Microsoft Word Хабаршы№2 2011(2)


Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011



Pdf көрінісі
бет7/133
Дата18.10.2023
өлшемі4.03 Mb.
#480964
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   133
Abai habarshysy 2(8) 2011(2)

 
Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011 

түсінуге жалпы ақыл сөзі жеткілікті бол-
мағандықтан, оның перде сыртында жасырын 
тұрған ауқымды бағытқа тарай алатұғын «қуа» 
сөзін өлең жолына өзек етеді. Поэзия дəс-
түріндегі шумақтың соңғы жолы, ақынның ой 
қорытудағы «соңғы соққысы» іспеттенеді. 
Абай төрттік шумағының бірінші жолында: 
«Ақылға сыймас ол Алла», – деп, өлеңде нені 
мақсат тұтқанын көрсете білген. Əрине, Абай 
адам Алланы ақылына сыйдыра алмайды 
дегенді меңзейді. Сонымен қатар Абай соңғы 
соққысын соңғы өлең жолында түйіндеді. 
Онда «қуа» сөзімен адам бойындағы сан-алуан 
күштерге назар аударуға жетелейді. Өйткені 
қуаның ауқымы ақылдан кеңірек. Анығырақ 
айтқанда, ақыл қуаның бір тармағы болып 
саналады. Бұның бəрін Əбу Насыр əл-Фараби 
философиясынан таба аламыз.
Араб ғалымы Һəна-əл-Фахури, Хəлел-əл-
Жəр «Философия тарихы Ислам əлемінде» 
атты еңбегінде əл-Фарабидің «қуа» сөзінің 
философиялық категориясын түсіндірген. Əл-
Фараби əуелі нəпсіні бақилық жəне фанилық 
тұрғыдан үш топқа бөледі. «Бірінші тобы - 
бақытты таныған əрі оған жетуді мақсат етіп 
күрескен жандар. Бұл топ - мəңгілік бақытқа 
бөленгендер. Екінші тобы – бақытты таныған, 
бірақ одан қашқақтап жүргендер. Бұлар – 
мəңгілік жауыздыққа оранғандар. Үшінші 
тобы – бақытты тани алмағандар. Олар –су-
сындай алатын ақыл мəртебесіне жете алма-
ғандар. Бұлар – əлі де болса материалға (тəн) 
мұқтаж жандар. Бұлар тəннің жойылуымен 
біржолата жойылып кететіндер. Осыдан кейін 
адамзаттың нəпсісін əл-Фараби толық сипат-
тайды: «Хайуандық нəпсісі ағзаның арқасында 
өз міндеттерін атқарады. Бірақ адамда одан да 
басқа ақыл деп аталатын қуат бар. Ақыл өз 
міндетін орындауға ағзаға тəуелді емес. Нəпсі 
қуаты тамақтану, тəрбиелену, туу бағытында 
өздеріне көмекші қызметшілері бар. Ақыл 
қуаты заһирлық сезімдер мен жасырын сезім-
дерден тұрады. Мəселен, қиялдау, уайымдау
есте сақтау, ойлау қуаттары, шахуат пен 
қаһарлану қуаттары ағзаға қозғау бола алса, 
кейбір қуаттар түрткі бола алатын қуатқа ие 
емес. Бұл қуаттардың жұмыс істеу мүмкіндігі 
тек қана құрал арқылы іске асатын болған-
дықтан, нəпсі қуатының қатарында – тəжіри-
белік ақыл болып есептеледі. Сондықтан 
нəпсінің кейбір қуаты қозғаушы қуат болса
кейбірі ұғымтал қуатқа жатады. 
А) Қозғаушы қуат екі топқа бөлінеді: 1 – 
өну қуаты. Бұл қуат өсімдік, жануар, адам 
арасында ортақ қуат болып табылады. Оның 
көздеген мақсаты тірі жанды қорғау жəне одан 
əрі өсіп-өнуін қамтамасыз ету. Сондықтан 
тағамдану, тəрбиелену, өну қуаттары осы 
топқа жатады. 2 – шабыт қуаты. Бұндағы қуат 
адамның бір нəрсеге ынтық болуға немесе бір 
нəрседен аулақ болуға, сүюге немесе жиір-
кенуге, таңдауға немесе бір нəрседен бас 
тартуға түрткі болады. Махаббат пен кек, дос-
тық пен жауластық, үрей мен тыныштық, ыза 
мен ризалық, шахуат пен жанашырлық тағы 
басқа нəпсіден туындайтын қуат көзі болып 
табылады. «Талап осы қуаттан нəр алады. 
Өйткені талаптану қалау мен шабыт арқылы 
ұғынылады. Бір нəрсеге ұмтылу не одан бас 
тарту кейде сезім арқылы, кейде қиялдау 
арқылы, кейде сананың қуаты арқылы жүзеге 
асып жатса, қалау мен шабыт оның негізгі 
себептері болғандығынан», –дейді. 
Б) Ұғымтал қуат – үш қабатта қарас-
тырылады. 1 – сезімтал қуат. Ол бес сезім 
мүшесінен тұрады. Бірақ ішкі сезімнің ұға 
алатындарын хауастың (сезімтал қуат) ұға 
алуға шамасы жетпейді. Өйткені: «ішкі дүние-
ні сезе алу нəпсінің міндеті, ал сезімтал қуат 
(хауас) тек сыртқы құбылыстарды сезеді», – 
дейді əл-Фараби. 2 – қиялдау қуаты. Бұл қуат 
пайда болған сезімдер ғайып болып кеткеннен 
кейін олардың бейнесін сақтайды. Кейбірін 
басқа да бейнелермен аралас-тырады. Сондай-
ақ, кейбір бейнені басқалардан бөліп алады. 
Ұйқыда не өңінде араластыру не бөлу процес-
тері осы қуат арқылы іске асады. Кейбір жаңа 
бейне шындыққа жанасып жатса, кейбірі 
жалған болып шығады. Сонымен қатар пай-
далы-зиянды лəззат пен азапқа бөлейтін ұғым-
дар осы қуаттың болуынан сезіледі. Бірақ ах-
лақтың жақсы не жаман екенін ажырата 
алмайды. 
Қиялдау қуаты жануарларда күмəн қуаты 
іспеттес. Онда сезім мүшесінде сезімдер ұғы-
нықты сатыға көтеріле қоймаса да жануарлар 
өзіне тиісті іс-əрекетті түсініп, оған қарсы 
шара қолданады. Мəселен, қой қасқырдың 
қастығын осы қуат арқылы түсініп, одан 
қашады. Осы күмəн қуаты адамға тəн «ойлану 
қуаты» деңгейінде көрініс табады. Сондықтан 
қиялдағы бейнелер бір-бірімен араласып, 
олардың тəні – жануар, басы – адам мақұлықта 
бейнеленеді [4, 122-128]. 3 – сөйлеу-баяндау 
қуаты. Бұл қуат арқылы ақылға тəн ұғымдар 
пайда болады. Осы қуат арқылы көрік пен 
көріксіздік, жақсы мен жамандықтың ара-жігі 
айқындалады. Осы қуат арқылы өнер, ғылымға 
қол жеткізе аламыз. əл-Фараби Аристотельден 
кейін сөйлеу қуатында екі түрлі қуат бар 
екенін анықтады. Бірі – теориялық қуат. Бұл 
қуат арқылы адам «тануға» қол жеткізеді, екін-
шісі – тəжірибелік қуат – онда адам түрлі 
техникалық, бұйымдық материалдарды өңдеу 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет