Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі – нәтижелі білім берудің негізі


Ата-аналар мен мектеп арасындағы педагогикалық коммуникация



бет3/48
Дата25.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#496460
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
2.Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі (Баяндама)

Ата-аналар мен мектеп арасындағы педагогикалық коммуникация
Абишева Тамара Болатқызы-№247 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі ,Қызылорда облысы,Жаңақорған ауданы, Бесарық бекеті
Негізгі мақсат:
Сынып жетекшілердің бала мен ата-ана қауымдастығының тәрбие жұмысындағы мақсат мүддесін бір арнаға тоғыстыру.
Бала тәрбиелеудегі ата-ана мен мұғалім арасындағы байланысты нығайту:
- Тәрбиелеудегі сабақтастықты орнату;
- Педагогикалық бағыт-бағдар беру;
- Кәсіби әдістемелік көмек көрсету.
Міндеттері:
- Ата-аналардың мектеппен байланысын күшейту.
- Бастауыш сынып мұғаліміне баламен жұмыс жасауына ата-ананың көмегінің тигізуіне ықпал жасау.
- Оқушылардың тұлғалық мәдениетін қалыптастыру жолдарын нақты зерттеулерге сүйене отырып, тиімділігін негіздеу.
Ата-ананың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігін арттыру.
Отбасы - адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын, адамның ең басты шаттығы болып саналатын, балалардың өсіп, өмір сүретін орны.
«Тәрбие басы-тал бесік», тәрбиенің негізгі ошағы-отбасы емес пе? Отбасылық тәрбие дұрыс қойылса ғана, мектепке келген бала екі жақтың үйлесімін табары анық-ақ.
Білім мекемесіне келгенде ізгілік, сүйіспеншілік, әділдік және өзара түсіністік әлемін құруды қарастырады.Жаңа қалыптасып келе жатқан буынға оқушы болып тұлғалық, рухани өсуінің ішкі рухани жан дүниесіне көңіл бөлуге шақыратын пән - өзін-өзі тану деп ұғуға болады.Адамгершілік құндылықтар әрбір жасқа лайықты әлемді қабылдау арқылы меңгертіледі.Өзін, өзге адамдарды тану, қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас жасау, ақиқат пен махаббатты түсіну, адам өмірінің ең басты мәні тұрғысынан бала ойлана білетін, өз ойын, пікір, ұсынысын жеткізе білетін, шығармашылық таланты мен қабілеті ашыла түсетін жағдайда өтеді.
Сабақ барысында-ақ кейбір ерекше ой тұжырымдамасын байқап, қорытындыға келуге болады.
Мұғаліммен ашық диалог жүргізгенде, түрлі рольдік ойындар, тренингтер, өмірлік байқаулар бойынша пікір алмасу арқылы баланың ойы ширап, өмірге деген қызығушылығы арта түсері хақ. «Мен кіммін?», «Мен қандаймын?», «Мен туралы ол не ойлайды?»-деген сұрақтарды іштей қоя алады. Әрбір бала өз жүрегінің лүпілін тыңдай алады. Өз бойындағы ерік, жігерді, эмоциясын басқара білуге үйренеді.Күнделікті бірсыдырғы тіршілік, күйбеңдеген тұрмыс, әлеуметтік жағдайдың өзгеріссіз мәні баланы жалықтырады. Бала өмірден ерекше бір, селт етерліктей, арқа жүгін жеңілдететіндей, ойын ой қозғап, қандай да бір қабілетін, қызығушылығын ашуға түрткі болатындай күшті қажетсінеді. Оған өзін-өзі тану сабағы әсер етеді. Өйткені онда бала өзін еркін, барлық жауапкершілігі мол тірліктен бір сәт арылады. Мұғалім мен бала арасында ашық әңгімелесуіне мүмкіндік туады. Міне, осылайша сабақ барысынан бірталай мысалдарды айтып өтуге болады.
Бастауыш сынып мұғалімі өзі жетекшілік ететін оқушылардың ата-аналарымен үнемі қарым-қатынаста болуы керек. Өйткені бастауыш сынып оқушылары өздігінше сабаққа дайындалуда үнемі үлкендерден көп көмек керек етеді.Бала өз сабағын дұрыс орындап отырса да, ата-анасына көрсетіп дұрыстығына көз жеткізгенде ғана сенімді бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет