1БЖ тапсырмаларын шешудің 3 мысалы
Есептің шарты:
Көлденең-жонғыш білдекте бұлғақ бас тиектерінде жиын баптамасындағы екі жонғышпен «В1» және «В2» ойықтары өңделеді (15 сурет). d1 және d2 база беттерінің орындалу дәлсіздігі салдарынан және орнықтандыру қателіктерінен шақтама шектері “-Td1”, “-Td2”,”TL” болатын олардың арасындағы осьаралық арақашықтық «L» салдарынан тетіктер тобында бұлғақ бастиектерінің бүйір остерінен ойықтардың ығысуы “e1” және “e2” туындайды . Бұлғақты базалаудың бірнеше сұлбаларын ұсыну, қысқылардың шартты белгілері бар, бапталынатын байланыстар көлемімен (алынатын еркіндік дәрежелері) технологиялық базаның шартты белгілері көрсетілген операциялық нобай сызу. “e1” және “e2”базалау қателіктерін есептеу және ең аз базалау қателігімен сұлба таңдау.
Есептің шешуі.
2.4.1 А нұсқасы.
Базалау ХОУ жазықтықтарындағы х,у,z координаттық жүйедегі орнату базасынан басқа, призма бұрышының жартысы 45º болатын тағы үш бағыттағы призматикалық қысқылармен орындалады (17а сурет).
Сурет 16.
Б
ір мезетте жұмыс ісиейтін екі бүйір қысқы есебінен d1 бастиегі жасырын технологиялық тірек орнығымен – бастиек остері “Х” және “У” остері бойымен базаланады. (17б сурет)
Бүйір қысқылармен бірге көлденең бағытталға призматикалық қысқы бұлғақты да сол сияқты бұлғақтың көлденең осі бойымен – бағыттаушы жасырын технологиялық базамен базаланады.
Технологиялық және өлшем базаларының - d1 бастиегінің бүйір осі сәйкестігінен (бірігу) “Х” осінің бойында базалау қателігі жоқ, яғни бастиек осінен ойық осінің ығысуы жоқ. Бұлғақтар тобында “Х” осінің бойындағы d2 бастиек осі d1бастиегінің бүйір осіне қатысты “2ТL” шақтама шамасына тербеледі, ал ойықтар остерінің күйі өзгеріссіз қалады. Онда өлшем орнығы - d2 бастиек осі тірек технологиялық базасымен - d1 бастиегінің бүйір осімен сәйкес келмейтіндіктен базалау қателіктері: e1=0; e2=2ТL.
2.4.2 Б нұсқасы.
ХОУ жазықтықтары бойынша орнату ьазасынан басқа базалау призматикалық тірекпен және призматикалық бағытталған қысқымен жүзеге асырылады (18а сурет), ол бұлғақтың көлденең осі бойынша бағыттаушы жасырын технологиялық базаны және шақтама шегі “Т d1” ауытқуға байланысты өңделетін тетіктер тобындағы көлденең ось бойынша ығысатын d1 бастиегінің К-К сызығы бойынша түйіспелі тірек технологиялық базасынан қамтамасы етеді. Бапталған жонғышқа қатысты d1 бастиек осінің шекті тербелісі 0102 –ге тең (16 сурет).Сұлбадан анықтаймыз:
Мұндағы А101=0,5; А202=0.5
Яғни базалау қателігі, яғни “В1” ойығының d1 бастиек осінен ығысуы: e1=0,7 Тd1, себебі тетіктер тобындағы d1бастиек осіне қатысты d2 бастиек осі ±ТL өлшемге ауытқуы мүмкін. Яғни К-К сызығы бойынша тірек технологиялық базасының d1 бастиегінің бүйір осіндегі өлшем базасымен сәйкессіздігінен d2 бастиек осінің бапталған жонғышқа қатысты ығысуы туындайды, ол e1 және 2ТL ығысуларының қосындысына тең.
Яғни е2= e1+ ТL=0,7 Т d1+2ТL.
2.4.3 В нұсқасы.
ХОУ жазықтықтары бойынша орнату базасынан басқа бұлғақты базалау қарама-қарсы бағытта бірдей жылдамдықпен қозғалатын призматикалық кыскылармен іске асырылады, ол екінші– бұлғақтың көлденең осі және үшінші жасырын тірек технологиялық базасы – П-П бұлғақ симметриясының бүйір осін қамтиды (19б сурет).
Мұнда технологиялық орнық – П-П бұлғақ симметриясының бүйір осі өлшем орнығы - d1 және d2бастиектерінің осімен үйлеспейді. ±ТL шақтамалы «L» өлшемінің тербелісі әрбір бастиек остерінің бойынша ойық остерінің номинал күйінен ығысуын береді. d1 және d2 өлшемдерінің тербелісінен туындайтын ең үлкен қателік d1 өлшемінің кіші шақтама өлшемі -, ал d2 ең үлкен шақтама өлшемі -немесе керісінше және болғанда туындайды.
Бірінші жағдай үшін оң жақ қысқы d2бастиегіне бірінші тиеді және бұлғақты қарсы бағытта қозғалып келе жатқан қысқыға итереді. Сол жақ қысқы мен d1минимал өлшемінің жанасқанға дейін екі қысқы да қарама-қарсы бағытта бірдей жылдамдықпен қозғалатындықтан, бас тиек остерін солға қарай 0,5(0,7Тd1) өлшемімен ығыстыра отырып, бірдей жол жүреді.
Екінші жағдай үшін және шекті өлшемдерінің ығысу мәндері бірінші жағдайдағыдай: 0,5. 0,7Тd2
Ойықтар остерін баптаудан кейінгі әрбір бастиек остерінің максимал мүмкін болатын ығысуы ең нашар жағдайлары үшін:
е1= е2= ТL+0.5*0.7* Тd1= ТL +0.35Тd1.
немесе е1= е2= ТL+0.35Тd2.
2.4.4 Г нұсқасы.
ХОУ жазықтықтары бойынша орнату базасынан басқа бұлғақты базалау жазық тірекпен және d1бастиегі бойынша қарама-қарсы бағытталған жазық қысқылармен, сонымен қатар технологиялық байланыс тірек базасы - «К» нүктесін қамтитын d2бастиегі бойынша призматикалық бағытталған қысқымен, тағы жасырын технологиялық бағыттаушы база – бұлғақ симметриясының көлденең осінде жүзеге асырылады (20б сурет).
Яғни d1 бастиегінің бүйір осі технологиялық база - «К» нүктесімен үйлеспейді және максимал мүмкін болатын базалау қателігі:. В2 ойығы үшін өлшем базасы – d2 бастиегінің бүйір осі де технологиялық база - «К» нүктесімен үйлеспейді, мұндағы базалау қателігі: е2=е1+2ТL= 0,5Тd1+2ТL.
Сонымен нұсқалар бойынша базалау қателіктері:
А
|
Б
|
В
|
Г
|
е1=0
е2=2ТL
|
е1=
е2=0,7Тd1+2ТL
|
е1= е2= ТL+0.35Т d1
немесе е1= е2= ТL+0.35Т d2
|
е1=0,5 Т d1
е2=0,5Тd1+2ТL
|
Бұдан шығатын қорытынды: базалау сұлбасының ең тиімді нұсқасы – В нұсқасы.
3 МАТЕРИАЛДАРДЫ НОРМАЛАУ, ДАЙЫНДАМАЛАР ӨЛШЕМДЕРІНІҢ, ОПЕРАЦИЯ АРАЛЫҚ ӨЛШЕМДЕРДІҢ, ӘДІПТЕРДІҢ ЕСЕПТЕУЛЕРІ
3.1 Материалдарды нормалау, дайындамалар өлшемдері және әдіптер есептеулері бойынша теориялық жағдайлар
3.1.1 Дайындамаларды таңдау, дайындамалар сұлбасын ресімдеу, дайындамаға техникалық талаптар қою «Дайындамаларды жобалау және өңдеу» пәнінің теориялық жағдайларына сай орындалады.
3.1.2 Кез-келген беттің өңдеу сұлбасын құрастыру критерйі оның шартты кедір-бұдырлығы мен дайындаманың осы бетінің шығарылатын кедір-бұдырлығы. Өңдеудің сөзбе-сөз сұлбасын, яғни өңдеу беттерінің кезектіліктері мен түрлерін таңдағанда мынаны ескеру керек: әр өтпедегі кедір-бұдырлықты 3 класқа Rа3,2, 2 класқа Rа3,2 ден Rа0,8 дейін кішірейтуге болады.
3.1.3 Әр өтпе үшін минималь шамасы төмендегідей болатын әдіп (материалдың жойылатын қабаты) қарастырылуы керек:
а) шығарылған бет кедір-бұдырлығын жою;
б) шығарылған беттің ақаулы қабатын жою һшығ (шойындарда, түсті металдар мен олардың қорытпаларында құю, соғу, илеуден кейінгі ақаулы қабат бірінші өтпеде ғана болады, болат үшін - әрбір өтпеде және тек термоөңдеуге дейін);
в) шығарылған беттің геометриялық пішіндерінің қателіктер компенсациясы -(алдыңғы өтпеден туындаған жазық еместік, иілгенділік, элипстік, конустылық);
г) өңделінетін, яғни шығарылатын беттің технологиялық орныққа қатысты орналасу қателіктер компенсациясы - (параллель еместік, перпендикуляр еместік, осьтес еместік, симметрия еместік, остердің қиылыспауы, позициялық ығысу).
Ескерту: әдіптерді есептегенде осьтес еместік радиаль ауытқыма шамасы одан екі есе үлкен екенін ескеру керек;
д) орындалатын өтпедегі орнату қателіктері компенсациясы - ∆қонд.
Яғни жазықтықты біржақты өңдеудің минималь әдібі:
∆қонд. (5)
Айналу бетін өңдеудің диаметрінде минималь әдіп:
(6)
Бұл жағдайда қондыру,орналасу және пішін қателіктері айналу центрінен әр-түрлі бағытпен геометриялық түрде жататындығы ескеріледі.
3.1.4 Жоспар – тетікті өңдеу технологиясы, жабдық және технологиялық жабдық таңдау тетікті сенімді түрде қысуға және базалауға кедергі келтіретін кенерік, еңістік жиынын ескере отырып жүзеге асырылады: машина жасау-технологы анықтамасын [2] негізге алып, өңдеу беттерінің дәлме-дәл сұлбасын қамтуды ескеру.
3.1.5 Әр өтпе үшін әдіптер мен шақтамалардың графикалық орналасу сұлбасын сызу тетіктің мынадай өлшемдерінен басталады: максималь өлшем – білік пен ұзындық үшін, минималь өлшем – ойық пен тесік үшін. Келесі өтпе үшін минималь әдіп қамтамасыз етілуі үшін, алдыңғысын орындауға арналған шақтама осы әдіпке дейін орналасады. Бұдан тесікті соңғы (ақтық) өңдеудегі алдыңғы жартылай ақтық өтпе үшін максималь шақтама өлшемі:
,
ал максималь шама:
Жалпы жағдайдағы номиналь тетіктің номинал өлшемдері:
а) тесік үшін: … (7)
б) білік үшін: (8)
в) шеткі өлшемдер үшін:
(9)
г) ойық үшін:
(10)
Мұндағы: - тетік тесігінің минималь шақтама өлшемі;
- тетік білігінің максималь шақтама өлшемі;
- әр-түрлі кедір-бұдырлық пен жазық беттердің арасындағы тетіктің шеткі максималь шақтама өлшемі;
- тетік ойығының минималь шақтама өлшемі;
, - бір өтпедегі минималь әдіп;
і – бір беттегі өтпелер саны;
n – басқа беттегі өтпелер саны;
Ті,Тn – соңғысынан басқа, бір өтпедегі шақтама, мұнда шақтама тетік сызбасымен қарастырылған және тетіктер өлшемдерін есептеуге кірмейді. Сондықтан тетіктер өлшемдерін есептеудегі шақтамалар шамасы өтпелер шамасынан біреу аз (і-1; n-1).
ESDдай; EJDдай; EJLдай; ESLдай- өндіру кезінде алынатын (құйма, соғу, илеу) дайындамалар өлшемдерінің шекті өлшемдері.
3.1.6 Жоспарланған өңдеу технологиясының негізінде, дайындаманың техникалық талаптарын (ажырама бойынша ығысу, кенерік шамасы, парралель еместік, перпендикулярлық, иілгендік шамасы, беттердің жазық еместік шамасы) ескеріп, анықтама берілгендерін [2] қолдана отырып, логикалық талдаумен геометриялық пішін қателіктерінің шамасы, өзара орналасу және қондыру орнатылады (соңғылары 2.1.3 бөліміндегі 2 формуламен есептеледі).
3.1.7 Тетік материал шығынының мөлшері (МШМ) – бұл тетікті дайындауға қажетті жоспарланған максималь шақталған материал көлемі. МШМ механикалық өңдеудегі дайындаманы дайындаудың әдісі мен тәсіліне байланысты.Ол мынаған тең:
а) құймадан жасалған тетіктер үшін:
, (11)
мұндағы: - құйма массасы, құйма сызбасы бойынша есептелген;
б) илемнен жасалған тетіктер үшін:
(или ), (12)
мұндағы: ??? – қима массасы (өлшемдері бойынша есептелінген қиылған дайындама)
- дайындаманы жонудағы шығын массасы ( ең жалпы жағдайда)
- дайындаманы механикалық жонудағы бір тетіктен немесе дайындамалар тобындағы бір тетікке келтірілген бірнеше тетіктен шығатын жоңқа массасы;
- илеудің ақаулы ұштары немесе шеттерінің 1 тетікке келтірілген массасы;
- дайындама ұзындығының илеу ұзындығына немесе дайындама ұзындығы мен енінің беттік илеу дайындамасының ұзындығы мен еніне еселілігінен материалдар қалдығының 1 тетікке келтірілген массасы;
- жасанды технологиялық база үшін 1 тетікке келтірілген технологиялық кенерме массасы, мысалы топтық дайындамадан соңғы тетікті өңдегенде дайындаманы қысу үшін;
- білдекті баптау кезінде болатын жоспарланған ақаудың 1 тетікке келтірілген массасы;
- әрбір анодты механикалық немесе қандайда бір электро-физикалық кесу кезіндегі шламға (ерітіндідегі шөгу) жойылатын масса, металдың булануға және кез-келген отпен кесудегі металдық шашырауға кететін жойылу массасы;
в) көлемдік қалыптан жасалған тетіктер үшін:
(немесе )
мұндағы, - қалыптан шығарылатын дайындаманың бастапқы массасы
- 3.1.7 б бөлімін қараңыз
- қалып сызбасы бойынша есептелінетін, қалып массасы
- қалып алудағы қалдық массасы (қиылған кенерік, кенерілген далдаша);
- қыздыру кезіндегі жанып жойылатын масса.
Онда:
(или ) (13)
3.1.8 Тетік құрылымының күрделілік дәрежесін немесе қолданылатын технология дәрежесін бейнелейтін, материалды қолдану дәрежесін бағалау өлшемі – материалды қолдану коэфициенті (МҚК):
МҚК (14)
мұндағы, mтет- тетік массасы.
3.2 2БЖ тапсырларын орындау мысалдары
Берілгендері: тетік - итергіш (21 сурет), маса - 0,32кг.
Өндіріс түрі – жаппай.
Материал – болат ст45, қаттылығы HRC42...48.
3.2.1 Дайындаманы таңдау.
Жаппай өндіріс үшін дайындаманы таңдауда материалдар таңбасы, өлшемдері, құрама пішіндеріне байланысты, дөңгелек илемнен көлденең соғу машинасында (КСМ) қалыңдатылған сұлбалы ұштарының ыссы бөлігін шөгу арқылы алынған дайындаманы таңдау орынды (22 сурет) (даналық шығарылатын дайындамадан). Қалып ажырамасы итергіш осінің бойымен орналасқан КГШП да ыссы қалыптаумен орындалған дайындаманың ажыратудағы ығысу әсерінен сырық бөлігінің дәлдігі нашарлау болады, яғни металл шығыны және әдіп дөңгелектік илеудегі бөлігін шөгуден қалған сырық бөлігімен салыстырғанда жоғары болады. Механикалық өңдеуден кейінгі дайындаманың басқа түрлері де сол сияқты үнемсіз: 35мм диаметрлі ыссы жанышталған илем материалдар шығынының мөлшерін және дайындаудың еңбексыйымдылығын жоғарылатады, бұл техникалық өңдеулердің еңбексыйымдылығы жоғары болғандықтан темірқорамдағы құйма немесе орындалынатын үлгісі бойынша КСМ –ғы бөлігін шөгуден қымбат болады, ал механикалық өңдеу операцияларында үнемділік болмайды.
3.2.2 Қалыптауға техникалық талаптар қою.
Қалыптау сызбасында техникалық талаптар МЕМСТ7505-89 «Қалыпталған болатты илеу. Шақтамалар, әдіптер және ұсталық кенермелер» (“Поковки стальные штампованные. Допуски, припуски и кузнечные напуски”) бойынша және анықтама [2] бойынша орнатылады.
а) КСМ-да ашық қалыпта дайындаманың бөлігін шөктіруде қолданылады:
- дәлдік класы – Т4;
- ст45 үшін болат тобы – М2;
- күрделілік дәрежесі Скүр қатынаспен анықталады:
Скүр ,
мұндағы: Vил– қалыптау нобайы бойынша есептелінетін, бірақ тетіктің өлшемі бойынша қарапайым геометриялық пішіндерге жіктелген, мөлшерленген илем көлемі.
Vп – тетік өлшемінен алынатын илем пішіні кіретін қарапайы геометриялық пішін көлемі.
Онда: Скүр=, С2 - күрделілік дәрежесі сәйкес келеді;
-
қалыптаудың мөлшерленген массасы - Gил:
mтет*Ке (кг)
мұндағы: Ке=1,2 – 3 қосымшасы бойынша стандартты есептеу коэфициенті.
Gил=0,35*1,2=0,42кг
-
9- қалыптауға шақтамалар орнатудың шығарылған көрсеткіші.
б) Ажыраманың бүйір беттеріндегі шақтама ығысу (КСМ бағытталған сотанұстағышындағы саңылаулар әсерінен) 0,25мм дейін [2, 187бет, 20 кесте], ал көлденең бетерінде (бағытталған қозғалмалы ұяқалып саңылауларының әсерінен) 0,3мм дейін (9 стандарт кестесі).
в) Сырықтың («М» беті) 140мм ұзындыққа шақтама иілгенділігі (қалыптау күшінен болатын мөлшерленген шыбық пен ұяқалып тесігі арасындағы саңылау шектеріндегі көлденең иіліс әсерінен) – 0,004*140=0,56мм [2, 187бет, 19 кесте].
г) М сырық бетінің К,Р,П және Н бүйір жақтарының перпендикуляр еместігін әдіптер есептеулеріне кіргізудің қажеті жоқ, себебі ол әдіптер есептеулеріндегі өлшемдері шақтамаларының шектерінде болады.
д) Иергіштің шөгу бөлігінде өнеркәсіптік немесе жоғарғы жиіліктегі тоқпен қыздыруға байланысты отқабыршық жоққа жуық, сондықтан оның қалдығынан беттердің шөгу бөліктерінде пішімдік тозу болмайды.
Қалыптау бүйіржақтарының өлшемдерінің шамасының аздығына байланысты қалыптаудың ось бойымен бірқалыпты емес суынуынан оның өте аз ойыстығын немесе саңырауқұлақ пішімділігін есермеуге болады.
3.2.3 Қажетті кедір-бұдырлықты алудың технологиялық сұлбасы.
«К» беті. Қалыптаудан шығарылатын Rz80(Ra25)кедір-бұдырлыққа қойылатын талаптар: бір рет шетжақтау Ra3,2 (Rz12,5) дейін және ажарлау Ra0,8 дейін.
«С», «Р», «П» және «Н» беттері. Шығарылатын Rz80(Ra25) кедір-бұдырлықты Ra3,2 (Rz12,5) дейін бір рет жону керек.
«Л» беті. Шығарылатын Rz80(Ra25) кедір-бұдырлықты 3,2 (Rz12,5) дейін қаралтым жону керек, бірақ автоматты баптаумен қамтамасыз етілуі қиын, 0,072мм – аз шақтамаға байланысты Ra6,3 дейін қаралтым жону мен Ra3,2 дейін ақтық жонуды жоспарлаймыз.
«М» беті. Дөңгелек ыссы жаныштау илемі үшін шығарылатын Ra50 (Rz160) кедір-бұдырлықты Ra3,2 дейін бір рет жону және ажарлауды жоспарлаймыз, себебі 0,018мм – аз шақтама жонғыш білдекте автоматты баптаумен қамтамасыз етіле алмайды.
3.2.4 Итергішті дайындауды жоспарлау (23сурет).
Жоспарлау, яғни итергішті дайындау технологиясы 3.2.3 бөлімінде қабылданған беттерді өңдеу сұлбасымен үйлесімді түрде орындалады. Соңғы операциядағы қажетті кедір-бұдырлық пен соңғы өлшемді алу үшін алдыңғы операцияларда операция аралық өлшемдер орындалады – ОАӨ.
-
1 операция.
Қалыптауда еңістіксіз ұзын бет «М» ала отырып, қаралы технологиялық базаны таңдау ережелеріне сай оны орнату және бағыттаушы технологиялық база деп алу керек, ал «П» бетін ОАӨ2 операцияаралық өлшем бойынша базалау қателіктерінсіз қаралы тірек технологиялық база ретінде алу керек. Дайындаманы арнайы жұдырықшалары бар үшжұдырықшалы қысқыда (Л бетін жонуға мүмкіндік алу үшін) орнатып, револьверлі-жону білдегінде (РЖБ) «С» бетінің соңғы өңделінуі жүреді, қаралы өңдеуге (Ra12,5) 11 дәлдік бойынша цангалы қысқыда кезекті қысу үшін ОАӨ1 операцияаралық өлшем шақтамасы ТОАӨ1=-0,16 болатын Л беті жатады; ОАӨ2 операцияаралық өлшем шақтамасы 14дәлдік бойынша ТОАӨ2=-0,43 орындай отырып, «Р» бетінің соңғы өңделінуі жүреді, «К» беті ОАӨ3 операцияаралық өлшем шақтамасы 14дәлдік бойынша ТОАӨ3=-0,52 шетжақталады және К бүйірі бойынша центрлік тесік бұрғыланады.
-
2 операция.
Цангалы қысқыда қысылған ақтық технологиялық база ретінде Л және Р беттерін таңдап, бұрамакескіш-жону білдегінде (БЖБ) П бүйіржағы бунақтың орындалуымен бір мезетте 10һ11 (-0,09) өлшеміне кесіледі.
Ескерту: бұл операцияда оның үлкен қысқыдан «шығарығына» байланысты, центрлеуге және Н бүйірін шетжақтауға болмайды.
-
3 операция.
Орнатудың радиаль қателігі 0,15мм аз және остік қателігі - 0,05мм аз деп алынған, технологиялық база ретінде М және П беттерін таңдап револьверлі-жону білдегінің арнайы қысқысында Н бүйірі 140JS12(±0.12) өлшеміне кесіліп, қиықжиек алынады және центрлік тесік бұрғыланады.
-
4 операция.
БЖБ центрлерінде бар М беті ажарламада әдіппен жонылады, яғни ОАӨ4 өлшем шақтамасы ТОАӨ4=-0,11 (ажарлаудағы максималь әдіпті азайту үшін 11 дәлдік бойынша) және Л беті 32һ9 (-0,072) өлшеміне жонылады.
-
5 операция.
Қаттылықты HRC 42...48 дейін термоөңдеу (қыздыру отқабыршықты болдырмау үшін тұзды шомылғыда болады, сосын суда суыту және кезекті аз босаңдату 150º...180º температурада жүреді).
-
6 операция.
Тетікті дөңгелете ажарлағыш білдек ценрінде орнатып М бетті 16һ7 (-0,018) өлшеміне ажарлау.
-
7 операция.
Н бетіндегі жазық тірекке орнатылғаннан кейінгі, итергіштер қысылатын М беті үшін призматикалық тіректері бар көпорынды арнайы айлабұйымда К бүйірлері жазық ажарлағыш білдекте 160һ14 (-1,0) ақырғы өлшемге жонылады. Мұндай орнықтандыруда технологиялық база пен өлшемдік база үйлесетіндіктен орнықтандыру қателіктері болмайды: орнату және бағыттау базасы М – перпендикулярлық өлшеуіндегі өлшем орнығымен, таяныш технологиялық база Н – 160һ14 өлшемі үшін өлшемдік базамен.
3.2.5 Әдіптер мен шақтамалар орналасуының графикалық сұлбалары. Есептеу формулалары.
Итергішті дайындау технологиясына байланысты 26,27 суреттерде әдіптер мен шақтамалардың орналасу сұлбалары сызылған, ал олардың негізінде дайындамалардың өлшемдерін есептеу формулалары мен операцияаралық өлшемдер формулалары орнатылған. Р бетінің ақырғы өңдеуінде осы бет бойынша әдіптен кейінгі П беті жағынан орналасатын ТОАӨ2 шақтама орналасуындағы ерекшелігін атап өту керек.
а) Диаметрлік өлшемдер
ОАӨТОАӨ1
ОАӨТОАӨ4
ОАӨ
ОАӨ
б) Остік өлшемдер
ОАӨОАӨ2
ОАӨ3 ТОАӨ4 ТОАӨ3
ОАӨ3
ОАӨ2
ТОАӨ4
К бүйірі бойынша L4=160һ(-1,0) өлшеміне итергішті ажарлау процесі аз еңбек сиымдылықта болу үшін, ажарлауда минималь мүмкін болатын қалдырумен операцияаралық өлшем ОАӨ5болу керек. Ажарлаудағы L4 тербеліс өлшемін технологиялық өлшемдер тізбегіндегі есептеумен тексереміз, мұнда оны тұйық буын ретінде қабылдаймыз (25 сур. Қара). Итергішті дайындау техпроцесіне байланысты (3.2.4 бөлімі бойынша):
А1 = ОАӨ3 – 0,52
А2 = ZПmin +0,43
0,43мм құрамдық буын А2 тербелісі, яғни ZП әдіп тербелісі сұлбаға байланысты: А2= ZП+ ZПmin+ ТОАӨ2.
Буындардың тұйық буындарының азайту және көбейту орнатуларын ескере отырып, сұлба бойынша ОАӨ5 шекті ауытқуы мынаған тең:
ESAo = ESA1 + ESA3 – (EJA2) = 0 + 0,2 – (0) = 0,2 мм
EJAo = EJA1 + EJA3 – (ESA2) = -0,52 - 0,2 – (+0,43) = - 1,15 мм
Бұл дегеніміз, ажарлауға ұзындығы бойынша ОАӨ5 алдыңғы операциялардағы қайта баптаудан кейінгі әр түрлі топтардың өзара ықтимал айырмашылығы 1,35мм (0,2+1,15=1,35) болатын тетіктер түсе алады деген сөз. Көпорынды айлабұйымда итергіштерді ажарлау кезінде, кейде ең қысқа тетіктің бүйіріне жету үшін ұзын тетіктерде үлкен әдіп ажарлауға тура келеді, бұл үнемсіз.
Мұндай мүмкін болатын үлкен әдіпті азайту үшін құрамдық буындардың шақтамаларын қатаңдату әдісін қолдану керек, яғни барлық үш құрамдық буын бойынша үнемді шақтамаларды 11 дәлдікпен қабылдаймыз:
ОАӨ3h11=ОАӨ3-0,13
ТОАӨ2
Онда ОАӨ5 өлшемі бойынша қабылданған ауытқу мынаған тең:
мм
мм,
яғни, ОАӨ5 өлшемінің максималь мүмкін болатын айырмашылық 0,125+0,365=0,49мм құрайды.
Сурет 27 – Әдіптер мен шақтамалардың остік өлшемдері бойынша орналасу сұлбасы.
3.2.6 Әдіптермен жинақталған қателіктер.
Итергішті дайындау технологиясына байланысты әрбір орындалатын өлшемге, әр операцияға пішін қателіктерінің жиыны немесе жоқтығы, өзара орналасу және орнатулар енгізіледі.
Бақылау жұмысында тек тапсырма бойынша талап етілетін өлшем қателіктері қойылады.
-
1 операция.
ОАӨ1 өлшемі бойынша:
-
алдыңғы операциядан, яғни қалыптаудан Л бетінде геометриялық пішін қателігі тек көлденең ажыратудағы ығысудан болған - ;
-
цилиндрлік беттердің центрлестігіне байланысты ұяқалыпты қалыптауда дайындауда Л бетінің М бетіндегі технологиялық базаға қатысты қателіктері болмайды.
-
ыссыжаныштау илемінде үшжұдырықшалы қысқыда қысу кезінде (М беті) орнату қателіктері туындайды - [2, 42бет, 13 кесте] (мұнда көпорындылық және базалау қателіктері болмайды, және қысқылардың дәлсіздігінен туатын қателіктер ғана қалады).
ОАӨ2 өлшемі бойынша:
-
Р бүйірі бойынша ұяқалыпты ажырату ығысуынан геометриялық пішін қателігі туындаған - .
-
П бетінің технологиялық орнығына қатысты Р бетінің қателігі (бағыттылыққа сотан қиғаштылығынан) өлшемінің шақтамма шегінде болу керек, және ол әдіптер есептеулеріне кіреді.
-
үшжұдырықшалы қысқыдағы П бүйірін арнайы қысқылар бүйірлеріне таянышпен қысудан орнату қателігі - [2, 42бет, 13 кесте].
ОАӨ3 өлшемі бойынша:
-
К бетінде ажырату бойынша ығысу да, жазық еместілік те болмайды, яғни - ;
-
К бетінің П бетіне қатысты орналасуы өлшем шақтамасымен ескеріледі;
-
орнату қателігі ОАӨ2 өлшеміндегідей - .
24һ14 өлшемі бойынша:
-
геометриялық пішін (элипстік, қисықтық, отқабыршықтық) қателігі жоқ. .
-
С бетінің М бетіне қатысты қалыптаудың бүйірлік ажырамасынан ығысудан орналасу қателігі -.
-
орнату қателігі ОАӨ1өлшеміндегідей - .
-
2 операция.
10һ11 өлшемі бойынша:
-
ұяқалып ажырамасы бойынша ығысудан - ;
-
1 операциядағы орнату қателігі әсерінен П беті Р бетіндегі технологиялық базаға қатысты орналасу қателігі туындады - .
-
цангалы қысқы дәлсіздігінен П беті орнату қателігіне ие болады - [2, 42бет, 13 кесте].
-
3 операция.
140JS12 өлшемі бойынша:
-
қалыптаудан кейін қалған қажақты жонғыш білдекте (Rа6,3 кедір-бұдырлықпен) кесуден шығарылған дайындаманың Н бүйіріндегі сәл ғана пішін қателігін ескермеуге болады - .
-
2 операциядағы орнату қателігі әсерінен Н беті П бетіне қатысты мынадай орналасу қателігі туындады - .
-
арнайы қысқыда қысуда Н беті мынадай орнату қателігіне ие болады - (3 операция жазбаларын қара).
Центрлік тесік бойынша.
Осы операцияда арнайы қысқыда радиаль бағытта орнату қателігі әсерінен центрлік тесік М бетіне қатысты 0,15мм тең орналасу қателігіне ие болды (4.6 бөліміндегі 3 операция жазбаларын қара).
-
4 операция.
ОАӨ4 өлшемі бойынша:
-
қалыптаудан кейін М сырығында иілгенділік болады, яғни диаметрге пішін қателігі - ;
-
1 операцияда К бүйірі бойынша центрлік тесік М бетіне қатысты орналасу қателігіне ие болған, яғни бұл операцияда , ал 3 операциядан кейін Н бүйірі бойынша - .
Нашар жағдайда, М сырығына қатысты центрлік тесіктердің ығысуы диаметрлі қарама-қарсы болғанда, 24 суреттегі сұлбадан итергіштің бар М беті центрлік тесіктердің остеріне қатысты - .болатынын көретініміз.ABC және GSN үшбұрыш типтестігінен L3 ұзындығына М бетінің орналасу қателігі мынаған тең:
Достарыңызбен бөлісу: |