/Файл (File) /Кестені ашу (Open/Table)/ командаларын орын- дау арқылы MapInfo-ны қосыңыз. Пайда болған терезеде /Растр (Raster Image)/ файл типін таңдаңыз, керекті файлды тауып ашыңыз. Пайда болған диалогты терезеде /Тіркеу (Register)/ таң- даңыз. Бейнелерді тіркеу терезесі пайда болады. (1.1 сурет).
1.1.-сурет
Байламас бұрын /Проекция (Projection…)/ батырмасын басы- ңыз, карта проекциясының категориясын (Category) жəне түрін (Category Members), сондай-ақ координатын (Units) таңдаңыз. (Масштабы 1:500000 жəне кіші Ставрополь өлкесінің немесе Солтүстік Кавказдың басқа да аймақтарының картасын байлау үшін градус бойынша (Degress),Азия мен Еуропаның теңаралық прекциясын (Regional Equal_Area Projections Asia / Europe) пайдаланылады (ол 1.1 суретте көрсетілген), ал 1:500000-нан ірі масштабта Гаусс-Крюгер проекциясы (Пулково 1942 7 немесе 8 зона метр көрсеткіші (Meters) қолданылады.
Байлау нүктесін (Control Point) меридиан мен параллель нүктелерінің қиылысқан жеріне немесе километрлік тор сызық- тарына салыңыз. Пайда болған терезеге басында X осі (бойлық), сонан соң Y осі бойымен (ендік) нүкте координатын енгізіңіз. (1.2 сурет).
Гаусс-Крюгер проекциясы бойынша байлағанда 0˚ меридиан мен экватордан қашықтықты километрмен көрсететін төрт таңбалы саннан соң 3 нөл қосу керек, мысалы:
x- 8380000
y- 4924000
1.2.-сурет
2) Егер картада градустар координаттар ретінде қолданылса, онда минутты градустың оннан бір бөлігіне ауыстыру қажет. Мысалы:
45˚ 30΄ - 45,5
45˚ 20΄ - 45, 3333333
45˚ 40΄ - 45, 6666666
Қажетті шамадағы нүктелерді (4 нүктеден кем емес) енгіз- геннен соң растрды үлкейту қажет / + /, жəне тізімдегі əр нүктені кезекпен белгілеп отырып /көрсету(Goto)/ батырмасын басыңыз жəне жағдайды түзеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |