Мұғалімнің аты-жөні: Қаражан Ж. Б



бет2/4
Дата24.01.2023
өлшемі51 Kb.
#468717
түріСабақ
1   2   3   4
7-cынып ауасыз тіршілік жоқ
Бағалау критерийлері

-проблемалық сұрақтарға жауап береді,өз жауабын салыстырады;
-оқылым стратегияларын қолданады;
-мәтіннен шылаулар мен жалғауларды табады,
-үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай мәтін құрастырады.

Құндылықтарға баулу

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік

Пәнаралық
байланыс

Жаратылыстану

Алдыңғы оқу

Ауа райы және климаттық өзгерістер туралы, септік жалғаулары туралы білетіндері сұралады.

Жоспар

Уақыт

Жоспарланған жаттығулар




Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин
15-05

Сыныптағы жағымды ахуалды қалыптастырып,
қызығушылықты ояту.
«Көрінбейтін сиқыршы» деген ертегі тыңдап көрейік!
Жер бетінде көзге көрінбейтін бір сиқыршы бар. Онымен әркім-ақ күнделікті кездесіп отырады. Сен оны көрмейсің, бірақ маңайыңда екенін сезесің. Міне, ол есікті тарс жапты. Көшемен келе жатқанда жапырақтың жұлынып түсіп, жорғалай жүргенін көресің, оны көрінбейтін сиқыршының алып бара жатқанын сезесің. Тіпті басын шұлғып, ырғалған шөптерді байқайсың. Сені үнемі қоршап тұрады. Сенімен бірге жүреді. Бар ма, жоқ па, оны анық білмейсің. Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. Ол не? (ауа)
«Бұл сұрақ болса, жауап қайсы» әдісі бойынша оқушыларға бірнеше сұрақ қоя отырып, сұрақтың жауабы ауа екенін таптырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын айтып, оқушылармен бірге сабақтың мақсатын шығарып таныстару.
Мақсаты: жұмбақ шешкізу арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау. Сабақтың тақырыбы: «Ауасыз тіршілік жоқ». Осы тақырыпты меңгеру үшін қандай мақсат қояр едіңдер? Сабақ мақсатын шығару.
«От шашу» әдісі арқылы бағалау




«Көрінбейтін сиқыршы» ертегісі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет