Изтурган Аружан Жүрсін Дайана Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеудің негізі. Өзін-өзі тәрбиелеу және кәсіби өзін-өзі жетілдіру жұмысына кіріспес бұрын бастаушы мұғалім ең алдымен өз жұмысының қандай бір мерзіміне сараптамасы болуы керек, оның дұрыс бағалануына және өз жұмысын одан әрі жетілдіруге деген жетекшісінің ұсынысы болуы керек. Өзінің әрекетінің қорытындысын сараптай отырып мұғалім рефлекция жасайды онсыз білім беру процесінің заңдылығын түсіну мүмкін емес, педагогикалық шеберлікке бастайтын қозғалыс жоқ. Кәсіби өзін-өзі дамытудың бастапқы компаненті өздігінен білімін көтеру болып табылады, біз бұл жерде «мақсатты түрдегі жалпы адамдық құндылықтарды әдістемелік және арнайы білім арқылы, кәсіби ептілігі мен дағдысы арқылы игеру бойынша педагогтың танымдылық әрекеті». «Орыс оқытушыларының оқыушысы» деген атақ алған К.Д. Ушинский оқытушы оқу барысында ғана өмір сүреді деп санаған, қазіргі кезеңгі белгілі ғалымдардың бірі Д.С. Лихачев жастарға «Үнемі оқу керек. Барлық ірі ғалымдар тек қана біреуді оқытып қойған жоқ өздері де оқыды. Оқуды тоқтатқан күні – оқыта да алмайсың. Себебі білім үнемі өсіп жетіліп отырады » деген. Өзін-өзі жетілдіру білімі мен тәжірибесі өзін-өзі тәрбиелеудің алғышарттарын құрайды, ол өз кәсіби жекелігін дамытудағы үш бағытын меңзейді: А) өзінің жеке-қайталанбайтын ерекшелігін педагогикалық әрекеттер талаптарына бағыттау; Б) кәсіби компетенттігін үнемі арттырып отыру; В) жеке тұлғаның әлеуметтік-адамгершіліктік басқа да қасиеттерін үнемі арттырып отыру. Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу, ол басқа да әрекеттер сияқты өзінің негізгі күрделі жүйесі, мотивтері, белсенділік мотивтері бар. Әдетте мұғалімдердің өзін-өзі тәрбиелеудің қозғаушы күші мен көзі жетілуге деген қажеттелік арқылы түсіндіріледі. Алайда бұл қажеттілік қажеттілік арқылы талаптар арасындағы қарсылықты шешуді құрамайды. Оқытушыға ұсынылатын Талаптар «өзін өзі ынталандырады немесе оқытушыны осы қарама-қайшылықты шешетін қандайда блмасын әрекеттті олдануға итермелейді».
Достарыңызбен бөлісу: |