Мұғалімдер , оқушылар және ата-аналар!
Сіздерді әзіл аралас сұрақтарға жауап беруге шақырамыз.
Мақалбай атайдың төмендегі сұрақтарына мақал-мәтелмен жауап беріңіздер.
-
Қарғыстың ең жаманы не?
-
Қандай бала сүйкімді?
-
Жігітті шал деген жөн бе?
-
Тастың жеңілі бола ма?
-
Жаман ауру не?
-
Ақымақтың өрескел ісі не деп , қалай деп бейнеленеді?
-
Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр?
-
Түкіріктен көл құрала ма?
-
«Қызым естімесін» дегенді не деп мәтелдейді?
-
Қандай кілт аспанда болады?
-
Неден не жаман?
-
Күн жаумай су болатын кім?
-
Қойдың ойлағаны не? Қасқырдың ойлағаны не?
-
Тауық түс көре ме екен?
-
Жылағысы келген бала не істейді?
-
«Ай жарық – қоян арық» , ол неге арық?
-
Қорыққанын ғана сыйлайтын адам кім?
-
Адамның қанаты бар ма ? Болса, ол не?
-
Кімнің аяғына су жұқпас ? Оның шешуі қалай?
-
Ат құлындай ма?
-
Кім тоқ?
-
Кім аңдамайды?Кім тыңдамайды?
-
Қайтсең, тегін ішесің?
-
Ананың сүті мен баланың тілі бірдей (ұқсас) дейді. Сонда қалай?
-
Өтірікші кімді алдайды?
-
Кімге жан жуымайды?
-
Сиырдың сүті қай жерінде?
-
Ауыз бен қолды қандай жерде тыю керек?
-
Жақсы адам мен жаман адамның ашуы қандай болады?
-
Қандай болсаң жақының көп болады?
20 сұраққа дұрыс жауап бере алған тапқыр жанға сыйлығымыз бар.
Шешіңіздер, сыйлықты ұтып алыңыздар!
Жауаптарыңызды келесі электрондық поштаға жіберулеріңізге болады: kazlang@mail.ru
Достарыңызбен бөлісу: |