Методические указания по проведению практических занятий для студентов специальности 050901



бет1/6
Дата13.06.2016
өлшемі474 Kb.
#131433
түріМетодические указания
  1   2   3   4   5   6


Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым

министрлігі
Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ


Министерство

образования и науки

Республики Казахстан
ВКГТУ им. Д.Серикбаева

УТВЕРЖДАЮ

Декан ФМиТ

__________ С.В. Плотников

____________________2010


ТАСЫМАЛДАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

ЖӘНЕ ҚОЗҒАЛЫСТЫ БАСҚАРУ

050901 – Тасымалдауды, жүрісті ұйымдастыру және көлікті пайдалану

мамандығының студенттері үшін

тәжірибе сабақтарына арналған

Әдістемелік нұсқаулар
ОРГАНИЗАЦИЯ ПЕРЕВОЗОК И УПРАВЛЕНИЕ ДВИЖЕНИЕМ

методические указания по проведению практических занятий

для студентов специальности 050901 –

Организация перевозок, движения и эксплуатация транспорта

Өскемен

Усть-Каменогорск



2010
Әдістемелік нұсқау 050901 – Тасымалдауды, жүрісті ұйымдастыру және көлікті пайдалану мамандығы бойынша жоғары кәсіптік білім берудің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының үлгілік бағдарламасы негізінде құрылған.

Көлік және логистика кафедрасы отырысында талқыланды


К ж Л кафедра меңгерушісі,т.ғ.к. В.Н. Вдовин
______________ 2010 _________ Хаттама

Машина жасау және көлік факультетінің әдістемелік кеңесінде бекітілген


Кеңес төрайымы А.А.Чечеткина
_______________ 2010 ________ Хаттама

Әзірленгендер А.Т.Қайназарова

Г.Қ.Ахметсадықова

Норма бақылаушы Е.В. Петрова

МАЗМҰНЫ








1 ТАСЫМАЛДАУ КӨЛЕМІ, ЖҮК АЙНАЛЫМЫ, ЖҮК АҒЫНЫ ………


4

2 КӨЛІКТІК ПРОЦЕСС ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖҮК АВТОКӨЛІГІНДЕГІ ЭЛЕМЕНТТЕРІ ………………………………………………………………..

6


3 ЖЫЛЖЫМАЛЫ ҚҰРАМ ӨНІМДІЛІГІНЕ КӨРСЕТКІШТЕРДІҢ ӘСЕРІН САНДЫҚ БАҒАЛАУ ………….........................................................

11


4 ЖЫЛЖЫМАЛЫ ҚҰРАМ ПАРКІ ЖӘНЕ ОНЫ ПАЙДАЛАНУ КӨРСЕТКІШТЕРІ ……..…………………………………………………...

13

5 АВТОБУСТАР ЖҰМЫСЫНЫҢ ТЕХНИКА-ПАЙДАЛАНУШЫЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ …………………………………………………………..




15

6 АВТОБУСТАР ҚОЗҒАЛЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ………..……………





19

7 Таксомоторлы тасымалдауды Ұйымдастыру …………...





23

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ …………………………………………………….......


27

Қосымша А …………………………………………………………………….

28

1 ТАСЫМАЛДАУ КӨЛЕМІ, ЖҮК АЙНАЛЫМЫ, ЖҮК АҒЫНЫ


    1. Жалпы мәлімет

Тасымалдау көлемі – бұл тасымалданған немесе белгілі уақыт аралығында тасымалдануға жобаланған, жүктің тонна саны.

Жүк айналымы белгілі уақыт аралығында жүк қозғалысы бойынша орындалған немесе жобаланған көліктік жұмысты анықтайды.

Жүк ағыны – бұл жүк құру және жүк сіңіру пункттер арасында белгілі уақыт ішінде берілген бағытта жүретін, жүктер көлемі.

Тасымалдау көлемі, жүк айналымы және жүк ағыны былай сипатталады:


  • мөлшерімен;

  • құрылымымен;

  • игеру уақытымен;

  • бірқалыпсыздық.

Құрылым жүктердің атауы және класымен анықталынады. Игеру уақыты тасымалдаудың басталу және аяқталу күнін, тасымалдау екпінін өзіне енгізеді. Тасымалдаудың бірқалыпсыздығы автомобиль көлігі жұмысын қинайды. Бұл үшін автокөлік жұмыс тәртібін тасымалдау көлемі және жүк айналым тербелуіне икемдеу қажет.
1.2 Негізгі формулалар

Жүк айналымы, т-км


Р = Q · l ср (1.1)

Жүк айналымның бірқалыпсыздық еселігі

η = Рmax / Рср (1.2)




Тасымалдау көлемінің бірқалыпсыздық еселігі


η' = Qmax / Qср (1.3)

Тасымалдаудың қайталану еселігі


η = Qср / Qпотр (1.4)

1.3 Типтік есеп
Есептеңіз: Р, Q, және де тура және кері бағыттағы тасымалдау көлемін; 1 т жүкті тасымалдау кезіндегі орташа l ср жүрісті (АБ – А және Б пункттері арасындағы аралық, 10 км-ге тең, БВ –Б және В арасындағы, 15 км-ге тең). Жіберу пунктінен белгілеу пунктіне дейінгі тасымалдау көлемі 1.1 кестесінде келтірілген.
Кесте 1.1 – Берілген мәндер


Жіберу пункті

Тасымалдау көлемі, т

Белгілеу пункті

А

Б

В

А



200

500

Б

300



100

В

300

150


Шешілуі:


Жалпы тасымалдау көлемі

Q = QАБ + QБА + QАВ + QБВ + QВА + QВБ = 200 + 500 + 300 + 100 + 300 + 150 = 1550 т

Жүк айналымы

Р = QАБ · lАБ + QБА · lБА + QАВ · lАВ + QБВ · lБВ + QВА · lВА + QВБ · lВБ = 200 · 10 + 500 · 25 + 300 · 10 + 100 · 15 + 300 · 25 + 150 · 15 = 28750 т·км


Тура бағыттағы тасымалдау көлемі

Q = QАБ + QАВ + QБВ = 200 + 500 + + 100 = 800 т


Кері бағыттағы тасымалдау көлемі

Q = QБА + QВА + QВБ = 300 + 300 + 150 = 750 м


1 т жүкті тасымалдаудың орташа аралығы

l ср = 28750 : 1550 = 18,5 км

1.4 Есептер
1.4.1 Типтік есептің шарты бойынша жүк айналым эпюрасын салу, тура және кері бағытта жүк ағындарын анықтау; 1.2 кестесін қолдана отырып lср табу керек.
Кесте 1.2 - Берілген мәндер

Көрсеткіштер

Нұсқалар

1

2

3

4

5

6

7

А және Б пункттер арасындағы аралық, км

6

12

6

18

20

15

25

Б және В пункттер арасындағы аралық, км

13

10

16

22

14

-

-

А пунктінен В пунктіне тасымалдау көлемі, т

150

200

400

350

-

-

-

1.4.2 Егер Рср = 210 млн т·км, ал Рmax = 285 млн т·км, ауылшаруашылық ауданының ηн есептеңіз.


1.4.3 Бірқатар құрылыс материалдарын алдымен көліктік базаға тасымалдайды, содан кейін қажеттіліктерінше объектіге тасиды. Егер ηпов = 1,3, ал жоспар бойынша объектіге 2800 т құрылыс материалдарын тасымалдау керек болса, онда қанша құрылыс матреиалын нақты құрылыс объектісіне тасымалдау керек?
1.4.4 Өзен портына орта айлық жүктерді кіргізу және шығару көлемі 450 мың т. құрайды. Егер η'н = 1,84, навигация кезінде Qmax қаншаға тең?
1.4.5 ЗИЛ-130 (qн = 5 т) автокөлігімен жеңіл жүктер тасымалдау кезінде кузовтың максималды көлемін пайдалану үшін шаралар қарастырылған. Автомобильдік таразыда жүк өлшеу кезінде, автомобиль кузовында 2,8 т жүк бар екендігі анықталды. Автомобильдің жүктеу дәрежесін және жүк класын анықтау керек.
2 КӨЛІКТІК ПРОЦЕСС ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖҮК АВТОКӨЛІГІНДЕГІ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
Автомобиль көлігі жүкайналымын арттыру және оны пайдалану тиімділігі жылжымалы құрам жұмысының сапалы, техника-пайдаланушылық көрсеткіштер деңгейін жақсартуды талап етеді. Берілген тақырып бойынша есептер жекеше көрсеткіштер сияқты, сонымен қатар парк бойынша осы мәселелерді шешу жолындағы мақсатты көрсетеді.

Жүктер қозғалыс процесі – бұл өндірісте геометрикалық форма, мөлшер және физика-химикалық қасиеттерін өзгертпей жүктер қозғалысымен байланысты, әрекеттер жиынтығы. Бұл процесс өзіне жүктерді тасымалдау және бастапқы-соңғы операцияларды енгізеді.

Тасымалдау – бұл тиеу орнынан түсіру орнына дейінгі немесе шамадан артық жүк тиеудің белгілі бір бағдар бойынша жүк қозғалысы.

Тиеу – көлік құралына тұрақты сақтау немесе уақытша жинау орнынан жүктердің қозғалысы.

Түсіру – көлік құралынан тұрақты сақтау немесе уақытша жинау орнына жүктердің қозғалысы.

Шамадан артық тиеу – бір көлік құралынан басқаға немесе бір сақтау орнынан басқа орынға жүктердің қозғалысы.

Қоймалау – бұл сақтау немесе уақытша жинау үшін берлгілі тәртіпте жүкті орналастыру операциясы.

Ауыспалылық процесс циклі дегеніміз жүкті тиеу кезінен бастап келесі тиеуге дейінгі орындалатын және жүкті жеткізу үшін қажетті, аяқталған операция кешені. Автомобиль көлігінде көліктік процесс циклі болып ездка табылады.

Бір немесе бірнеше ауыспалылық циклі көлік құралын бағдардың кез-келген пунктіне жіберуден бастап осы пунктке қайтып оралуы жиынтығы айналымды құрайды.

2.1 Шартты белгілер


qн

- номиналды автокөліктің жүккөтергіштігі, т;

с,д

- автокөліктер жүккөтергіштігін пайдаланудың статистикалық және динамикалық еселігі;

lжүк

- жүкпен жүрген ездканың орташа арақашықтығы, км;

Lжалпы, Lжүк,Lжүк-з

- жұмыс күніндегі автокөліктің жалпы, жүкпен және жүксіз жүрісі, км;

lнөл

- автокөліктің нөлдік жүрісі, км;

Тб, Тн

- автокөліктің нарядтағы және бағдардағы жұмыс уақыты,сағ;

tнөл

- нөлдік жүріске кеткен уақыт, сағ;

Tт-т, tт-т

- жұмыс күні және бір ездкадағы тиеп-түсіру кезіндегі бос тұру уақыты, сағ;

Тқоз, tқоз

- жұмыс күні және бір ездкадағы автокөліктің қозғалыс уақыты, сағ;

tе

- ездка уақыты, сағ;

к, е

- жұмыс күні және бір ездкадағы жүрісті пайдалану еселігі;

Zе

- жұмыс күніндегі автокөліктің ездка саны;

Vтех, Vп

- техникалық және пайдаланушылық жылдамдық, км/сағ;

Wт,Wт-км

- т/сағ және т-км/сағаттағы автокөліктің өнімділігі.


2.2 Есепті шығару үшін негізгі формулалар

ТПК есептеу үшін қолданылатын, негізгі формулалар:


Техникалық жылдамдық , км/сағ

(2.1)
Пайдаланушылық жылдамдық, км/сағ

(2.2)

Нарядтағы уақыт, сағ



Тн = Тқоз + Тт-т + tнөл; (2.3)

Нөлдік жүріске кеткен уақыт, сағ



(2.4)
Бағдардағы жұмыс уақыты, сағ

Тб = Тнtнөл; (2.5)
Ездка уақыты, сағ

(2.6)
Бір күндегі ездка саны

(2.7)
Жүрісті пайдалану еселігі

(2.8)

Бір күндегі жалпы жүріс, км



Lжалпы = Lжүк + Lжүк-з + lнөл; (1.9)

Жүккөтергіштікті пайдаланудың статистикалық еселігі



(2.10)

Жүккөтергіштікті пайдаланудың динамикалық еселігі



(2.11)
Автокөліктің жүкпен жүрген жүрісі, км

Lжүк = lе.ж. Zе; (2.12)

Тоннадағы автокөлік өнімділігі, т/сағ



(2.13)
Тоннакилометрдегі автокөлік өнімділігі, т-км/сағ

(2.14)
2.3 Есептер
2.3.1 Автокөлік айналма бағдарда, бір айналымда 4 ездка жасайды. Автокөлікпен бір күнде жүкпен жүрген орта ездка ұзақтылығы 45 км, осы кезде бағдарда жүксіз жүрген жүріс 30 км, ал нөлдік жүріс 25 км кезінде 1 айналым жасайды. Бір күндегі Lжалпы табу керек.
2.3.2 Бір күндегі автокөліктің жалпы жүрісі Lжалпы = 300 км. Маятникті бағдарда кері жүрісті жартылай қолданумен 3 айналым жасайды. Егерде жүкпен жүрген орташа ездка ұзақтығы 31 км, ал нөлдік жүріс жиынтығы 24 км болса, бағдарда орташа бір ездкадағы автокөліктің lжүк-з жүксіз жүрісін анықтау қажет.
2.3.3 Бір күнде автокөлікпен Lжалпы = 250 км жалпы жүріс орныдалды. Маятникті бағдарда кері жүрісті жартылай қолданумен 1 айналым жасайды. Бағдарда жүксіз жүрген жүріс орташа бір ездкада 5 км, ал бірінші және екінші нөлдік жүрістің әрқайсысы 15 км құрайды. Орташа жүкпен жүрген жүріс ұзақтығын табу керек.
2.3.4 Автокөлік жолға сағат 9-да шықты және гаражға сағат 18-де оралды. Егерде бір айналымдағы орташа қозғалыс уақыты 0,4 сағат, бір ездкадағы тиеп-түсіруде орташа бос тұру – 12 мин, нөлдік жүріске кеткен уақыт – 36 мин болса, маятникті бағдарда кері жүксіз жүріс орындаған автокөліктің ездка санын Zе анықтау қажет.
2.3.5 Автокөлік бағдарда 9,6 сағат қозғалыста болды. Егер автокөлік нарядта 16 сағат, нөлдік жүріске 2,2 сағат кетсе, техникалық ақаулықпен автокөлік 36 минут тұрды, әр ездкада тиеп-түсіруде 0,6 сағат тұрса, маятникті бағдарда кері жүрісті жартылай қолданған автокөліктің nа айналым санын анықтау қажет.
2.3.6 Бағдарда автокөлікпен бір айналымда 3 ездка бар 2 айналым жасады, сонымен қозғалыстағы әр ездкаға орташа 1,2 сағат жұмсалды. Егер автокөлік тиеп-түсіруде 1,6 сағат тұрса, техникалық ақаулықпен – 48 минут, нөлдік жүріске 36 минут кетсе, автокөліктің нарядтағы уақытын Тн анықтау қажет.
2.3.7 Маятникті бағдарда кері жүрісті жартылай қолданған автокөлік 8 ездка жасаса, нарядта 13,3 сағат қолданған автокөлік үшін ездкадағы орташа қозғалыс уақытын анықтау қажет. Автокөлік техникалық ақаулықпен 42 минут, әр айналымда тиеп-түсіруде орташа 36 минут тұрды. Автокөліктің АКК және кері жүрген жүрісі 42 минутты құрайды.
2.3.8 Автокөлік 14 км ұзақтығымен маятникті бағдарда кері жүксіз жүріспен жүрді. Нарядтағы уақыт 14 сағат, бір күндегі жұмыс уақытын пайдалану еселігі 0,6. Ездкадағы тиеп-түсіруде тұрған бос уақыт 0,4 сағат. Бірінші нөлдік жүріс 10 км, екінші – 12 км, техникалық жылдамдық 30км/сағ. Бір күндегі жүрісті пайдалану еселігін анықтау қажет.
2.3.9 Айналма бағдарда автокөлік 3 ездкамен бір айналымда 7,7 сағат нардта болды, соның ішінде 0,7 сағаты нөлдік жүріске кетті. Ездкадағы тиеп-түсіруде бос тұру уақыты 0,5 сағат, 1 айналымдағы қозғалысқа орташа 2 сағат кетті. Бірінші нөлдік жүріс 10 км, екінші – 8 км. Айналымдағы бірінші ездкада жүкпен жүрген жүріс 16 км, екінші – 12 км, үшінші – 10км. Ездкадағы жүрісті пайдалану еселігі соларға сәйкес 0,8; 0,6; 0,5. Бір күндегі жүрісті пайдалану еселігін анықтау керек.
2.3.10 Құрамында 15 автомобиль-самосвалдардан МАЗ-503Б (qн = 7 тонн) тұратын кешенді бригада автомобиль жолын салуға шағыл тас тасымалдауды іске асырады. Жүкпен жүрген жүрістің орташа ұзақтығы 8 км, ездкадағы тиеп-түсіруде бос тұру уақыты 6 минут, техникалық жылдамдық 32 км/сағат. Нарядтағы уақыт 13,35 сағат, жүккөтергіштікті пайдалану еселігі 1, ездкадағы жүрісті пайдалану еселігі 0,5.
2.3.11 Айналма бағдарда автокөлік бір айналымда екі ездкамен 4 айналым жасады. Жүкпен жүрген жүрістің орташа ұзақтығы 15 км, бағдардағы жүрісті пайдалану еселігі 0,6, нөлдік жүріс 12 км, айналымдағы орташа қозғалыс уақыты 1,8 сағат, ездкадағы тиеп-түсіруде бос тұру уақыты 0,5 сағат, нөлдік жүріске кеткен уақыт 0,4 сағат. Егер автокөлік техникалық ақаулықпен жолда 30 минут тұрса, пайдаланушылық жылдамдық қанша болады.
2.3.12 Темір бетоннан жасалған бұйымдарды тасымалдау кезінде ЗиЛ-133Г1 автокөлігінің өнімділігі Wт-км =1024т-км құрайды. Автокөліктің жүккөтергіштігі 8 тонна, техникалық жылдамдық 28 км/сағат, жүккөтергіштікті пайдалану еселігі 1, ездкадағы жүрісті пайдалану еселігі 0,5, жүкпен жүрген жүрістің орташа ұзақтығы 42 км, нөлдік жүріс 21 км құрайды.

1) Нарядтағы уақытты есепте Тн

2) Автокөліктің тәуліктік тасымалдау көлемі Q және тәуліктегі көліктік жұмысын Р анықтау.
2.3.13 Бір айда (30 күн) жалпы жүккөтергіштігі 16 тонна ГКБ-8350 тіркемесімен КамАЗ автомобиль-тягачтар құрамында 10 автопоездардың Wт және Wт-км өнімділігін анықтау қажет. Тасымалдау жағдайы: бағдардағы жұмыс уақыты 14 сағат, жүкпен жүрген жүрістің орташа ұзақтығы 60 км, техникалық жылдамдық 36 км/сағат, ездкадағы тиеп-түсіруде бос тұру уақыты 1,5 сағат, жүккөтергіштікті пайдалану еселігі 0,8, ездкадағы жүрісті пайдалану еселігі 0,83, шығару еселігі 0,75.

3 ЖЫЛЖЫМАЛЫ ҚҰРАМ ӨНІМДІЛІГІНЕ КӨРСЕТКІШТЕРДІҢ ӘСЕРІН САНДЫҚ БАҒАЛАУ



3.1 Жалпы мағлұмат


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет