Microsoft Word Хабаршы№2 2011(2)


Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011



Pdf көрінісі
бет29/133
Дата18.10.2023
өлшемі4.03 Mb.
#480964
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   133
Abai habarshysy 2(8) 2011(2)

 
Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011 
24 
ұрпақ тəрбиелеу жұмысымен өмірінің соңына 
дейін айналысады. 
Жүсіпбек қожа Шайхисламұлы өмірі мен 
шығармашылығы жете зерттелмей келгені 
көпке мəлім. Оның да өзіндік себептері бар: 
біріншіден, ол қожа тұқымы болғандықтан 
“дін-апиын” принципін ұстанған кеңес идео-
логиясы дін біліміне жетік азаматтармен ымы-
расыз күресте болды. Екіншіден, Жүсіпбек 
отызыншы жыл-дардағы жасанды науқанның 
зардабынан Қытайға ауып, өмірінің соңғы 5-6 
жылын жат өлкеде өткізді. Сонда дүние салып, 
сүйегі шетелде қалды. 60-70 жылдардағы 
кеңес-қытай мемлекеттері арасындағы саяси 
салқындық та өз əсерін тигізбей қалмады. 
Ақынның туған халқына істеген қыруар еңбегі 
түгіл, есімі де ескерілмейтін болды. Айтыла 
қалғанның өзінде қазақ кітаптарының тарихын 
немесе дастандарын зерттеу барысында 
мамандар жағынан кітап бастырушы ретінде 
ғана назарға алынды. Ол жырлаған діни дас-
тандар туралы сөз қозғаудың мүмкіндігі бол-
мады. Дегенмен, əр кезеңдерде ол жөнінде 
пікірлер 
білдірген 
ғалымдар 
қатарында
Н. Катанов, М. Жұмабаев, Б. Кенжебаев,
Ə. Тəжібаев, Ə. Жиреншин, М. Ғұмарова,
Ж. Шалғынбай, Ү. Субханбердиналардың 
есімдерін атаған орынды. Мұнан өзге ақын 
мұраларын ел арасынан іздестіріп, жинақ-
тарда, мерзімді бас-пасөз беттерінде жариялап, 
ол туралы құнды деректер жазып жүрген Қ. 
Толыбаев, Ə. Шілтерханов, М. Сүлейменұлы, 
А. Кіршібаев сияқты қаламгерлер баршылық. 
Жүсіпбек мұраларын зерттеу енді ғана 
басталды десек, артық айтпағанымыз, сөзімізге 
жоғарыда аталған, аталмаған жанашырлардың 
еңбек-тері айғақ. Сөйтіп, Ж.Шайхисламұлы 
есімі қазақ əдебиеті тарихының ХІХ ғасырдың 
аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы кезеңінде 
өзіне тиесілі орнын иемденуі керек. 
* * * 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет