірнеше атап көрсетулерге сүйену қажет болса, онда әрбір атап көрсетудің алдынан дефис орнына әлипби реті бойынша келтірілген әріп қойып, ал одан кейін жақша қойылады.

Атап көрсетуді ары қарай нақтылау үшін арап сандары пайдаланылады, олардан кейін жақша қойылады, оларды атап көрсетуге қатысты екі белгіге оңға қарай ығыстырылып келтіріледі.

Атап көрсетудің соңында нүктелі үтір немесе нүкте қойылады. Әрбір атап көрсетудің жаңа позициясы кіші әріптен немесе бас әріптен басталады.

Бөлімдердің, бөлімшелердің тақырыптары болу қажет. Әдетте, тарауларда тақырыи болмайды.

Тақырыптар бөлімдер мен бөлімшелердің мазмұнын нақты және қысқа бейнелеу қажет.

Тақырыптар бас әріппен, азат жол шегінісінен, аяғында нүктесіз, астын сызбай жазылу қажет. Тақырыптардағы сөздерді тасымалдау рұқсат етілмейді. Егер тақырып екі сөйлемнен тұрса, оларды нүктемен ажыратады. Бөлім мен бөлімшерлер тақырыбын машиналық тәсілмен орындаған кезде жартылай қалың қаріппен орындау рұқсат етіледі.

Бөлім тақырыбы мен мәтін арасындағы, сонымен қатар бөлім мен бөлімшелер тақырыбы арасындағы, бөлімшелер мен мәтін арасындағы ара қашықтық қолмен жазып орындаған кезде – 15 мм, машинамен басқанда екі жоларалық интервалға (екі бос жолға) тең болу қажет. Бөлімше тақырыбы мен мәтін ара қашықтығы қолмен жазып орындаған кезде – 8 мм, машинамен басқанда бір бос жолға (А қосымшасы) тең болу қажет.



Тақырып және одан кейінгі мәтін бір парақта орналасуы қажет. егер оның астында мәтін жоқ немесе бір ғана жол орналасса, онда бөлімнің және (немесе) бөлімшенің тақырыбын парақтың төменгі жағында орналастыруға рұқсат етілмейді. Тақырыпты бір парақтан екінші параққа тасымалдау рұқсат етілмейді.
Курстық жұмыстардың тақырыптары


  1. Психологиялық тәжірибенің тарихы психологиялық мәдениеттің ерекше формасы ретінде.

  2. Батыс және Шығыс психологиялық тәжірибенің салыстырмалы талдамы.

  3. Психологиялық кеңес берудің мақсаттары.

  4. Кеңесшінің маман МЕН-бейнесі.

  5. Кенесшінің «кәсіби жану» (профессиональное сгорание) мәселесі.

  6. Роджерстің терапиясының негізгі түсініктері.

  7. Нейролингвистикалық бағдарламалау.

  8. Кеңес берудегі экзистенционалды тәсілдің процедуралары мен басты ұғымдары.

  9. Психологиялық кеңес берудегі гештальт-тәсіл.

  10. Бихевиоралдық психотерапия.

  11. Клиентпен трансты, медиатативті әдістер жұмысы.

  12. Арт-терапия.

  13. Психологиялық кеңес берудегі транзактілі талдау.

  14. Клиентпен жұмыс істеудегі топтық формалар.

  15. Басшылық және онымен әртүрлі терапевтік топта жұмыс.

  16. Жүйелі және стратегиялық отбасылық терапия.

  17. Психологялық кеңес берудегі интегративті тенденциялар.

  18. Консультативті жұмыс кезіндегі мәдени этнопсихологиялық және басқа да орта факторлардың әсері.

  19. Психодрама: негізгі принциптер мен процедуралары.

  20. Бала тұлғасының психологиялық диагностика және коррекция.

  21. Балалық-ата-аналық қарым-қатынасының психотерапиясы


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Негiзгi әдебиеттер тізімі:

  1. Айви А., Айви М.Б., Саймек-Даунинг Л. Консультирование и психотерапия. Сочетание методов, теории и практики. М.,2000.

  2. Алешина Ю.Б. Индивидуальное и семейное психологическо консультирование. М.,МГУ, 1994.

  3. Адлер А. Наука жить. Киев, 1997.

  4. Василюк Ф.Е. Психология переживания. М.,МГУ, 1991.

  5. Басилюк Ф.Е. Уровни построения переживаний и методы психологической помощи.// Вопросы психологии, 1988,№ 5.

  6. Выготский Л.С. Исторический смысл психологического кризиса. Собр.Соч. в6тт.,Т.1,М.,1986.

  7. Гринсон Р.Р. Техника и практика психоанализа.Воронеж,1994.

  8. 3ейгарник Б.В. Теория личности Курта Левина. МГУ, 1984.

  9. Качунас Р. Основы психологического консультирования. М., 1999

  10. Огинская М.М., Розин М.В. Мифы психотерапии и их функции.// Вопросы психологии, 1991,№5.

  11. И.Перлз Ф., Гудмен П., Хефферлин Р. Практикум по гештальт-терапии.М.,1995.

  12. Роджерс К. Взгляд на психотерапию. Становление человека. М.,1994

  13. Рудестам Н. Групповая психотерапия. М.,1999.

  14. Франки В. Человек в поисках смысла. М.,1990.

  15. Никитин В.Н. Писхология телесного сознания. М., 2000

  16. Хрестоматия по психологическому консультированию. Составитель Сапарова И.А. А., 2004

  17. Эволюция психотерапии. М., "Класс", 1994


Қосымша әдебиеттер тізімі:

  1. Иванов М.А.,Мастеров Б.М. Саморегуляция во взаимодействии. М., 1994.

  2. Фрейд 3. Очерки психологии бессознательного. М.,1989.

  3. Юнг К. Человек и его символы. М., 1996.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет